Сөйлеу тіл дағдыларын тексеру.

Сөйлеу тілінің даму деңгейін анықтауға арналған әдістеме

Ұсынылған әдістеме нашар еститін мектепке дейінгі балалардың сөздік қор көлемін, өзіне айтылған сөзді түсінуін, байланыстыра сөйлеу тілінің даму деңгейін анықтауға бағытталған.

Сөздік қор көлемін анықтау және өзіне айтылған сөзді түсінуін бағалау.

Сұрақтар мектеп жасына дейінгі нашар еститін балаларда жиі кездесетін қиындықтарды талдау үшін таңдалып алынған. Сұрақтар мазмұны нашар еститін мектеп жасына дейінгі балалардың меңгеруіне қиындық туғызатын тақырыптарға негізделген. Түсініктерді жинақтауы, адамдардың кәсібін, туыстық қатынасы, табиғат құбылыстары мен заттардың белгілері туралы білімі тексеріледі. Сұрақтың әр түрлі лексикалық – грамматикалық құрылуы, өзіне айтылған сөзді түсіну деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

1) Әр түрлі қатынасты түсінуді талап ететін сұрақтар.

Алмұрт, алма, апельсин – бұлар не?

Сен қандай мамандықтарды білесің?

Алматы, Мәскеу, Астана – бұлар не?

Сен көліктің қандай түрін білесің?

Үй (жабайы) жануарларын ата.

Байланыстыра сөйлеу білу деңгейін анықтау.

Бала тапсырманы орындай отырып, сюжетті суреттегі жағдайдың бірізділігін табуға міндетті. Байланыстыра сөйлеу тілінің даму деңгейін бағалап қана қоймай, ойлай білуге үйрету.

Балаға әр қайсысы біткен істі білдіретін 4 сурет ұсынылады.

Тапсырмаға нұсқау:

«Суретке қара. Суреттерді ретімен біріншісін, екіншісін, үшіншісін, төртіншісін қой. Мұнда ненің суреті салынғанын айтып бер».

Сөйлеу тіл дағдыларын тексеру.

А). Істелген іс туралы есеп бере отырып, тапсырманы орындау. Әрбір балаға алты-алтыдан тапсырма беріледі.

1. Тұр. Орындықты және басқа жиһазды көрсет.

2. Менен қарындаш сұра.

3. Апельсинді емес, алма суретін сал.

4. Кітапты ал және шкафқа қой.

5. Есікті жап.

6. Ботадан апасының атын сұра.

Ә). Сұрақтарға жауап бер. Әрбір балаға алты-алтыдан сұрақ беріледі.

1. Сенің атың кім?

2. Сенің апаңның аты кім?

3. Сенің жасың нешеде?

4. Сен қайда тұрасың?

5. Қазір қандай жыл мезгілі?

6. Бүгін ауа райы қандай?

Балалардың жауаптары бағаланады және хаттамаға жазылады.

Сөйлеу тілін тексеру, үш түрлі тексеріс түрі бар әдістеме бойынша жүргізіледі. Сөйлеу тілінің дағдысын тексеруге екі тапсырма енеді: нұсқауды орындау және сұрақтарға жауап беру.

Берілген екі тапсырма сөздік қорын тексеруге арналады: дыбысталу ерекшеліктерін белгілей отырып, белсенді сөз қорын бағалау мен пассивті сөздік қорын тексеру. Балалардың грамматикалық тіл құрылысын меңгеру деңгейін және байланыстыра сөйлеу дағдыларына үш тапсырма берілген: суреттер бойынша сөйлем құрау, өзінің іс-әрекеті туралы хабарлау және сюжетті сурет бойынша байланыстыра әңгіме құрастыру. Тапсырманың барлық түрі балалармен жеке – дара жүргізіледі. Келесі талаптарға сүйене отырып, таңдалған сөздік материал бағдарлама талаптарына сәйкес болуға міндетті. Сөздердің тізіміне қосылатын сөздер:

— нақты заттардың атын білу үшін зат есімді, осы заттардың белгілерін білдіретін сын есімді, іс-әрекетті білдіретін етістік;

— күнделікті өмір, қоршаған орта туралы балалардың түсінігін білдіретін және әр түрлі сабақтар кезінде, түзімдік жағдайларда жиі қолданылатын сөздер;

— иллюстративтік материалды пайдалана отырып, олардың түсініктерін тексеру сөздері.

Нашар еститін балалардың сөйлеу тілінде жіберетін қателіктері жазған кезде де қайталанады. Жазу барысында жіберілетін қателіктер есту қызметінің бұзылу түріне тәуелді: кондуктивті бұзылу кезеңінде төменгі және орташа жиіліктегі дыбыстарды (У,О,Ы,Р,Л,М,Н,Д,Г,Б,Х,Т,Ц,В,К), ал нейросенсорлық бұзылыстар кезінде жоғары жиіліктегі дыбыстарды жіктеу қиынға түседі (И,Ә,Ш,Ж,Ч,Щ,С,З,Ф), сондықтан көрсетілген дыбыстарды жазған кезде олар түсіп қалады, ауыстырылады немесе араласып кетеді.

«Менің қолымнан бәрі де келеді»

(мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған тренинг)

Тренинг тақырыбы: «Менің қолымнан бәрі де келеді» (мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған тренинг)

Тренинг мақсаты: Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың бойларындағы қабілетін аша білу, бірі –бірімен жақсы қарым-қатынаста болуын қалыптастыру.Жан- жақтылыққа үйретіп, өздігінен еңбектенуге үйрету;

Психолог сөзі: Қайырлы күн, құрметті оқушылар! Көңіл- күйлеріңіз қалай?

Шаршап отырган жоқсыздар ма? Қазір сіздерге әртүрлі ойындар жүргіземін.

Қалай ойнағыларың келе ме?

І жаттығу: «Джунглидегі жаңбыр»

Мақсаты: Иық. мойын, омыртқа аймақтарындағы бұлшық еттің жирылуын жою, босаңсу, шаршағанды басу.

Уақыты: 10 минут

Нұсқау: Тар шеңбер құрамыз. Джунгли ну орманындамыз деп ойлаймыз. Ауа райы

бастапқыда өте керемет болады. Күн көтерілгенде өте ыстық, ауа қапырық болды.

Бір мезетте жеңіл самал жел соқты. Алдынызда тұрған адамның арқасына

қолынызбен жеңіл қимылдар жасаңыз. Жел күшейе түседі. (арқаға

батырынқырайтын кимылдар жасалады) Құйын басталады (күшті айналыс

қозғалыстарын жасаңдар) .Содан кейін жәй жаңбыр сіркірейді (көршіңнің арқасын

саусақтарынмен түртесің). Нөсер жауын басталады (жоғары төмен алақан,

саусақтармен сипайсың) . Бұршақ аралас жауын жауа бастады (барлық

саусақтарынызбен түртесіз). Содан кейін қайтадан нөсер жауын, жай жаңбыр, одан

кейін күн ашылады.

ІІ жаттығу.«Жұмсақ» ойын(жұмсақ ойыншықтар арқылы баланың немесе

тұлғаның сол ойыншықты өзіне ыңғайлы түрде қолданып. Қандай сезімде

болғандығын жеткізіп айту).

Наши рекомендации