Кәсіби таңдау мен кәсіби бағытталудағы психодиагностика.
Кәсіп, мамандық – арнайы дайындықты қажет ететін еңбек іс-әрекеті. Сондықтан, педагогикалық іс-әрекет - әрі кәсіби, әрі кәсіби емес болып бөлінеді.
Жалпы білім беретін мектептерде оқушыларға кәсіптік бағдар беру, олардың экономикалық ой-өрісінің қалыптасуына, еңбектің жетілдірген жаңа тәжірибелерін игеруге ықпал етеді.
Мамандық таңдауға кәсіптік бағдар беруде әрбір оқушының психофизиологиялық, жеке қасиеттері, мамандық таңдаудағы басты себептері назардан тыс, қалмауы керек. Кәсіптік білім беру жүйесінде жоспарлы кәсіби бағдар беру ісін дұрыс ұйымдастырғанда ғана инженер педагог-психолог жұмысын жеңілдетіп, көптеген тәрбие мәселелерін ұтымды шеше алады.
К.Өстеміровтің кәсіптік бағдар берудегі айтқан пікірі бойынша кәсіби бағдар беру-жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы таңдап алуға дайындауға бағытталған мектеп мұғалімдерінің, технологтардың, дәрігерлердің, педагог-психологтардың, отбасының, еңбек ұжымдарының бірлескен іс-әрекеті. Кәсіби бағдар беру оқушыларды мамандықтар әлемінде, олардың мазмұны, ерекшеліктері, жеке тұлғаға қоятын талаптарын өз бойындағы қасиеттерімен ұштастырып, өндіріс, шаруашылық салаларының даму міндеттеріне, оның нарықтық экономика жағдайындағы рөліне сай саналы таңдалып алынған мамандыққа мүдделілігін тәрбиелеуді қажет етеді. Кәсіби бағдар беру жүйесі қазіргі таңдажастарды өз бетінше кәсіп үйренуде ғылыми-теориялық және практикалық қабілеттерін, ел экономикасындағы қажеттілікпен ұштастыру болып табылады.
Кәсіби бағыттың негізгі жүргізу принциптері-нақтылық (ғылыми жұмыстарды даярлағанда информация жүргізіледі), оптималдық және эффектілік (экономикалық, әлеуметтік, моральдық жағдайларда қалыптасады), кері байланысты (белгілі бір мәселелерді жүргізуде салыстырылатын байқау), жүйелік (жүйелі түрде объекті мен субъектінің арасын қарау), комплекстік бақылау, иерархистік (бірнеше сатылы жүйеде болады, ол мынадай элементтерге бөлінеді: алдыңғысы соңғысын бақылайды), интеграция (оқушының эмоциялық сферасы), ғылыми, территория-салалы (мемлекеттің бақылауымен жүргізіледі).
Кәсіби бағыттың функциялары: әлеуметтік функция, экономикалық фнукция, медико-физиологиялық функция.
Кәсіби бағыттың жүргізудің объектісі І-ХІ сынып оқушылары. Мектепте кәсіби бағыт мынадай компетенттерден байқалады: кәсіптік даму, оқушылардың ынтасы, кәсіптік консультация, кәсіби адаптация. Осы жүйеліктер өзіндік міндет атқарады.
Жоғарғы сынып оқушылары өздігінен өмір сүру жолында тұр. Божович Л.С. айтқандай осы мәселе жаңа әлеуметтік жағдайлардың дамуына ықпал етеді.
Кәсіби бағдар мақсаты жас ұрпақты саналы түрде мамандық таңдауға дайындау, үйрету екендігі белгілі. Ол үшін мынадай нәрселер қажет:
· Оқушылардың бойында ішкі психологиялық-әлеуметтік мәнділікті реттейтін қызмет түрлерін тәрбиелеу.
· Түрлі еңбек қызметтері мен сыйластық қатынастарын тәрбиелеу.
· Кәсіпті өз бетінше, саналы түрде жеке қасиеттерін есепке ала отырып орындау бағытын жеңілдетіп, тәрбиелеу.
Кәсіби бағдар берудің негізгі компоненттері:
· Кәсіби бағдар беруді ақпараттандыру.
· Қоғамдық пайдалы өнімді еңбекке жас кезінен бастап үйрету;
· Кәсіби бағдарға арналған кеңестер беру.
· Кәсіптік бейімделу.
