Абылдау және ның физиологиялық негізі

Адам түйсік арқылы заттар мен нәрселердің жеке қасиеттерін, мысалы “алдымнан бір нәрсе жалт етті”,”маған суық бір нәрсе жармасты” деген сияқты сапаларын білетін болса, ал қабылдау арқылы зат немесе құбылыстың тұтас бейнесін көреді. Мысалы: жарық, ойнап жүрген сәби, кең бөлме, өсіп тұрған жеміс ағашы. Қабылдау- затты тұтас бейнелеуге бейімді процесс. Түйсікке қарағанда, қабылдау-шындықты бейнелеудің неғұрлым жоғарғы формасы.

Сонымен, қабылдау дегеніміз-заттар мен құбылыстардың өз қасиеттері және бөлшектері жиынтығы мен қосылып, сезім мүшелеріне тікелей әсер етуі кезіндегі тұтас түрде бейнеленуі.

Қабылдаудың физиологиялық негізі-үлкен ми сыңарлары қабынудағы күрделі шартты рефлекторлық байланыстар,олар сыртқы тітіркендіргіштерден келетін қозулардың бірігуі арқылы жүзеге асады. Қабылдауда бірнеше талдағыштардың үйлесімді іс-әрекеті организмнің тітіркендіргіштердің тұтас жиынтығына жауап беру реакциясы жәтижесінде бейнеленеді.Мысалы, біз раушан гүлінің бейнесін қабылдағанда,ең алдымен оның әдемі түрін,тамаша түсін көреміз. Гүлдің жұпар иісін иіскеп,жұтамыз,ұстап көріп,оның жапырақтарының нәзік те жұмсақ екенің сезінеміз.Осындай жеке түйсіктердің бәрі мидың қабығында қосылып,біртұтас болып бірігеді.Сөйтіп,біз бұл заттың раушан гүлі екенің білеміз.Бұл жерде ес процесі орын алады.Гүлдің иісі бізді шаттандырып,жақсы бір сезім тудырады. Ақырында қабылдауға ойлау процесі де қатысып,біз раушан гүлінің қай сортқа жататыны туралы ойланып,өзімізше қарапайым қорытынды жасаймыз.Қай талдағыштың басым екендігіне байланысты көру,есту,иіс,дәм,сипап сезу және қимыл-қозғалыс,кинестетикалық қабылдау түрлері болып ажыратылады.

§ 2. Апперцепция және оның қабылдаудағы рѳлі

“Апперцепция”-латын сөзі,қазақша “қабылдауға қосымша” деген мағынаны білдіреді.Латынша “ап”- үстеме жұрнақ,”перцепио”- қабылдау.Адамның психологиялық жәй-күйі мен оның өткендегі өмір тәжірибесінің мазмұның қабылдауда мұның маңызы ерекше.Бұрынғы тәжірибелер жаңа нәрселерді қабылдауда танымдық өлшем қызметін атқарады. Апперцепцияның тұрақты және уақытша дейтін екі түрі бар.Тұрақты апперцепция-адамның қызығуы мен дүниетанымына,мамандығы мен білім деңгейіне байланысты болып отырады. Мысалы,”түбір” деген сөзді филолог пен биологтың,математик пен химиктің қабылдауы түрліше. Уақытша апперцепция- адамның әр түрлі алдануы(иллюзия) салдарынан жаңсақ пікірлер тудырады.

“Иллюзия”- да латын сөзі, мағынасы – алдану. Алдануда қабылданған нәрселер мен заттар біріне-бірі келмей бұрмаланады. Стақан ішіндегі суға қасықты салғандағы кескіннің кесінді болып көрінуі де- алданудың бір мысалы. Әдетт,қабылдау заты мен оның сезілген бейнесі өзара тепе-тең адекватты болып келеді. Алайда, көру арқылы қабылдауда алданулар болып тұрады. Мына төмендегі сызба-суреттерде заңдар алдануы,параллелограм алдануы, кесінділер алдануы тәрізді басқа да түрлер көрсетілген.

