Президент-ректор АТУ

АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

“Бекітемін”

Президент-ректор АТУ

_____________х.ғ.д., академик Құлажанов Қ.С.

“Психология”

пәні бойынша тест тапсырмалары

050110-Физика және информатика

050111-Информатика және математика

мамандық топтары үшін

Құрастырушылар:

П.ғ.д., проф., Жангисина Г.Д.

П.ғ.д., проф., Мусин К.С.

Оқытушы Истомина-Нуркеева А.В.

Оқытушы Шаихова М.И.

Алматы, 2006 ж

1. Адам психикасының зерттелінуі:

A) Психология пәні.

B) Психологияның объектісі.

C) Психологияның міндеті.
D) Психологияның әдістері.

E) Психологияның әдістемесі.

2. Адамның психикалық белсенділігінің негізгі көріністері, оның қылықтары мен әрекеттері - бұл:

A) Адам санасы.

B) Адамның іс-әрекеті.

C) Адамның жүріс-тұрысы.

D) Адам психикасы.

E) Адамның ойлауы.

3. Адамның қоршаған ортамен және басқа адамдармен өзара әрекеті процесінде туындайтын, объективті дүниенің субъективті бейнесі былай аталады:

A) Адам психикасы.

B) Психикалық процесс.

C) Психикалық құрылым.

D) Психикалық кейіп.

E) Психикалық қасиеттер.

4. Қоршаған дүниенің әсерлерінің адамның алғаш рет сезінуі мен одан кейінгі саналануын қамтамасыз ететін, бірнеше секундтан ондаған минутқа созылатын қарапайым психикалық құбылыстар:

A) Психикалық процестер.

B) Психикалық кейіптер.

C) Психикалық қасиеттер.

D) Психикалық құрылымдар.

E) Адам психикасы.

5. Жүріс-тұрыс пен іс-әрекеттің қандай да бір сандық-сапалық деңгейін қамтамасыз ететін, біршама тұрақты және үнемі көрініс беретін тұлға ерекшеліктері:

A) Психикалық кейіп.

B) Психикалық қасиеттер.

C) Психикалық құрылым.

D) Психикалық процестер.

E) Адам психикасы.

6. Адамның өмірлік және кәсіби тәжірибелерді игеру процесінде қалыптасатын психикалық процестер:

A) Психикалық процестер.

B) Психикалық кейіп.

C) Психикалық құрылымдар.

D) Психикалық қасиеттер.

E) Психикалық құбылыстар.

7. Уақыттың әрбір сәтіне тән, адам психикасының қызмет ету сапасы мен жұмысқа қабілеттілік деңгейін анықтайтын:

A) Психикалық процестер.

B) Психикалық кейіп.

C) Психикалық құрылымдар.

D) Психикалық қасиеттер.

E) Адам психикасы.

8. Түрлі жағдайларда психикалық құбылыстарды олардың барысына араласпастан зерттеуге көмектесетін әдіс:

A) Бақылау.

B) Эксперимент.

C) Сұрақтама.

D) Әңгіме әдісі.

E) Интервью.

9. Зерттеушінің нақты психологиялық құбылыстарды анықтау мақсатымен зерртелуші іс-әрекетіне белсенді араласуын көрсететін әдіс:

A) Бақылау.

B) Эксперимент.

C) Тестілеу.

D) Сұрақтама.

E) Нәтижелерді талдау.

10. Зерттелушінің зерттеуші қойған нақты сұрақтарға жауап беруімен сипатталатын зерттеу әдісі:

A) Эксперимент.

B) Сұрақтама.

C) Тестілеу.

D) Бақылау.

E) Нәтижелерді талдау.

11. Зерттеушінің тапсырмасы бойынша зерттелушілер белгілі бір әрекеттерді орындайтын әдіс:

А) Бақылау.

В) Сұрақтама.

С) Тест.

D) Эксперимент.

Е) Нәтижелерді талдау.

12. Адамның нақты қоғамдық ортаға қатыстылығымен шартталған психологиялық құбылыстар мен процестерді зерттейтін психологияның саласы:

A) Жалпы психология.

B) Әлеуметтік психология.

C) Жас ерекшелік психологиясы.

D) Инженерлік психология.

E) Әскери психология.

13. Өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процестерінің психологиялық ерекшеліктері мен заңдылықтарын зерттейтін психология саласы:

A) Әлеуметтік психология.

B) Педагогикалық психология.

C) Әскери психология.

D) Өнер психологиясы.

E) Медициналық психология.

14. Әр жас кезеңіндегі адамдар психикасының көптүрлілігін, олардың тұлға ретінде қалыптасу процесі мен ақыл-ой дамуын зерттейтін психология саласы:

A) Жалпы психология.

B) Инженерлік психология.

C) Жас ерекшелік психологиясы.

D) Әлеуметтік психология.

E) Медициналық психология.

15. Қазіргі заманғы машиналардың техникалық талаптары мен адамның психикалық мүмкіндіктерінің арақатынасы мәселесін қарастыратын психологияның саласы:

A) Әлеуметтік психология.

B) Инженерлік психология.

C) Өнер психологиясы.

D) Жас ерекшелік психологиясы.

E) Медициналық психология.

16. Түрлі аурулар барысында адам жүріс-тұрысы мен психикасындағы ауытқуларды зерттеумен байланысты психологияның бір саласы:

A) Жас ерекшелік психологиясы.

B) Патопсихология.

C) Парапсихология.

D) Жалпы психология.

E) Әлеуметтік психология.

17. Құқықтық нормаларға қатысты процестерге қатысушы адамдардың психикалық процестерін, құбылыстар мен күйлерін зерттеуші психология:

A) Жас ерекшелік психологиясы.

B) Медициналық психология.

C) Құқықтық психология.

D) Жалпы психология.

E) Әлеуметтік психология.

18. Түрлі аурулардың диагностикасы мен оны емдеу, олардан сақтандыру мақсатымен адам жүріс-тұрысы мен психикалық құбылыстарды зерттейтін психология саласы:

A) Медициналық психология.

B) Құқық психологиясы.

C) Парапсихология.

D) Жалпы психология.

E) Әлеуметтік психология.

19. Адам жүріс-тұрысы мен психоолгиясына байланысты ерекше, ғылыми тұрғыда түсіндіруге келмейтін құбылыстарды зерттейтін психология саласы:

A) Медициналық психология.

B) Патопсихология.

C) Парапсихология.

D) Жалпы психология.

E) Әлеуметтік психология.

20.Адам жүріс-тұрысын сана арқылы ғана емес, ондағы санадаен тыс дүниенің болуымен анықтайтын психологиялық бағыт:

A) Психоанализ.

B) Бихевиоризм.

C) Когнитивизм.

D) Гештальтпсихология.

E) Гуманистік психология.

