Когнитивтік ұғымдар. 5 страница
ЕМТИХАН БИЛЕТІ
1.Функционалды грамматиканың зерттелуі. Функ лингвистика – қарым – қатынас үдерісіндегі тілдің қызметін зерттейтін бағыттар мен мектептерді қамтитн лингвистика. Функ. Лингвистика негізін салушы Прага линг. Үйірмесі болып есептеледі. 1926 ж чех ғалымы В. Матезиустың және славист Р.О.Якобсонның басқаруымен Прага лингв үйірмесі құрылған. В.Матезиус, Б.Трика, Й.Коржинек т.б ғалымдар. Одан кейін И.А. Бодуэн де Куртенэ, Ф.де Соссюр, О.Есперен, А.А.Потебня, Л.В Щерба және т.б болды.
Тіл білімінде функ. Лингв.бірнеше бағыттары қалыптасқан. Біріншіден, тіл салаларының жалпы өзін немесе олардың нақты бір бірліктері мен категорияларының қызметін қарастыратын бағытта зерттеулер жатады. Бұл тілдің ішкі лингв тұрғыдан зерттелуі. Қазақ тіл білімінде 20ғ 90 жылдары ғылып Ж.Жақыповтың « Қазақ тілінің функционалды синтаксисі» докторлық диссертациясының алар орны ерекше. Бұл зерттеу қазақ лингв. Тіл құбылыстарының функционалдығын алғаш сөз еткендігімен де құнды.
«Функция» туралы анықтамалардың лингвистикада мағынасының сан алуан түрлерікездеседі. Атап айтқанда «тіл қызметі», «функционалды стиль», «функционалды грамматика»т.б. Функция терминінің қызметі – оның лингвистиканың қайсаласына, қандай тілдің сипатын тануға қолдануға байланысты анықталып отырады. Мысалы, тіл ғылымында тілдің қоғамдық қызметі; тілдің коммуникативті қызметі; тілдіңбайланыс орнатушы қызметі; тілдің эмотивтіқызметі; тілдің аппелятивті қызмет; тілдіңкумулятивтік қызметі; тілдің стилистикалыққызметі; тілдің прагматикалық қызметі; тілдің эстетикалық қызметі деген қолданыстаржиі ұшырасады.Функционалды грамматика адамның ақыл-ойы мен тілдің заңдылықтарын сақтай отырып, айтылған пікірі, әңгімесі, сөзі алуан түрлі семантикалық, прагматикалық категориялық жағдаяттарға тәуелді болады. Функционалды грамматиканың бүгінгі ғылыми теориялық мәселелері, ғылыми нысаны мен жаңаьбағыттары, оның қазақ тіл ғылымында даму сипатының әлеуетін көрсету өзектілігін тағыда айғақтайды. Қазіргі қазақ тілінің функционалды грамматикасының табиғатын толықтану үшін кешенді көп аспектілік зерттеулерайтушының барлық аспектілік қырлары арқылы атап айтқанда, оның қоданысындағытілді таңбалар сырын анықтаумен тығыз байланысты болып келеді. Ә. Хайдар тілдің кумулятивтік қызметін былайша түсіндіреді. «Тілдің халық өмірінде атқаратын қызметі көп-ақ.Солардың бірегейі – ұрпақ пен ұрпақ арасынжалғастыратын, өткен өмір мен бүгінгі болмысымызды, онымен болашақты ұластыратын«алтын көпір» бейнелі қызметі: Халық даналығының ұйытқысы – тілдің бұл қызметін ғылымда «кумулятивтік функциясы» деп атайды(Ә.Хайдар Халық даналығы). Бұл жерде айтакететін нәрсе мақал-мәтел не болмаса басқада тілдік бірліктер қолданыста бір ғана қызмет атқармайды. Қазақ тілінің грамматикасын функционалдық тұрғыдан зерттеу, ғылыми моделін жасау өте күрделі, аумағы зор сала болыпсаналады.Функционалды грамматиканы толық меңгеру үшін тілдің ішкі және сыртқы жүйесінигере отырып, атап айтқанда, парадигмалық,синтагматикалық көп сатылы қызметін, тілдіқолданудың әр түрлі жолын функционалды-семантикалық өрісте анықталатындығын көрсетумен шектеліп қоймайды. Функционалды грамматиканың басты спецификасының артықшылығы мынада: адамдық фактор мен ұғым жәнетанымға негізделуінде, сондай-ақ функционалдығы барлық тіл элементтерінің қоршаған ортаға тығыз байланыста болуымен қарастырылады. Сондықтан функционалды грамматиканың өзіне тән ерекшелігін анықтау үшіy функция терминінің мәнін ашып алу керек. Функция терминінің мәнін ашу тіл -адам қарым-қатынасы деген түсініктен детереңірек қарастыруды қажет етеді. Тілдің атқаратын қызметі оның сөйлеуінен бұрын басталады деп айтылған пікірлердің негізі барекенін функция термині тағы дәлелдеп береді.