Абылдау және ның физиологиялық негізі - student2.ru Жүйке жүйесінің ауруға шалдығуына байланысты жалған,теріс, бұрмаланған бейнелер туады. Осы орайда галлюцинация деп аталатын жағдай бар.Бұл термин қиялдану, шатасу деген түсінікті білдіреді. Мұндай жайттар улы дәрілерді қолданған адамдарда,маскүнемдікке салынған кісілер мен нашақорларда жиі кездеседі.Ондай адамдар жүйке жүйесініңауруына ұшырау салдарынанәрбір нәрсені бұрмалап қабылдайды да, өзінен-өзі отырса да айқай-шу естиді,

26-сурет. Параллелограм алдануы. АҒ және ҒД кесінді сызықтар мөлшері қандай?

Абылдау және ның физиологиялық негізі - student2.ru 27-сурет. Заңдар О о алдануы. А дөңгелегі мен Б,С

дөңгелектері, ортасындағы О дөңгелектері қалай болып көрінеді?

Абылдау және ның физиологиялық негізі - student2.ru Абылдау және ның физиологиялық негізі - student2.ru

Абылдау және ның физиологиялық негізі - student2.ru

Б
Абылдау және ның физиологиялық негізі - student2.ru Абылдау және ның физиологиялық негізі - student2.ru 28-сурет. Тузу кесінділердегі алдану (Мюллер —Лиер

А
О
иллюзиясы) А,Б түзу кесінділерінің өзара шамасы қандай? Абылдау және ның физиологиялық негізі - student2.ru

үстінде не кеудесінде бір нәрсе жорғалап бара жатқандай болады. Сондай-ақ,жүйке жүйесі ауруына душар болғандар да шизофрения не шизофрениктер деп аталатын қабылдаудың айрықша бұрмаланған түрі де болады. Әдетте, мұндай науқастардың көз алдына қауіті адам елестеп, өміріне ол зиян келтіретіндей күй кешеді. Галлюцинация мен шизофрения ауруына ұшыраған адамдар жүріп келе жатып шалшықты не ойдым жерге жиналған аз ғана суды көрсе, “мынау не деген шалқып жатқан көл еді,мен бұл судың арғы жағына жүзіп өтетін болдым” деп,киімдерін шешіне бастайды... Келе жатқан жолында көлденең жатқан ағаш шыбығын көріп, “мынау не деген жуан бөрене(ұзын ағаш кесіндісі) еді,бұл бөренеден әрі қарай өрмелеп өтейін” деп,келе жатқан жолына етбетімен жата қалады... Алдану,галлюцинация ,шизофрения- бұлардың бәрі қабылдау процесінің өз қалпынан ауытқуын көрсететін жалған көріністер.

§ 3. Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері

Сезімдік таным процесі ретінде қабылдаудың өзіне тән ерекшеліктері бар:

А) Қабылдаудың тұтастығы. Бұл қасиет бойынша заттар мен нәрселердің сыртқы түріне қарай бөлшектеңіп, ажыратылып тұрғанына қарамастан,оларды тұтас күйінде қабылдаймыз. Мысалы, кесінділер бір-бірінен бөлек тұрғанымен Л,оларды үшбұрыш деп білеміз,немесе Мәриям Жағорқызының “Дударай” әнінен үзінді еститін болсақ та,сол әннің мазмұның толық қабылдаймыз.

Ә) Қабылдаудың мағыналылығы.Қабылданған объект тұтас болады,оның мән-жайы сөзбен беріледі,мазмұны тұжырымдалады. Қабылдау мағынасының қарапайым түрі – тану. Тану жалпылап тану немесе талғаусыз тану және даралық тану болып бөлінеді. Жалпылап тануда- нәрселердің жай-жапсары терең біліне бермейді,ал даралап тануда- заттар мен құбылыстарды білу анық,толық түрде болады. Мысалы,адам көп киімнің ішінен өз киімін таниды немесе көп адам ішінен өзіне таныс кісіні ажырата алады. Сондай-ақ, сәби де бірнеше адамның ішінен өзінің ата-анасын,жақын туыстарын тани алады.