21. Психикалық құбылыстарды “мистикалық бастан кешірулер”, “космостық сана” ретінде түсіндіретін басты психологиясындағы бағыт:

А) Гештальтпсихология.

В) Гуманистік.

С) Трансперсоналдық.

D) Бихевиоризм.

Е) Когнитивизм.

22. Адам жүріс-тұрысының қалыптасу процесі мен динамикасын зерттейтін және оны білімдер негізінде түсіндіретін психологиядағы зерттеу бағыты:

А) Бихевиоризм.

В) Когнитивизм.

С) Гуманистік.

D) Гештальт.

Е) Психоанализ.

23. Психиканы тұтас құрылымдар - гештальттар көмегімен зерттейтін психологиялық зерттеулер бағыты:

А) Когнитивизм.

В) Гештальтпсихология.

С) Трансперсоналдық.

D) Психоанализ.

Е) Бихевиоризм.

24. Ғылымның идеалдық бағыты, оны зерттеу логикасы мен әдістері жайлы ілім:

А) Методология.

В) Теория.

С) Практика.

D) Әдіс.

Е) Эксперимент.

25. Құралдар мен белгілер пайдалана отырып өзіндік жүріс-тұрыс пен психикалық процестерді игеруші әлеуметтік тіршілік иесі:

А) Адам – түр ретінде.

В) адам – индивид ретінде.

С) Адам – тұлға ретінде.

D) Адам – жанұя мүшесі.

Е) Адам- ұжым мүшесі ретінде.

26. Қоғам белгілі бір орны бар, нақты қоғамға пайдалы іс-әрекет орындаушы индивид:

А) Адам – түр ретінде.

В ) Адам – индивид ретінде.

С) Адам – тұлға ретінде.

D) Адам – жанұя мүшесі.

Е) Адам – қоғам мүшесі ретінде.

27. Психологиялық зерттеу пәні ретінде дені сау шығармашылық тұлғаны қарастыратын ілім:

А) Психоанализ.

В) Бихевиоризм.

С) Когнитивизм.

D) Гештальтпсихология.

Е) Гуманистік психология.

28. Нәтижесінде нейронның қозуы тоқталатын немесе оның пайда болуы қиындайтын белсенді процес:

А) Тітіркену.

В) Қозу.

С) Тежелу.

D) Шоғырлану.

Е)бейімделу.

29. Әрекет күштерінің жинақталуына алып келетін тітіркенгіштерде жауап ретінде нейрондардың өз энергиясын босату процесі:

А) Қозу.

В) Тітіркену.

С) Тежелу.

D) Иррадиация.

Е) Шоғырлану.

30. Тіршілік иесінің қоршаған дүниенің қарапайым қасиеттерін психикалық құбылыстар түрінде субъективті бейнеленуін көрсететін қарапайым психикалық процес:

А) Түйсік.

В) Қабылдау.

С) Елес.

D)бейімделу.

Е) Контраст.

31. Сезім мүшелеріне тікелей әсер етуші заттар мен құбылыстарды тұтастай адам санасында бейнелейтін психикалық таным процесі:

А) Түйсік.

В) Қабылдау.

С) Елес.

D) Бейімделу.

Е) Контраст.

32. Сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың нақты бейнелерін қайта жаңғыртушы психикалық таным процесі:

А) Түйсік.

В) Қабылдау.

С) Елес.

D) Бейімделу.

Е) Контраст.

33. Әлсіз тітіркендіргіштердің бір уақытта әсер етуші тітіркендіргіштерге деген сезгіштігін өсіретін, ал күштінің осы сезгіштікті төмендетуін көрсететін құбылыс:

А) Бейімделу.

В) Контраст.

С) Сезгіштік.

D) Қабылдау.

Е) Елес.

34. Тітіркендіргіштердің үздіксіз және ұзақ уақыт бойы әсер етуі нәтижесінде анализаторлар сезгіштігінің жоғарылауы немесе төмендеуі:

А) Бейімделу.

В) Контраст.

С) Сенсиблизация.

D) Түйсік.

Е) Қабылдау.

35. Талдағыштар сезгіштігінің басқа анализаторлардың бір уақыттағы іс-әрекеті әсерінен бас ми қыртысы қозғыштығының жоғарылауымен байланысты көтерілуі қалай аталады:

А) Бейімделу.

В) Контраст.

С) Сенсиблизация.

D) Түйсіну.

Е) Қабылдау.

36. Адамның өзі үшін мәні бар заттарды ғана қабылдайтын қабылдау қасиеті:

А) қабылдаудың таңдамалығы.

В) Қабылдаудың заттылығы.

С) Қабылдаудың мағыналығы.

D) Қабылдаудың тұрақтылығы.

Е) Қабылдаудың тұтастығы.

37. Адамның қоршаған дүниесі оның нақты заттарының әсері ретінде қабылдауы қабылдаудың қандай қасиеті болып табылады:

А) Қабылдаудың таңдамалығы.

В) Қабылдаудың заттылығы.

С) Қабылдаудың ойлылығы.

D) Қабылдаудың тұрақтылығы.

Е) Қабылдаудың тұтастығы.

38. Бейнеленуші заттар бейнесі адам санасында оның көптеген қасиеттері мен сипаттамаларының жиынтығы ретінде көрінетін қабылдаудың қасиеті:

А) Қабылдаудың таңдамалығы.

В) Қабылдаудың заттылығы.

С) Қабылдаудың мағыналығы.

D) Қабылдаудың тұрақтылығы.

Е)Қабылдаудың тұтастығы.

39. Қабылданатын заттың адамға белгілі басқа заттар шегінде қабылдануымен және заттың физикалық қасиетін білумен себептелінетін қабылдаудағы тұрақтылық:

А) Қабылдаудың таңдамалығы.

В) Қабылдаудың заттылығы.

С) Қабылдаудың мағыналығы.

D) Қабылдаудың тұрақтылығы.

Е) Қабылдаудың тұтастығы.

40. Адамның қабылдайтын заттары ол үшін белгілі бір өмірлік мәнге ие болып табылатын қабылдау қасиеті:

А) Қабылдаудың таңдамалығы.

В) Қабылдаудың заттылығы.

С) Қабылдаудың мағыналығы.

D) Қабылдаудың тұрақтылығы.

Е)Қабылдаудың тұтастығы.

41. Қандайда бір объектіге нақты көңіл аудару, психологиялық шоғырлану жағдайы:

А) Қиял.

В) Зейін.

С) Ойлау.

D) Қабылдау.

Е) Елес.

42. Сол жерде жоқ немесе реалды түрде болмаған объектіні елестетуге, оны санада ұстауға және ойша жетілдіруге қабілеттілік:

А) Қиял.

В) Зейін.

С) Ойлау.

D) Қабылдау.

Е) Елес.