Кәсіби бағдар беруді ақпараттандыру -оқушыларға түрлі еңбек қызметтері мен кәсіп ерекшеліктері олардың нарық жағдайы мен әлемдік өркениеттегі даму бағыттарымен, ел, аймақ экономикасына тигізетін әсері, рөлі туралы мәліметтер беру.
Кәсіби бағдар беруге арналған кеңестер-мұндағы басты нәрсе-кәсіп таңдауда негізгі қоғамдық және идеялық сананы қалыптастыру. Оқушылардың жеке қасиеттері кәсіп талаптарына сай келуі қажет. Мұндай кеңестерге қазіргі оқып жүрген жастардың тең жартысы зәру
· Өз бетінше мамандық таңдай алмаған оқушылар.
· Мамандық таңдауда ата-аналарымен келісе алмаған жастар.
· Өзі таңдаған мамандықтың дұрыстығына көз жеткізгісі
· келген жасөспірімдер.
· Тәртібі нашар,толқу үстінде жүрген жеткіншектер.
· Кәсіби бағдарға ұсыныс беру түрі:
· Ақпаратты-анықтамалық.
· Психологиялық-педагогикалық.
· Медициналық тұрғыдан.
Кәсіби бейімделу-өзі таңдап алған мамандыққа бейімділігін оқу кезінде сақтап, дамытып өндірістік салада істеп жүргенде біліктілігін көтеру, шеберлігін арттыру.Бұл қасиеттер:
· Кәсіпке қызығушылығына;
· Еңбек мазмұнына;
· Отбасы әсеріне;
· Қызмет ортасына байланысты болады.
Кәсіби бағдар берудің мақсат мүддесі тек кәсіби бағдар дамыған теориямен әдісіне сүйенгенде ғана толық қанды іске асады. Бұл әрине кездейсоқ емес себебі теория мен әдістеме түсініктер, идеялар, көзқарастар, әдіс және принциптер тексеріледі, ал бұлар практикалық жұмыстың алға басуына көмектеседі.
«Кәсіби бағдар» түсінігі барлығына түсінікті сияқты, яғни ол-оқушылардың мамандық таңдау бағдары. Дәл осы сияқты анықтамаларды, әдістемелерді құралдарда да береді, мұнда кәсіби бағдарды жастарға мамандық таңдауда берілетен көмек ретінде қарастырыды. Сондай-ақ кәсіби бағдар ретінде адамның үлкен өмірге қадам басып мамандық таңдауын немесе кәсіби бағдарды дамыту мақсатындағы тәрбие жұмысының жүйесін түсінеді.
Осылайша бұл түсініктің анықтамалары өте көп және олар кәсіби бағдардың дамуының жолында пайда болған. Себебі уақыт ағымында қажеттілік өзгеріп отырды, сонымен қатар мазмұнымен түсінікте өзгерді. Бұл әрине заңды құбылыс.
Көптеген ғылыми түсініктер сияқты “кәсіби бағдар” түсінігі деп тұрақты, өзгеріссіз болып қала алмайды. Ол қоғамның кәсіби бағдар туралы түсінігіне, мақсатына, әдісіне қарай өзгеріп отырады. Бұл түсініктің өзгеріске ұшырап отыруындағы берілген анықтамалардан көрінеді. Әр анықтама кәсіби бағдардың әртүрлі аспектісін қамтиды, яғни теориялық немесе практикалық даму дәрежесін көрсетеді, педагогика позициясынан қарастырады, басқару теориясы т.б.
Сондықтан кәсіби бағдарға бір жалпы анықтама беру үшін алдымен негізгі үш қараушысын анықтайық, яғни: «іс-әрекет», «мамандық», «бағыт».
Іс-әрекетті философиялық энциклопедиялық сөздікте адамның қоршаған әлемге қатынасы, деп қарастырады. «Кәсіби бағдар» түсінігіне «іс-әрекет» категориясының енгізілуі кәсіби бағдарды тек практика жүзінде ғана емес, сондай-ақ теория жүзінде қарастыруға мүмкіндік береді, яғни пәнаралық ғылыми бағдар ретінде.
Практикалық іс-әрекет ретінде пайда бола отырып кәсіби бағдар теориялық толығады, бұл дегеніміз кәсіби бағдарды теориялық және практикалық іс-әрекет бірлігі ретінде қарастыруға әкеледі.
