Жазушыаға–әпкелеріміздіңәңгімесінқалайқорытқанымыздытөменненоқыңыздар.

Мазмұны

[жасыру]

· 1Қысқаша мазмұны

· 2Трилогиядағы тарихи тұлғалар

· 3Кітап туралы пікірлер

· 4Тағы қараңыз

· 5Дереккөздер

Қысқаша мазмұны[өңдеу]

Көшпенділер трилогиясында бес ғасырлық оқиға, яғни, XV-XIX ғасыр аралығындағы Қазақ хандығы өмір сүрген кезең суреттеледі.

1. Алмас қылыш романында ХV –ХVІ ғасырларда Қазақ хандығының құрылуы, Әбілқайыр, Жәнібек, Керей хандардың тақ үшін таласы, қазақ руларының бірлесу идеясы суреттеледі.

2. Жанталас романында ХVІІ –ХVІІІ ғасырлардағы Қазақстанның шетел басқыншыларымен күресі және Әбілқайыр ханның Қазақстанның Батыс бөлігімен Ресей патшалығы қол астына кіруі сипатталады. Қалмақ хандығының қазақ еліне опасыздық шапқыншылығы, Алакөл маңайында, Ордабасы өңірінде болған қырғын ұрыстар, Ресей патшалығының қол астына кірген Әбілқайырдың түпкі армандарының жеке басындағы түңілістері туралы жазылған.

3. Қаһар романында ХVІІІ ғасырда Абылай хан бастаған қазақ халқының қалмақ басқыншыларын біржолата талқан етуі, Абылайдың қазақ елін дербес Қазақ хандығына біріктіру әрекеттері және Абылай хан мен оның батырларының ел тәуелсіздігі үшін күрестегі ерлік, даналық істері баяндалады. Абылай ханның қазақ елін біріктіру жолындағы жанталас күйзелістері суреттеледі.

Трилогиядағы тарихи тұлғалар[өңдеу]

Шығарма кейіпкерлері – негізінен, тарихи тұлғалар, Шыңғысхан дәуірінен басталып Кенесарымен аяқталатын қазақ мемлекетінің бастау көзі мен қиын-қыстаулы тағдыр-талайының басында тұрған хандар тізбегі, ел мұңы мен арман-тілегінің хабаршысы – ақын-жыраулар, ел мен жер үшін, ұрпақ болашағы үшін жан аямай шайқасып, Отанын қорғай білген арыстан жүрек, атан жілік батырлар. Бұлар – ел есінде аттары жатталып, тарихта қалған, өмірде болған тұлғалар.

1. Алмас қылыш романында - Әбілқайыр хан , Жәнібек хан ,Керей хан

2. Жанталас романында -, Қасым хан , Хақназар хан , Абылай хан , Бұқар жырау

3. Қаһар романында - Асан қайғы, Қазтуған, Кенесары хан, Ағыбай батыр сияқты тарихи,аты аңызға айналған тұлғалар басты кейіпкерлер болып табылады.

Кітап туралы пікірлер[өңдеу]

Нұрсұлтан Назарбаев: «Ілияс Есенберлиннің шығармашылығында атақты «Көшпенділер» трилогиясы негізгі орын алады, ол эпикалық құлаш - қарымымен, оқиғалардың серпінділігімен, қазақ тарихының жанды әрі қайталанбас тұлғаларының бейнесімен, тілінің шынайылығымен және айқындылығымен ерекшеленеді».

Шыңғыс Айтматов: «...алайда, ең бастысы, «Көшпенділердің» бұрынғы қоғам жағдайына да, қазіргі жағдайға да тәуелсіз өз құндылығы мен әдеби тағдырының барлығында жатыр».

Әнуар Тұрлыбекұлы Әлімжанов: «І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының беттерін мұқият зерделемейінше қазақ ұлтының сан ғасырлық тарихын талдап, пайымдау да мүмкін емес, әрі мұнсыз ол толыққанды болмайды».

