Темперамент типтерінің сипаты

Психологияда жүйке жүйесінің белгілі типі адамның қылығынан,іс-әрекеті мен еңбегінен,оқу әрекеті мен ойынынан,сөйлеген сөзі мен спортпен шұғылдану әрекетінен белгі беріп,меншікті дара өзгешелігін көрсетуіне байланысты сангвиник,холерик,флегматик,меланхолик деп төрт түрге бөліп сипаттаймыз.

Сангвиниктің эмоциялық қозуы шапшаң,күшті,бірақ тұрақсыз.Көңіл-күйі әп-сәтте өзгереді.Ол-әсершіл адам.Ұнатқан,сүйген нәрсесіне елігіп әуестенуі де оңай,жеңсігінің басылуы да жылдам.Төңірегіндегі уақиғаларға,нәрсенің мән-жайына елең етіп,көңілденуі де,басқа нәрсеге ауып кетуі де тез.Көңілі көтеріңкі болып келеді.Ұзақ уақыт мұңайып жүрмейді.Бастан кешкен сезім күйлері санасында елеулі із қалдырмайды.Шапшаң да икемді,қозғалғыш та қызу,еті тірі сергек.Сезім-күйлерін сыртқы қимылдары әйгілеп тұрады.Көтеріңкі,мәнерлі сөйлейді,мимика қимылы көп.Ақжарқын,ашық.Мұндай адам басқалармен жылдам жақындасады,бірақ қатынас-байланысында үстірттік болады.,қызықтырған іске бейімділігі, талабы,талпынуы көп,бірақ оп-оңай солғындап қала береді,бастаған ісіне тыңғылықты болмай,жұмысы аяқсыз қалады.Уәде береді,бірақ оны орындай алмайды.Ойынға қызу қатысады,ойын процесінде рөлін өзгертіп отырады,өкпелеп қалуы оңай,өкпелесе жылап жібереді,алайда,ренжігенін тез ұмытады,көзінің жасы кетпей-ақ күле бастайды.

Холериктің эмоцияға берілуі шапшаң.Сезім күйлері оқыс ауытқып,құмарта көтеріліп кететін шыдамсыз,күйгелек кісі.Әп-сәтте қызып кетіп,күйіп піседі.Ашуланса,бұрқ-сарқ етіп,қызу екпіні сарқылып барып басылады,бастан кешкен сезімі санасында терең із қалдырады,қимыл-қозғалысы шапшаң.Икемсіз оқыс қылықтарына қарамастан,қызулы,жігерлі,пысық және іс-әрекет атқаруға бейім келеді.Жұмысқа құмарта беріліп,екпінмен істейді,анық,әсерлі,мәнерлі сөйлейді.Сезім күйлері сөзінен,мимика,пантомикасынан білініп тұрады.

Холерик бала белсенді,батыл келеді,іске шапшаң кіріседі,бастаған іс-әрекетін аяқтап шығады,көп адам қатысқан ойындарға құмар.Өзі де ұйымдастырып,аяғына дейін белсене қатысады,шыдамсыз,күйгелек,лезде өкпелейді,әп-сәтте ашуланады және ашуын ұзақ сақтайды.

Меланхоликтің эмоциялық көтерілуі табанды,күшті,тұрақты болады,сыртқы көрінісі әлсіз келеді.Әр нәрседен ауыр әсер алады,олар бойын билеп,санасында терең із қалдырады,көңіл-күйлері бірқалыпты ұзақ сақталады,мінезі баяу өзгереді,көңілі көбінесе жабырқау кейде қайғылы да болады.Сыртқы жағдайдан үрейленіп,сескеніп тұрады,кедергі кездессе,уайымдап қажи түседі,қимыл-қозғалыстары ақырын,баяу болады.Мәнерсіз,ақырын сөйлейді,сезім күйлері сыртқы қимылдарынан көрінбейді.Өзі тұйық,жасқаншақ келеді,кісімен көп араласпайды,іске бірден кірісіп кетпейді,егер кіріссе,іс-әрекетін толық аяқтап шығарады.

Меланхолик бала сыпайы,момақан,жасқаншақ келеді,біреу сұрақ қойса,қысылып,ұялып қалады,көңілденуі де,өкпелеп ренжуі де қиын,ренжіп қалса,көпке дейін ұмытпайды,ойынға бірден қосылып кетпейді,жатырқап тұрады,кешігіп барып қатысады,іске де бірден кіріспейді,бір бастап кетсе,ойынды да,жұмысты да аяқтап шығады.

Флегматик эмоциялық қозуы әлсіз болады,қызуланып желікпейді,елеуреп ашуланбайды,көңіл-күйлері байсалды,орнықты қалпында ұзақ сақталады,баяу өзгереді,жарқырап қуануы да,жабырқап қайғыруы да қиын,аз қозғалады,сылбыр,керенау қимылдайды,сезім-күйлерін сыртқы қимылдары білдіріп тұрмайды,мимикасы,өзге қимылдары мәнерсіз.Бір сарынды,монотонды сөйлейді.Кісімен араласып жақындасуда мардымсыз,іске ырғалып-жырғалып барып кіріседі.Іс-әрекетін байсалды,тиянақты орындайды,бастаған ісін қадағалап істейді,аяқтап шығады.

Флегматик бала байсалды,баяу,орнықты болады.Кісіге үйірлігі аз,өзі ешкімге тиісіп,соқтығыспайды.Біреу жанжал шақырса,есебін тауып,жалтарып кетеді,тыныштықты жақсы көреді.Көңіл көтеретін сауыққа да әуес емес,бөтен кісіге міндет артып өкпелемейді.

Әрбір жеке адамның темпераментінде жалпы адамдарға ортақ,типтік бірсыпыра сипаттар болады.Сол сипаттарымен әр кісі темпераменттің белгілі бір типіне қосылады.Жоғарыда айтылғандай,таза темперамент типтері өмірде сирек кездеседі.Көп адамда бір типтің сипаты басқа типтің сипатына қосылып,араласып жүреді.Мәселен,холерикте меланхолик пен флегматиктің,сангвиникте холерик пен флегматиктің сипаты арлас келуі мүмкін.Аралас типте холерик,сангвиник сипаты көп көрінсе,сангвиник дейміз.Алайда,99 темперамент типтерінің аралас сипаттары түрліше жағдайда сипат береді.Тұрмыс жағдайында бір типтің,іс-әрекет,еңбек процесінде басқа типтердің ерекшеліктері сезіледі.Мұндай қылықты спортшылардан көруге болады.Кейбір боксер,футболисттер стадионға келгенде,өзгеріп кетеді.Темпераменттің жайшылықта байқалмайтын жаңа сипаттарын көрсетеді.

Наши рекомендации