Атақты ғалым, академик С.Г.Струмилиннің көз-қарасында туыстас мамандықтар ортақ топқа бірігуіне болады, мысалы металистер, ағаш өңдеушілер, музыканттар. Оның ойынша кейбір мамандықтар мамандандыруға бөлінеді. Мамандандыру мамандыққа қарағанда нақты түсінік, ол дгеніміз белгілі бір адамның еңбек іс-әрекетін анықтайды.
«Бағыт» түсінігі бір қатар ғылымда қолданылады. Мысалы геометрияда-түзудің, қисықтың, кеңістіктің бағыты, химияда-молеккула бағыты. Сондай-ақ бұл ұғым астрономия, география, типографияда да қолданылады. Осылайша бұл ғылымдардың барлығында да «бағыт» түсінігін белгілі бір бағытты, мекен-жайды анықтаумен байланысты. Энциклопедияда бағдарды тура және тура мағынасында анықталады. Тура мағынасы-қоршаған ортада шешімін табу, жалпы-ғылыми қоғамдық және басқа да бір іс-әрекеттің белгілі бір жаққа бағыттау.
«Бағыт» түсінігіне қандай анықтама берілседе оның барлығы да негізгі бағдарды таңдау іс-әрекетімен байланысты, қарастырылып отырған жағдайда мамандық таңдау бойынша.
Егер жасөспірім мамандық әлемінде бағдар іздеуге әрекеттенсе және белгілі бір мамандық оның өмірлік ұмтылыстарына сәйкестігін анықтауға тырысса онда бұл жағдайда оның мамандыққа бағдары туралы айтқанымыз жөн болады. Ал егер оған және қоғамға сәйкес мамандық таңдау мақсатында ол педагогикалық немесе басқа да бір әсер обьектісі болса, онда оны мамандыққа бағыттау деп қарастыруға болады.
Кәсіби бағдар туралы жалпы түсініктің жоқтығының басқа да себептерін көрсетуге болады. Мысалы, оны комплексті мәселе десек, оның анықтамалары әртүрлі болуы әбден мүмкін. Егер кәсіби бағдарды педагогикалық практика тұрғысында қарастырсақ, онда бұл көз-қарас бірдей және негізгі кәсіби бағдар берудегі педагогикалық образ болып қалыптасады.
Ал егер бұл процессті психология ғылымы тұрғысында қарастырсақ, онда бірінші орынға психологиялық түсініктер мен концепсиялар шығады, олар таңдаудың ерекшеліктеріне түсінік береді.
Осы тұрғыда кәсіби бағдар психологиялық процессті қалыптастырады, және ол екі жақты өзара байланыстан тұрады:
а) Оқушының өзіндік кәсіби таңдауы туралы шешімін қабылдауы;
б) Оқушының психикасына кәсіби таңдауды қалыптастыру мақсатында әсер ету, яғни тұлғаның қызығушылығына, икемділігіне, сәйкес сондай-ақ қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыратын мамандықты таңдауға итермелеу.
Сондай-ақ кәсіби бағдарды әлеуметтік тұрғыда қарастырсақ, бұл жағдайда жастардың әлеуметтік бағытының бір бөлігі болып табылады. Сәйкесінше мамандық таңдауда, жалпы өмірлік бағдарының, қоғамының әлеуметтік құрылымынан орын алуының бір бөлігі ретінде қарастырылады. Осыдан барып пәнаралық байланыс қажеттілігі туындайды, яғни кәсіби бағдар түсінігі турасында да сондай-ақ жастарға мамандық таңдау бағдарының практикалық жұмысында да. Кәсіби бағдар турасында жоғарыда берілген түсініктер келесі анықтамаға тіреледі.
Кәсіби бағдар дегеніміз-жастарды жеке қызығушылығы мен икемділігін, сондай-ақ қоғамның әртүрлі мамандықтарға деген сұраныстарын, әртүрлі квалификациялық дәрежесін ескере отырып мамандық таңдауға дайындау. Ол практикалық іс-әрекетпен дамушы пәнаралық байланыс бірлігі ретінде қарастырылады және тек оқушылардың оқу-тәрбие процессінде ғана іске аспайды. Мұнда теория негізгі мәнге ие, себебі мұнда туындайтын идеялар кейіннен практикалық жұмысты ғылыми-практикалыққа әкеледі. Теорияның қалыптасуына көптеген жылдар жүргізілген зерттеулер, бақылаулар қажет болады, бұлар кәсіби бағдардың практикалық дамуына себепкер болады.