Чингис Гусейнов: « «Көшпенділер» трилогиясы халықтың өзін - өзі танып - білуінің тамаша кезеңдік туындысы болып табылады».

Қаһар (роман)[өңдеу]

"Қаһар" романы – "Көшпенділер" трилогиясының үшінші кітабы. Роман – қазақ тарихи романистикасының үздік табысы, шоқтығы биік туынды. Қазақ әдебиеті тарихында құбылыс болған ел тағдырын шыншылдықпен бейнелеген халықтық көркем шығарма. Роман авторы – Ілияс Есенберлин.

Ілияс Есенберлин[өңдеу]

Ӏлияс Есенберлин (10 қаңтар, 1915 жылы қазіргі Ақмола облысы, Атбасар қаласы - 1983, Алматы) — қазақ жазушысы. Жалпы алғанда, I. Есенберлиннің "Қаһар" романы — қазақ халқының азаттық жолындағы күрес шежіресіне қосылған, оның Кенесары қозғалысы сияқты аса ірі кезеңінің ішкі сырларын көркем түсінуге көмектесетін елеулі тарихи шығарма.

Ілияс Есенберлиннің өмірдерегін білмейтін оқушы ол кісіні тарихшы деп ойлап қалуы да заңдылық. Алайда, жазушының игерген мамандығы – кен–металлургия саласы. «Көшпенділер», «Алтын Орда» кітаптарындағы тарихитақырыпқа батыл қалам сілтеуі – оның азаматтығының, ұлтының адалперзенті бола алғанының көрсеткіші. Тарихи хрониканы көркем әдебиетқалыбына салып беруі – оқырманға түсінуге де, есте сақтауға да жеңіл.Романда Кенесары бейнесі тарихи толық мазмұнда көркем сомдалған. Автор оның жеке басындағы ерлік пен парасаттың үйлесімін шебер аңғартады

Мысалы, Саржан мен Есенкелдінің құшбегі Бегдербек қолынан қапыда мерт болғанын естіп, «Ташкентті шабу керек» деген Қасым төренің кеңесін іштей қабыл көрсе де, соғысқа шығуға ертерек екенін түсініп, жоспарды кейінге қалдырады.

Қысқаша мазмұны[өңдеу]

Кенесары Қасымұлы - қазақ халқының дербес мемлекеттілігін қалпына келтіру, халқын бодандықтан құтқарып, басын біріктіру, азаттық пен бостандыққа қол жеткізіп, тәуелсіз ел ету мұратын көздеген сұңғыла саясатшы, қайраткер, ірі мәмілегер, дарынды әскери қолбасшы ретінде ел есінде қалды. Кенесарының өмірі мен азаттық жолындағы күресі көптеген ақын-жазушылардың шығармаларына арқау болды. Соның бірі "Қаһар" романы. Трилогияның "Қаһар" атты кітабында I. Есенберлин XIX ғ. 30-40 жылдарындағы Кенесары Қасымов бастаған Ресей отаршылдығына қарсы қозғалыстың жай-күйін әңгімелейді. Мұнда жазушы жұртқа бұрыннан белгілі тарихи оқиғаларды тізе отырып, ондағы адамдардың күйініш-сүйінішімен, арман-өкінішімен, мұратымен, кейіпкерлер тағдырымен байытып көрсетеді.

