Тақырыбы: Мектепке дейінгі жастағы балалар психодиагностикасы
Жоспар:
1.Мектеп жасына дейінгі балалармен жүргізілетін психодиагностикалық жұмыстардың ерекшелігі.
2.Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процестерін зерттеудің психодиагностикалық əдістері.
Мектеп жасына дайінгі балалармен жүргізілетін диагностикалық жұмыстың коррекциялық, дамытушы әсері де оған пареллель болуы керек деп санаймыз. Ал мектеп жасына дейінгі кезеңдегі «бала-бала» жүйесі В.С.Мухина еңбектерінде сипатталынады. Ғалым баланың басқа балалармен қарым-қатынас құруы оның психикалық дамуына жағдай жасайтынын тағайындайды.
Онда негізгі 3 жағдай баса көрсетіледі:
1) баланың балалар тобымен қарым-қатынас құруында ерекше, ересектермен жасалған қарым-қатынастан айрықша қатынас тағайындалады;
2) «бала-бала» жүйесінде ғана кейбір іс-әрекет түрлерін меңгеруге болады, яғни балалар топпен ғана ересек адамдардың қатынасын бірлесіп қайта жаңғыртуға алады.
3) балалар тобында мінез-құлық, жүріс-тұрыс нормалары мен адамгершілік қасиеттерді қолданып, жаттығуға мүмкін болады.
Балалардың өз қатарластарымен қарым-қатынас құруы осы қарым-қатынасты қажетсінуімен анықталады. (М.И.Лисина ). Бұл қажеттілік 3-жасқа келген балаларда қалыптаса бастайды (Л.Н.Галигузова ).
5-6 жастағы балалардың басқа балалармен қарым-қатынасты қажетсінуін А.И.Фукин 3 топқа бөледі.
1-ші топқа қарым-қатынаста белсенді балалар жатады. Олар басқа балалармен байланыс жасағанда жағымды эмоциялы реакция, жұптасуға қызығушылық танытып, аса назар аудару, сезімталдық көрсетуі, жұптасының қарым-қатынас құруына түрткі болу сияқты мінез-құлық, жүріс-тұрысын көрсетеді.
2-ші топқа қарым-қатынаста енжар балалар жатады. Олар өздерін топ ішінде ұстай алмай, беймаза күй кешеді, жағымсыз эмоция танытады.
3-ші топ қарым-қатынаста аумалы болатын балалармен сипатталады. Оларға 1-ші де және 2-ші де топ балаларының тенденциялары тән болады.
Ал Х.Т.Шерьязданова еңбектерінде мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекетінде ересектер мен бала арасындағы қатынасқа құрымдылық-логикалық тұрғыдан сипаттама жасалады ғалым оны сурет түрінде көрсетеді .
Сонымен баланың басқа балалармен қарым-қатынас құруында әрбір баланың ересектермен байланыс жасауындағы психологиялық жас ерекшеліктері айқын көрінеді. (М.И.Лисина ).
Олай болса, ұлттық салт-сана, біздің жағдайымызда қазақ отбасындағы әлеуметтік роль мен жыныстық ерекшеліктер, қазақ халқының адамгершілік құндылықтарын қарым-қатынаста ескерілуі қажет деп пайымдаймыз. Алайда, қарым-қатынас әсіресе мектеп жасына дейінгі кезеңдегі коммуникативтік іс-әрекеттік мәселелерінде қатысты зерттеулерде балалардың әлеуметтік ортасындағы этно-мәдениеттік факторлар әлі күнге қарастырылмауда. Сондықтан біздің жұмысымыз қазақ балаларының қарым-қатынас сферасын зерттеп, дамытуды (тренинг әдісімен) басты максат етіп отыр.
Мектеп жасына дейінгі балалардың психикасындағы жаңа құрылым мотивтердің бір-біріне бағыныштылығы, ерікті әрекеттерінің негізгі түрлерінің бірлесе жүзеге асуы болады. Сондықтан да белгілі бір принціптерді қатаң сақтауды қажет ететін тренингтердің тиімділігі сөзсіз жүзеге асады.