Практикалық жағы мемлекеттік және қоғамдық ұжымдардың, өндірістің, мектептің және жанұяның тұлғаның қызығушылығын ескеріп кәсіби және әлеуметтік дамуындағы іс-әрекеті деп қарастырамыз.
Кәсіби бағдар теориясын келесі анықтама беруге болады: кәсіби бағдардың эффективті пайда болуындағы көз-қарастар комплексі, идеялар мен түсініктер жиынтығы. Бұл қарапайым және жалпы анықтама теория әлемі туралы түсінік бергенімен ғылыми тұрғыда жеткіліксіз. Келесі анықтаманы нақтырақ деп көрсетсек болады: кәсіби бағдар теориясы-бұл ғылыми білімді ұйымдастыру формасы, ол екі процесс-жастардың кәсіби өзін-өзі анықтауымен және жастарды кадр жеткіліксіздігі бойынша мамандықтарға бағыттаудан тұрады.
Оқушылардың кәсіби бағдар теориясының негізгі компоненттерін қарастырайық: принцип заңдылығы, факты. Кәсіби бағдарда ғылыми әдіс көмегімен алынған нақты фактілер өте аз. Сондықтан негізгі мақсаттардың бірі-жаңа фактілер жинау және оларға дұрыс интерпретация беру. Бұл тек жаңа фактілерді іздеу де бір немесе бірнеше гипотезаға жүгінгенде мүмкін болады. Мысалы, барлық аймақтарда белгілі бір мамандық таңдауға өзіндік факторлары туралы гипотеза зерттеу әдістерінің пайда болуына көмектеседі.
Кәсіби бағдар психологиясының негізгі компоненті-белгілі бір заңдылықтар. Оларды іздеу ғылыми іс-әрекетінің жалпы мақсаты. Заңдылықтарды тану-ғылыми зерттеулер негізі болып табылады. Әр теорияның даму дәрежесі оның құрылымы мен принципінің сапасымен анықталады. Кәсіби бағдар принціпінің қалыптасуына аз көңіл бөлінбейді. Бірақ кәсіби бағдар прициптерінің жүйесін жасау аяқталды деп айта алмаймыз барлық сұраныстарды қанағаттандыратын, қарама-қайшылықсыз жүйені құру үшін әлі көп жұмыс жасау керек.
Кәсіби бағдар іс-әректінің обьектісі адамның өзін-өзі анықтауының кәсіби-әлеуметтік процессі болғандықтан, ең бірінші жастар мамандық таңдауда және қоғамда өзінің орнын табуда сүйенетін принциптер тобын құру қажет.
Мамандық таңдаудағы ақыл-ой принципі өзінің таңдауымен еңбек етудегі жеке басының қажеттілігін ғана қанағаттандыру емес, сонымен қатар қоғамға неғұрлым көбірек пайда әкелу. Бірінші орында халық шаруашылығында қажетті мамандықтарды таңдау, қазіргі таңды тұлғаның ақыл-ойының дамығандығының бір көрсеткіші болып табылады.
Таңдалған мамандықтың қызығушылығына, икемділігіне, тұлғаның қабілеттілігіне, сонымен қатар қоғамдағы кадр қажеттілігіне сәйкестік принципі мамандық таңдаудағы өзіндік және қоғамдық аспектілер арасындағы байланысты көрсетеді. Қоғаммен санаспай тек өзіндік қызығушылығымен мамандық таңдауға болмайды. Тұлғалық және қоғамдық қажеттіліктерінің сәйкестік принциптерінің бұзылуы кәсіби кадр структурасында тепе-теңсіздікке әкеледі.
Мамандық таңдаудағы белсенділік принципі тұлғаның кәсіби өзін-өзі анықтау процессіндегі іс-әрекетін сипаттайды. Мамандықты тұлғаның өзі белсенді түрде іздеуі қажет. Мұнда шешуші рөлді оқушылардың еңбек және кәсіби дайындығының дәрежесімен ата-аналарының кеңесі, олардың тәжірибесі т.с.с. алады.
Осы топтағы соңғы принцип даму принципі болып табылады. Бұл принциптің мамандық таңдау идеясына ол болашақта квалификациясын көтеретін, тәжірибесі мен кәсіби шыңдалысына сәйкес жоғарылайық, қоғамдық жұмыстарға белсенді араласу, баспана, демалыс т.б. мәдени шараларды қанғаттандыруға тіреледі.
