Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданған уақыт жазаны өтеу мерзіміне есептеле ме?

А) есептеледі;

В) есептелмейді;

С) ерекше жағдайда есептеледі;

Д) бас бостандығынан айыру жазасынан басқа жазаны өтеу барысында есептеледі;

Е) бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған кезде ғана есептеледі.

181. Қажетті қорғанудың шегінен асып кетушілік болып саналмайды:

А) шектен тыс қорғанушылық;

В) қателесіп қорғану;

С) қол сұғушылықтың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесіне қорғанудың көрінеу сай келмеуі;

Д) өз уақытындағы емес қорғану;

Е) қорғану және қол сұғу құралдарының сәйкессіздігі.

182. Көрсетілген белгілер бойынша қажетті қорғануды аса қажеттіліктен айыруға болады:

А) құқық қорғаушы мүдделерді қорғау;

В) нақты, көзге көрінетін қауіптіліктен қорғану;

С) қауіптіліктің көзі адам әрекеттері болып табылады;

Д) зиян қол сұғушы адамға келтіріледі;

Е) келтірілген зиянның қол сұғушы адамға жасалған зияннан төмен, тең, артық болуы.

183. Айыппұл түріндегі жаза сотталған адамның жалақысын немесе өзге де табысын мына мерзімге өндіріп алуға тағайындалады:

А) екі аптадан бір жылға дейін;

В) бір айдан алты айға дейін;

С) екі аптадан алты айға дейін;

Д) бір айдан бір жылға дейін;

Е) алты айдан бір жылға дейін.

184. Жазалаудың негізгі түрі ретінде тағайындалған айыппұлды төлеуден әдейі жалтарған жағдайда ол жазаның мына түрімен ауыстырылады:

А) қоғамдық жұмыстарға тарту;

В) мүлкін тәркілеу;

С) бас бостандығын шектеу;

Д) белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;

Е) бас бостандығынан айыру.

185. Адамның басқа адамдардың қылмыстық әрекеттерімен байланысты, бірақ олардың қылмыс істеуіне көмектеспеуі және қылмыстық нәтижемен себепті байланыста тұрмайтын іс-әрекеті дегеніміз:

А) қылмысқа қатысу;

В) қылмысқа жанасу;

С) қылмысқа дайындалу;

Д) қылмыс жасауға оқталу;

Е) қажетті қорғану.

186. Қоғамдық жұмыстарды орындау мына уақыттан аспауы тиіс:

А) күніне 2 сағаттан аспайтын;

В) күніне 3 сағаттан аспайтын;

С) күніне 4 сағаттан аспайтын;

Д) күніне 5 сағаттан аспайтын;

Е) күніне 6 сағаттан аспайтын.

187. Түзеу жұмыстары мына мерзімге белгіленеді:

А) бір айдан бір жылға дейін;

В) бір айдан екі жылға дейін;

С) екі айдан бір жылға дейін;

Д) екі айдан екі жылға дейін;

Е) екі айдан үш жылға дейін.

188. Түзеу жұмыстары мына адамдарға тағайындалмайды:

А) әскери қызметшілерге;

В) жүкті әйелдерге;

С) 3 топ мүгедектеріне;

Д) 8 жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге;

Е) тұрақты жұмысы жоқ адамдарға.

189. Әскери қызмет бойынша шектеу сотталған әскерилерге мына мерзімге тағайындалады:

А) бір айдан бір жылға дейін;

В) екі айдан екі жылға дейін;

С) үш айдан үш жылға дейін;

Д) екі айдан үш жылға дейін;

Е) үш айдан екі жылға дейін.

190. Тәртіптік әскери бөлімде ұстау мына мерзімге тағайындалады:

А) үш айдан екі жылға дейін;

В) үш айдан үш жылға дейін;

С) екі айдан үш жылға дейін;

Д) бір айдан бір жылға дейін;

Е) екі айдан екі жылға дейін.

191. Жазалаудың негізгі түрі ретінде тағайындалған айыппұлды төлеуден әдейі жалтарған жағдайда аустырылуы мүмкін:

А) қоғамдық жұмыстарға тарту;

В) бас бостандығынан айыру;

С) тәртіптік әскери бөлімде ұстау;

Д) өлім жазасы;

Е) белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналасу құқығынан айыру.

192. Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жазаның қосымша түрі ретінде мына мерзімге белгіленеді:

А) 2 айдан 4 айға дейн:

В) 3 айдан 6 айға дейн:

С) 6 айдан 1 жылға дейн:

Д) 6 айдан 3 жылға дейн:

Е) 3 жылдан 5 жылға дейн.

193. Қоғамдық жұмыстардан әдейі жалтарған жағдайда ауыстырылуы мүмкін:

А) әскери қызмет бойынша шектеумен;

В) белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан

айырумен;

С) бас бостандығынан айырумен;

Д) тәртіптік әскери бөлімде ұстаумен;

Е) өлім жазасымен.

194. Қамау қолданылмайды:

А) үкім шығару кезінде 65 жасқа толған еркектерге;

В) жүкті әйелдер мен кәмелетке толмаған балалары бар әйелдерге
С) 18 жасқа толған адамдарға;

Д) үкім шығару кезінде 55 жасқа толған әйелдерге;

Е) он алты жасқа толған адамдарға.

195. Үкім шығару кезінде он сегіз жасқа толмаған бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар қайда орналастырылады:

А) колония-қоныстарға;

В) қатаң режимдегі түзеу колониясына;

С) ерекше режимдегі түзеу колониясына;

Д) тәрбиелеу колониясына;

Е) жалпы режимдегі түзеу колониясына.

196. Қоғамдық жұмыстарға тартуды, түзеу жұмыстарын немесе бас бостандығынан шектеуді бас бостандығынан айырумен ауыстырылған жағдайда қандай мерзімге тағайындалуы мүмкін:

А) 6 айға жетпейтін мерзімге;

В) 1 айға дейн;

С) 10 айға дейн;

Д) 1 жылға дейн;

Е) 2 жылға дейн.

197. Қылмыстың жасалуына кедергі жасауға немесе оның алдың алуға мүмкіншілігі бар және оны жасау керек адамның әрекетсіздігі:

А) бірнеше мәрте жасалуы;

В) қылмыстардың жиынтығы;

С) қылмысқа жол беру;

Д) қылмыс туралы хабарламау;

Е) алдын ала уәде берместен жасыру.

198. Ауыр қылмыс үшін сотталған адам, жазасын өтеуден босатылады егер айыптау үкімі мынадай мерзімдерде орындалмаса:

А) 2 жыл;

В) 4 жыл;

С) 10 жыл;

Д) 8 жыл;

Е) 15 жыл.

199. Соттылық қандай жағдайда сынақ мерзімі өтеу бойынша жойылады:

А) кішігірім немесе орташа ауырлақтығы қылмыс үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қағысты;

В) шартты түрде сотталған адамдарға қатысты;

С) бас бостандығынан айырумен салыстырғанда жазаның неғұрлым жеңіл түріне

сотталған адамдарға қатысты;

Д) ауыр қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қатысты;

Е) аса ауыр қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қатысты.

200. Бас бостандығынан айырумен салыстырғанда жазаның неғұрлым жеңіл түріне сотталған адамдарға қатысты соттылық жойылады:

А) жазаны өтегеннен кейін сегіз жыл;

В) жазаны өтегеннен кейін бір жыл;

С) жазаны өтегеннен кейін екі жыл;

Д) жазаны өтегеннен алты айдан кейін;

Е) жазаны өтегеннен кейін үш жыл.

201. Материалдық құрамының объективтік жағының негізгі белгілері:

А) қоғамға қауіпті әрекет;

В) қоғамға қауіпті әрекет және қоғамға қауіпті зардап;

С) қоғамға қауіпті әрекет, қоғамға қауіпті зардап және олардын арасындағы себепті байланыс;

Д) қоғамға қауіпті әрекет және себепті байланыс;

Е) дұрыс жауап жоқ.

