Дәстүрлік оқытудың психологиялық ерекшеліктері

Оқу оқышу педагогикалық жағдайда қандай қызмет атқаратынына тәуелді белгілі-бір әрекеттерден құралады. Олар мыналар болуы мүмкін: сырттан келетін ақпараттарды пассивті қабылдау және меңгеру; ақпараттарды белсенді өз бетінше іздестіру және пайдалану.

Бірінші жағдайда студентті педагогтың қалыптастыру әсерлерінің объектсі ретінде қарастырады. Онда үйренудің негізінде оған белгілі-бір әдістердің негізінде дайын ақпараттарды, дайын білімдер мен икемділіктерді беру жатады.

Оқыту (грек тілінен аударғанда “адамға жол” – мақсатқа қол жеткізу тәсілі, білім алу жолы) әдісі – ақпараттарды қайта өңдеу арқылы белгілі-бір мақсатқа қол жеткізуге бағытталған педагог пен оқушылардың өзара әрекеттестік тәсілдерінің біртіндеп алмасуы.

Оқытудың формасы – бұл оқушылардың білім алуы барысындағы оқушылар мен оқытушының ұйымдасқан өзара әрекеті:

фронтальды, индивидуалды, топтық, сыныптық-сабақтық, кешкі және т.б.;

сабақ, экскурсия, семинар, дәріс, практикалық сабақтар, өндірістік практика, емтихандар, сынақтар, кеңес берулер.

Әдістің формадан айырмашылығы: әдісте білім алу тәсілі және оқушының өзінің қатысу деңгейі берілген.

Жоғарғы мектепте дәріс, семинар, практикалық сабақтар сияқты оқыту формалары біршама дәстүрлік болып табылады.

Дәріс – негізінде оқытудың түсіндіру-иллюстративті әдісі жатыр (оқытушы түсіндіреді, материалды иллюстрациялайды). Студенттің іс-әрекеті ақпаратты алуға және тануға бағытталған (“таныс-білімдер” қалыптасады).

Семинар мен практикалық сабақтар – негізінде репродуктивті әдіс жатыр (оқытушы тапсырмалар құрастырады, тапсырмалар, сұрақтар береді, ал студент алынған білімдерін, тапсырмаларды шешу тәсілдерін қайта жаңғыртуы тиіс). Бұның нәтижесінде “көшірме-білімдер” қалыптасады.

Оқытудың бұл дәстүрлік әдістерінің негізгі мәні – оқушыларға белгілі дайын білімдерді беру үрдісі.

Дәстүрлік оқытудың ерекшеліктері

Оқыту жүйесінің параметрлері   Дәстүрлік оқыту
1. Басқару бірлігі Оқу-тәрбиелік үрдіс екі автономды іс-әрекеттердің өзара байланысы ретінде қарастырылады; мұғалімнің оқытушылық және оқушының оқу-танымдық іс-әрекеттері; оқушылар басқарудың объектсі ретінде, педагог жоспарларын орындаушы ретінде көрінеді.
2. Мақсаттар Заттық-пәндік білімдерді меңгеру
3. Оқытушының рөлдік ұстанымдары мен басқару стильі Заттық-ұйғарымдық ұстаным, ақпараттық-бақылаушы қызмет атқарады (оқушы танушы “когнитивті” индивид ретінде). Авторитарлы-директивті, репрессивті стиль, оқушылардың инициативасын басады.
4.Оқытушының мотивациялық-мағыналық бағдарлары Тұлғаның анонимділігі, жабықтығы, барлығына ортақ индивидуалды есеп берушілік, талаптардың өзгермейтіндігі, оқушылардың жеке тәжірибесін толықтыру
5. Оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың сипаттамасы Репродуктивті білімдер, үлгі бойынша әрекет жасау орын алады. Іс-әрекеттің орындаушы оперативті-техникалық қырын меңгеру мағынаға және мақсатқа бағыттылықты басып озады. Жеке элементтерді орындауға жаттығу оның жүйелік ұйымдасуын жасыра отырып, іс-әрекеттің ойын және мағынасын басады. Тапсырмалар жүйесі сырттан берілген мақсаттар логикасында құрылады. Тапсырмалар оқушылардың қол жеткізген шегіндегі индивидуалды айырмашылықтарды бекіте отырып, оқушылардың индивидуалды дарындылық деңгейлерін дифференциациялауға есептелген.
6. Өзара әрекет формалары Мұғалім берген мақсаттар мен оған қол жеткізудің жоспарлары оқушылардың индивидуалды оқу жұмысының орындаушы стильін анықтайды. Оқу өзара әрекеттерінің жетекші формасы – үлгілерге еліктеу, имитация, еру. Оқытушыға еру позициясы. Әлеуметтік және тұлға аралық өзара әрекеттердің біртектілігі. Педагог пен оқушы арасындағы конфликтлер мен агрессивтіліктің туындауының жоғарғы ықтималдылығы.
7. Қарым-қатынастар формасы Бақталастық бірлесіп жұмыс істеуді басады.
8. Бақылау және баға Қатаң берілген шектегі сыртқы бақылау басым болады. Өзіндік бақылау ригидтілігімен және жағдайлығымен ерекшеленеді. Жақсы баға үшін күресте бақталастық көтеріледі. Сыртқы – мотивация (мұғалімнің бағасы). Оқу жұмысы таным қызығулары мен оған тұлғалық үлес қосу үшін емес, жазалаудан қашу, дәрежесін жоғалтудан қашу үшін орындалады. Көтерудің біртекті формалары, жаман баға алудан қорқу – оқудың жетекші эмоционалды құрамдас бөлігі.
9. Мотивациялық-мағыналық позициялар Оқу құндылықтары мен тапсырмаларынан бөлектену, оқуды жек көру, танымдық мотивтер спектрінің тарылуы. Оқу жағдайынан іштей психологиялық алшақтау.

Дәстүрлік оқытудың кемшіліктері:

материалды оқудың орташаланған жалпы темпі;

оқушылар меңгеретін, білімдердің бірдей орташаланған көлемі;

оқушылардың білімдерді жинақтауы бойынша өз бетінше жұмыстарына сүйенбестен мұғалім арқылы дайын түрде алатын білімдерінің өте үлкен көлемділігі, нәтижесінде оқушылар “ойлана алмайды”;

мұғалімнің толық дерлік білмейтіні, оқушылар хабарланған білімдерді меңгере ме;

зейінді тұрақсыздандырудың объективті алғышарттарын жасайтын, материалдарды берудің сөздік әдістерінің басымдығы;

оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауларындағы қиындықтар;

оқушылардың есте сақтауына көп күш түсуі.

Наши рекомендации