Функционалды грамматикадағы негізгі тілдік бірліктердің атқаратын қызметі осы «функция» терминіне тікелей қатысты болып келеді.
Атап айтқанда, тілдік бірліктердің функциясыайтушының тілдік бірліктерді таңдап іріктеуімағынадан формаға қарай алынады, тілдің әртүрлі деңгейдегі бірліктерінің өзара әрекет етуіжинақталып функция атқаруы ортақ функционалды өрісте орындалып жатқаны қарастырылады.Тілдің функциясы ішкі және сыртқы депбөлінеді.
1) Ойлау кезінде түзелетін тілдің грамматикалық функциясы, ойдан бағытталған грамматикалық түзілім. Бұл сыртқы көру деген ішкі қабылдаудан тұрады.
2) Айтушының немесе тыңдаушының тілдіңграмматикалық құрылымдық жүйесін пайдалану әлеуеті. Бұл жерде айтушы мен қабылдаушының жан-жақты қабылдау, сезіну, пайалану сияқты қабілеті мен ерекшеліктерітолық есепке алынып отырылады.Жалпы функционалды грамматикада функцияның атқаратын 2 қызметі бар.
1. Біріншісі әлеуетті функция деп аталады.
2. Екіншісі нәтижелі функция деп аталады.
1. Әлеуетті функция дегеніміз тіл жүйесіндегі әр түрлі деңгейде тілдік бірліктер қызметінің айтушының айтар ойына қарай таңдап алынатын таңбалары болып табылады.
2.Нәтижелі функция дегеніміз айтушының әлеуетті функциясына қатысқан тілдік бірлітердің толық орындалуы болып саналады.
Тілдік бірліктердің функциясы дегенімізсөйлеушінің айтар ойын жеткізуге қажеттімағыналық тілдік бірліктердің өзара ортақсинтагмалық топқа жататындығының айқындалуы, сол бірліктердің өзара мағыналық-тұтастық құрайтындығы мен әлеуетті функцияның нәтижелі функцияға айналуының нақтыайғағы болып табылатындығымен анықталады.
Функционалды грамматика бойынша қарастырылатын тілдік бірліктердің функциясыұғым, таным, логикалық мағынамен біртұтас
жүйеде кешенді функция атқаратынын көрсетеді. Алайда терминдерге қатысты іргелі зерттеулерге қарамастан бұл сала бойынша даулымәселелер әлі талай зерттеулерді қажет етеді.
2. ХХ-ХХІ ғасырлар тоғысындағы жаңа бағыттар. Тілші-ғалым Ж. Манкеева тіл білімінің даму тарихында дәстүрлі үш ғылыми парадигма бар деп есептейді.
Олар:
Салыстырмалы тарихи;
2. жүйелі-құрылымдық;
Антропоөзектік.