43. Субъективті жаңа білімнің ашылуымен, міндеттердің шешілуімен, ақиқаттың шығармашылық түрленуімен байланысты танымдық психологиялық процес:

А) Қиял.

В) Зейін.

С) Ойлау.

D) Қабылдау.

Е) Елес.

44. Берілген объектіні ұзақ уақыт бойы қабылдай алуға қабілеттілік:

А) Зейіннің шоғырлануы.

В) Зейіннің таңдамалығы.

С) Зейіннің тұрақтылығы.

D) Зейіннің қарқындылығы.

Е) Зейіннің бөлінуі.

45. Басқа нәрсеге алаңдамай, іс-әрекеттегі ең негізгіге көңіл аудару қабілеті :

А) Зейіннің шоғырлануы.

В) Зейіннің таңдамалылығы.

С) Зейіннің тұрақтылығы.

D) Зейіннің қарқындылығы.

Е) Зейіннің бөлінуі.

46. Зейіннің бір мезгілде бірнеше объектіге аударылу қасиеті қалай аталады:

А) Зейіннің шоғырлануы.

В) Зейіннің таңдамалылығы.

С) Зейіннің тұрақтылығы.

D) Зейіннің қарқындылығы.

Е) Зейіннің бөлінуі.

47. Зейінді белгілі бір кеңістікте шашырату немесе параллелді түрде бірнеше әрекеттер жасау қабілеті:

А) Зейіннің шоғырлануы.

В) Зейіннің таңдамалылығы.

С) Зейіннің тұрақтылығы.

D) Зейіннің қарқындылығы.

Е) Зейіннің бөлінуі.

48. Адамға арнайы көңіл аудару барысында бір уақытта сақталынуы мүмкін ақпараттар санымен анықталатын зейін сипаты:

А) Зейіннің шоғырлануы.

В) Зейіннің таңдамалылығы.

С) Зейіннің тұрақтылығы.

D) Зейіннің көлемі.

Е) Зейіннің бөлінуі.

49. Алынған ақпараттың адам санасында ұсталынуы:

А) Есте қалдыру.

В) Қайта жаңғыру.

С) Тану.

D) Сақтау.

Е) Бөліну.

50. Алынған білімдерді біршама ұзақ уақыт кезеңінде есте ұстау:

А) Есте қалдыру.

В) Қайта жаңғырту.

С) Сақтау.

D) Тану.

Е) Бөліну.

51. Психиканың бұрын бекітілген мазмұнын белсендендіруге мүмкіндік беретін ес қызметі:

А) Есте қалдыру.

В) Қайта жақғырту.

С) Тану.

D) Сақтау.

Е) Бөліну.

52. Ойлаудың біртұтас аналитико-синтетикалық процесінде жекеден жалпыға өтуге мүмкіндік беретін операция:

А) Талдау (анализ).

В) Синтез (біріктіру).

С) Жалпылау.

D) Абстракциялау.

Е) Салыстыру.

53. Шын мәнінде дербес болып табылмайтын құбылыстың қандай-да бір қырын немесе аспектісін бөліп шығаруға негізделген операция:

А) Талдау.

В) Жалпылау.

С) Абстракциялау.

D) Біріктіру.

Е) Салыстыру.

54. Заттар мен құбылыстарды, олардың қасиеттері мен қатынастарын бір-бірімен салыстырудан тұратын операция :

А) Талдау.

В) Жалпылау.

С) Салыстыру.

D) Біріктіру.

Е) Абстракциялау.

55. Көптеген заттар мен құбылыстарды қандай да бір ортақ белгі арқылы біріктіруге мүмкіндік беретін операция:

А) Талдау.

В) Біріктіру.

С) Салыстыру.

D) Абстракциялау.

Е) Жалпылау.

56. Күрделі объектіні оның құраушы бөліктерге ойша бөлу операциясы:

А) Талдау.

В) Біріктіру.

С) Салыстыру.

D) Абстракциялау.

Е) Жалпылау.

57. Іс-әрекетке тікелей қатысты ойлау түрі:

А) көрнекі-әрекеттік ойлау.

В) Бейнелік ойлау.

С) Жанама ойлау.

D) Индукция.

Е) Дедукция.

58. Адамның бұрын қабылдаған бейнелері мен түсініктері негізінде жүзеге асатын ойлау:

А) Көрнекі-эрекеттік ойлау.

В) Бейнелік ойлау.

С) Жанама ойлау.

D) Индукция.

Е) Дедукция.

59. Ойдың жалпыдан жекеге бағытылығын көрсететін ой тұжырымдарын жасау тәсілі:

А) Көрнекі-әрекеттік ойлау.

В) Бейнелік ойлау.

С) Жанама ойлау.

D) Индукция.

Е) Дедукция.

60. Ой тұжырымдары жекелеген фактілерден жалпы қорытындыға бағытталған ойлау тәсілі:

А) Көрнекі-әрекеттік ой.

В) Бейнелік.

С) Жанама.

D) Индукция.

Е) Дедукция.

61. Айтылған ойлар, сезімдер мен ұмтылыстардың саны, олардың мәнділігі мен шындыққа сәйнестігі:

А) Сөздің мағыналылығы.

В) Сөздің түсініктілігі.

С) Сөздің анықтылығы.

D) Сөздің қолданылуы.

Е) Сөздің бейнелілігі.

62. Сөйлемнің синтаксистік дұрыс құрылуы, сондай-ақ қажетті жерінде үзіліс қолдану немесе сөздерді логикалық екпін көмегімен бөліп алу:

А) Сөздің мағыналылығы.

В) Сөздің түсініктілігі.

С) Сөздің анықтылығы.

D) Сөздің қолданылуы.

Е) Сөздің бейнелілігі.

63. Адамның қоршаған орта заттары мен құбылыстарына тек соларға ғана тән атау беруді қамтамасыз ететін сөз қызметі:

А) Ашып көрсету қызметі.

В) Әсер оту қызметі.

С) Белгілеу қызметі.

D) Хабарлау қызметі.

Е) Тарату қызметі.

64. Адамның басқа адамдарды әрекетке итермелеуіне мүмкіндік беретін сөз қызметі:

А) Хабарлау қызметі.

В) Ашып көрсету қызметі.

С) Әсер ету қызметі.

D) Белгілеу қызметі.

Е) Бөлу қызметі.

65. Сыртқы, физикалық әсерлер мен адамның осы әсерлерге реакциясын байланыстырушы ішкі күй :

А) Түрткі.

В) Қызығулар.

С) Нұсқаулар.

D) Қажеттіліктер.

Е) Мақсаттар.

66. Тұлғаның мағыналанған, саналанған қажеттіліктерімен байланысты, оны белгілі бір іс-әрекетке итермелейтін ішкі тұрақты күштер:

А) Түрткілер.

В) Қызығулар.

С) Нұсқаулар.