202. Келте құрамының объективтік жағының негізгі белгілері:

А) қоғамға қауіпті әрекет;

В) адамның коғамға қауіпті әрекеті дайындалу сатысында;

С) қоғамға қауіпті әрекет, қоғамға қауіпті зардап және олардын арасындағы себепті байланыс;

Д) қоғамға қауіпті зардаптары және себепті байланыс;

Е) адамның коғамға қауіпті әрекеті аяқталған сатысында;

203. Қылмыстың құрамының объективтік жағының факультативтік белгілері:

А) уақыт, орын, әдіс, жағдай, қару, қылмыс жасаған құрал, қылмыстың заты;

В) уақыт, орын, әдіс, жағдай, қару, қылмыс жасаған құрал;

С) уақыт, орын, әдіс, жағдай, қару, қылмыс жасаған құрал, қылмыстың заты, женілдететің және ауырлататың мән-жайлар;

Д) уақыт, орын, әдіс, жағдай;

Е) жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар;

204. Материалдық қылмыс құрамындағы тікелей қасақаналық:

А) тұлға өз әрекетінің қоғамға қауіптілігін ұғынады, оның қоғамға қауіпті зардаптарын болуының мүмкін екенін алдын ала білсе және осы зардаптардың болуын тілейді;

В) тұлға әрекетінің қоғамға қауіптілігін ұғынады және оны тілейді;

С) тұлға өзінің әрекетінің қоғамға қауіптілігін ұғынады, оның қоғамға қауіпті зардаптарын болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын ала білсе және осы зардаптардың болуын тілейді;

Д)тұлға өз әрекетінің қоғамға қауіпті екенін ұғынбады;

Е) тұлға әрекетінің қоғамға қауіптілігін ұғынды,оның қоғамға қауіпті зардаптарын болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын ала білсе және осы зардаптардың болуын тілемеді

205. Формальды қылмыс құрамының тікелей қасақаналығы:

А) тұлға әрекетінің қоғамға қауіптілігін ұғынады және оны тілейді

В) тұлға өз әрекетін қоғамға қауіпті екенін ұғынады, оның зардабының болуын біледі және оған саналы түрде жол берді немесе немқұрайлы қарайды;

С) тұлға өз әрекетінің қоғамға қауіпті мінезін ұғынды және оны тілейді;

Д) тұлға өз әрекетінің қоғамға қауіпті екенін ұғынбайды;

Е) дұрыс жауап жоқ;

206. Келте қылмыс құрамының тікелей қасақаналығы:

А) тұлға өз әрекетінің қоғамға қауіпті екенін ұғынады, оның қоғамға қауіпті зардаптарының болады екенін алдын ала біледі, саналы түрде жол береді немесе немқұрайлы қарайды;

В) тұлға өз әрекетінің қоғамға қауіпті екенін ұғынады, оның қоғамға қауіпті зардаптарының болуын немесе болмай қоймайтынын біледі бірақ оны тілемесе де, оған саналы түрде жол береді;

С) тұлға өз әрекетін қоғамға қауіпті екенін ұғынады, оған немқұрайлы қарайды;

Д) тұлға өзінің әрекетін қоғамға қауіпті мінезін ұғынады, оның қоғамға қауіпті зардаптарын болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын ала біледі, бірақ оған саналы түрде жол береді немесе немқұрайлы қарайды;

Е) дұрыс жауап жоқ;

207. Абайсызда жасалған қылмыс деп:

А) қылмыстық заңмен қорғалатын нәрселерге зардап келтірсе;

В) егер ол қоғамдақ қатынастар мен нәрселерге зардап келтіру қаупін тудырса;

С) егер ол Кодекстің Ерекше бөлімінің бабында көрсетілсе;

Д) егер ол қоғам мен мемлекетке қауіп төндірсе;

Е) егер тұлға өз әрекетінің қоғамға қауіптілігін ұғынбаса;

208. Кінәнің екі нысанымен жасалған қылмыстың ұғымы:

А) ниетінің қасақана болуы және зардаптың абайсызда болуы;

В) әрекеттің жақын зардаптарына қасақана болуы, ал әрекеттердің алысына байланысты абайсызда болуы;

С) ниеттің қасақаналығы және әрекеттің абайсыздығы;

Д) қасақаналықтың әрекетке және зардапқа байланысты болуы;

Е) дұрыс жауап жоқ.