Алғашқы салыстырмалы тарихи парадигма ХІХ ғасырдан бастау алады. Бұл кезеңде тілдің салыстырмалы, тарихи ерекшеліктері салыстырмалы-тарихи әдіс негізінде зерттелді. Екінші жүйелі-құрылымдық парадигма ХХ ғасырдың басында дүниеге келді. Бұл кезеңде атауға таңбалық жүйе ретінде көңіл бөлініп, тілдің әртүрлі деңгейіндегі парадигмалық және синтагмалық қатынастар, олардың жүйелік-құрылымдық ерекшеліктері, коммуникативтік қызметі қарастырылды.
ХХІ ғасырда жаңа теориялық-танымдық әдістемеге сәйкес тілдің танымдық, когнитивтік ерекшеліктері зерттеледі. Тілді зерттеудің мүддесін объектіден субъектіге аудару көзделеді. Осы ғасырда дүниеге келген антропоөзектік парадигма тілді құрылымдық, жүйелік парадигмамен сабақтастықта зерттей отырып, тілді тек қарым-қатынас пен ойды білдірудің құралы емес, ұлттың рухани-мәдени коды ретінде қарастырады
Ол антропоөзектік бағыт.Тіл біліміндегі антропоөзектілік қазіргі ғылыми ортада көптен бері аян болып, оның қыры мен сыры жан-жақты талданып келеді. Соңғы жарты ғасырда қарқынды дамып келе жатқан бұл ғылыми бағыттың негізгі ұстанымы – тілді адам болмысымен бірлікте қарастыру. Бүгінгі таңда антропологиялық тіл білімінің негізінде жүзеге асатын, бір-бірімен өзара шарттас, әрі іштей тығыз байланысқан бірқатар ғылыми бағыттар қалыптасты. Атап айтсақ, олар: социолингвистика, этнолингвистика, психолингвистика, лингвомәдениеттаным, когнитивті лингвистика және палеолингвистика. Бұл пәндер басқа ғылым салаларымен қоғамдасып, интеграциялануы нәтижесінде өмірге келіп, экстралингвистиканың (яғни сыртқы лингвистика) аясында қарастырылады.
Ғылым дамып, таным тереңдеген сайын қазақ тіл білімі қол жеткен табыстармен шектеліп қалмай, жаңа ғылыми зерттеулерді біртіндеп меңгеруде. Қазақ тіл білімінде соңғы жылдары тілді жеке адам болмысымен немесе жеке этноспен олардың ойлау өрісімен және ақиқат туралы білімдер жүйесімен сабақтастықта қарауға ерекше көңіл бөлініп отыр. Қазақ тіл білімінің жүйесін қалыптастырудағы когнитивтік модельдердің рөлін көрсету арқылы тіл білімінің ғылыми бейнесі жасалуда.
Бүгінгі таңда лингвистика ғылымының даму тенденциясын айқындайтын бірден-бір принциптердің бірі – тілді антропоөзектік бағытта таныту. Ендеше тілді этноспен, оның ой-санасымен, дүниетанымымен, парасатылығымен, ұлттық мәдениетімен байланыстыра зерттеу арқылы дүниенің тілдік бейнесін жасайды. Антропоөзектік бағыттағы дүниенің тілдік бейнесі жөніндегі мәселе орыс тіл білімінде Б.А.Серебренников, Е.С.Кубрякова, В.И.Постовалова, В.Н.Телия, А.А.Уфимцева, А.Вежбицкая, В.Г.Колшанский, Ю.Д.Караулов, В.Масловалардың және қазақ тіл білімінде Ә.Қайдар, М.Копыленко, Е.Жанпейісов, К.Хұсайын, Н.Уәли, Б.Қалиұлы, Ж.Манкеева, Г.Смағұлова, Ғ.Сағидолда, А.Ислам, Б.Тілеубердиев, Э.Оразалиева, Б.Ақбердиева, Г.Снасапова, Қ.Жаманбаева, Ә.Алмауытова, К.Күркебаев, А.Әмірбекова т.б. ғалымдардың зерттеу нысанына айналған.