Кәсіби бағдарға сондай-ақ жаппы педагогикалық прициптермен тығыз байланысты принциптер тобы бар. Олар келесі принциптер:
Кәсіби бағдардың өмірмен, еңбекпен, қоғаммен байланысты принципі. Мұнда жастарға болашақ мамандық таңдауға халық шаруашылығына қажетті білімді мамандар кадрін дайындауға көмектесу көзделеді.
Кәсіби бағдар оқушылардың еңбекке дайындығына байланысты принципі. Мұнда еңбекке баулу, білім алу, политехникалық білім алу көзделеді, яғни қоғамдық жұмыс, өндірістік жұмысқа баулу.
Кәсіби бағдардың жүйелілігі мен жалғасы принципі. Мұнда кәсіби бағдардың І-сыныптан XI-сыныпқа дейін жалғасын табуды көздейді;
Оқушыларға кәсіби бағдар берудегі мектеп, жанұя, басқарушы өндіріс, орта кәсіби оқу орындарының өзара байланысы. Мұнда жастарға мамандық таңдауға көмек берудегі тығыз байланыс көзделеді;
Кәіби бағдардың тәрбиелік сипаты. Мұнда кәсіби бағдар жұмысы жан-жақты тұлғаны қалыптастыруды көздейді, яғни еңбекке тәрбиелеу экономикалық, эстетикалық, құқықтық және дене тәрбиесінің жиынтығы.
Диагностикалық және тәрбиелік қатынастардың өзара байланыс принципі. Кәсіби бағдар жұмысында осы екі қатынастың бір-біріне қарсы болмау принципі. Олардың әрқайсысының өзіндік мақсаттары бар:
Дифференциалды және жеке қатынас принципі. Бұл оқушыларға жас ерекшелігіне қарай және олардың кәсіби қызығушылығының қалыптасу дәрежесіне қарай, өмірлік жоспары мен үлгерім дәрежесіне қарай қатынас болып табылады. Оқушыларды топқа дифференциалды түрде бөлу әр топқа мамандық таңдаудағы әсер ету жағдайын толық әрі нақты анықтауға мүмкіндік береді, яғни бір топқа әсер ету жағдайлары нәтижелі болса, келесі бір топқа нәтижесіз болуы мүмкін. Сондай-ақ дифференция жеке қатынастың іске асуына жағдай туғызады;
Кәсіби бағдар жұмысының оқушылармен және ата-аналармен топтық, жеке, жалпылама түрде жүргізілу принципі.
Кәсіби бағдардың әдістемелік сұрақтары. Кәсіби бағдардың әдістеме түсінігі ретінде кәсіби өзін-өзі анықтауды ғылыми зерттеу мәселесінің әдісі, құрылымы және негізгі жағдайы туралы сондай-ақ жастарға болашақ мамандығын таңдауға тұлғалық және қоғам көзқарастарының практикалық әдісі деп қарастыруға болады.
Кәсіби бағдар жұмысының құрылымының негізіне концептуалды идеялар сипаты жатады. Соның бірі-мамандықты дұрыс таңдау үшін тұлғаны диагностикалық зерттеу, қызығушылығы мен қабілетінің ескеру идеясы. Бұл идея 30-шы жылдардың ортасына дейін таралып, «диагностикалық тұжырымдама» деп аталды. Мұнда тест кеңіннен қолданылды. Осы тесттердің дұрыс қолданылмауы, дұрыс құрылмауы тағы да басқа себептер диагностикалық зерттеу идеясының «тәрбиелік тұжырымдама» болып өзгеруіне әкелді. Алайда сол кездің өзінде-ақ диагностикада, тәрбиеде оқушыларды кәсіби бағдарлауда өзара байланысты және негізгі бағыттар екендігі түсінікті болды. Қазіргі кезде диагностиканың маңызы мектеп реформасының қабылдауынан кейін өсе түсті, онда кәсіби бағдар орталықтарының ашылуы қарастырылған еді. Бұл орталықтардың негізгі функцияларының бірі-оқушылардың қабілеттілігі мен қызығушылығы диагностикасын ұйымдастыру жұмысы.
Әдістемелік сипат идеясына оқушыларға кәсіби бағдар беру жұмысына дифференциалды қатынас жатады. Мұнда оқушыларды өмірлік және кәсіби жоспарларына орай алдын-ала топтарға классификациялау және осы топтардағы сәйкес тәрбие жұмыстары қарастырылады.