"Қаһарда" қазақ даласында тәуелсіз хандық орнатуды мақсат еткен, мемлекет қайраткері, әскери қолбасшы, қазақ халқының 1837 – 1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысының көсемі, қазақ хандығының соңғы ханы Кенесарының қол жиып күреске шығуы, тәуелсіздік үшін күресті қолдамаған сұлтандарға және патша бекіністеріне шабуылы, Кенесарының билікке қол жеткізу үшін патша өкілдерімен келіссөздер жүргізуі, талабы өтпеген жерлерде халық қанының төгілуімен есептеспей, күш қолданылатын істерге баруы баян етіледі. Роман арқылы Кенесарының босатандық үшін жанын құрбан етуге дейін барғанын көре аламыз. Осы жолдағы ханның қаталдығы, елдің күйзеліске ұшырауы, Кенесары дұшпандарының ұйымдасқан іс-әрекеттері, сан алуан адам мінездері көрсетіледі. Романда Кенесары бейнесі тарихи толық мазмұнда көркем сомдалған. Автор оның жеке басындағы ерлік пен парасаттың үйлесімін шебер аңғартады, сонымен қатар түрлі қиыншылықтарға қарамастан шыдамды болғаны көрінеді. Романда Ресей патшалығының өр дәрежелі өкілдері бейнелері де бар. Бұл романда адамның барлық түр сипатын көруге болады. Роман ішінде сатқындық та, адалдық та, сенімділік те, тәкаппарлық та сипатталған. Адам өміріне сабақ болатын жайттар көптеп кездеседі. Кішкене ғана роман ішінен бүкіл қазақ елінің сол кездегі күй жайын көруге болады.

Бір отаршылдан екінші отаршылдың артықтығы жоқ екені, бәрінің көксеген мүддесі қазақ елінің тарихын, тілін жойып, халықты әлсіретіп, қансыратып, талан-таражға салу, өз билігін жүргізу екенін жазушы ашып көрсетеді. Мәселен, Қоқан, Хиуа хандықтарына ұзақ уақыт тәуелді болып тұрған оңтүстік қазақтарының ауыр жағдайы, Ташкенттің құшбегі Бегдербектің жәрдем сұрап барған Есенкелді, Саржанды қасындағы нөкерлерімен бірге опасыздықпен өлтіріп жіберетін суреттер тарихи шындықтарға негізделген. Кенесарының Ақмола бекінісін алғанда көрсеткен ерлігі де әсерлі. Кенесары бастаған қозғалыстың белгілі батырлары — Ағыбайдың, Иманның, Төлебайдың, Басықараның, Жанайдардың, Бұхарбайдың эпизодтары да олардың батырлық бейнесін айқындай отырып, Кенесары тұлғасын толықтыра түседі.

Тарихи романдары

Есенберлиннің нағыз жазушылық орнын белгілеген шығармалары — "Қаһар", "Алмас қылыш", "Жанталас" атты тарихи романдары.

Тарихи романдар деп өткен тарихтың маңызды оқиғаларын қайта жаңғыртып, оларды көркем түрде баяндайтын романдарды айтады. Жазушылар тарихи романда тарихты жаңғыртумен шектеліп қоймай, адамгершілік, психологиялық, мәдени мәселелерді біртұтас көтеруге көңіл бөледі.

Жазушы I. Есенберлин өзінің тарихи трилогиясында қазақ елінің ХV-ХІХ ғ.ғ. тәуелсіздік үшін табанды күресін көркем суреттейді. Осы жолдағы қыруар қиындықты, ішкі қайшылықтарды, адами қатынастарды, олардың әрекеті мен мінез-құлықтарын, сырт жаулармен шайқаста шыныққан бірлікті, дәстүрді, салт-сананы көрсетеді Тарихи жазба деректерге, шежіре мағлұматтарына, аңыз әңгімелерге сүйене отырып, қаламгер қазақ халқының тарихының аса маңызды тұстарын ашып, көптеген тарихи қайраткерлердің көркем тұлғасын жасайды.

"Алмас қылыш" романы — XV ғ. оқиғаларынан аса көп мағлұматтар бере алады және ол оқиғалардың жылнамалық реті сақталған. Сол себепті де оны роман-хроника деп атауға болады. Роман-хроника болғандықтан, онда көптеген тарихи оқиғалардың тізбегі басым келуі — жанрлық заңдылық.