Тіл арқылы этностың ұлттық рухани құндылықтары, дүниетанымы, ой жиегі анықталады. Ендеше этнос арқылы тіл құдіреттілігін, ал тілдің байлығын тек этнос арқылы ғана тани аламыз. «Сөзден әдемілеп әңгіме шығару өнері үй салу өнеріне ұқсайды», – деп әсерлі ой айтқан А.Байтұрсынұлы былай дейді: «Адамға дерексіз заттан гөрі деректі зат түсініктірек, жансыз заттың күйінен жанды заттың күйі танысырақ. Сондықтан адам сөйлегенде, сөзі толық түсінікті болу үшін, дерексіз заттарды деректі затша, пернесіз заттарды пернелі затша қалыптайды. Жансыз затты жанды заттай ғаламдайды».
Ғалым А.Исламның пайымдауынша, «Дүниенің тілдік суреті адамның танымдық іс-әрекеті, ұлттық мәдениеті негізінде түзіледі және белгілі бір ұлт қауымдастығының өкілдеріне ортақ. Демек, дүние суреті дегеніміз – концептуалды (логикалық) және тілдік үлгілер формасымен берілетін санамен тікелей байланысты дүние туралы білімдер жиынтығы... Адам қоршаған ортаны ойлау арқылы танып-біледі және ол адам санасында көрініс табады. Адамның шындықты танып-білуі, ой арқылы жүзеге асса, тіл – ойдың бейнелеу қызметінің нәтижесін бекітудің құралы ретінде қызмет етеді» .
Қазiргi таңда лингвистикалық зерттеулер тiл қызметiнiң когнитивтiк аспектiлерiне қарай бағыт алуымен сипатталатыны белгiлi. Бұл бағыттың мақсаты - адамдардың қоршаған ортадан ақпараттар мен мағлұматтар алу, оны бойына сiңiру, жүйелеу және қолдану процестерiне талдау жасау. Қоршаған ортаны тани отырып, адам ол жайлы өзiнiң көзқарасын бақылау, әсер алу, сезiну, есте сақтау, қиялдау, түрлi ассоциациялар жасау және т.б. психикалық iс-әрекеттердiң нәтижелерi негiзiнде қалыптастырады.
Дүниенің тілдік бейнесін жасайтын адам дейтін болсақ, адамның танымы, қарым-қатынасы арқылы тілді танимыз. Ендеше, тіл мен ойлаудың, ұлттық дүниетанымның тоғысуынан туындайтын күрделі құбылыстың бірі – мақал-мәтелдер. Мақал-мәтелдер қазақ халқының өмiр тәжiрибесiнен, тiршiлiк танымынан түйiп түзiлген ерекше лингвомәдени бiрлiктер. Этносының таным үрдісі мен рухани құндылықтарды қабылдау, зерделеу, пайымдау, тұжырымдау өрісі мақал-мәтелдерде кең көрініс тапқан.
Академик Ә.Қайдар «кез келген этностың (бүгінгі ұлыстың, халықтың не ұлттың) тілінде оның басынан өткен бүкіл өмірінің өрнегі жатыр. Халықтың, яғни этностың шын мәніндегі болмысы мен дүниетанымы оның тілінде ғана сақталады. Әрбір дәуірде өмірде қажет болған құрал-сайманның, қару-жарақтың, киер киім мен ішер тамақтың, тұрмыстық заттар мен салт-санаға, әдет-ғұрып, наным-сенімге, ойын-күлкі, той-томалаққа байланысты ұғымдардың аты-жөні, сыр-сипаты т.б. тек тіл фактілері ретінде ғана, яғни тілдегі сөздер мен сөз тіркестері, фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер, аңыз-ертегілер арқылы ғана бізге жетуі мүмкін» деп пайымдаған. Демек, мақал-мәтелдер – қазақ тілі сөз қорының ғасырлар бойы қалыптасқан тұрақты да құрамды бөлігі ғана емес, сонымен қатар ұлттық дүниетанымымыз бен менталитетіміздің тілдегі ең бір жарқын көрінісі.
