Ойынды моделдеудегі басқарушылық кәсіби сапаларының дамуын басқару.
Ойынды модельдеуді басқарудың технологиялық формалары. Ойын топтары мен барлық ойын механизмдерін ойын техникалық басқару үрдісінің аса қиындығына байланысты ойын техникасының жұмысының үлгісіне, олардың имитациясына және жағдаяттардың модификациясына сүйену жемісті басқаруға минималды жеткіліксіз болып келеді. Ұйымдастырушылық-әрекеттік ойындардың үрдістерінің барлық кешені рефлексивті алдын-ала анықталумен қаныққандықтан, ойынды басқару және ойын техниктерінің әрекетінің үйлесімділігі туралы сұрақтар техникалық ойын рефлексиясына шығарылады. Ол ойынның әрбір фазасының соңында және оған дайындық, жобаны және стратегияны жасау барысында жүзеге асады. Топты және тұтас ойынды басқарудың әрбір қадамындағы жақын әрекеттердің жағдаяттық келісімнің тікелей формасы және эмпирикалық жолы, сонымен қатар нақты бағдарларды болжау тұтастай өзін ақтамайды. Қиын нұсқадағы ойынның шынайы барысын эмпирикалық жүйелеу және бұл жүйелерді басқару әрекеттерінің мазмұнын локальды анықтағанға дейін қолдану ойын тапсырмаларын және проблемаларын шешу үшін қажет күштердің мазмұнының жоғалуы мүмкін болғандықтан пайдасы шектеулі.
Ұйымдастырудың үйреншікті үрдістік стереотиптерін және амал-тәсілдерін қолдануының шектеулігінің бастапқы себебі, бұл ойын түрі әрекеттің және қабілеттердің дамуын басқаруды қарастыратындығы. Сонымен қоса, даму сапалы өтуіне, механизмдердің барлық түрлерінің деңгейінің ауысуына, потенциалды сипаттамалардың орын ауыстыруына сүйенеді. Сондықтан ойындағы басқарушылық әсер ету терең, мазмұнды бағдарларға сүйенуі керек.
Техникалық ойындар рефлексиясында әрбір кезең, фаза шегінде және қажеттілік бойынша кез келген басқарушылық шешім талқыланатын, зерттелетін, сыналатын, жоспарланатын әрекеттердің мазмұнды көрінісіне сүйенеді. Ойын технигі және макро ойын технигі ойынның тұтастығы, оның фазалары мен кезеңдері туралы концептуалды-түсінікті көзқарасты негізге алады. Оның мазмұны жүйелік бейне түрінде көрінетіндіктен жүйенің абстрактілі, бірақ нақты көрсетілген мазмұнының локальды бөлігін қамти отырып, алдағы әрекеттер туралы типологиялық сұрақтарға жауап беру мүмкіндігі пайда болады. Өзін-өзі басқарудың бұл формасы ойын үрдісін басқарудың технологиялық формасының бастапқы негізі ретінде көрінеді. Ойын технигі ойынның фазалары, кезеңдері туралы, өзінің ойындағы, ой әрекетінің кеңістігіндегі орны туралы түсінікті, сыни көзқарастардың негізінде сұрақ енгізеді. Бұл сұрақтардың жауабын ол алдымен жалпы түрде сол жүйенің материалынан, кейін оны шынайы шарттарды жүргізуіне тәуелді нақтылайды. Егер ойын технигі концептуалды және концептуалды-техникалық жүйелердің минималды жиынтығын меңгермеген болса, онда ол макротехник бекіткен қозғалыстың жалпы бағыты саналы түрде ұстап тұра алмайды. Жас ойын технигі үшін топтағы және ойындағы жағдайларды бақылаудың алуан түрлілігін және техникалық ойын рефлексиясына енгізілетін жайттардың көптеген сипаттамаларын саналы ескерумен байланысты жұмсалған күштер маңызды болып келеді. Бұл мазмұнның барлығы ойынның нақты фазасында, кезеңінде және т.с.с. талап етілетін жалпы қозғалысқа сәйкес келу бағытындағы ойыншының әрекетін алдын ала болжау талданады.
Ойынды моделдеудегі басқарушылық кәсіби сапаларының дамуын басқару. Кез келген дамытушы, ұйымдастырушы-әрекеттік ойындар ойынға қатысушының өзекті және талап етілетін қабілеттерге сәйкес келмеуіне байланысты принципті қиындықтың түрінің пайда болмауынсыз өтуі мүмкін емес. Сәйкес келмеудің туындауының бастапқы шарты жаңа және «әл жетпейтін» тапсырмаларды шешу болып табылады. Себебі ойынға тапсырыс беруші көбіне проблемалық жағдайлар туындаған ұйымдастырушылық құрылымдар. Шешім қабылдайтын адамның санасында «заңды статустары» дамыту жағдайларын иемденумен бірге проблемалық жағдайлардың, дамуды болжаудың және оны жобалаудың мүмкіндігінің ролі артады.
Дәріс 14
Тақырып: Бағдарламалық-мақсатты бағыттағы акмеологиялық тренингтер
Дәрістің мазмұны