"Алмас қылыш" романында Дешті Қыпшақтың (бұрынғы қазақ елінің бір атауы) қаһарлы ханы Әбілхайырдың кезінде қазақ руларының қазақ хандығы қол астына топтасуы, бір жағы — Әбілхайыр, екінші жағы — Жәнібек, Керейлердің тақ пен тәж үшін таласы, хан ордасындағы шытырман оқиғалар, алдау мен зорлықтар тізбегі баяндалған. Кітаптың бірінші бөлімі — Әбілхайыр ұлысының екіге бөліну жағдайын көрсетуге арналса, екінші бөлімі қазақ хандығының ішкі, сыртқы жауларымен кескілескен күрес үстінде шынығып ширауы, бұл жолдағы қыруар кедергілер мен қиындықтар көрсетілген.

Романның басты идеясы — қазақ руларының бірлесу, бір хандықта ынтымақ құру мәселелері.

Шығармада басты қаһарман Әбілхайырдың, сондай-ақ Жәнібек, Мұхаммед Шайбани, Бұрыңдықтардың, тағы басқа тарихта болған қайраткерлердің бейнелері жасалған. Автор олардың күрделі тұлғаларын бойындағы қайшылықтарын ашып көрсету береді. Мәселен, Әбілхайыр, бір жағынан, айлакер, ақылды айбарлы ел басшысы болса, екінші жағынан, өз мақсаты жолында ешбір арамдық, азғындықтан тайынбайтын мейірімсіз, қандықол. Оның жүздеген жылдарға созылып, әріден келе жатқан Шыңғыс ханның үрім-бұтағының озбырлық саясатын жалғастырушы екенін де автор жасырмайды, хан екен деп, орынсыз дәріптемейді.

Қалың әлеумет адамдары да романның басты идеясын ашуда елеулі қызмет атқарады. Мәселен, Асан Қайғының Бердібек пен Әбілхайырға айтатын қатал сын сөздері, Әбілхайырдың Керей мен Жәнібек елін шабам деген екпінінің қол астындағыларының қолдамауынан су сепкендей басылуы сияқты көріністер бұған айғақ.

Мұнда халықтың жақсы қасиеттерін бойына дарытқан Қобыланды, Қазтуған, Саян, Орақ секілді кейіпкерлер романның идеялық жүгін едәуір көтеріп тұр. Мәселен, Қазтуған мен Қотан ақындардың айтысы арқылы роман бүкіл қазақ даласының тарихи көрінісін, шежіресін береді, халықтың сан ғасырлық өмірін, күрестерін, олардың сыры мен сипатын айтады.

Трилогияның "Қаһар" атты кітабында I. Есенберлин XIX ғ. 30-40 жылдарындағы Кенесары Қасымов бастаған Ресей отаршылдығына қарсы қозғалыстың жай-күйін әңгімелейді. Мұнда жазушы жұртқа бұрыннан белгілі тарихи оқиғаларды тізе отырып, ондағы адамдардың күйініш-сүйінішімен, арман-өкінішімен, мұратымен, кейіпкерлер тағдырымен байытып көрсетеді.

"Қаһарда" қазақ даласында тәуелсіз хандық орнатуды мақсат еткен Кенесарының қол жиып күреске шығуы, тәуелсіздік үшін күресті қолдамаған сұлтандарға және патшабекіністеріне шабуылы, Кенесарының билікке қол жеткізу үшін патша өкілдерімен келіссөздер жүргізуі, талабы өтпеген жерлерде халық қанының төгілуімен есептеспей, күш қолданылатын істерге баруы баян етіледі. Осы жолдағы ханның қаталдығы, елдің күйзеліске ұшырауы, Кенесары дұшпандарының ұйымдасқан іс-әрекеттері, сан алуан адам мінездері көрсетіледі.

Бір отаршылдан екінші отаршылдың артықтығы жоқ екені, бәрінің көксеген мүддесі қазақ елін бөлшектеп бөліп, әлсіретіп, қансыратып, талан-таражға салу, өз билігін жүргізу екенін жазушы ашып көрсетеді. Мәселен, Қоқан, Хиуа хандықтарына ұзақ уақыт тәуелді боп тұрған оңтүстік қазақтарының ауыр жағдайы, Ташкенттің құшбегі Бегдербектің жәрдем сұрап барған Есенкелді, Саржанды қасындағы нөкерлерімен бірге опасыздықпен өлтіріп жіберетін суреттер тарихи шындықтарға негізделген.