209. Жазықсыз зиян келтірудің заңнамамен қандай түрлері белгіленген:

А) жағдай, оқиға, абайсызда қылмысқа соққан жазықсыз зиян келтіру;

В) егер іс-әрекет жасаған адамның әрекеті және одан пайда болған қоғамға қауіпті зардаптар оның ниетімен қамтылмаса, ал осы Кодексте абайсызда осындай әрекет жасағаны және қоғамдық зардаптар келтіргені үшін қылмыстық жауаптылық көзделмесе, менменділігімен шектелген жазықсыз зиян келтіру;

С) жағдай, оқиға, тұлға өз әрекетін қоғамға қауіпті екенін ұғынбаса, ал сол әрекеті үшін Кодексте жауаптылық көзделмесе жауаптылыққа тартылмайды;

Д) менмендікпен шектелген жазықсыз зиян, жағдай, оқиға;

Е) А, Д жауаптары дұрыс.

210. Менмендікпен шектелген жазықсыз зиянның түсінігі:

А) тұлға әрекеттің қоғамға қауіптілігін ұғынбады және оның зардабының болатынын білмеді;

В) тұлға әрекеттің қоғамға қауіптілігін білді, бірақ оны болдырмаймын деп ойлады;

С) егер әрекет жасаған кезде қоғамға қауіпті зардаптардың пайда болуын алдын ала білген адам оны болғызбауға жеткілікті негізде сенген болса не өзінің психика-физиологиялық қасиеттерінің қысылтаяң жағдайлар талаптарына сәйкес келмеуіне немесе жүйке-психикалық ауыртпалықтарға байланысты осы зардаптарға шамасы келмесе әрекет жазықсыз деп танылады;

Д) тұлға әрекеттің қоғамға қауіптілігін білді, бірақ оны жеткілікті негіздермен болдырмаймын деп ойлады;

Е) тұлға әрекеттің қоғамға қауіптілігін білмеді.

211. Немқұрайдылықпен шектелген жазықсыз зиянның түсінігі:

А) тұлға қоғамға қауіптің төнуін ұғынады, бірақ соны болдырмау үшін барлық шараларды қолданады;

В) тұлға қоғамға қауіп төнуін ұғынбайды және жағдайға байланысты оны ұғынуы мүмкін болмады;

С) тұлға қоғамға қауіптілікті ұғынбады, бірақ ұғыну үшін ешқандай шара қолданбады;

Д) тұлға әрекеттің қоғамға қауіптілігін білді, бірақ оны жеткілікті негіздермен болдырмаймын деп ойлады;

Е) тұлға қоғамға қауіптілікті ұғынады, оны болдырмаймын деп ойлады.

212. “Шектеулі есі дұрыстықтың” ұғымы:

А) есі дұрыстық пен есі дұрыс еместіктің арасындағы жағдай;

В) психикасының бұзылуы салдарынан өзінің әрекетін (әрекетсіздігін) іс жүзіндегі сипатымен қоғамдық қауіптілігінін толық көлемінде үғына алмаған не оған ие бола алмаған;

С) психикалық ауытпаулығына байланысты тұлға өз әрекетіне есеп бере алмайды;

Д) өз жасына байланысты тұлға өз әрекетін қоғамға қауіпті екенін ұғынбайды;

Е) дұрыс жауап жоқ.

213. Қылмыстың көптілігінің ұғымы:

А) бір адамның екі немесе одан да көп қылмыс жасауы;

В) бір тұлғаның ескіру мерзімі өтпеген немесе соттылығы жойылмай тағы да екі немесе одан да көп қылмыс жасауы;

С) бір адамның екі немесе одан да көп ауыр аса ауыр қылмыс жасауы;

Д) бір тұлғаның бұрын қасақана қылмыс жасағаны үшін сотталып, тағы да қасақана қылмыс жасауы;

Е) бір тұлғаның бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталып, тағы да ауыр қылмыс жасауы.

214. Қылмыстың көптілігінің нысандары:

А) қайталануы, жүйелілігі, қылмысты қасақана жасау;

В) қайталануы, бірнеше мәрте, жиынтығы, рецидив;

С) бірнеше мәрте, жиынтық, қайталануы;

Д) жүйелік, бірнеше мәрте, жиынтық, рецидив;

Е) қайталануы, жүйелік, рецидив.