D) Қажеттіліктер.

Е) Мақсаттар.

67. Адамның қандай да бір объект немесе құбылысқа деген эмоциялық түрленген, жоғарғы деңгейде зейін қоюы:

А) Түрткі.

В) Қызығу.

С) Нұсқау.

D) Қажеттілік.

Е) Мақсат.

68. Бір нәрсе жасауға деген саналы қалау, дайындық:

А) Түрткілер.

В) Қызығулар.

С) Нұсқаулар.

D) Қажеттіліктер.

Е) Ниеттер.

69. Бихевиористік бағыттың негізін салушы:

А) В. Вундт.

В) Дж. Уотсон.

С) Вольф Галлер.

D) Джон Уотсон.

Е) Ф. Бэкон.

70. Экспериментті алғаш психология ғылымына енгізген ғалым:

А) В. Вундт.

В) З.Фрейд.

С) Вольф Галлер.

D) Джон Уотсон.

Е) А. Маслоу.

71. Аналитикалық теорияның жетекші өкілі:

А) К. Юнг.

В) А. Маслоу.

С) В. Галлер.

D) Д. Уотсон.

Е) А. Маслоу.

72. Қандай процестер таным процестеріне жатады:

А) Ойлау, мінез, қабілеттер.

В) Қабылдау, темперамент

С) Түйсік, қабылдау, ойлау.

D) Сөйлеу, қабылдау, қабілеттер.

Е) Саналау, ойлау.

73. Қабылдаудың түрлері:

А) Гуманистік, динамикалық.

В) Көру, есту, сипап сезу.

С) Когнитивті, көзғалыс, жүріс-тұрыстық.

D) Аналитикалық, психодинамикалық.

Е) Күрделі, қарапайым.

74. Психология түсінігі қай тілден шыққан:

А) Грек тілінен.

В) Латын тілінен.

С) Ағылшын тілінен.

D) Араб тілінен.

Е) Орыс тілінен.

75. Бихевиоризмнің зерттеу пәні:

А) Іс-әрекет.

В) Жалпы психология.

С) Жүріс-тұрыс.

D) Санасыздық табиғаты.

Е) Тұлға.

76. Гиппократ ілімі мен пікірлері келесідей психологиялық түсінікті зерттеуге бағытталған:

А) Мінез.

В) Қабілеттер.

С) Ерік.

D) Темперамент.

Е) Зейін.

77. Қарым-қатынастың вербалды тәсіліне жататын көрсеткіштер:

А) Қол қимылдары.

В) Мимика.

С) Пантомима.

D) Интонация, тембр, қаттылық.

Е) Поза.

78. Адамды іс-әрекет субъектісі ретінде қарастырған ғалым:

А) А.Н. Леонтьев.

В) А.Ф. Лазурский.

С) К.К. Платонов.

D) А.Г.Ковалев.

Е) С.Я. Рубинштейн.

79. Ассоциациялар туралы түсінікті алғаш енгізген ғалым:

А) Сократ.

В) Аристотель.

С) Демокрит.

D) Р.Декарт.

Е) Платон.

80. Психологиялық зертеулердің негізгі әдісі:

А) Эксперимент.

В) Талдау.

С) Сұрақтама, тренинг.

D) Топтық, психотерапия.

Е) Тренинг.

81. Психика дамуының жоғарғы формасы:

А) Сана.

В) Бейнелеу.

С) Сезім.

D) Қиял және қабылдау.

Е) Ойлау.

82. Биологиялық, физикалық, әлеуметтік, психологиялық қасиеттердің жиынтығы тән жеке алынған адам:

А) Индивид.

В) Тұлға.

С) Жай адам.

D) Іс-әрекет субъектісі.

Е) Дара адам.

83. Ес процестеріне қайсысы жатады:

А) Оқу, іскерлік, дағды.

В) Есте қалдыру, сақтау, қайта жаңғырту.

С) Дүниетаным, жалпылау, сақтау.

D) Бейнелеу, жанамалау, өзгерту.

Е) Жасап шығару, сақталыну, анықтама.

84. Зейін түрлері:

А) Белсенді және баяу.

В) Ресми және ресми емес.

С) Қарапайым және күрделі.

D) Ырықты және ырықсыз.

Е) Тікелей және жанама.

85. Күрделі эмоцияның турлері:

А) Салыстырмалылық, анықтылық.

В) Қатыгездік, мейірімділік.

С) Көңіл- күй, қажеттілік.

D) Сезімдер, аффект, құштарлық.

Е) Агрессия.

86. Сыртқы анализатор рецепторлары:

А) Интерорецепторлар.

В) Экстерорецепторлар.

С) Проприорецепторлар.

D) Түйсіктің айырма табалдырығы.

Е) Индукция және дедукция.

87. Қайшылықты қатынастар барысында туындайтын қарым-қатынас түрі:

А) Шиеленісті.

В) Үйлесімді.

С) Ресми.

D) Әлеуметтік.

Е) Ырықты.

88. Табиғат туралы, қоғамдық өмір жайлы адамдардың білім жүйісі:

А) Сенім

В) Мақсат.

С) Білім.

D) Интеллект

Е) Дүниетаным.

89. Адамның психикалық іс-әрекетінің сыртқы көрінісі- бұл:

А) Дененің орналасуы, мимика, дауыс ырғағы.

В) Нұсқаулар.

С) Түйсік.

D) Күтімдер.

Е) Қабылдау.

90. Іс-әрекетінің негізгі сипаты болып табылатыны қайсысы:

А) Заттылығы, субъективтілік, әлеуметтігі.

В) Бейнелілік, әрекет.

С) Жан-жақтылық.

D) Үздіксіздігі, тұтастылығы.

Е) Тұрақтылығы, орындалуы.

91. Әлемдегі алғашқы психологиялық лабораторияны ашқан адам:

А) Р. Декарт.

В) Г. Лейбниц.

С) К. Вольф.

D) Аристотель.

Е) В. Вундт.

92. Балалардың ересектер әрекеті мен олардың арасындағы қатынасты ерекше формада қайталап орындауы – бұл іс-әрекеттің тарихи дамыған қандай түрі:

А) Ойын.

В) Еңбек.

С) Заттық әрекет.

D) Жетекші іс-әрекет

Е) Әлеуметтік құбылыс.

93. Әдетте адам көп елемейтін немесе мүлдем саналанбайтын - бұл:

А) Әрекет.

В) Операциялар.

С) Іс-әрекет.

D) Іскерлік.

Е) Қозғалыс.

94. Кей жағдайларға бейімделу процесі:

А) Әдеттену.

В) Классикалық нақтылау.

С) Операнттық нақтылау.

D) Комплекстік үйрену.

Е) Шартталыну.

95. Темпераменттің физиологиялық негізі болып не табылады:

А) Анатомо-физиологиялық қасиеттердің жиынтығы.