Б) Қабылдаудың таңдамалылығы толып жатқан объектілердің бірін таңдап алудан көрінеді. Мұнің мәнісі әрбір нәрсенің сапасын,қасиетін қабылдау болып табылады. Қабылдаудың таңдамалы болуындағы тағы бір ерекшелік – заттың сыртқы түрін қабылдауда хабарлаушы мәнінің болуы. Мұны контур диді.Бұл – заттың кескіні мен фоның қабылдау аралығындағы ажырату ерекшелігі. Мысалы, мұғалім сыныптағы оқушылармен жұмыс істейді. Жақсы жауап берген оқушы фигура,ал қалғандары оның фоны болып есептеледі. Қабылдаудың таңдамалық ерекшелігінде зейін сияқты сананың бір нәрсеге бағытталуы және адамның сол нәрсеге қызығып зер салуы,ынталанып,танып-білуге ұмтылуы айрықша рөл атқарады.

Қабылдаудың таңдамалылығында объективтілік (заттың өзіндік ерекшеліктері), субъективтілік (адамның сол нәрсеге қызығуы мен ықылас-ынтасын аударуы) жағдайлары да ерекше маңызды.Бұл орайда,объектілерді қабылдаудың екі жақты көріну дейтін түрінің мәні зор.Мысалы, ваза мен адам профилі, қоян мен үйрек балапанының суреттері бар көріністер.Бұл суреттерде (№ 29,а,ә, 30 а,ә,б) кескін мен фон жақсы ажыратылады.

В) Қабылдаудың тұрақтылығы(константтылығы). Сыртқы жағдайдың өзгеруіне қарамастан,заттар сол күйінде,өз қалпында қабылданады. Мысалы, үлкен зал ішіндегі колонналардың жақын тұрғаны биік,алыстағысы кіші болып көрінеді.Бірақ,біз олардың бәрінің бірдей екендігін біліп,дұрысқа қолдаймыз. Темір жол рельсі ұзақтаған сайын бірігіп кететін сияқты. Мұндай жағдайда алыс пен жақын арасы сол күйінде бір қалыпты болып қабылданады.Балалардың қабылдау тұрақтығы 2-4 жас арасында қалыптасады.

Заттар мен нәрселерді қабылдаудағы тұрақтылық адамның өмір тәжірибесіне байланысты болып отырады.Әрбір зат сөзбен, өз атауларымен аталып, сана мен ойлау процестері байланысып жатады. Қабылдауда ес процесі де шешуші рөл атқарып,бұрынғы қабылданған нәрселердің бейнесі қайта жаңғырады.Тәжірибе мен көріп білген нәрселер өзара ұштасып,әсерленген бейнелер туындайды.

Б. Кемпір
Ә. Келіншек-кемпір
30-сурет. А.Келіншек
29-сурет. Екі жақты көріну. А. Қоян және үйрек. Ә.Профиль және ваза
Абылдау және ның физиологиялық негізі - student2.ru

§ 4. Бақылау және бақылампаздық

Бақылау не байқау дегеніміз – белгілі мақсат қойып,объектіні әдейі қабылдау.Көріп қана қою жеткіліксіз, затты білу үшін көзқарас, пікір керек. Бақылау- әрі жүйелі, әрі мақсатты процесс,арнайы жүргізілетін әрекет.Ой жүгірту,зейін қою- бақылаудағы негізгі әрекеттер.Ұлы физиолог ғалым И.П. Павлов бақылауға ерекше мән беріп, лабораториясының маңдайшасына “бақылау” деген сөзді үш қайтара жазып қойған.