Әр-түрлі топтық психологиялық жұмыстардың формаларын сипаттап, негіздегенде бірнеше ұғымдар қолданылады: топтық психотеропия, коррекциялық топ, тренингтік топ, топтық жұмыс, тренингтік жұмыс, топтық әдіс, белсенді топтық әдіс және т.б. Жағдайдың бұлай болуы , психологиялық әсері бар топтық жұмыстың психологиялық, педагогикалық теория мен тәжірибеде жан-жақты қарастырылуымен анықталады. Сонымен қатар, зертеушілердің ғылыми позициясы да әр түрлі терминдерді пайдалануға себеп болады.
Алайда, жоғарыдағы ұғымдардың барлығы да бір негізде: психологиялық әсердің тиімділігі топ феноменологиясымен, ал топтық жұмысты ұйымдастыру басты үш аспектілердің оқыту психотерапия және психокоррекция қиылысуымен анықталады.
Біз «тренингтік сабақтар» «тренингтік топ» «топтық әдіс» ұғымдарын әрбір психикалық дені сау, өзінің психологиялық мәселелерін шешуге және өзіндік жетілуге, дамуға мүмкін болатын шағын топтың ерекше қарым-қатынас жасауға негізделген оқыту формасы деп бір мағынада қарастырамыз. Біздің зерттеуде тренингтік топтардың әр түрлі саласында қарым-қатынас сферасына қажетті білім, біліктілікті және қабілетті дамытып, оларға сәйкес коррекция жасайтын оқытудың бір формасы әлеуметтік психологиялық тренинг (ӘПТ) қарастырылады.
Әлеуметтік-психологиялық тренингтің өзара әрекеттесі және оқытушы мен оқушылар арасындағы үрдісінің нәтижесінде бірлескен пікірлестік танымдық іс-әрекет қалыптасатындығын С.М.Жақыпов көрсеткен. Ғалым мұндағы қарым-қатынас құрылымының аса иілгіштігі мен динамикалығын тұлғалар ерекшелігімен байланыстырады. Тренингті оқытудың бір формасы, әдісі деп қарастырғанда, оның тиімділігін бірлескен пікірлестік, танымдық іс-әрекеттің қалыптасуымен анықталады.
Тренинг басқа адамдарды терең түсінуге көмектеседі; өз бейнессін басқалар қалай көретіндігімен салыстыруға мүмкіндік береді; өз мүмкіндіктерін байқауға, өзіндік санасын жетілдіруге жағдай жасайды.
Тренинг жеке адамға басқаларды, қоршаған ортаны тануға көмектеседі, оны түсінуге, ойдағыны айтуға, бөлісуге жағдай жасайды, әркімнің өзіне сенімділікті туғызады, ашық болуға, өзі-өзін түсінуге, комлекстерден құтылуға, өзінің бойындағы қасиеттерді көруге мүмкіндік береді. Тренинг өз-өзінді бақылауға, байқағыштықты дамытуға жол ашады.
Сұрақтар:
1. Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуына қоршаған ортамен қарым-қатынас маңызы қандай?
2. Мектеп психологы балалармен жұмыс жүргізу барысында қандай әдіс-тәсілдерге көңіл бөлгені дұрыс?
3. Балалардың арасындағы қарым-қатынасты түзету үшін әлеуметтік-психологиялық тренингтің ролі қандай?
Қолданылған әдебиеттер:
1.Лисина М.И. Общение, личность и психика ребенка. М., Педагогика, 1997.- 350 с.
2.Шерьязданова Х.Т., Суркова Т.И. Педагогу о стиле общения с детьми. – Алматы, Рауан, 1996-145с.
3.Исмаилов Д.А., Абишева Ж.А. Развитие личности ребенка в процессе предшколной подготовки. А., Рауан, 1998 -155с.
4.Агеев В.С. Межгрупповое взаимодействие и внутригрупповые социально-психологические процессы // Вест. МГУ. Сер. 14. Психология 1983 №2 –с.8-15.
Дәріс № 13