В) Мінез.

С) Темперамент типі.

D) Жүйке жүесінің типі.

Е) Тәрбиелілік.

96. Темпераментте тұлға келесі жақтарымен көрінеді:

А) Мазмұны.

В) Динамикалық қасиеттері.

С) Тұлғалық- мәндік аспектілері.

D) Өзгермейтін қасиеттері.

Е) Құндылық бағдарлар.

97. Инстинкттер үшін тән емес сипат:

А) Белгіленгендік.

В) Ригидтілік.

С) Биологиялық бағыттылық.

D) Жанамалылық.

Е) Өзгермелілік.

98. Ең алғаш зерттеле басталған дағдының түрі:

А) Қимыл-қозғалыс.

В) Мнемикалық.

С) Сенсорлық.

D) Ақыл-ойлық.

Е) Ойдан шығарылған.

99. Адам организмінің дамуы былай аталады:

А) Онтогенез.

В) Филогенез.

С) Социогенез.

D) Антропогенез.

Е) Қалыптасу.

100. Адамның биологиялық түр ретінде дамуы қалай аталады:

А) Онтогенез.

В) Антропогенез.

С) Филогенез.

D) Пайда болу.

Е) Социогенез.

101. Адамның қоршаған шындық заттары мен құбылыстарына субъективті қатынасы келесіде көрініс табады:

А) Темперамент.

В) Сезімдер.

С) Мінезде.

D) Қабілеттерде.

Е) Ойлауда.

102. «Жақын даму зонасы» терминін ұсынған ғалым кім?

А) Ж. Пиаже.

В) Дж. Брунер.

С) Л.С. Выготский.

D) А.Н. Лентьев.

Е) И.П. Павлов.

103. Темперамент деп психикалық іс-әрекеттің келесі сипатын көрсетеді:

А) Статикалық.

В) Мазмұндық.

С) Динамикалық.

D) Жүре қабылдаған.

Е) Тәуелді.

104. «Мен - концепция» ұғымы психологияның қай саласында пайда болды?

А) Гуманистік.

В) Когнитивті.

С) Гештальтпсихология.

D) Мәдени-тарихи даму.

Е) Бихевиоризм.

105. Функционалды автономия принципінің негізін қалаған:

А) К. Роджерс.

В) А. Маслау.

С) Г. Олпорт.

D) К. Юнг.

Е) З. Фрейд.

106. Ойлау аумағында рефлекция келесі атауды алды:

А) Интеллектуалды.

В) Тұлғалық.

С) Әлеуметтік.

D) Танымдық

Е) Іс-әрекет.

107. Жанды материяның бір бөлігі, ұсақ атомдардан тұратын құрылым ретінде баяндаған оқымысты кім?

А) Платон.

В) Демокрит.

С) Аристотель.

D) Б. Спиноза.

Е) Сократ.

108. «Ерік» түсінігінің ғылыми негізделген анықтамасы қай түрде:

А) Қандайда бір әрекеттерді орындауға деген адамның мақсатты ұмтылыстары.

В) Адам психикасының сыртқы әсерлерге тәуелсіз қасиеттері.

С) Адамның алға қойған мақсаттарға қол жеткізуі барысында туындайтын қиындықтарды жеңуге бағытталған өз іс-әрекеті мен жүріс-тұрысын саналы түрде ұйымдастыру және реттеуі.

D) Еш нәрсеге тәуелсіз, ерекше күш.

Е) Индивидтің өз қажеттіліктеріне тәуелсіз, саналанбаған әрекеттері.

109. Жанды тәннен бөлек, идеалдық дүние ретінде тәннен бұрын пайда болды деп түсіндірген ғалым кім?

А) Платон.

В) Демокрит.

С) Аристотель.

D) Б. Спиноза.

Е) Сократ.

110. “Жан тұралы” трактаттың авторы кім?

А) Платон.

В) Демокрит.

С) Аристотель

D) Эпикур.

Е) Сократ.

111. Жан – тек адамға ғана тән деген ұғымды ұсынған бағыт:

А) Антрополпсихология.

В) Биопсихизм.

С) Мозгопсихизм.

D)Нейропсихизм.

Е) Дендропсихизм.

112. Келесі сезімдердің қайсысы интеллектуалдыға жатады:

А) Таңдану, білімге құштарлық, күдік.

В) Рахаттану, риза болу, жиіркену.

С) Жек көру, жиіркену, әзіл.

D) Махабат, қайғы, адамгершілік.

Е) Мейрімділік, шын берілу, потриотизм.

113. И.П. Павлов бойынша күшті, тұрақты және қозғалғыш жүйке жүйесінің типі мыналарға тән:

А) Сангвиниктер.

В) Фигматиктер.

С) Холериктер.

D) Меланхоликтер.

Е) Холерик – меланхоликтер.

114. Адамның тәжірибесі мен білімін меңгеру мен қолдануға дайындығын анықтайтын, сондай-ақ проблемалық жағдайда дұрыс әрекет етуін анықтайтын танымдық қабілеттілік – бұл:

А) Ойлау.

В) Интеллект.

С) Эвристика.

D) Гипотеза.

Е) Қиял.

115. Тесіп өтетін психикалық процес болып саналатын:

А) Қабылдау.

В) Зейін.

С) Қиял.

D) Ойлау.

Е) Интеллект.

116. Басқа таным процестеріне қарағанда ерекше мазмұны жоқ процес:

А) Түйсік.

В) Қабылдау.

С) Ес.

D) Зейін.

Е) Ойлау.

117. Ақпараттың уақыттық тасымалдануы, өткеннің қайта жаңғыруын жүзеге асыратын:

А) Қабылдау.

В) Ес.

С) Қиял.

D) Ойлау.

Е) Түсінік.

118. Өзіндік сананың психологиялық механизмі болып табылатын:

А) Эмпатия.

В) Рефлекция.

С) Идентификация.

D) Атрибуция.

Е) Синестезия.

119. Түйсік ортаға бағытталған процесс нәтижесінде пайда болады және баяу түрде жүреді деген теорияны айтқан:

А) Рефлекторлық.

В) Рецепторлық.

С) Стимулдық.

D) Іс-әрекет.

Е) Талдағыш.

120. Дене терісінде орналасқан рецепторларға сыртқы стимулдар әсер еткен кезде пайда болатын түйсік қалай аталады:

А) Экстероецептивті.

В) Интерорецептивті.

С) Проприорецептивті.

D) Интерактивті.

Е) Ішкі.

121. Түйсіктің негізгі қасиеті болып табылмайтын қайсысы:

А) Қасиет.

В) Интенсивтілік.

С) Ұзақтығы.

D) Көлемі.

Е) Жалғасуы.

122. Ес психологиясындағы ассоциативті бағыттың өкілі:

А) Б.В. Зейгарник.