Бақылампаздық- адамдағы ерекше бір пайдалы қасиет.Бұл бойынша көпшілік көрмеген нәрсені,сапаны,ерекшеліктерді бақылап, оларды ажыратып отырады. Қазақ халқының өмір тіршілігінде бақылампаздықты дәріптейтін мысалдар көп.А)Ы.Алтынсариннің “Үш жолаушы” деген әңгімесінде түйесін жоғалтқан адам үш жолаушыға қарсы кездесіп қалып,жоғалған малын іздеп келе жатқаның айтады.Жолаушылар малдың ақсақтығын,бір көзінің соқырлығын және құйрығы шолақ екендігін айтып береді...Мұндай бақылампаздық жолаушылардың шару,өмір тәжірибесі мол адамдар екенін білдіртеді. Ә) Мал бағып тіршілік еткен қазақ жұрты әрбір мал түлігінің мінез-құлқы мен қылығын,ауа райы мен жер жағдайына бейімделіп тіршілік етуін жақсы білген. Осы орайда,қазақтар жоғалған малдың ізіне түсіп іздестіріп тауып алатын болған.Бұл ретте,олар мал қай күні жоғалды, сол күні ауа райы қандай болған еді деген мәселелерге ерекше мән берген. Өйткені, уақ мал(қой-ешкі)желді,жаңбырлы,суық күндері ықтап кетеді де,ал жылқы керісінше желдеп кетеді.Осындай жайттардан жақсы хабардар жандар жоғалған түліктің қайсысын қайдан,қалай іздеу керектігін де анық білетін болған.

Бақылаудың физиологиялық негізі- “Бұл не?” деген таңдану рефлексі.Мысалы, Австралиядағы абориген тайпасының адамдары шөл даладағы (мың сан белгілерді” қатесіз оқи алады”ізшілдік,құпия сырларды ашу,адамның ізіне қарап салмағын ,бойын білу).Сондай-ақ,ұзтаздар мен тәрбиешілердің,шеберлер мен тәлімгерлердің оқыту,тәлім-тәрбие істерінде үнемі бақылау жүргізіп , шәкірттердің психикалық дамуын белгілі жүйелілікпен байқап отыруы да- өз жұмыстарында табысқа жетудің кепілі.Бақылау белгілі бір заттар мен құбылыстарды жүйелі түрде қабылдау әрекеті болып саналса,бақылампаздық-адамның жеке басына тән,танып білуге қызығу мен құмарту қасиеті болып есептеледі. Қабылдау-түйсікке қарағанда күрделі процесс.Бұл процесте бірнеше талдағыштар бірлесіп жұмыс атқарады. Жүйелі,мақсатты бақылау- кез-келген жұмыста табысты болудың шарты.

§ 5. Кеңістік пен уақытты қабылдау

Материалистік ілім материя мен болмыстың өмір сүруінің екі түрлі формасы бар деп есептейді.Олар-кеңістік пен уақыт. Бұл формалар шексіз.Уақыт пен кеңістікті түйсіну адамның тіршілік етуіне қолайлы жағдай жасап,дұрыс бағдар көрсетеді. Сол арқылы адам өз түсінігінен тысқары объективті болмысты бейнелегенде оның өмір сүрген ортасы жйында қажетті мәліметтерді біліп,тіршілік ету жағдайына бейімделеді.

Кеңістіктегі объектілерді қабылдау- күрделі процесс. Дүниедегі затттардың барлығы кеңістікте орналасқан.Олардың әрқайсысының белгілі түр-тұрпаты бар: Ұзын-қысқа,енді-енсіз,биік-аласа,үлкен-кіші т.б . Олар бізден түрлі қашықтықта орналасқан.Кеңістіктегі заттардың көлемін екі көзбен,яғни бинокулярлық көрудің маңызы зор.Бір көзбен көру монокулярлық нәрселердің тереңдігі жөнінде дәл мағлұмат бере алмайды. Бинокулярлық көруде екі көзге түсетін кескін қосылып нәрсенің бедері айқын сезіліп,бір кескінге айналады.Осылайша көріп,қабылдауда заттар тұтасып,олардың қашықтығы ,қоршауы,шамасы,түр-түсі,релефь-бедері әр тарапты байқалып ,анық көруге мүмкіндік туады.

