Байқау оң болған жағдайда реактивтің түсі өзгереді
көк-күлгін түске | егерде заттарда жасырынды қан қалса |
күрең-қоңыр түске | егерде заттарда қышқылдар, тот қалса |
қызғылт түске | егерде заттарда жуушы зат қалдығы қалса |
Реакция оң болады, егерде бояну болса (1 минуттан кейін)
- бояну, кештетіп болатын болса, онда ол есептелмейді (1 минуттан көп);
- қанға реакция оң болса онда тазартылған барлық топ заттар қайтадан өндеуге жатады, жуушы ерітіндіге малынған кезеңінен бастап;
- синтетикалық жуушы заттарға, зарарсыздандыру заттарына реакция оң болса, онда барлық топтағы тазартылған заттар қайтадан тазартылады, ағынды суда шайқау кезеңінен бастап;
- байқау теріс (кері) болса, реактивтің түсі өзгермейді.
Ескерту:азопирам ерітіндісі тоңазытқышта 2 ай көлемінде, бөлме температурасында 1 айға дейін сақталады. Азопирам ерітіндісі дайындалған күннен бастап қолданылады.
12.Қолданған байқауға арналған құралдарға шайқау мен залалсыздандыру алдындағы тазалықтан өткізуді жүргізіңіз.
13.Медицинада тағайындалған құралдарды тазартылған суда 0,5 минут бойы жуыңыз.
14.Ыстық ауа шкафында 85°С-та ылғалы толық кеткенге дейін медицинада тағайындалған құралдарды кептіріңіз.
15.Медицинада тағайындалған құралдарды орап, залалсыздандыруға жіберіңіз
40. ЖЕКЕ ИНГАЛЯТОРДЫ ҚОЛДАНУ
Мақсаты: емдік, науқасқа қалта ингаляторын өз-өзіне қолдануын үйрету.
Қолдану көрсетілімдері: қан айналу және тыныс алу органдары ауруларында дәрігердің тағайындауымен.
Қажеттілерді дайындау: аэрозольді ингаляторды, оның сақталу мерзімін тексеріңіз.дәрігердің тағайындау парағы (ф 004-1\У)
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Қалта инголяторын дайындаңыз
2. Науқасқа емшара жүргізу мақсаты мен барысын түсіндіреміз
3. Науқаспен сенімді қарым-қатынас орнатамыз, емшара мақсатын түсіндіру
4. Науқастың келісімін алыңыз.
5. Қолыңызды жуып, антисептикпен өңдеңіз, қолғапты киіңіз
6. Қолданылатын дәрілік затты дәрігердің тағайындау парағы бойынша қарап тексеру. (атын, қоюлығын және жарамдылық мерзімін)
7. Науқасқа жағдайна байланысты Фаулер қалпын беріңіз, болмаса науқас жағдайы жақсы болса тұрып тұрған қалыпта орындаңыз
8. Емшараны орындамас бұрын ингаляциялық балоншада дәрілік зат бар екенін анықтап алыңыз
9. Баллоншаның мундштугінен қорғаныш қалпағын ашыңыз.
10. Баллоншаны аэрозольмен жоғарғы жағын төмен қаратып бұрып, бірнеше рет жігерлі сілкілеңіз.
11. Науқасқа асықпай ауыз арқылы терең демді шығаруды сұраңыз.
12. Баллоншаны аэрозольмен қолыңызға алып, ауызға жақындатып, баллоншаның мундштугін еріндерімен қамтып ұстап, басын сәл артқа қарай шалқайтуын сұраңыз.
13. Науқастан терең дем алуын сұрап және бір мезетте баллоншаның түбін тығыз басыңыз - осы мезгілде ауыз қуысына дәрінің дозасы аэрозольді түрінде түседі.
14. Науқасқа аэрозольді ішке тартып, 10-12 секунд демін ұстауын сұраңыз. Ауызынан мундштукті шығарып, сосын науқас ақырын мұрын арқылы демін шығарады.
15. Баллоншаның мундштугіне қорғаныш қалпағын кигізіңіз.
16. Науқасқа емшараны орындауды өз-өзіне жасатып үйрету
17. Науқас емшараны сіздің көзіңізше құрыс орындағанын қадағалаңыз
Ескерту:
- аэрозольмен дем алғанда клапанның шашырататын басын 1 реттен артық басуға болмайды;
- аэрозольдің дозасын дәрігер анықтайды.
