Дұрыс әрекет» құндылығын өзін-өзі тану әдісі ретінде дәлелдеңіз.
Ертеңгі күнді болжау қиын, бірақ бүгінгі күнді пайдалануға болады. Өткен күн – Кеше –тарих Келер күн – Ертең – сыр Ал Бүгінгі күн - Үлкен сый. Төле би «Дұрыс әрекет-мақсатқа жеткізер жолды дұрыс таңдаудан басталады»
Махатма Ганди былай дейді: «Өзімді құрбан етуге негіз көп, алайда, өзгені өлтіруге еш негіз таппадым».
Адам дұрыс жолды таңдай білуі қажет: 1. Дұрыс жол — ақиқатты дұрыс түсіну. 2.Дұрыс шешім—ақиқатқа сәйкес өз өмірін өзгертуге бағытталған ерік-жігер. 3. Дұрыс сөз — өтірік айтпау, біреуді босқа жамандамау, балағат сөз айтпау, 4. Дұрыс іс-әрекет— ешқаңдай тіршілік иесіне жамандық жасамау, ұрлық-қарлықтан қашық болу. 5. Дұрыс тұрмыс қалпы — адал еңбек етуді әдетке айналдыру. 6. Дұрыс күш жұмсау — құмарлықпен, жаман оймен күресу 7. Дұрыс ой бағыты— дүниенің жалған, уақытша екенін түсіну.
ДҰРЫС ӘРЕКЕТКЕ ТӘН ҚАСИЕТТЕР « Әдет-өзінің шынайы болмысын түсінуге негізделген. Қанағат-Тек тілек-қалауын тыйғанда ғана адам еркіндікке қол жеткізеді. Ынтымақтастық-адамдар әр түрлі адамдармен бірге өмір сүруге үйрену үшін оқушылар мектепте тәртіпке, өзара сыйластыққа, ынтымақтастыққа үйренеді. Тәртіп-адам іс-әрекетіндегі жетістігінің негізі. Бұл қасиет баланың бойына сәби кезінен бастап даруы керек. Парыз бен ризашылық-әр адамның өз отбасы, өзі өмір сүретін қоғамы мен елі алдындағы парыздары мен міндеттері бар. Дұрыс ой-адамның Дұрыс әрекетке бастайтын таза және асқақ ойы болуы керек. Дұрыс сөз-тіл-бұл шынайы тәрбиеліктің көрсеткіші. Айқайлап, сауатсыз сөйлеу, ашу мен ызаға толы сөз- адам денсаулығына кері әсер етеді. Дұрыс әрекет - жүректен шығып,сосын сөз ретінде бейнеленетін және іс жүзінде қолданылатын құндылық. Ақиқаттан туындағанның бәрі – дұрыс әрекет. От парызы-жану. Онсыз жай ғана көмір. Қант парызы-оның тәттілігі. Тәттілігі болмаса жау ғана сусымалы зат. Егер біз ар ұятымызға сүйсінбесек онда дұрыс әрекет болмайды. Мұғалімнің дұрыс әрекеті: Біз үшін жүрек тазалығы маңызды. Ең бастысы басқаларды қалай оқытсақ, соған өзіміз лайықты болуымыз керек.
ДҰРЫС ӘРЕКЕТ- қайрат пен табандылық, адалдық, шешім қабылдауда батылдық, ынталылық. Дұрыс мінез-құлық — бұл өз борышын және адамның қоғамдағы мәртебесіне қатысты міндеттемелерді орындауға байланысты мінез-құлық түрі әрі ар-ұяттың ішкі дауысына сәйкес қылықтар.