Қашықтық пен заттар көлемін қабылдауда көздің конвергенциясы (жақындауы),яғни екі көзбен көретін затқа бір көздей болып болып әрекет етуі қажет .Бұл жақын жердегі нәрселерді ажыратудан байқалады. Ал алыстағы нәрселерге қарағанда олардың екіге бөлініп кетуін дивергенция дейді.Көздің түрліше қашықтықтағы заттарды көруге бейімделу қабілеттілігін аккомадация(көз үйрену)деп атайды. Қашықтықтағы нәрселерді қабылдау адамның өмір тәжірибесімен байланысты.Бұл ретте, орман ішінде өскен бала мен кең далада өскен баланың кеңістікті қабылдауы түрліше болып келеді.

Заттың бағытындағы қабылдау көздің торлы қабығындағы сәулеленумен қатар дене қозғалысының жағдайына да байланысты.Адамзаттардың бағытын бағытын тік тұрып не отырып, көлбеу жағдайда ғана дұрыс қабылдайды.Кеңістікті дұрыс қабылдаудың көлік жүргізушілер,ұшқыштар мен ғарышкерлер,суретшілер мен әскери қызметкерлер,дәлдік,аппараттар жасайтын мамандар үшін маңызы зор.

Уақыт та - материяның өмір сүруінің объективті шындық формасы.Дүниедегі материя мен заттардың бәрі де кеңістік пен уақыт ішінде қозғалыста болады.Уақытты қабылдау бірнеше компоненттерден тұрады.Уақыт құбылыстың белгілі ырғағымен етеді.Уақыт қарқын арқылы өлшенеді.Қарқын - құбылыстардың Бірізді теңдігінің не баяулығының көрсеткіші.

Уақытты қабылдауда субъективтік мезеттер ерекше орын алады.Өткен шақ жылдам, қысқа мерзімде өткен сияқты.Оны дәуір, кезең, ғасыр, жылдармен өлшейді.Соған орай өткен оқиғалар көмескі болып қабылданады.Осы шақ та ғасыр, жыл, ай, күн, сағатпен өлшенеді.Бұл нақтылы ізбен қабылданады.Өткен шақтың тез өтуі, келер шақтың ұзақ болып көрінуі субъективтік жағдайларға байланысты.Уақыт қызықты болса, тез өтеді, қызықсыз болса, ұзаққа созылады.

§ 6. Қабылдаудағы типтік айырмашылықтар

Қабылдау барлық адамдарда бірдей бола бермейді. Мұнда топ адамдарға тән типтік айырмашылықтар да бар. Француз психологі А.Бинс адамдардың қабылдауын арнайы зерттеп, оның типтік сипатта болатынын әдейі жүргізген тәжірибелер арқылы көрсетеді. Мысалы, біреулер өзі тартқан шылымына қарап отырып, оның түрін, сипат-ерекшелігін тәптіштеп айтып береді. Ал екінші біреулер шылым туралы көрген-білгенін әңгіме етеді. А.Биненің зерттеуі бойынша, алғашқылары-баяндау типі, екіншілері-түсіндіруші тип.

Қабылдауда қабылданған нәрселердің қасиет-сипаттарына, ұсақ-түйектеріне мән бермеу сияқты біріктіруші (синтездік) және заттардың ұсақ- түйегінен шыға алмау тәрізді талдаушы типтер де кездеседі. Халық даналығында бұл типтер-«Көрмес түйені де көрмес», «Түймедей нәрсені түйедей етіп көрсету» дегендей анықтамаларға ие. Икемді тип талдағыштық-біріктіруші тип. Қабылдаудағы объективтік және субъективтік типтер де өмірде кездесе береді.