В) Эббингауз.

С) Г. Мюллер.

D) А.Н.Лентьев.

Е) К. Левин.

123. Естің алғашқы факторлары ретінде өзін құраушы бөліктердің жиынтығына тең болмайтын кейбір тұтас психологиялық құрылымды ұсынған психологиялық бағыт қалай аталады:

А) Естің іс-әрекеттік теориясы.

В) Естің ассоциативтік теориясы.

С) Гештальтпсихология.

D) Естің психоаналитикалық теориясы.

Е) Бихевиоризм.

124. Генетикалық тұрғыда алғашқы болып саналатын ес түрі:

А) Қозғалыс.

В) Бейнелік.

С) Эмоциялық.

D) Вербалды.

Е) Механикалық.

125. Есте қалдырылған немесе есте ұсталған материалды жай ғана бірнеше рет қайталауға негізделген ес түрі:

А) Қозғалыс.

В) Бейнелік.

С) Эмоциялық.

D) Вербалды.

Е) Механикалық.

126. Адамның сыртқы дүниемен өзара әрекеттестігін жүзеге асыратын субъективті ішкі дүниесі - ол:

А) Психика.

В) Психология.

С) Жарнама психологиясы.

D) Жануарлар психологиясы.

Е) Еңбек психологиясы.

127. Адам үшін өте мәнді, күшті стимул арқылы туындайтын, тез пайда болатын өте жылдам және қысқа уақыттық эмоционалды күй қалай аталады?

А) Аффект.

В) Эмоция.

С) Паника.

D) Айқай-шу.

Е) Қызығу.

128. Мағынасы бойынша кең көлемде алынған түсінік қайсысы?

А) Индивид.

В) Тұлға.

С) Іс-әрекет субъектісі.

D) Даралық.

Е) Профессор.

129. Әлеуметтік факторлар арқылы анықталатын негізгі қасиеттер - бұл:

А) Инстинктер.

В) Механикалық ес.

С) Құндылық бағдарлар.

D) Музыкалық қабілет.

Е) Көріп қабылдау.

130. Тұлғаны іс-әрекет субъектісі ретінде қарастырған:

А) А.Н. Леонтьев.

В) А.Ф. Лазурский.

С) К.К. Платонов

D) К.К. Коволев.

Е) К. Юнг.

131.Адамның индивидуалды жүріс-тұрысының біршама жалпы формалды-динамикалық сипаттамасы:

А) Мінез.

В) Темперамаент.

С) Қабілеттер.

D) Бағыттылық.

Е) Ес.

132. Тұлғаның өз өмірін басқаруының көзі ретінде қоршаған ортаны немесе өзін-өзі тануына ішкі нұсқауы былай аталады:

А) Интроспекция.

В) Бақылау локусы.

С) Инверсия.

D) Паттерн.

Е) Көру.

133. Сыртқы дүниеге бағытталған тұлға типі қалай аталады:

А) Интроспекция.

В) Интровертті.

С) Экстровертті.

D) Экстрапунитивті.

Е) Интрапунитивті, экстрапунитивті.

134. Импульсивтілік, инициативтілік, жүріс-тұрыстың икемділігі жақсы қарым-қатынас, әлеуметтік бейімделуге қабілеттілік мына типтегі адамдарға тән:

А) Интроверттер.

В) Экстраверттер.

С) Интрапунитивті тип.

D) Шизоидті.

Е) Импульсивті

135. Адам психикалық құрылымын қарастыра отырып, З. Фрейд «қанағаттану принципі» немен басқарылатынын көрсетті?

А) «Ол».

В) «Мен»

С) «Менен жоғары»

D) «Супер-эго».

Е) «Эго»

136. Бақылауға болатын жүріс-тұрысты ғана объективті суреттеуге болады деген пікірді айтқан:

А) Гештальттықтар.

В) Фрейдистер.

С) Бихевиористер.

D) Когнитивистер.

Е) Психоаналитиктер.

137. Заттар мен құбылыстардың сезім мүшелеріне тікелей әсер еткен кездегі тұтастай бейнеленуі - бұл:

А) Түйсік

В) Қабылдау.

С) Зейін.

D) Сипап сезу.

Е) Ес.

138. Адамзат түрінің бірден-бір өкілі, барлық психофизиологиялық және белгілердің иесі:

А) Тұлға.

В) Адам.

С) Индивид.

D) Даралық.

Е)Адам, тұлға.

139. «16тұлғалық фактор» сұрақтамасының авторы кім?

А) З. Фрейд.

В) Г. Олпорт.

С) Р. К.ттел.

D) Әдет.

Е) Түйсік.

140. Адамның еріктік және моралды-өнегелік қасиеттерінің жиынтығы қалай аталады?

А) Мінез.

В) Темперамент.

С) Қабілет.

D) Әдеп.

Е) Түйсік.

141. Бір-бірімен байланысы жоқ, бірақ бір мезгілде ашық және нақты қабылдануы мүмкін объектілердің саны:

А) Зейіннің аусуы.

В) Зейіннің көлемі.

С) Зейіннің тұрақтылығы.

D) Зейін.

Е) Зейіннің шоғырлануы.

142. Бұрын есте қалған материалдың қайта оралуы:

А) Еске арнайы түсіру.

В) Толық еске түсіру.

С) Қайта жаңғыру.

D) Есте сақтау.

Е) Ес.

143. Материалды есте қалдыру, сақтау және қайта жаңғырту үшін оны өңдеуге мүмкіндік беретін мнемикалық әрекеттер былай аталады:

А) Мнемикалық қабілеттердің реттеуші механизмдері.

В) Мнемикалық қабілеттердің операциялық механизмі.

С) Мнемикалық қабілеттердің функционалды механизмі.

D) Мнемикалық қабілеттердің аналитикалық механизмі.

Е) Мнемикалық қабілеттердің механикалық механизмі.

144. Темперамент неше психологиялық сипатқа бөлінеді:

А) 4.

В) 8.

С) 2.

D) 5.

Е) 7.

145. Холерик-бұл:

А) Күшті, тұрақты, қозғалымпаз тип.

В) Күшті, тұрақсыз, баяу тип.

С) Әлсіз тип.

D) Күшті, тұрақсыз, қозғалғыш тип.

Е) Әлсіз, тұрақсыз тип.

146. Белгілі бір нәрсеге деген құштарлық және саналы қажеттілік-бұл:

А) Ұмтылыс.

В) Қалау.

С) Қызығу.

D) Бейімділік.

Е) Сенім.

147. Адамның бір нәрсе туралы немесе басқа адам туралы жағымды эмоционалды түсінігі:

А) Сенім.

В) Түрткі.

С) Идеал.

D) Стимул.

Е) Қажеттілік.