Сөздеріңді, әрекеттеріңді, ойларыңды, мінезіңді, жүрегіңді қадағала! Дұрыс әрекет – физикалық аспект. Барлық жалпыадамзаттық құндылықтар – бір адамдықтың қыры. Дұрыс әрекет – әрекеттегі Сүйіспеншілік. Жан тыныштығы бар жерде, ішкі тартыстар болған жерде Сүйіспеншілік гүлденеді. Жапырақ, ағаштан үзіліп бара жатып, «Қалықтап жүрген қандай керемет!», - деп ойлайды, оны жерге қонғаннан кейін не күтіп тұрғанын түсінбестен, артынан не боларын кейіннен ғана түсінеді. АҚЫЛ- адамды басқа тіршілік иелерінен ерекшелейтін аса маңызды қасиет Ақылды айға теңеуге болады. Себебі ай өзінен жарық шығармайды. Ол басқалардан қуат алады.
«Әке мен бала» Ы. Алтынсарин Бір адам он бір жасар баласын ертіп, егістіктен жаяу келе жатса, жолда жатқан аттың ескі тағасын көріп бала сына: Балам анау тағаны, ала жүр,-деді. Баласы әкесіне: - Сынып қалған ескі тағаны алап неғылайын –дейді. Әкесі үндемей тағаны өзі иіліп алды да,жүре берді. Қаланың шетіне келгенде темірші ұсталар бар екен,соған жеткен соң, әкесі қайырылып, жанағы тағаны соларға үш тиынға сатады. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан ол үш тиынға бірталай шие сатып алады.Сонымен шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бір –бірден алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре береді.Біраз жер өткен соң. әкесінің қолынан бір шие жерге түседі.Артында келе жатқан баласы тым –ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма –жан жерден алып,аузына салды.
Біраздан соң және бір шие, онан біраз өткен соң және бір шие, сонымен әр жерде бір әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып, баласына шиені орамалымен беріп тұрып баласына: Көрдің бе, бағана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Мұнан былай есіңде болсын: Аз жұмысты қиынсынсаң –көп жұмысқа тап боласың. «Азға қанағат ете білмесең- көптен құр қаласың»-дейді әкесі. Әңгіменің негізгі ойы неде? Баланың әрекеті жайлы не айтасыңдар? Мәтіннің соңғы сөйлемінен нені түйіндеуге болады?
Қорытынды: Дұрыс әрекетке үйретудің мақсаты – рухани-адамгершілік құндылықтарға бағытталған, ойы, сөзі мен ісі бір жерден шығатын, жетілген мінезі бар адамды қалыптастыру. Оқушылардың бойларына рухани адамгершілік қасиеттерін дұрыс әрекет арқылы сіңіре білуіміз қажет. Рухани-адамгершілік сана-сезімі оянған адам ғана мәңгі құндылықтарды уақытша құндылықтардан, шынайылылықты жалғандықтан ажыратып, бақытты болып, өзгелерді бақытты етеді. Дұрыс әрекет жасауға кедергі болатын уақыттың жауларын тауып, оның болдырмауға байланысты. Өміріміз тынышталып, өзімізбен-өзіміз және айналадағы адамдармен қарым-қатынасымыз ізгілікке, сүйіспеншілікке құралатыны сөзсіз. Әр сабақ сайын баланың бойынан құндылықтарды шығара білуіміз керек. Бұнда балалардың бойынан дұрыс әрекетке, риясыз жақсылық жасауға, дұрыс ойлауға, дұрыс сөзйлеуге, парызды орындауға ризашылық алуға, дұрыс шешім жасауға, қанағат етуге, әдеп сақтауға, қарсыласпай, іштей икемделуге үйретіп қана қоймай ізгілікті бойынан шығара білуіміз керек.
Адам мен әлем тұтастығы. Адам, қоғам және табиғаттың өзара әрекеттестігіндегі өзін-өзі танудың маңызын ашып көрсетіңіз.