§ 7. Балаларда қабылдаудың дамуы мен қалыптасуы

Баланың қабылдауы түйсіну, ойлау процестерімен қатар дамып, қабылдаған нәрселердің, атын, мәнін біліп отырады. Бұл –қабылдау процесінің дамуы. Мектеп жасына дейінгі баланың өмір тәжірибесі аз болғандықтан, қабылдауы үстірт болады. Мысалы, 4-5 жасар бала уақыт пен кеңістікті, алыс-қашықтықты нашар ажыратады. Балалардың жүйелі қабылдауы тәлім-тәрбиемен жеке пәндерді оқытып үйрету нәтижесінде ғылыми тұрғыдан дамып өрістейді.

Балалар қабылдауының күрделене түсуі оның бақылағыштығымен тығыз ұштасып жатады. Байқаудың қарапайым түрі 1-сынып оқушыларында да бар. Мысалы, олар қоңыздың мұртшасы, көзі, табаны бар деп көргендерін тізбелеп айтады.

Шәкірттердің қабылдау процесін дамыту үшін белгілі талаптар мен шарттар мектепте бірізділікпен жүйелі түрде жүргізіліп отырылуы қажет және ондай талаптардың мақсат-міндеті шәкірттердің танымдық процестерін неғұрлым жетілдіре түсу болуы шарт. Осы бағдар бойынша мынадай мәселелер қамтылуы тиіс:

1.Көрнекі құралдарды қолдану (модельдер, суреттер мен кестелер, коллекциялар мен муляждар, сызбалар т.б.).

2.Қабылданған нәрселердің мән-жайын, жалпы, ерекше қасиеттерін түсінуді дамытып отыру. Әдебиеттегі жеке кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетінің дұрыс ұғынылып, дұрыс қабылдануын бағдарлау,

3.Қабылданған нәрселерді салыстырып отыру. Осы әдістің білімдік-тәрбиелік мәнін тлық пайдалану.

4.Қабылданған нәрселердің мән-мазмұнын, түр-сипатын өздеріне қайталап айтқызу. Бұлдыр еместігін анықтап, толықтырып отыру.

5.Оқушылардың байқағыштық қасиеттерін жетілдіріп отыру. Ауызекі сөзі мен көргендеріне бағыт беру. Дұрыс қабылдауға әдеттендіру.

Қабылдау процесін дамытып, қалыптастырып отыру басқа да психикалық процестермен (ойлану, сөйлеу, есте сақтау, сезім-эмоцияларымен) тығыз ұштастырылып, жалпы, баланың дүниетаным шеңберін кеңейтіп отыруды талап етеді. Қабылдау түйсікпен салыстырғанда, әлдеқайда күрделі және ол адамның дүниені танып білу саласындағы тікелей таным процесіне жатады. Баланың дүниетанымын дамытып, оны үнемі өрістетіп отыру әрбір пән мұғалімі мен тәрбиешілердің, ата-аналардың жалықпай жұмыс істеп, ұстаздық ісін барынша шыңдай берулерін қажет етеді. Ұлы Абайдың «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» дегені осыны білдіреді.