148. Субъектінің өзіндік психикалық процестер және күйлер туралы дәл сол кезде немесе содан кейі мәлімет алуы:

А) Бақылау.

В) Эксперимент.

С) Тестілеу.

D) Өзіндік бақылау.

Е) Контент-анализ.

149. Тұлғаарлық қатынастардың құрылымы мен сипатын олардың тұлғааралық таңдауын өлшеу негізінде зерттеу тәсілі былай аталады:

А) Контент-анализ.

В) Салыстыру әдісі.

С) Әлеуметтік бірліктер әдісі.

D) Социометрия әдісі.

Е) Бақылау әдісі.

150. Психологиялық зерттеудің негізгі әдістері болып табылатыны:

А) Тест және лабораториялық эксперимент.

В) Іс-әрекет нәтижесін психологиялық талдау.

С) Қабылдау және эксперимент.

D) Стандарттық сұрақтама және проективті тест.

Е) Анкета жүргізу.

151. Танымдық процестер психологиясы зерттейтін психиканың феномендері:

А) Мінез, темперамент, мотивация.

В) Эмоция, қабілет, ерік.

С) Түйсік, ес, қиял.

D) Меланхолия, флегматика белгілері.

Е) Қарым-қатынас, дамудың сензитивті кезеңі.

152. «Психика тек жүйке жүйесі дамыған организмдерге ғана тән»- деген түсінік кімге тән:

А) А.Н. Леонтьев.

В) Биопсихизм бағыты.

С) В. Вундт.

D) Нейродинамика бағыты.

Е) Нейропсихизм, Ч. Дарвин.

153. Бейнелеудің биологиялық формасы - бұл:

А) Жүріс-тұрыс.

В) Инстинкт.

С) Тітіркенгіштік.

D) Белсенділік.

Е) Мотивация.

154. Психика барлық тірі табиғатқа тән дегенді кім айтқан:

А) Биопсихизм.

В) Л.С. Выготский.

С) В.Вундт.

D) Нейродинамизм.

Е) Нейропсихизм. Ч.Дарвин.

155. Адамның бір нәрсені керек етуі:

А) Түрткі.

В) Қажеттілік.

С) Қызығу.

D) Бейімділік.

Е) Стресс.

156. Адам қиялында бүгінгі күннің, болашақтың жағымды суретін тудыратын, ақиқатқа аса сәйкес емес адам қиялының аталуы::

А) Ниет.

В) Аса қажет болу.

С) Құштарлықтар.

D) Идеал.

Е) Аңсау.

157. Адамның психикалық іс-әрекетінің сыртқы көрінісі:

А) Дененің орналасуы, мимика, дауыс ырғағы.

В) Нұсқаулар.

С) Түйсіктер.

D) Күтімдер.

Е) Қабілеттер.

158. Белсенділік, еңбек, еңбек әрекеті, іс-әрекет, өзара әрекет түсініктерінің ішінен логикалық және біршама кең мағынада алынғанын табыңыз:

А) Белсенділік.

В) Еңбек әрекеті.

С) Іс-әрекет.

D) Өзара әрекет.

Е) Еңбек.

159. Тіршілік иелерінің барлығына ортақ сипаттаманы көрсететін сөзді табыңыз:

А) Іс-әрекет.

В) Белсенділік.

С) Тітіркенгіштік.

D) Бұлшықеттің жиырылуы.

Е) Тітіркену.

160. Тіршілік иелерінің белсенділік көзі:

А) Ұмтылу.

В) Тіршілік ету шарттары.

С) Қажеттіліктер.

D) Бағыттылық.

Е) Мақсат.

161. Жануарлар белсенділігіне түрткі болатын:

А) Қажеттіліктер.

В) Табиғи ұйымдасу.

С) Ортаға бейімделу.

D) Дене құрылымы.

Е) Инстинктер.

162. Адам қажеттіліктерінің қалыптасуы қандай процесте жүзеге асады:

А) Тәрбиелеу.

В) Іс-әрекет.

С) Белсенділік.

D) Еңбек құралдарын жасау.

Е) Ортаға бейімделу.

163. Қажеттіліктерді қанағаттандыру процесі келесі түрде көрініс табады:

А) Тарихи даму нәтижесі.

В) Іс-әрекет түрлерін меңгерудің белсенді процесі.

С) Қоғамдық даму белгілеген іс-әрекетті мақсатты түрде меңгеру процесі.

D) Адамзат қоғамына бейімделу.

Е) Қоғамда өз орнын табуға мүмкіндік.

164. Адамның табиғи қажеттіліктерінен нені көруге болады:

А) Адамды белсендендіруші іс-әрекет.

В) Адамның еңбек іс-әрекеті.

С) Қоғамдық сана өнімдеріне тәуелділік.

D) Өмір сүруге қажетті шарттарға тәуелділік.

Е) Ортаға бейімделу мүмкіндігі.

165. Дамудың бастапқы кезеңдеріндегі бала дамуына түрткі болатын:

А) Биологиялық мәнді заттар.

В) Адамдардың заттарды пайдалану тәсілі.

С) Қоғамдық тәжірибедегі заттардың қызметі.

D) Табиғи қажеттіліктер.

Е) Тұлға бағыттылығы.

166. «Өз бетімен жауап қайтару күшіне» қабілеттілік деп нені айтуға болады.:

А) Белсенділік.

В) Әрекет.

С) Іс-әрекет.

D) Тітіркену.

Е) Тактилділік.

167. Тіршілік етудің нақты шарттарына тәуелділікті көрсететін, осы шарттарға байланысты белсенділік тудыратын тірі организмнің күйі:

А) Іс-әрекет.

В) Қажеттілік.

С) Инстинкт.

D) Интеллектуалды жүріс-тұрыс.

Е) Рефлекс..

168. Іс-әрекет талдауының негізгі бірлігі ретінде қарастырылатыны:

А) Операция.

В) Әрекет.

С) Мотив.

D) Мақсат.

Е) Міндет.

169. Адамның белгілі бір қажеттілігінің, мотивінің салдары ретінде туындайтын, оның алға қойған мақсатына қол жеткізуі жүзеге асатын, адамның ортамен белсенді өзара әрекеті - бұл:

А) Операция.

В) Әрекет.

С) Іс-әрекет.

D) Іскерлік.

Е) Дағды.

170. Басқа адамдар үшін өз істеген ісінің қаншалықты маңызды екенін адамның саналауына көмектесетін әрекет:

А) Жүріс-тұрыс.

В) Дағды.

С) Ым (Жест).

D) Қылық.

Е) Көзқарас.

171. Мақсатқа қол жеткізуге бағытталған процесс.:

А) Операция.

В) Әрекет.

С) Мотив.

D) Іскерлік.

Е) Міндет.

172. Әрекет- бұл:

А) Өндіруші еңбек.

В) Іс-әрекет элементі.

