Жеке жетістікке жету сызбасын беріңіз
Жетістік дегеніміз – рухани әрі дене қуатының бір мақсатқа бағыттау және сол мақсатқа жету. Қандай да бір істі тындырымды әрі тыңғылықты істеу де – жетістік. Ойдағыдай істелген іс, жоспарланғандай атқарылған жұмыс, мұрат етілгендей орындалған арман – жетісстіктің нақ өзі. Сондықтан жетістік – адам бақытының қайнар көзі. Бұл көзді қаншалықты аршыған адам өмірде соншалықты бақыт табады. Бақыт бұлағы адамға өз ләззатын берген сайын кісі бойындағы шаттық сезім де арнасынан аса түседі. Демек, адамның шаттықа оранып, құмарлана өмірден ләззат алатын, қуанышқа бөленіп, рақаттана шат-шадыман болатын бақытқа жету – жетістік. Жеке жетістік-бұл адамдардың жеке өзінің күш жігері арқылы белестерді бағындыруы. Ал әлеуметтік жетістік деп адамдардың қоғамға пайда алып келетін жетістіктерінің бір түрі.
«Жетістік тек оза шауып бәйге алуда емес, адамдық қасиетті жоғалтпауда жатыр. Әуелі, адам деген атқа лайық бол, жетістігің адамдығыңмен өлшенсін»-деген жақсы сөз бар емес пе. Осыған байланысты адам жетістікке жетуде қарым-қатынас мәдениетін ұмытпауы тиіс. Қарым-қатынас – адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады. Егер қарым-қатынас болмаса, бiздiң рухани, материалды даму деңгейiмiздiң қандай дәрежеге көтерiлгенiн бiлмес едiк. Бiздiң әрқайсымыз өзiмiздiң негiзгi қырларымызды жеке қарым-қатынас тәжiрбиелерiмiз арқылы жанұядағы, мектептегi, жұмыстағы, көшедегi тiкелей қатынастар арқылы игеремiз. Қарым-қатынас арқылы әрқайсымыз әлеуметтiк әлемдi кеңiнен танимыз және қарым-қатынасқа түсемiз. Жетістікке жетуде адам қарапайымдылықты естен шығармауы керек.Әрқашан мәдениетті болып, айналадағы адамдармен дұрыс жағдайда қатынас жасауы керек. Жеке жетістік те, әлеуметтік жетістік те қарым-қатынасқа негізделе отырып жасалады. Себебі мұнда көп адамдармен қатынас жасауға тура келеді.Бұл кездегі адамның тәрбиелігі, қарапайымдылығы қарым-қатынас кезіндегі мәдениеттен көрінеді. Қаншалықты мәдениетті сақтайтын болса, соншалықты үлкен жетістіктерге жетуге болады.Сол себептен де жетістікке жетуде әрбір адам қарым- қатынастағы мәдениетті дұрыс қолдануды білуі керек деп ойлаймын.
49.Стресстің негативті салдарының алдын алу жолдарын көрсетіңіз.Психологтар күйзеліс немесе стресс тақырыбын ұзақ уақыт бойы зерттеп, оның себебін түсінуге және одан шығу үшін адамдарға жол ашуға тырысты. ХХғ. 30-50 жылдары канадалық ғалым Ганс Селье стресстің биологиялық теориясын жасап: «Стресс-аса кушті сыртқы әсерден жүйкенің жоғарғы деңгейде ширығуы»,- деген анықтама берген.