VIII тарау. Ойлау

§ 1. Ойлаудың адам дүниетанымындағы маңызы

Адамның өз өмір-тіршілігі мен күнделікті іс-әрекетінде әр алуан мәселелерді шешіп отыруына тура келеді.Осындай мәселелер мен күрделі істерді шешу жолында кездесіп отыратын қиыншылықтар қоршаған ортамызда бізге әлі де беймәлім құбылыстар мен сыры ашылмаған нәрселердің көп екендігін көрсетеді.Соған орай,біз дүниенің сыр-сипатын ұғыну үшін заттар мен құбылыстардың өзара қатынастарының құпиясын тереңірек білуді,оларды ашып көрсетуді мақсат етеміз.Міне, осындай мақсат-мүдделерге жету жолында әрбір адам өзіңің іс-әрекетінде заттар мен құбылыстардың: белгісіз қасиеттерін,ерекшеліктерін кездестіріп отырады,өзінің бұрыңғы тәжірибесі мен білімінің,шама-шарқының жеткіліксіздігін аңғарады.Өйткені, әлем шексіз,соған орай дүниені танып білу де шексіз.Адамның ойы сол шексіз әлемдегі нәрселердің сырын,құпиясын білуге бағытталады.Әрбір адам ойланып-толғанғанда өзіне беймәлім нәрселердің сырын ашып,жаңалықты біледі.Мысалы, оқушы оқу материалының мәнің түсініп,есеп шығаратын болса,мұның өзі оған жаңалық ашқандай болып көрінеді.

Сонымен, ойлау дегеніміз- әлеуметтік жағдаймен ұштасқан,тілмен тығыз байланысты психикалық процесс.Сол арқылы болмыстың, дүниедегі нәрселердің жалпы және жанама бейнеленуі.Бұл бейнелену адам ойының талдау және біріктіру әрекеттері арқылы танылады. Бір сөзбен айтқанда, ойлау- сыртқы дүниедегі болмыстың жалпы жанама жолмен біздің санамыздағы,ең биік сатыдағы бейнесі.Ойлау адамның өмір тәжірибесі мен практикалық іс-әрекеттері нәтижесінде пайда болып,тікелей сезім процесінің шеңберінен әлдеқайда асып түседі.

§ 2. Ойлаудың сезім таныммен және тілмен байланысы

Дүниетану тікелей сезімдік процестер- түйсіну, қабылдау, пайымдаудан басталып, одан әрі ойлануға қарай өрбиді.Таным процестерінің барлығы да тікелей сезімдік процестер – түйсіну,қабылдау,елестетумен байланысты. Елес - заттардың нақты бейнесін көз алдымызға келтіретін тікелей таным процесі- сезімдік танымнан абстракталы ойға көшу аралығындағы көпір сияқты. Адамдардың сыртқы дүниені танып білуінің шындығы жіне оның санамызда бейнеленуінің теңдігі мен ақиқаттығы тәжірибе,сондай-ақ,адамдардың табиғат пен қоғамға ықпал етіп,оларды өзгерту жолындағы іс-әрекеттерінің нәтижелері арқылы тексеріліп отырады.

Тікелей сезімдік процестер барысында адам нәрселер мен құбылыстардың дара қасиеттерін,сол қасиеттердің жиынтығы арқылы нәрселердің тұтастығын бейнелейді,көз алдында жоқ заттың да бейнесін елестетеді.Дегенмен, адам тікелей сезім арқылы танып білген нәрселердің белгі-қасиеттері мен мән-жайына терең бойлап,жете танып біле алмайды.Мұндай ерекшеліктерді білу тек ойлау және де заттар мен құбылыстардың өзара байланыстарын,бір тектес нәрселердің жалпылық белгілерін дерексіздендіру арқылы жанама жолмен жүзеге асырылады.Мысалы,заттардың, әсер еткен нәрселердің жылылығын,оның температурасын тек жанама әдіспен,термометр арқылы ғана анықтауға болады.Ал ондай жылылықты тері түйсігі арқылы не қолмен сипап анықтау онайға түспейді.

Ойлау арқылы танып білу тікелей сезімдік процестерге негізделгенімен, олардың көптеген ерекшеліктерін тікелей сезім арқылы тану мүмкін емес және олардың мән-жайы айқын бейнеленбейді. Мысалы, осы замаңғы физика ғылымындағы аса күрделі проблемалардың бірі-өте ұсақ қарапайым бөлшектер жайындағы теория.Мұндай өте иайда типті,жай көзге көрінбейтін бөлшектерді тек ойлау арқылы ғана пайымдап білеміз.Абстрактылы дерексіз және жанама ойлану нәтижесінде сондай “тек ұсақ бөліктердің бар екендігіне көз жеткіземіз,олардың өзіндік қасиеттері болатындығын аңғарамыз.Сөйтіп,тікелей таным процесі арқылы танып білуге болмайтын нәрселерді ойлау арқылы біле аламыз. Ойлаудың өрісі кең.

