Сурет 1. Жұғындағы адам қанының түрлі элементтері.

Ф КГМУ 4/3-05/04

ПП КГМУ 4/04

АРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасы

Сурет 1. Жұғындағы адам қанының түрлі элементтері. - student2.ru Сурет 1. Жұғындағы адам қанының түрлі элементтері. - student2.ru Сурет 1. Жұғындағы адам қанының түрлі элементтері. - student2.ru Сурет 1. Жұғындағы адам қанының түрлі элементтері. - student2.ru

Зертханалық сабаққа арналған әдістемелік ұсыныс

Кредит 1

Тақырып 1:Сомалық жасушаларды микроскоппен зерттеу.

Молекулярлық биология және медициналық генетика пәні

5В130100 «Жалпы медицина» мамандығы

1 курс

Құрастырушылар:Дюсенбекова Б.Н., Мұстафина Ф.Х.

Уақыты (ұзақтығы) 1 академ. сағат

ҚАРАҒАНДЫ 2016 ж.

Кафедра отырысында талқыланды және бекітілді.

№ 1 хаттамасы «_31_» _08___2016ж.

Кафедра меңгерушісі ____________________ Б.Ж. Құлтанов

Тақырып 1:Сомалық жасушаларды микроскоппен зерттеу.

Мақсаты:адамның сомалық жасушаларының әртүрлілік морфологиясын талдау.

Оқыту мақсаты:

1. Морфологиялық ерекшеліктері бойынша жасушаның әртүрлі типтерін саралауды білу.

2. Биологиялық сұйықтықтарда сомалық жасушаларды анықтауды білу.

Тәжірибелік дағдылардың тізімі:зертханалық құрал-жабдықтармен, микроскоппен жұмыс істей білу.

Сабақтардың жабдықталуы:лоток, майсызданған заттық шыны, микроскоп, стерильді мақта шариктері, скарификатор, резенкелі қолқап, 70% этил спирті.

Зертханалық жұмыстарды орындау үшін алдын ала дайындық талапттары: :сыртқы келбеті (халат, қалпақ, ауыстырылм аяқ-киім), зертханалық жұмыстың сұрақтары бойынша теориялық дайындық:

1. Эукариот жасушасының функциональдық ұйымдасуы.

2. Жетілген ұлпа жасушаларының құрылымы.

3. Негізгі ұлпа жасушаларының әртүрлі фенотиптері.

4. Қанның форменді элементтерінің құрылысы мен қызметтері.

5. Адамның сомалық жасушаларының идентификациясы.

Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық. молекулярлық биология, жеке даму биологиясы, патологияның генетикалық негіздері, медициналық радиобиология пәндері бойынша лабораториялық сабақтарындағы қауіпсіздік техникасының жалпы ережелері.

1. Лабораторияда киімді және теріні әртүрлі реактивтердің теріге түспеуінен қорғану үшін халатпен жұмыс жасау қажет.

2. Әрқайсысы өзінің бекітілген орынында жұмыс жасауы қажет. Басқа жерге орын ауыстыру тек оқытушының рұсатымен ғана жүзеге асырылады.

3. Жұмыс орнында тазалық сақталуы тиіс, ыдыстармен және қажет емес заттар болмауы қажет.

4. Лабораторияда студенттер оқытушысыз немесе лаборантсыз, сонымен қатар бекітілмеген уақыт бойынша оқытушының рұқсатынсыз жұмыс жасауға болмайды.

5. Лабораториялық жұмысты орындамас бұрын әр қайсысы мұғалімнің рұқсатымен жәнеқауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық алғаннан кейін іске кіріседі.

6. Жұмысты орындау барысында қажет: жұмыстың әдістемесін білу, оның қауіпсіздік ережелерінің орындалуы, алынған заттардың сол заттармен сәйкестігін тексеру жұмыс әдістерінде көрсетілген.

7. Әдістемелік нұсқаулықтың сипаттамасына сәйкес тәжірибені өткізу қажет, әсіресе реактивтерді қосу барысындағы кезектілікті ұстану қажет.

8.Тәжірибені орындау үшін тек таза, құрғақ лабораторлық ыдыстарды қолдану қажет; әрбір реактивті өлшеу үшін өлшеуіш ыдыстың болуы тиіс (тамызғылар, бюреткалар, мензуркалар, өлшеуіш цилиндр немесе өлшеуіш стақан); реактивтерді бүлдірмес үшін, өлшенген реактивтерді қайтадан пробиркаға құюға болмайды.

9.Тәжірбие барысында егерде реакционды қоспаны қыздыру қажет болса, қыздырудың тәсілдерін қарастырылған әдістемелік нұсқаулықпен жасалуы қажет: су моншасында, электроплиткада немесе газды майшамда және т.б. Күшті жеңіл қызатын заттарды ашық отта қыздыру қауіпті.

10. Үстелге және еденге төгілген химиялық заттардан залалсыздандыру лаборанттың және (оқытушының) жетекшілігімен ережеге сәйкес жүргізіледі.