Стресс – адамның ширығуын талап ететін күрделі, күтпеген, аса жауапты, маңызды немесе қауіпті жағдайларда пайда болатын көңіл-күй ахуалы. Ол сондай-ақ, денеге және ақыл-ойға тез және жауапты шешімді талап ететін көп салмақ түскенде, дау-жанжал т.б кезінде туындайды[1].Стресс кезінде орын алатын денедегі өзгерістер мен уайым диапазоны өте үлкен. Әлсіз стресс немесе оның бастапқы көрінісі кезінде адам жинақылынады, оның психологиялық процесстері жұмылып, деңгейі жоғарылайды. Ұзақ немесе қатты стресс ағза жұмысын қамтамасыз ететін қызметтердің ұйымдасуын бұзады немесе олар азып-тозып, қызмет етуден қалады. Стресстің келесі кезеңдері бөліп көрсетілген:
1) үрейлену - жағымсыз тітіркендіргіш әсер еткен сәтте туатын жауаптың алғашқы кезеңі. Таңырқау іспетті сезім пайда болады;
2) төзімділік – жағымсыз тітіркендіргіш әсеріне беріліп кетпей, оған төзу реакциясы туады. Бұл кезде гипоталамус-гипофиз жүйесінің ықпалымен бүйрек үсті безінің гормондарының мөлшері қанда тез мөлшерде көбейіп кетеді. Симпатикалық жүйке жүйесінің әсерімен жүректің соғу ырғағы жылдамданады, тыныс алу ырғағы да жиілене түседі. Бұлшық еттердің жиырылу қабілеті күшейеді;
3) әлсіреу – бейімделу қорының мүмкіндігі азайып, таусылады, сондықтан, психологияда дезадаптация (бейімделудің нашарлап жойылуы) пайда болады. Стресстің көпке созылған ауыр түрі адамды жүдетіп, қайғыға батырады.
Күйзелістің алдын алудың әр қилы стратегиялары бар. Біріншісі - эмоцияларды білдіру ептілігі. Екіншісі- жағдайды қайта бағалау, оқиғаның басқа суретін құрастыру және жағымсыз жағдайдың өзінен өзіңіз үшін көптеген пайдалы нәрсені таба білу. Үшінші жол-қайта бағалауға келмейтін жағдайды өзгертуге мүмкіндік беретін мақсатты бағытталған әрекеттер.
Жағдай ықтималды қауіпті, күрделі немесе жаңа ретінде қабылдануын доғарғанда, стресс тиылады. Мұнда білуге тиіс жайт, негативтік (теріс) жай-күй тек біздің теріс ойларымызбен ұсталып тұрылады. Нақ солар барлық бәленің көзі болып табылады. Өз ойларыңызбен жұмыс істеуді үйреніп, сіз өз эмоционалдық жай-күйіңізді реттеуді үйренесіз.
Бірінші ереже - өз бойыңыздан теріс ойды қумау, керісінше оған оның басқа ойлар сияқты өмір сүруге өз құқығының бар екеніне түсіністікпен қарау.
Екінші ереже – бұл ойға сыпайы түрде айналып өтуді ұсыныңыз, өйткені әр кезде өзіңізге қызықтырақ, маңыздырақ және пайдалырақ басқа ойлар мен тірліктер бар. Бұл кезде бірден бұл жаңа ойларды, тірліктерді ойлап іске кірісіңіз. Өмірдегі теріс жағдайда жақсы және пайдалы нәрсені таба білуге үйрену әрқайсымызға маңызды. Себебі өмір қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресінен құралған. «Сау дененің рухы да сау!» – деп айтылады. Дұрыс үйлестірілген тағам, спортпен айналысу және зиянды әдеттерден бас тарту стрессті болдырмаудың тағы бір әдісі болып табылады.
Қорыта айтқанда, кәсіби күйзеліс жаһандану заманындағы қалыпты жағдайлардың бірі болып, дені сау тұлғаның денсаулығына қауіпті, жұмысқа қабілеттілігін төмендететіндігідәлелдеуді қажет етпейді. Дегенмен де, бұл ауқымды мәселе зерттелуі сонау ғасырлардан бастау алса да, әлі де жан-жақты талдауды, тереңінен зерделеуді қажет ететін, толықтай ашылмаған, күн тәртібінен түспейтін тақырып. Әр адам бір немесе бірнеше кәсіби қызметті атқаратынын ескере отырып, бұл тақырыпқа бей-жай қарамай, өзекті мәселелердің қатарына қоса аламыз. Осы себептен де, кәсіпке байланысты стресстің дер кезінде алдын алу шараларын жасау, одан шығуға көмектесу психолог қызметінің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.