Романда Кенесары бейнесі тарихи толық мазмұнда көркем сомдалған. Автор оның жеке басындағы ерлік пен парасаттың үйлесімін шебер аңғартады. Мысалы, Саржан мен Есенкелдінің құшбегі Бегдербек қолынан қапыда мерт болғанын естіп, "Ташкентті шабу керек" деген Қасым төренің кеңесін іштей қабыл көрсе де, соғысқа шығуға ертерек екенін түсініп, жоспарды кейінге қалдырады. Кенесарының Ақмола бекінісін алғанда көрсеткен ерлігі де әсерлі. Кенесары бастаған қозғалыстың белгілі батырлары — Ағыбайдың, Иманның, Төлебайдың, Басықараның, Жанайдардың, Бұхарбайдың эпизодтары да олардың батырлық бейнесін айқындай отырып, Кенесарытұлғасын толықтыра түседі.

Романда Ресей патшалығының өр дәрежелі өкілдері бейнелері де бар. Солардың ішінде, әсіресе, Қараөткелдің ағасұлтаны Қоңырқұлжа Құдаймендиннің халыққа қаны қас мейірімсіздігі мен мансап үшін арын сататын арамзалық анық таңбаланған. Ол Омбы генерал-губернаторының сеніміне ие болып, билігі мен мансабынан айырылып қалмау үшін елдің бас көтерер адамдарын ұстап береді. Әйелі Зейнеп, баласы Шыңғыстың қылықтары да Қоңырқұлжаның шексіз азғындық өмір сиқын жалаңаштай түседі.

Жалпы алғанда, I. Есенберлиннің "Қаһар" романы — қазақ халқының азаттық жолындағы күрес шежіресіне қосылған, оның Кенесары қозғалысы сияқты аса ірі кезеңінің ішкі сырларын көркем түсінуге көмектесетін елеулі тарихи шығарма.

Ол — қазақ әдебиетінде алғашқы болып тарихи зерде тамырына қан жүгіртіп, тұншыққан сананы қапастан шығаруға жол салған, ұлт рухын тірілткен жазушы ретінде қазақ әдебиетінің тарихында оқшау орны бар тұлға. Ілияс Есенберлиннің алты кітаптан тұратын тарихи эпопеясы сөз өнерінің әлемдік нұсқасына қосылған тарихты көркемдік пайымдаудың үздік үлгілерінің бірі болып қала бермек. Тарихи тақырып арқылы бүгінгі күнге, қазіргі дәуірге қатысты идеялар айтылатынын естен шығаруға болмайды.

Тарихи шығарма сол өткен заманның әлеуметтік-эстетикалық реконструкциясы ғана емес, онда бүгінгі уақыттың да философиялық концепциясы жатады. Тарихи шығармалардың өмір танытқыштық мәнін айтқан кезде, онда бүгінгі рухани тіршілігімізге қатысты көп мәселелер қамтылатынын ескеру керек. І. Есенберлиннің «Көшпенділер», «Алтын Орда» романдарын өткенді айта отырып оны қазіргі өмір құбылыстарына байланыстыра білу - көркем шығарманың эстетикалық актуальдығын арттыратын көркемдік фактор екенін дәлелдейтін, уақыт рухы көрінетін, жаңа концепция әкелген шығармалар деуге болады.

Қазақ тарихының соңғы бірнеше ондаған жылы түн-түнекті, меңіреу күй кешіп, өзге халық тарихының қосағында болғаны кім-кімге де белгілі. Мұның өзі қаншама буын ұрпақтың жандүниесіне әсер етіп, дүниетанымына салқынын тигізді, акыл-парасаты аяқ асты болды. Осы тұрғыдан келгенде жеке жазушының ғана емес, бүкіл қазақ әдебиетінің тарихында әлеуметтік терең мәнді туынды болып қалған«Көшпенділер» трилогиясында Шыңғыс әулеті билеп тұрған дәуірлердегі ұлт тарихына тереңдеп еніп қадам жасауы қазақ әдебиеті мен көркемдік әлеміне алғаш рет І. Есенберлин әкелген жаңалық пен батылдық еді.