215. Қандай жағдайларда қылмыс бірнеше мәрте жасалған болып саналмайды:

А) бұрын жасалған қылмысы үшін заңмен белгіленген тәртіпте қылмыстық жауаптылықтан босатылса және ол үшін ескіру мерзімі өтіп кетсе;

В) бұрын жасалған қылмысы үшін заңда белгіленген тәртіппен тұлға қылмыстық жауаптылықтан басатылса, соттылығы алынып тасталса немесе жойылса немесе қылмыстық жауапқа тартудың ескіру мерзімі өтіп кетсе;

С) бұрын жасалған қылмысы үшін жауаптылықтан босатылса;

Д) егер тұлға бір ғана қасақана қылмыс жасаса;

Е) дұрыс жауап жоқ.

216. Қасақана қылмыс жасаудың сатыларының ұғымы:

А) ниетті қалыптастыру процесі;

В) ниетті қалыптастыру және жүзеге асыру процесі;

С) тұлғаның қылмыстық ниетін жүзеге асырудағы жеке сатылары;

Д) ниетті нысандаудан;

Е) дұрыс жауап жоқ.

217. Қасақана қылмыс жасаудың сатыларының түрлері:

А) ниеттің пайда болуы, оқталу, қылмыстың аяқталуы;

В) ниеттің пайда болуы,дайындалу, оқталу, қылмыстың аяқталуы;

С) дайындалу, оқталу, қылмыстың аяқталуы;

Д) ниеттің пайда болуы, дайындалу, қылмыстың аяқталуы;

Е) дайындалу, қылмыстың аяқталуы.

218.Алдын ала қылмыстық қызмет үшін өлім жазасын тағайындауға болады ма:

А) иә;

В) жоқ;

С) тек заңда көзделген ерекше жағдайларда;

Д) аса ауыр қылмыстар үшін;

Е) Егер ҚР Президентімен өлім жазасына мораторий жарияланбаса.

219 Қылмыс құрамының құрылысына байланысты қылмыс басталған сәтінен аяқталған болып саналады:

А) формальды;

В) келте;

С) материалды;

Д) келте, материалды;

Е) дұрыс жауап жоқ.

220. Қылмысқа қатысудың объективті белгілері:

А) екі немесе одан да көп адамның қылмысқа бірігіп қатысуы;

В) қылмысқа екі немесе одан да көп адамның қатысуы, бірлесіп қылмысты жасайды, бір қылмыстық нәтижесіне жету, қатысушылардың әрекеттерінде бір бірімен себептік байланыстың болуы;

С) қылмысқа екі немесе одан да көп адамның қатысуы, бірдей қылмыстық нәтижесі, қатысушылардың әрекеттерінде бір бірімен себептік байланыстың болуы, бір бірлерімен байланыста болуы;

Д) екі немесе одан да көп адамның қатысуы, бірдей қылмыстың нәтижесінің болуы;

Е) екі немесе одан да көп адамның қатысуы;

221. Қылмысқа қатысудың субъективтік белгілері:

А) әрбір қатысушының әрекетінің ниеті;

В) қылмысқа қатысушылардың ниетінің бір болуы, қылмыс тек қана қасақаналық пен жасалынады;

С) қылмысқа қатысушылардың ниетінің бір болуы, қосылулары тек қана қылмыс жасалған кезде, барлық қатысушылардың мақсаты мен ниетінің бір болуы;

Д) барлық қылмысқа қатысушылардың мақсаты, ниетінің бір болуы;

Е) дұрыс жауап жоқ;

222.Ұйымдастырушының ұғымы:

А) ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қауымдастықты құрған тұлға;

В) қылмыс жасауды ұйымдастырған немесе оның орындалуына басшылық еткен адам, сол сияқты ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қауымдастық құрған немесе оларға басшылық еткен адам;

С) алдын ала сөз байласқан адамдар тобын, адамдар тобын, ұйымдасқан топ, қылмыстық қауымдастықты құрған не басқаратын адам;

Д) адамдар тобын құрған және басқаратын адам;

Е) басқа адамды азғыру, сатып алу, қорқыту жолымен немесе өзге жолмен қылмыс жасауға көндірген адам;