Бір кезде Құдай адамды жаратты. Бұны Ол ненің құрметіне, не мақсатпен жасады? Неге жеткісі келді? Бәлкім, Ол жалғызсыраған болар, және Оған әңгiмелесушi керек болған шығар, әлде жай қозғалып,тұтынып қана емес, ойланып, толғанып, жаңа бір нәрсе жасап шығаратын қуыршақ керек болды ма екен? Олай болса, Ол оны негізгі ақиқаттан айырып, өзіне ұқсатып жаратқан болар еді. Адам Құдай болмас үшін, Оның орнын басуға тырыспас үшін, Ол адамды барлық нәрседегі ақиқаттан айырар еді. Жаратушы адамға жәннатты сыйлады, ештеңеге зарықпас үшін барлық нәрсені берді. Ал содан кейін, бір керемет шақта, Ол басқа әлемдерді жарату үстінде, адамды ұмытып кетті. Адам қараусыз, өзімен-өзі қалған кезде, қалағанындай өмір сүруді бастады.
Ақиқатты білмегеннен соң, адам қателіктер жасай бастады, олар күннен-күнге арта түсті, және ақыр аяғында Құдайдың жаратқан жәннаты өзінің келбетін жоғалтып, бұрынғы түріне ұқсамай кетті. Бұны түсінген адам өзінің жаратылу себебін, өмірінің мәнін іздей бастады, және Құдайды, Оның ақыл-өсиеттерін, нұсқауларын есіне алды, бірақ бәрібір өзінің қателіктерінің хақ себебін түсіне алмады, Жаратушыға өз зарын естірте алмады, және жәннаттың құлдырау үрдісін тоқтата алмады.
Сол кезде адам жерге түсті. Жер бір ғана адам үшін тым үлкен болды, және адам өзінің көп болатынын шешті. Осылайша, адамзат пайда болды.
Адамзат жер бетіне қоныстана бастады, жерді бөліп, бір-біріне ұқсамас үшін, әртүрлі тілдер, киімдер, түрлі терінің, көздің, шаштың түстерін жаратты, және сайып келгенде мемлекеттер құра бастады.
Басқалардың жері кеңірек, құнарлығы молырақ екенін түсінгенде, адамдарда тартып алып, өзгенікін иемдену тілегі туындады, сол себепті олар өздеріне ұқсастарды жойып жіберу қаруларын жасап үйренді, уақыт өте келе бұл қарулар одан да қорқынышты, одан да мейірімсіз бола түсті.
Бұдан кейін, соғыстар, байлықты мақсат тұтқан соғыстар басталды, өйткені адамға түсініксіздікпен және өмірдің мәні мен ақиқатты танымағандықпен бірген келген сараңдықтың шегі жоқ болып шықт
Осылайша, адам өзінің шексіз адасушылығы мен қателіктерінің нәтижесінде өзі тұратын тозақты жаратты, кеудені өкініш жаулаған минуттарда адамның сол тозақтан құтылып, сытылып шыққысы келеді, бірақ нәпсі мен қажеттілікке ауырлаған күйде надандық пен қараңғылықтың батпағына одан да терең батады.
Кейде, тығырыққа тірелгенде ол Құдайға жалбарынады, алайда көптеген конгломераттарға, конфессиялар мен тілдерге бөлінген дауыс гүбірлеп, анық шықпайды, қарама-қайшылық пен қарсы тұрушылыққа батқан ол дауыс, Жаратушыға естілетін бірыңғай қуатты үндеу тудырмайды.
Не істеу керек? Барлығы қарапайым, ақиқатты өзіңнен табуың керек, Құдайды өзіңнен іздеуің керек, барлығы біртұтас, бөлінбейтін бүтін екенін, Жаратушыны, және жәннатты тек бірге ғана қайтаруға болатынын түсінуің қажет. Тек бір-бірімізге қол созып, бірыңғай хорда мәңгілік құндылықтарды: жақсылық пен әділеттілікті, мейірімділік пен махаббатты, бейбітшілік пен татулықты асқақтатуымыз керек.
Иә, бұл қиын, тіпті еңсерілмейтін жол, дегенмен, біз ол жолмен жүріп өтуге міндеттіміз, себебі басқа жол жоқ.