Автордың аса зор зерттеушілік жұмыс жүргізуінің нәтижесінде беймәлім, тың материалды оқырман игілігіне айналдырудың жарқын көрінісі болған «Көшпенділер» трилогиясының кезінде танымдық жағынан да ерекше жүк арқалағаны көпшілікке белгілі. Рас, ғалымның міндетінен гөрі міндеті ауқымды, кеңірек болып келетін жазушы үшін ақпараттық қана қызмет атқаратын материал суреткер жұмысының алғашқы бастамасы ғана. Тың, жаңа дерек, көпшілікке беймәлім материал негізінде қаламгердің ой сүзгісінен өтіп қорытылған оқиғаларға құрылған трилогияда жан-жақты камтылған адамгершілік мәселелері көрініс тауып, өткен дәуір шындығы бүгінгі заман сипатымен сабақтастырыла суреттеледі. Сақтандыру мен ескерту идеясы бой көрсетіледі.

Ілияс Есенберлиннің ұлт тағдырына қатысты шетін сырлары мен идеялары кемел деңгейде көрінетін бұл эпопеяның алғашқы бөлігі «Көшпенділер» трилогиясы еді.

Шығарма кейіпкерлері ретінде негізін тарихи тұлғалар, Шыңғыс хан дәуірінен басталып Кенесарымен аяқталатын қазақ мемлекетінің бастау көзі мен қиын-қыстаулы тағдыр-талайының басында тұрған хандар тізбегі, ел мұңы мен арман-тілегінің хабаршысы ақын-жыраулар, ел бірлігінің ұйтқысы, халықтың ақыл-парасатты билер, ел мен жер үшін, ұрпақ болашағы үшін қасық қаны қалғанша жаумен шайқасып отанын қорғай білген арыстан жүрек, атанжілік батырлар. Бұлар — ел есінде сақталып, тарихта қалған өмірде болған тұлғалар. «Көшпенділер» трилогиясы — партиялық идеологияның қылышынан қан тамып тұрған уақытта дүниеге келген шығарма.

Ол кезде мұндай шығарманы жазбақ тұрмақ, қазақ халқының ертеректе өмір сүрген артында мол мұра қалдырған, елім деп еңіреген, ел үшін, жер үшін мерт болған батырлардың, хандардың, шешендердің атын атаудың өзі, олар жөнінде әңгіме қозғаудың өзі қиын еді, қауіпті еді. Ал Ілияс Есенберлин осының бәрін біле тұрып қазақ халқының өткен тарихын бейнелейтін, тарихтан мол мағлұмат беретін бір кітап емес, бірнеше роман жазып, оқырманға ұсыну жай ерлік қана емес, талантты жазушының саяси жеңісі еді.

«Көшпенділер» қазақ халқының, ұлттық тарихының бастау көзі беріде емес, әріде жатқандығына жөн сілтеді. Бүкіл бір халықтың өмір-тарихы ұмытылып бара жатқандығын еске сала отырып, оған кінәлі — коммунистік саясат екендігін ашып айтпаса да, өмір ағысы басқа арнамен ағып бара жатқандығын, тарих беттері бұрмаланғандығын көркем тілмен бейнелеп берді.

Архивтік деректер, халықтық аңыздар, этнографиялық сипаттар негіз болған тарихи эпопеяда автор оларды сол өткен дәуір елесін дәл бейнелеу үшін ғана емес, оған қоса түрлі қағида мен идеялардың, түрлі психология мен мақсат мүдделерінің қандай заман, қандай қоғамдық жүйеде болсын сабақтастық алып жатқан көрінісін беру үшін де пайдалану мақсатын ұстанған.