3. Қазақ тіл біліміндегі аталым теориясының онтологиялық және гносеологиялық мәселелері. Атау теориясы – (номинация теориясы) табиғаттағы заттар мен құбылыстың аталу себебін түсіндіреді. Онтология (грекше ontos –болмыс) әлемдегі заттардың фундаменталды мәні табиғатын айқындаумен айналысады. Жалпылық негізін, болмыс принциптерін, оның құрылымы мен заңдылықтарын қарастырады. Атау онтологиясы заттың не құбылыстың атауының денотаты, яғни атау арқылы таңбаланатын бүкіл заттардың қасиеті мен белгілерін қарастырады.Атау арқылы адам бейнесі тілде таңбаланады. Аталым теориясының лингвистикалық мәні, яғни кез-келген атау қалай болса, солай атала алмайтындығы, әрбір атауға лайық ішкі ұғымына сай сәйкестене, сол атаудың жалпы қасиетін анықтайтындай, мәлімет беретіндей болып қалыптасады. Атаудың жасалуы үштік жүйеден тұрады: 1. Аталатын шындық болмыс (денотаттық мағына); 2. Таңбалардың гносеологиялық бейнесі- танымдық бейне (сигнификаттық өріс), 3. Мәні-атау (таңбалау, үлгілеу) .Көне жазба ескерткіштер тілінде кездесетін бірнеше күрделі атаудың мағыналық ерекшелігіне келсек: el begi-лауазым, el toru-үкімет, el tuzтайпалық деген мағына. Бүгінгі таңда елбасы, елағасы, елорда, елтаңба сөздері осы сөздердің үлгісін алған аталымдар күрделі термин дәрежесіне жеткен сөздер.
Аталым теориясытабиғаттағы заттар мен құбылыстардың аталу себебін түсіндіреді. Атау теориясы табиғаттағы заттар мен құбылыстардың аталу себебін түсіндіреді. Номинация термині латынның “nomіnatіo” (атау) сөзіне негізделген. Сөз адам танымының бейнелеуіш қызметінің нәтижелерін де таңбалайды. Адам баласының әлем бейнесінің белгісі мен қасиетін тануы үнемі және бірте-бірте болатын ұзақ процесс. Осы процестің өн бойында белгілі зат не құбылыстың әртүрлі ерекше белгілері танылады да, әртүрлі мағыналы атаулар жасалады. Осыған сәйкес есімдердің синонимдік, антонимдік, көпмағыналылық жүйесі қалыптасады. Атау процесі болмыстың, ұғымның, есімнің арасындағы қатынас арқылы айқындалады. Бұл қатынасты ғылым тілінде кейде семантикалық үшбұрыш деп те атайды. Есім белгілі мағынамен мәнге негізделген дыбыстық қатардан тұратын тілдік танымдағы атау сөз. Ұғым – есімнің мәні, яғни атаудың категориялық-тілдікбелгілерінің жиынтығыБолмыс - атау арқылы таңбаланған бүкіл заттар мен құбылыстардың қасиеттері мен белгілерінің жиынтығы Айталық, бір ғана уақыт атты семалық өрісте жақын ұғымдарды білдіретін шақ, мезгіл, уақыт, сәт, мезет, мерзім, кез, кезең, дәуір, заман, көзді ашып жұмғанша, қас-қағымда, әп-сәтте, қас қаққанша, сүт пісірім уақыт, бір ет асым уақыт, қас пен көздің арасында, кірпік қаққанша т.б. атаулар уақыттың әртүрлі деңгейі мен шегін айқындау үшін қолданылады. Осы атаулар уақыттың белгілі бір ерекше белгісін таңбалау арқылы танымда пайда болып, тілдік қажетттіліктің нәтижесінде әртүрлі мәнде жұмсалады. Жеке ұғым білдіргендіктен, атау ретінде танылады.