223. Айдап салушының ұғымы:

А) қылмыс жасауға көмектескен адам;

В) басқа адамды азғыру, сатып алу, қорқыту жолымен немесе өзге жолмен қылмыс жасауға көндірген адам;

С) қылмыс жасауға қинаған адам;

Д) адамдар тобын құрған және басқаратын адам;

Е) қылмыс жасауды болдырмайтын адам;

224. Қылмысқа көмектесушінің ұғымы:

А) кеңестермен, нұсқаулармен, ақпаратпен немесе қылмыс жасайтын құралмен көмектескен адам;

В) қылмыс жасауды болдырмайтын адам;

С) кеңестермен нұсқаулармен, ақпарат, қылмыс жасайтын қарумен не құралдар берумен не қылмысты жасауға кедергілерді жоюмен қылмыстың жасалуына жәрдемдескен адам, сондай–ақ қылмыскерді, қаруды немесе қылмыс жасаудың өзге құралдарын, қылмыстың ізін, қылмыстық жолмен табылған заттарды жасыруға күні бұрын уәде берген адам;

Д) басқа адамды азғыру, сатып алу, қорқыту жолымен немесе өзге жолмен қылмыс жасауға көндірген адам;

Е) қылмыс жасаған адам;

225. Көмектесуші мен айдап салушының әрекеті қалай сараланады:

А) ҚР ҚК 28 бабымен;

В) ҚР ҚК Ерекше бөлімінің бабымен 28 бапқа сілтеме жасай отырып;

С) ҚР ҚК Ерекше бөлімінің бабымен 28 бапқа сілтеме жасамай;

Д) ҚР ҚК 31 бабымен;

Е) ҚР ҚК Ерекше бөлімінің бабымен 31 бапқа сілтеме жасай отырып;

226. Қылмысқа қатысушылардың әрекетін саралау кімнің әрекетімен байланысты:

А) ұйымдастырушының;

В) айдап салушының;

С) орындаушының;

Д) көмектесушінің;

Е) дұрыс жауап жоқ;

227. Қылмыс қылмыстық қауымдастықпен жасалды деп танылады:

А) егер ол бірлескен ұйымдасқан топпен жасалса;

В) егер ол бірнеше тұлғамен бірлесіп жасалса

С) егер ол бірлескен адамдар тобымен, ауыр және аса ауыр қылмыс жасаса немесе бірлескен адамдар тобымен сол қылмысты жасаса;

Д) егер ол алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен жасалса;

Е) егер ол тұрақты алдан ала сөз байласқан адамдар тобымен жасалса;

228. «Қылмыстық іс- әрекетті жоятын мән-жайлардың» жалпы ұғымы:

А) төнген қауіпті болдырмаған тұлғаның қоғамға жағымды әрекеті;

В) қылмыстық заңмен қорғалатын құқықтың көптеген салаларымен реттелген қоғамдық қатынастарға зардап келтірген тұлғаның қоғамға жағымды әрекеті;

С) қылмыстық заңмен қорғалатын объектілерге зардап келтірумен қоғамға жағымды әрекеттер жасау;

Д) тұлғаның қылмысты болдырмайтын әрекеті;

Е) дұрыс жауап жоқ;

229. Қылмыстық әрекетті болдырмайтын жағдайдың жүйесі:

А) қылмыстық заңнамамен қылмыстық әрекетті болдырмайтын жағдайлардың тізімі;

В) заңнаманың көптеген салаларымен белгіленген заңды әрекеттердің тізімі;

С) субъективтік құқығы, құқықтық міндеті немесе мемлекеттік-өкіметтік өкіліне жататын заңның әртүрлі салаларымен реттелген заңды әрекеттердің тізімі;

Д) қылмыстық заңнамамен көзделген заңды әрекеттердің тізімі;

Е) заңның әртүрлі салаларымен көзделген заңды әрекеттер тізімі;

230. Құқықтық зиян келтірудің белгісі:

А) зиян келтірудің қажеттілігі, келтірілген зиянның ең төменгі өлшемі, әрекеттің қоғамға жағымды болуы;