Төл әдебиетіміздің тарихында 17 роман жазып қалдырған Ілияс Есенберлиннің болмысын ашу мақсатында өз ойын алға шығардық.«Меналдымененматериалжинаймын.Деректеріздеймін.Айғақтыуақиғалардықараймын.Халықфольклорынасүйенемін.Жазбабетіндеқандайшығармаларбар,соныңбарлығынқолымжеткенжергедейінзерттеймін,оқимын,біріменбірінсалыстырамын.Осылайдайындаймын.Материалдайындалғаннанкейіналдыменойғасалып,біржылөтеме,көпжылөтеме,миымаөзімжазамын.Нетуралыболукерек,асыларманыңнеедіосыкітаптыжазғанда,ненікөтергің,неніашыпайтқыңкеледі? …Тереңдепізденіп,өзақылымныңжеткенжерінешейінжазамын».

Ізіненаңызерген»айдарыныңбұлжолғықаһарманы–жазушыІлиясЕсенберлин.Жетімдіктіңдәмінтатсада,аштықтанбұратылсада,рухымүжілмегенІ.Есенберлинжайлыкелеліәңгімеөрбітугебірқатаржазушыларменсұхбаттастық.Құлақтақалғанәңгіменіқағазғатүсіргенсоң,жазушыныңтағдырықым–қуытболғанынатағыбіркөзжеткіздік.

ІлиясЕсенберлинніңөмірдерегінбілмейтіноқушыолкісінітарихшыдепойлапқалуыдазаңдылық.Алайда,жазушыныңигергенмамандығы–кен–металлургиясаласы. «Көшпенділер», «АлтынОрда»кітаптарындағытарихитақырыпқабатылқаламсілтеуі–оныңазаматтығының,ұлтыныңадалперзентіболаалғаныныңкөрсеткіші.Тарихихрониканыкөркемәдебиетқалыбынасалыпберуі–оқырманғатүсінугеде,естесақтауғадажеңіл.

Жазушыаға–әпкелеріміздіңәңгімесінқалайқорытқанымыздытөменненоқыңыздар.

АхметДүйсенбаевқұрастырған«Жансырым»аттыестеліккітаптағыжазушыныңтуғанінісі,техникағылымдарыныңдокторы,профессорРаунақЕсенберлинніңестелігіненқысқартыпалғантүріміз:

Қар кешіп, сабаққа жалаңаяқ баратынбыз

Өз үйіміздегі біздің өміріміздің соңғы жазы қатты есімде қалды. Бізкедей тұрдық, аштыққа ұшырадық. Әлбетте, таңертеңгі өте құнарсыз астан соңүйдің батыс жағындағы көлеңкеге жайғасып отыратынбыз. Ілияс бізге ертегіайтып береді. Ол көп ертегі біледі. Кейінірек менің түсінгенім: ол ертегілердіөз жанынан шығарып айтады екен. Болашақ жазушының табиғи дарыныныңқабілеті сол балалық шақта қалыптаса бастаған ғой деп болжаймын.

Мен бір қысылтаяң жағдайға кездесіп, оқуды тастап кетуге жақынқалдым. Оқиға былай болып еді. Бір жолы мектепке бармадым. Келесі күні,неге екенін білмеймін, мектепке баруға өте қатты қорықтым да, тағы дасабақты жіберіп алдым. Үшінші күні тағы да қайталанды. Одан әрі бойымдағықорқынышты жеңуге дәрменім жетпей, бұдан былай мектепке бармаймындеген шешімге келдім. Ілияс сабаққа бармай жүргенімді естісе керек, ішқұсаболып үйге кіріп келді. Сөйлеген жоқ, жағымнан тартып жіберді де, жетектепмектепке апарды. Ілияс есікті өзі ашты да, өктем дауыспен маған «класқа кірде, партаңа отыр» деп бұйрық берді. Айтқанын орындадым. Ілиястың еңбірінші және ең соңғы жасаған үлкендігі осы ғана. Сол жағдайдан кейін олмаған өмір бойы бір дөрекі сөз, мінез көрсетіп көрген емес. Бір–бірімізгеешқашан сөз қайтарып, ерегісіп қалған кезіміз болған жоқ.