С) Саналанбаған әрекет.

D) Бір нәрсенің кеңістікте орын ауыстыруы.

Е) Жұмыс.

173. Адамды әрекетке итермелеуші нақты бір нәрсеге деген заттық қажеттілік:

А) Бейімділік.

В) Арман.

С) Мотив.

D) Қызығу.

Е) Аңсау.

174. Әрекеттерді орындаудың жаттығулар нәтижесінде автоматы түрде жүзеге асатын тәсілі:

А) Іскерлік.

В) Әдет.

С) Дағды.

D) Операция.

Е) Рефлекс.

175. Берілген анықтамалардың ішінен дұрысын табыңыз. Қарым-қатынас - бұл:

А) Бір уақытта жүретін, адамдар арасындағы байланыс орнату актісі.

В) Ақпарат алмасу, бір-бірін түсіну, өзара іс-әрекет қажеттіліктері арқылы туындаған, адамдар арасында байланыс орнату мен оны дамытудың күрделі процесі.

С) Кәсіби іс-әрекеттің сирек кездесетін түрі.

D) Шет ел тілінде ақпарат алмасуын жүзеге асыратын іс-әрекет.

Е) Мемлекеттік тілде пікір алысу.

176. Қарым-қатынас тәсілдері ретінде қызмет атқаратын сөздік белгілер жүйесі:

А) Проксемика.

В) Сөз.

С) Семантика.

D) Тіл.

Е) Лингвистика.

177. Бірлескен оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда әрекеттерді өзара бағыттау және үйлестіру қарым-қатынастың келесі мақсаттарына сәйкес келеді:

А) Ақпараттық.

В) Координациялық.

С) Мотивтің болмауы.

D) Итермелеуші.

Е) Қатынас орнату.

178. Өзін басқа адаммен салыстыру арқылы оны түсінуді көрсететін қарым-қатынастағы негізгі тұлғааралық қабылдау механизмі:

А) Әлеуметтік-психологиялық рефлексия.

В) Стереотипизация.

С) Эмпатия.

D) Идентификация.

Е) Кері байланыс.

179. Психологиядағы негізгі қарым-қатынас түрлері:

А) Аффективті, эмоционалды, коммуникативті.

В) Ақпараттық, аффективті.

С) Эмоционалды, трансляциялық.

D) Вербалды және вербалды емес.

Е) Сыртқы, ішкі.

180.Тілдің көмегімен қарым-қатынас орнату процесі:

А) Афазия.

В) Монолог.

С) Сөйлеу.

D) Семантика.

Е) Фонетика.

181. Адам қызығулары мен бейімділіктері қарым-қатынастың келесі жоспарының көрсеткіштері бола алады:

А) Коммуникативті.

В) Индивидуалды-тұлғалық.

С) Жалпы әлеуметтік-психологиялық.

D) Моралдық-саяси.

Е) Әскери-патриоттық.

182. Қарым-қатынас процесінде бір-біріне деген дұрыс емес қатынастың орнауы қарым-қатынастағы келесі кедергілер түріне жатады:

А) Физикалық.

В) Әлеуметтік-психологиялық.

С) Санадағы нұсқаудың дұрыс болмауы.

D) Ұйымдастырушы-психологиялық.

Е) Табиғи.

183. Іс-әрекеттің келесі стилінде қарым – қатынас кезінде басқа адам тең құқылы партнер ретінде қарастырылады:

А) Демократиялық.

В) Авторитарлы.

С) Либералды.

D) Еркіне жіберу.

Е) Консервативті.

184.Коммуникативті іскерліктің келесі түрлері қарым-қатынас құбылыстарының жиі және жүйесіз түрде саналануымен сипатталады:

А) Интуитивті.

В) Тұрмыстық.

С) Саналы.

D) Ғылыми.

Е) Теориялық.

185. Басқа адамның эмоционалды күйін түсіне алу қалай аталады:

А) Тұлғааралық коммуникация.

В) Бір-бірін қабылдау және түсіну.

С) Тұлғааралық өзара әрекет.

D) Топтық өзара әрекет.

Е) Ықпал ету.

186. Әрбір түсінік өзінен кейінгі түсінікке жақын болып келетін кезектестікті табыңыз:

А) Микротоп – топ – ұжым – диада.

В) Ұжым – топ – диада – микротоп.

С) Ұжым – микротоп – диада – топ.

D) Топ – ұжым – микротоп – диада.

Е) Диада – топ – микротоп – ұжым.

187. Шағын топтар:

А) Жанұя, спорт командасы, мектептегі сынып.

В) Партия, студенттер тобы, шахтерлер.

С) Корпорация, ұлт, еңбек ұжымы.

D) Әйелдер, жанұя, мектептегі сынып.

Е) Педагогтар, мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілері.

188. Шағын топтар типологиясы негізінде, мақсаттары мен құндылықтары, жүріс-тұрыс нормалары мен формалары, пікірлері мен түйіндері индивид үшін еліктеу үлгісі болатын топ атауын көрсетіңіз:

А) Диффуздық топ.

В) Корпорация.

С) Референтті емес топ.

D) Референтті топ.

Е) Шартты топ.

189. «Ұжым» түсінігінің біршама нақты анықтамасы:

А) Бір мекемеде, бірге жұмыс істейтін адамдар тобы.

В) Ортақ қызығулары арқылы біріктірілген адамдар тобы.

С)Тұлғааралық қатынастары бірлескен іс-әрекеттің қоғам үшін құнды және тұлғалық мәні бар мазмұнмен себептелінген топ.

D) Қоғамның бір бөлігін құрайтын кез-келген адамдар тобы.

Е) Бір мақсатты ұстанған үлкен топ (мысалы, оқушылар).

190. Топтағы тұлғааралық қалауды анықтаудың тиімді тәсілі:

А) Референтометрия.

В) Диагностика.

С) Социометрия.

D) Психометрия.

Е) Әлеуметтену.

191. Индивидтің топ ықпалына көнуі, онымен сырттай келісуі, саналы түрде бейімделу:

А) Мотивация.

В) Топ бірлігі.

С) Конформдылық.

D) Әлеуметтену.

Е) Белсенділік.

192. Ұйымдасу ерекшеліктері арқылы, бірлескен іс-әрекеттегі ортақ белгілері негізінде ерекшеленетін адамдар жиынтығы:

А) Қоғам.

В) Ұжым.

С) Партия.

D) Халық.

Е) Топтасу.

193. Әртүрлі, тұрақтылығы орташа, бірлестіктерге біріктірілген адамдар тобы:

А) Топтар.

В) Ұжым.

С) Микротоп.

D) Корпорация.

Е) Жиын.

194. Бір-бірімен тікелей қарым-қатынастағы, қандай-да бір ортақ іспен айналысатын, адамдардың шағын бірлестігі:

Наши рекомендации