В) зиян келтірудің қажеттілігі, келтірілген зиянның ең төменгі өлшемі, әрекеттің қоғамға жағымды болуы, зиянның ең жоғарғы болуы, зиянның жеткілікті болуы, зиянның аз мөлшерде болуы;

С) зиян келтірудің қажеттілігі, әрекеттің қоғамға жағымды болуы, зиянның жеткілікті болуы, зиянның ең жоғарғы мөлшерде болуы;

Д) зиян келтірудің қажеттілігі, келтірілген зиянның ең төменгі өлшемі, әрекеттің қоғамға жағымды болуы, зиянның ең жоғарғы болуы, зиянның жеткілікті болуы, зиянның бірдей мөлшерде болуы;

Е) зиян келтірудің қажеттілігі, келтірілген зиянның ең төменгі өлшемі, әрекеттің қоғамға жағымды болуы, зиянның ең жоғарғы мөлшерде болуы, зиянның жеткілікті болуы, зиянның көп мөлшерде болуы;

231. Қажетті қорғанудың белгілері:

А) қажетті қорғанудың шын, нақты болуы, заңмен қорғалатын мүдделерді қорғау, қол сұғушыға бірдей зиянның келуі;

В) қоғамға қауіпті қол сұғушылықтың болуы, оның шын төнуі, қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделерге төнуі, қол сұғушының өзіне төнуі, қол сұғушыдан қорғану, келтірілген зиян;

С) қоғамға қаіпті және құқыққа қарсы қол сұғушылық,объектілерді қылмыстық-құқықтық қорғау барысында келтірілетін зиян, қол сұғушыға зиян келтіру, абайсызда зиян келтіру;

Д) қоғамға қауіпті қол сұғушылықтың шын төнуі, құқықпен қорғалатын мүдделерді қорғау, қол сұғушыға көп зиян келтіру;

Е) қоғамға қауіпті қол сұғушылықтың шын төнуі;

232. Қажетті қорғанудың субъектілері:

А) ҚР азаматтары;

В) барлық азаматтар мен барлық лауазымды тұлғалар;

С) ҚР азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар, шетел азаматтары, белгілі бір өкілеттіктері жоқ лауазымды тұлғалар;

Д) ҚР азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар, шетел азаматтары, белгілі бір өкілеттіктері бар лауазымды тұлғалар;

Е) дұрыс жауап жоқ;

233. Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде зиян келтірудің әрекеттің қылмыстылығын болдырмайтын мән-жай ретіндегі белгілері:

А) қылмыс жасаған сезіктінің қылмысты алдын алу мақсатында бас бостандығынан айыру;

В) қылмыс жасаған адамды ҚҚО дереу жеткізу мақсатында кішігірім уақытқа бас бостандығынан айыру;

С) қылмыс жасаған адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында кішігірім уақытқа бас бостандығынан айыру;

Д) қылмыс жасаған сезіктіні жеке бас бостандығынан айыру;

Е) қылмыс жасаған сезіктіні бас бостандығынан айыру;

234. Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде зиян келтірудің әрекеттің қылмыстылығын болдырмайтын мән-жай ретіндегі субъектілері:

А) лауазымды тұлғалар, ІІО қызметкерлері;

В) қылмыскерді ұстау жүктелген жеке және лауазымды тұлғалар;

С) әрбір азамат;

Д) қылмыскерді ұстау жүктелген лауазымды тұлғалар;

Е) ІІО қызметкерлері;

235. Аса қажеттіліктің белгілері:

А) қауіптің шын болуы; құқықпен қорғалатын мүдделерді қорғау; қылмыстық құқықпен қорғалатын объектілергн зиян келтірудің қажеттілігі; қорғану зиянының көп болуы;

В) қауіптің шын болуы; құқықпен қорғалатын мүдделерді қорғау; қылмыстық құқықпен қорғалатын объектілергн зиян келтірудің қажеттілігі; үшіші тұлғамен келетін қорғану зиянының аз болуы; зиян келтірудің абайсызда болуы;

С) қауіптің болуы, зардаптың келуі, келтірілген зиян бойынша тұлғаға қатысты;

Д) қауіптің нақты, шын төнуі;

Е) қауіптің шын болуы; құқықпен қорғалатын мүдделерді қорғау; қорғану зиянының келген зияннан көп болуы, зиян үшінші тұлғамен келуі, зиянның абайсызда келуі, қорғанудың уақыттылығы;