…Оқужылыбасталды.БізІлиясекеумізбіркластаболыпшықтық.Күздіңқарасуығынадейінжалаңаяқжүрдік.Қыркүйектіңаяғы,неқазанныңбасында,есімдетурасақталмаған,әдеттегідейтаңертеңмектепкежалаңаяқкелдім.Кешікпейқарқаттыжауыпкетті.Ментерезегеүрейменқараймын.Сабақбіткенсоңоқушылартарапкетті.ТекІлиясекеумізкластақалдық.Олаяғынаетіккиіпкелгенекен.Екеумізнеістеріміздібілмей,терезеніңалдындаұзақтұрдық.

Ілиясменіарқалапалып,үйгеқарайжүгірді.Жолдыңүштенбірінтезөттік,алүйгедейінәліалыс.Бір шақырым бар. Мен сезіп келем, ағам шаршап қалды. Сонда да мені жерге түсірмеді. Дәтім одан әріге шыдамай, Ілиясқа өзімді жерге түсіруін өтіндім. Қармен бұрын талай рет жалаңаяқ жүгірген болатынбыз…

…Бір күні үш күндік үзілістен соң біз Ілияспен көшеде кездесіп қалдық. Ол тапсырма алып, сот мекемесіне келе жатыр екен. Ілияс маған кешеден бері нәр татпағанын айтты. Өмірдегі ең қымбат адамыма еш көмек көрсете алмағаныма қатты қиналдым. Сот ғимаратына жақындап келгенімізде үй сылап жатқан әйелдерді көрдік. Олардан сәл ары таман көше ортасында үлкен жасыл қарбыз жатыр екен. Мен солай қарай тұра жүгірдім. Жақындағанда оның қарбыз емес, резеңке доп екеніне көзім жетті. Олжа! Бұрын-соңды бізде доп болып көрген емес. Аштықты ұмытып, сол арада доп ойнап кеттік.

Сот ғимаратының қақпасынан еңгезердей адам шықты да, айқай салып бізге қарай жүгірді. Мен қорыққанымнан допты тастай сала, Ілияспен бірге зыттым. Ол бізді өкшелеп келеді. Қаладан ұзап шыққанда шаршап тоқтадық. Әлгі адам бізді қуып жетіп, желкемізден басты. Шаршағаннан құр сүлдеріміз қалған және қатты қорқып кеткен бізді қалаға дедектетіп алып келді. Содан кейін ол бізді ұрған жоқ, бірақ «доп ұрлағандарың үшін түрмеге отырғызамын» деп қорқытты. Менің допты ұрламағанымды, оны тауып алғанымды және сол жерге тастап кеткенімді есепке алмады. Түрмеге отырғызамын деген сөзіне шынымен сеніп қалдық. Ақыры, ол бізді сот үйіне алып кірді. Сол жердегі әйелдер допты тауып әкеліп, бізге араша түсіп, аман алып қалды. Әлгі дәу неме бізге «бұрама кәмпит» беріп босатты.

Қабдеш Жұмаділов ағамыздың үйінде болғанымызда ол кісіден Ілияс Есенберлиннің туған інісі Раунақ Есенберлин жайлы әңгіменің шетін сұрадық. «Інісін екі мәрте көрдім. Есенберлиннің 70 әлде 80 жылдығында келіп кеткені бар. Мәскеуде тұрған болуы керек. Ол – ғылым докторы, өз саласының талантты маманы. Арғы жағын білмедім», – деп қайырды ағамыз.

Бекежан Тілегеновтің«Тұйық өмірдің құпиясы»кітабынан:

Жазушы Шәрбану ҚҰМАРОВА:

Наши рекомендации