11. Лабораторияда жұмыс жасау кезінде кезекті талаптарды ұстану қажет: жұмысты жинақты, адал ниетпен, тиянақты, зейін салып, үнемді, ұқыпты қарау, жұмыс үшін берілген уақытты дұрыс және рациональды қолдану,

12. Жұмыс аяқталғаннан кейін өзінің жұмыс орнын тәртіпке келтіру қажет; ыдысты жуу, лабораториялық жұмыс үстелін сүрту қажет, су құбырының крандарын жабу, электрлік құрал-жабдықтарын өшіру.

13. Барлық жұмыстар, электроқұралдарды қолдану барысында оқытушының (лаборанттың) бақылауымен жүргізілуі қажет.

14. Су моншасымен жұмыс барысында қыздыру шамасын анықтау үшін суға қолды салып көруге болмайды.

15. Электроқұралмен жұмыс кезінде жарамсыздық байқалса (микроскоп жарығы), оқытушыға міндетті түрде ескерту керек. Құралды өз еркімен жөндеу рұқсат етілмейді.

Зертханалық жұмысты орындау әдістемесі: Қанның түрлі элементтерін қалың тамшы және жұғын әдісімен зерттеу.

Зерттеу обьектісі: қан.

Жұмыс барысы:

1. Науқасты психологиялық жағынан дайындау.

2. Қолды гигиеналық түрде жууды жүргізу.

3. Резиналық қолғапты кию.

4. Науқастың саусағының терісін спиртпен өңдеу .

5. Скарификаторды теріге енгізу.

6. Қанның бірінші тамшысын құрғақ стерильді мақтамен сүрту.

7. Қанның екінші тамшысын заттық шыныға жаймай, оның екі және үш жеріне жағу қажет.

8. Басқа заттық әйнекпен бұрышынан айналдыра қозғап 10-15 мм тамшы диаметрдей іздерін алу.

9. Жұғынды кептіру.

10. Қанның екінші тамшысының жұғынын дайындау үшін, заттық шынының шетіне қолды тигізбей жағу қажет.

11. Оң қолмен заттық шыныны алу.

12. 45°бұрышында тамшыға бір жағына қарай еңгейтіп қою

13. Шынымен жүргізіліп тамшылап орналастыру, қанның бұрышқа жиналуын күте тұру.

14. Екінші заттық әйнекті кері бағытта орнын ауыстыру.

15. Жұғынды кептіру.

16. Қолданылған жабдықтарды дезинфекциялау .

17. Қолды жуып кептіру керек.

18. Клиникалық лабораторияға жолдама беру.

19. Жұғынды және қалың тамшыны лабораторияға жіберу.

Қанның боялған препаратын Романовский -Гимза бояуы бойынша алдын ала фиксациясыз жүзеге асырады.

Жұғынның дайындау сапасын лаборатория басшысы немесе оқытушы бағалайды.

Маңызы:Соматикалық жасушалардың құрылысын оқып білу. Қанның түрлі элементтерін зерттеу: эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер.

Көлбақа және адам қанымен дайындалған препараттарды студент оқып білу қажет. Жасуша морфологиясын сипаттау. Жасуша және жасушадан тыс түзілген жалпы морфологиясымен танысу. Адам және жануар (құрбақа) жасушаларының арасындағы айырмашылықтарды анықтап алу, ядро және цитоплазма құрылысын оқып білу.

Сурет 1. Жұғындағы адам қанының түрлі элементтері. - student2.ru

Сурет 1. Жұғындағы адам қанының түрлі элементтері. - student2.ru

Сурет 1. Жұғындағы адам қанының түрлі элементтері.

1 – эритроцит, 2 – сегментоядролы нейтрофильді гранулоцит, 3 – таяқшалы ядролар нейтрофильді гранулоцит, 4 – жас нейтрофильді гранулоцит, 5 – эозинофильді гранулоцит, 6 – базофильды гранулоцит, 7 – үлкен лимфоцит, 8 – орташа лимфоцит, 9 – кіші лимфоцит,10 – моноцит, 11 – тромбоциттер (қан пластинкалары).

Бақылау чек-парағы:ұсынылады.

Зертханалық жұмыстарды орындау туралы есеп: бағалау парағын толтыру (ұсынылады).

Әдебиет:

Негізгі:

  1. Бегімқұл Б.К. Медициналық генетика негіздері: оқулық / Б.Бегімқұл, С. Тулегенов, 2008, Фолиант. – 336 с.
  2. Ньюссбаум Р.Л. Медициналық генетика : оқу құралы / Р.Л. Ньюссбаум, Р.Р. Мак-Инес, Х.Ф. Виллард; орыс тіл.бас.ред. Н.П. Бочков; қазақ тіл.аударған А.А. Теребеков, 2014, ГЭОТАР – Медиа. -528 с.
  3. Әбілаев С.А. Молекулалық биология және генетика : оқулық / Әбилаев С.А., 2008, «Ақаралы» баспасы . – 424 б., 2010. – 388 б.
  4. Есіркепов М.М. Жасушаның молекулалық биологиясы: оқу құралы / М.М. Есіркепов ; ҚММУ. –Қараганды : АҚНАР, 2013 – 132 б.

Қосымша:

Наши рекомендации