Гносеология-адамның табиғатын, нақты білімге қатынасын, оның мәдениет пен коммуникация жүйесіндегі өмір сүру шартын, ақиқат білімге жетудің заңдылықтары мен тәсілдерін оқытады. Гносеология адамның дүниені танып білу қабілетін, танымның негізгі заңдылықтарын, әдістерін, жолдарын зерт.
ЕМТИХАН БИЛЕТІ
1. Қазақ тілтаным ғылымының қалыптасу кезеңдері.Қоғам мен ғылымның қазіргі уақыт сұранысына сәйкес дамуы лингвистика ғылымына өзіндік ықпал етіп, тіл білімінде жаңа ғылыми бағыттар мен көптеген тоғыспалы ғылыми пәндерді дүниеге әкелуде. Тіл білімінің когнитология ғылымымен тоғысуы когнитивтік лингвистика ғылымын дүниеге келуіне себеп болды. Когнитивтік лингвистика саласындағы негізгі бағыт тіл мен адам санасын, тіл мен таным жүйесін біртұтас жүйе тұрғысынан қарастыру болып табылады. Когнитивтік лингвистика дегеніміз – танымдық құрылымдардың лингвистикалық сәйкестіктері мен мүмкіндіктерін анықтау, белгілі бір тілдік жағдайды қойылатын мақсатқа, әсер етуші себеп-салдарға орай әр түрлі тілдік құралдар арқылы сипаттау, олардың әркелкі деңгейде қабылдану өзгешелігін зерделеу. Когнитивтік лингвистика – тілді жалпы танымдық механизм ретінде қарастыратын бағыт [1]. Мұнда тілді философиялық, логикалық және танымдық қағидалармен өзара біртұтастықта қарастырады. Е.С.Кубрякованың анықтамасы бойынша, когнитивтік (лат. когнито білім, түсінік) тіл білімі дегеніміз: «Лингвистическое направление, в центре внимания которого находится язык как общий когнитивный механизм, как когнитивный инструмент – система знаков, играющих роль в репрезентации (кодировании) трансформировании информации» [2, 53]. Демек, когнитивтік тіл білімі табиғи тілдің игерілу, қолданылу механизмін түсіндіруді және ақпараттық білім алудың негізі болып табылатын тілдік модельді жасауды мақсат етеді.
Ғылым үздіксіз дамып толығып отыратын күрделі үдеріс болғандықтан, қазақ тіл білімінің әлі де түпкілікті зерттеуді қажет ететін салалары мен мәселелері баршылық. Сол салалардың бірі – когнитивтік лингвистика мәселелері. Когнитивті лингвистика ғылымына қатысты айтылатын «когнитология», «когнитив» терминдерін қазақ тілінде «таным» термині арқылы беріліп жүр. Танымды танымдық ғылым немесе тілдің танымдық сипатын зерттеуші антропоцентристік бағыттағы тіл біліімінің үлкен бір саласы деп атауға болады. Когнитивтік лингвистика – тілдің танымдық табиғи болмысын зерттейтін ғылым және бұл – бүгінгі күні ғылыми айналымда жүрген танымдық тіл білімінің термині. Таным дегеніміз адамның ішкі мүмкіндіктерін сыртқы әсер етуші күштермен байланыстыратын, оның қоршаған әлеммен тұтасқан болмысын сипаттауға мүмкіндік беретін және аралық қатынасты табиғи заңдылық ретінде немесе заттар мен құбылыстардың өзара әсер етуінің салдары деп дәйектейтін маңызды ұғымдардың бірі болып табылады. Танымның негізгі мақсаты – ғаламдағы құбылыстардың ішкі және сыртқы табиғатын адам санасы мен таным білігі жеткенше жетік меңгеру, соны суреттеу және оның қорытындысы ретінде адам баласы іс-әрекеттерінде, көрген, білген, түйсінген, таныған дүниесін өмірде өз қажетіне жарату. Ал когнитивтік лингвистиканың теориялық ұстанымдары осы танымдық элементтердің адам санасында жүзеге асу, қызмет ету өзгешеліктерін зерттеуге айтарлықтай үлес қосты.