236. Орынды тәуекелдің белгілері:

А) мақсаттың әлеуметтік пайдалылығы, қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтірілуін болғызбау үшін қажетті шараларды қамтамасыз етуі, тәуекелдің мақсаттылығы;

В) мақсаттың әлеуметтік пайдалылығы, қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтірілуін болғызбау үшін қажетті шараларды қамтамасыз етуі, тәуекелдің аса қажеттілігі, адамдардың өміріне, экологиялық апатқа, қоғамдық күйзеліске ұштасатын әрекеттердің болмауы;

С) мақсаттың әлеуметтік пайдалылығы, қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтірілуін болғызбау үшін қажетті шараларды қамтамасыз етуі, адамдардың өміріне, экологиялық апатқа, қоғамдық күйзеліске ұштасатын әрекеттердің болмауы;

Д) қауіптіліктің болуы, оның анық және нақты болуы, заңмен қорғалатын мүдделердің сақталуы, келтірілетін қауіп тойтарылатын қауіптен аз болуы керек, қауіпті абайсызда келтіру, қорғаудың уақытылы болуы;

Е) қоғамдық қолсұғушылықтың болуы, оның анық және нақты болуы, заңмен қорғалатын мүдделердің қорғалуы, қолсұғушыға заңға сыйымды зиян келтіру;

237. Әрекеттің қылмыстылығын жоятын күштеп немесе психикалық мәжбүрлеудің белгілері:

А) қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтірілуі;

В) қылмысты жасауға мәжбүр етуі;

С) өз әрекетін басқара алмауы, заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру;

Д) өз әрекетін басқара алмауын жоққа шығару;

Е) дұрыс жауабы жоқ;

238. Әрекеттің қылмыстылығын жоятын бұйрықты немесе өкімді орындаудың белгілері:

А) жоғары тұрған бастыққа бағынышты болуы, бұйрықты құзырлы тұлғаның беруі, тиісті үлгіде берілуі, бұйрықты орындаушының қылмыстылыққа әкелетінін білмеуі;

В) жоғары тұрған бастыққа бағынышты болуы, қылмыстық сипаттың бар екенін білмеуі, орындаушының іс-әрекеті моральдық этикаға сай болуы, әрекетінің заңмен белгіленуі, қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделерге зиянның келуі;

С) жоғары тұрған бастыққа бағынышты болуы, қылмыстық сипаттың бар екенін білмеуі, бұйрықты орындаушының заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтіретінін білуі, қылмысқа сырттай ұқсас болуы, заңмен белгіленуі;

Д) жоғары тұрған бастыққа бағынышты болуы, қылмыстық сипаттың бар екенін білмеуі;

Е) дұрыс жауабы жоқ;

239. Жаза жүйесінің ұғымы:

А) жазалауды болдырмайтын, мемлекеттің қарсы әрекеті ретіндегі мемлекеттік өзге мәжбүрлеу шаралары;

В) жазалауды және мәжбүрлеу шараларын болдырмайтын, заңда белгіленген тәртіппен орналасқандығы;

С) заңда белгіленген жазалауды болдырмайды;

Д) жазалаудың түрлерін болдырмайды;

Е) заңда белгіленген тәртіппен жазалау;

240. Бас бостандығынан айырылғандардың жазасын өтеу орындарының түрлері:

А) колония-қоныс, жалпы режимдегі түзеу колония, қатан немесе ерекше режимдегі колониял және түрме;

В) колония-қоныс, жалпы, қатаң, ерекше режимдегі түзеу колониясы, жалпы немесе күшейтілген режимдегі тәрбиелеу колониялары, түрме;

С) колония-қоныс, жалпы, қатаң, ерекшк режимдегі түзеу колониясы, жалпы немесе күшейтілген режимдегі тәрбиелеу колониясы, түрме, тергеу изоляторы;

Д) колония-қоныс, жалпы, қатаң, ерекше режимдегі түзеу колониясы;

Е) жалпы немесе күшейтілген режимдегі тәрбиелеу колониясы, түрме, тергеу изоляторы;

Наши рекомендации