- аэрозольді қолданып болған соң мундштукті судың астында сабындап жуып, құрғақ ауада кептіру керек
МАЙЛЫ КЛИЗМАНЫ ҚОЮ
Максаты: емдік: ішек бұлшык еттерін босансытуға, нәжісті сұйылту, түйілуді азайту және қалыпты ішектін жиырылып кеңеюін қалпына келтіру.
Қолдану көрсетілімдері: тазарту клизмасының әсері болмауы, спастикалык іш қату, ұзақ іш қату. жуан ішектің қабыну аурулары, операциядан кейінгі кезең, босанғаннан кейін.
Қарсы көрсетілімдері: жоқ
Қажеттілерді дайындау: залалсыздандырылған бір реттік қолданылатын жел шығаратын түтікті, лотокті, Жане шприцін немесе алмұрт тәрізді баллоншаны, шпательді, алжапқыш, вазелин майын, майлы ерітінді 50-100мл көлемінде, қолғапты, салфеткаларды, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контеинерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
1.Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз
2. Науқаспен сенімді қарым-қатынас орнатының
3. Науқасқа емшара мақсатын түсіндіріңіз
4. Емшараны орындау үшін келісімін алыңыз
5. емшараны орындауға керекті заттарды дайындаңыз
6.Кушеткаға клеенканы, оның үстінен жаялықты төсеңіз. Науқасты кермемен қоршаңыз.
7. Ажапқышты киіп,маска тағыңыз
8.Науқасты сол жақ қырына жатқызып, оң аяғын тізе буынынан бүгіп, ішіне қарай келтірілуі керек.
9. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, антисептикпен өңдеңіз қолғапты киініз.
10. Залалсыздандырылған бір реттік қолданылатын жел шығаратын түтікті бүтіндігін және жарамдылық мерзімін қараңыз
11. «Су» моншасында t-37°-38°С дейін жылытылған 50-100 мл майлы ерітіндіні алмұрт тәрізді баллоншаға немесе Жане шприціне сорып алыңыз.
12.Жел шығаратын түтіктің саңлаусыз домалақ, бітеу ұшына 20-30 см ұзындыққа вазелин майын жағыңыз.
13.Сол қолдың I және II саусақтарымен бөкселерді ажыратып, ал оң қолымен жел шығаратын түтікті абайлап айналмалы қозғалыспен анал тесігіне тік ішекке қарай жылжытып енгізіп, ең алғаш кіндік бағытына қарай 3-4 см, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 20-30 см тереңдікке енгізіңіз.
14.Майлы ерітіндіні алмұрт тәрізді баллоншаға немесе Жане шприціне сорып алып, енгізер алдында оның ауасын шығарып, жел шығаратын түтіктің бос ұшына жалғастырып, ақырын тік ішекке енгізіңіз.
15.Жел шығаратын түтіктің сыртқы ұшына қысқышты салыңыз немесе қолмен қысыңыз.
16.Жел шығаратын түтіктен алмұрт тәрізді баллоншаны жазылдырмай немесе Жане шприцінен шығарып алыңыз.
17.Жане шприціне немесе алмұрт тәрізді баллоншаға ауа сорып алып, қайтадан оны жел шығаратын түтікке жалғастырып, түтікте қалған майлы ерітіндіні тік ішекке қарай үрлеп (итеріп) жіберіңіз.
18. Жел шығаратын түтікті оң қолыңызбен шығарып алып, қауіпсіз жоюға немесе жинауға арналған контейнерге салыңыз және алмұрт тәрізді баллоншаның ұштығын зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.
19. Анал тесік аймағының терісін салфеткамен сүртіңіз.
20. Науқасқа ыңғайлы жағдай жасап және терең дем алуын сұраңыз. 10-12 сағаттан кейін дәретке отыруын сұраңыз.
21. Қолғапты шешіп, масканы, салфетканы және қолғапты қауіпсіз жоюға немесе жинауға арналған контейнерге салыңыз
22. Қолыңызды жуыңыз.
Ескерту:емшара жасар алдында науқас қуығын босатуы қажет;майлы клизманы емдік мақсатпен жасағанда алмұрт тәрізді баллоншаны қолданыңыз; науқас тізе-шынтақ қалпында болуы қажет; майлы клизманы түнде қою қажет.