Когнитивтік терминдер сөздігінде когнитивтік лингвистикаға мынадай анықтама беріледі: «Когнитивная лингвистика – это «лингвистическое направление, в центревнимания которого находится язык как общий когнитивный механизм, каккогнитивный инструмент-система знаков, играющих роль в репрезинтаций(кодировании) и трансформировании информации». Яғни, аталмыш ғылым саласы – әлемді, қоршаған ортаны тіл арқылы танудың басты құралы. Жай ғана таным арқылы объективті дүниені тану танымның төменгі сатысын құраса, оны (қоршаған ортаны) тіл арқылы тану танымның жоғарғы сатысын құрайды. Осыдан әлемнің, белгілі бір ұлттың тілдік бейнесі келіп шығады. Мысалы, бесік жай таным бойынша ағаштан жасалған, баланы тербетуге арналған құрал болса, оны тіл арқылы тану сол бесік негізінде санада сіңірілген қазақ халқының танымы, білімі, тәжірибесі болып табылады («тал бесік», «жер бесік», «ел болам десең бесігіңді түзе» т.с.с.).
Соңғы уақытта шыққан қазақ тіл білімі мен жалпы тіл біліміне қатысты терминдердің басын біріктірген үлкен еңбектердің бірі профессор Ғ.Қалиевтің: «Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігінде» адам танымын, танымдық механизмдерін, тіл мен танымның бірлестігін зерттейтін когнитивтік лингвистика ғылымына мынадай анықтама беріледі: «Когнитивтік тіл білімі орыс. – когнитивная лингвистика (лат. cognitіo білім, түсінік) – табиғи тілді сана әрекетінің көрінісі, ойдың тікелей шындығы ретінде зерттейтін тіл білімінің саласы. Когнитивтік тіл білімі табиғи тілдің игерілу, қолданылу механизімін түсіндіруді және соған лайық оның моделін жасауды мақсат етеді. Ол үшін ниет, ес, еске сақтау, түсінік, жоспарлау, басқару сияқты сөйлеуге қатысты тілдік, психологиялық, физиологиялық т.б. ақпараттардың басын біріктіретін когнитивтік категориялар пайдаланылады. Когнитивтік тіл білімі тілдің көмегімен ақпараттың берілу, сақталу тэсілдері мен құрылымы жайында түсінікті кеңейтеді және машиналық аударма, ақпараттық-ізденіс, есептеу жүйесімен т.б. байланысты бірқатар қолданбалы міндеттерді шешуге мүмкіндік береді» – деген анықтама береді.
Алғаш «когнитивтік лингвистика» деген термин 80-ші жылдары М.Бирвиштің еңбегінде сөз болған. Дегенмен, тілдік құбылысты когнитивтік тұрғыдан зерттеу 60-70-жылдары амеркандық Хомский, Лакофф, Коок т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылады.Сонымен қатар когнитивтік тіл білімінің жаңа бағыт ретінде зерттелуінде В.Гумбольдт, Э.Кассирер, Л.Витгенштейн, Дж. Миллер, Ф.де Соссюр, Бодуэн де Куртенэ, Э.Сепир, Б.Уорф т.б. ғалымдардың ықпалы күшті болды.Орыс тіл білімінде когнитивтік лингвистиканың өзекті мәселелері Ю.А.Сорокин, Е.С.Яковлева, Е.С.Кубрякова, В.Н.Телия, А. Вежбицкая, А.П.Бабушкин, С.А.Аскольдов, А.Н.Баранов, Д.О.Добровольский, И.Д.Арутюнова, Н.Н.Болдырев, Э.Д.Попова, И.А.Стернин, Ю.Н.Караулов, В.А.Маслова сияқты зерттеушілердің еңбектерінен көpiнic табады. Аталған ғалымдардың зерттеу еңбектерінде когнитология ғылымының нысаны, бағыт-бағдары, зерттелуі негізгі ұғымдары сөз етіледі.