Түйсіну арқылы қозғалыс жылдамдығын қамту мүмкін емес. Мысалы, бір секунтта 300 000 км. шапшаңдықпен таралатын жарық қозғалысын түйсі-ау арқылы қамту мүмкін болмаса да, ой арқылы пайымдап түсінуге болады. Біз 1 секунтта 50 000 км шапшаңдықпен ұшатын планетааралық ғарыш кемесін ойлау арқылы түсіне аламыз, өйткені, ол жарық жылдамдығынан 6 есе кем. Ал мұндай шапшаңдықты, әрине, елестету арқылы білу мүмкін емес. Әрбір адамның шындықты танып білуі тікелей сезім мен ойлау арқылы бір-біріне ауысып, өзара байланысты түрде адам танымын толықтырып отырады. Осы ретте де біз ойлаудың нақты нәрседен абстрактылы нәрсеге ауысқан ақиқаттан алыстамай, қайта оған жақындай түсетінін аңғарамыз. Сөйтіп, нақты пайымдаудан абстрактылы ойлауға, одан тәжірибеге көшіп отыру ақиқатты танып білудің диалектикалық жолы болып табылады.

Ойлау мен сөйлеу. Адамның ойлану әрекеті тікелей сезімдік таным процестерімен ғана емес, тілмен де, сөйлеумен де тығыз байланысты. Міне, осындай ерекшелік адам психикасының жануарлар психикасынан сапалық өзгешелігін көрсетеді. Жануарлардың қарапайым ойы нақтылы әрекетке байланысты, ол жанама, абстракты ой бола алмайды.

Адам сөйлеу, дыбысты тіл нәтижесінде нәрселер мен құбылыстардың мәнді, тұрақты белгілерін ой арқылы бейнелей алады. Бұл ретте, тіл адам ойының заттық қабыршағы болып табылады. Адамның ойы әрбір нәрсеніңБұл ретте, тіл адам ойының заттық қабыршағы болып табылады. Адамның ойы әрбір нәрсенің сипаты мен қасиеттерін сөз арқылы ажыратып көрсете алады. Сөйтіп, заттар мен құбылыстарды әр тарапты танып білуге мүмкіндік туады.

Адам тілдік материалдар негізінде ойланады. Өз ой-пікірлерінің жүйесін, нәрселер жайындағы нақты түсініктерін жасайды. Әрбір ойдың ақиқаттығы ой талқысы арқылы қарастырады. Адам ойының жүйелі болып, оның нәрселердің мәнін түсініп білуі сөйлеу арқылы жүзеге асып, өзгелерге жеткізіледі. Адамның ойы тілмен, анық сөйлеумен тығыз байланысты және ойлау осы тілдік материал арқылы өзінің шындығы мен ақиқаттығын бейнелей алады.

Ойлаудың қоғамдық мәні. Ойлаудың тілмен тығыз байланысты болуы және оның қоғамдық мәні адам ойлауы дамуының қоғамдық-тарихи сипатта болатындығын көрсетеді. Адамның дүниетанымы, білімі және өмір тәжірибесінен жинақтаған мағлұматтары ұрпақтан ұрпаққа мұра болып ауысып отырады. Бұл тарихи фактор. Адам ақыл-ойының дамып жетілуі мен білімінің өсуі әрбір ұрпақ жасаған білім қорын меңгеріп, оларды әлеуметтік өмір қажеттіліктерін қанағаттандырып отыруға пайдаланылады. Сөйтіп, тарихи даму адам баласының қоғам өміріндегі қарым-қатынасын нығайтады.

§3. Ойлау процесінің психологиялық

Наши рекомендации