Дифференциялды қатынас кәсіби бағдар жұмысын дұрыс әрі жемісті болуына септігін тигізеді.
Сондай-ақ кәсіби бағдардың әдістемелік сұрақтарына кәсіби бағдар жүйесін дамыту мен анықтау сұрақтары да жатады. Жалпы білім беретін және кәсіби мектептердің реформасының негізгі бағытының көртеген мақсаттарының ішінде оқушылардың кәсіби бағдарын жақсарту мақсаты да көзделген.
Реформа жалпы білім бегетін мектептердегі экономикалық және әлеуметтік қызметтің толықтыруына арналған курс кәсіби бағдар жұмысының жүйелі түрде ұйымдастыру қажеттілігіне әкеледі қысқа уақыттың ішінде кәсіби бағдардың қоғам қажеттілігін қанағаттандыратын жүйесін құру керек.
· Кәсіби бағдар жүйесінің жалпы анықтамасын бермес бұрын,одан шығатын бір қатар жағдайларды қарастырайық:
· Кәіби бағдар өзінің құрамында принцип формасы, әдісі, критерииі, дәрежесі, бағыты, аспекті тағыда басқалай. Жүйе элементтерінің жүйелі іс-әрекетін қамтиды.
· Оқушылардың кәсіби бағдар жүйесі жалпы еңбек және кәсіби дайындығы жүйесінің бір бөлігі болып табылады.
· Кәсіби бағдар жүйесі-жалпы тұлғаның әлеуметтік бағдары жүйесінің бір бөлігі.
· Кәсіби бағдар қоғамда қолданыста, ол әртүрлі мәселелерді қамтиды, соның ішінде адами факторлар дамуында сондықтан ол әлеуметтік жүйеге жатады. Осы себептен де кәсіби бағдарды қоғамдық мәселе деп есептеуге болады.
Кәсіби бағдар мәселесін шешуде жалғыз ағарту Министрлігі немесе жалғыз ғылымның (мысалы, педагогика) іс-әрекеті жеткіліксіз. Кәсіби бағдар жүйесі нәтижелі болуы үшін бір қат ар Министрліктер мен әрүрлі мамандық бойынша ғалымдардың іс-әрекеті біріктірілуі кажет.
Кәсіби бағдар жүйелігіне көптеген қбьективті және субьективті факторлар әсер етеді. Бұл жүйе ұйымдастыру мен басқаруға бағынбайды. Осы және басқа да себептер кәсіби бағдар жүйесін қиын деп атауға итермелейді. Жоғарыда аталған бес жағдайдан оқушылардың кәсіби бағдар жүйесінің анықтамасы құралады.
Оқушылардың кәсіби бағдар жүйесі-ол тұлға және қоғам қажеттілігіне орай оқушыларының өзін-өзі анықтаудағы кәсіби және әлеуметтік дамуына бағытталған әртүрлі мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, ұжымдардың , мектептің, жанұяның ұйымдасқан және басқарылатын іс-әрекеті.
Қазіргі кезеңде тәуелсіз еліміздің ертеңі-жастардың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ- ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Бүгінгі таңда психология, педагогика ғылымыдарының өзекті мәселелерінің бірі – жеке тұлғаны жетілдіруде, жан-жақты дамытуда, білім беруде, ғылымның соңғы жетістіктерін қолданып, шығармашылық жұмыстарды жасауға қабілетті, дүние көзқарасы кең, рухани бай азамат дайындау. Қазіргі уақытта Қазақстанда болып жатқан өндірістік қатынастардың түбірлі өзгерістері нарық экономикасы жағдайында жұмыс істейтін жоғары мамандар даярлауды қажет етеді және мамандық еңгейіне жаңа биік талап қояды. Мамандар даярлаудың сапалық тиімділігін көтеру, тұтас алғанда жоғарғы оқу орнындағы студенттерді теориялық және практикалық тұрғыда дайындаудың маңызы зор.
Адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі - мамандықты таңдау немесе адамның қоғамда өзін-өзі танытуының негізі ретінде кәсіби тұрғыда өзін-өзі анықтауы.
«Мамандықты таңдау» түсінігін әртүрлі мағынада анықтауға болады, алайда олардың барлығы өзін-өзі кәсіби тұрғыда анықтауы дегеніміз - субъекттің ішкі ресурстарын талдау және оларды кәсіптің қажет ететін талаптарымен салыстыру нәтижесінде жүзеге асатын таңдау деген ойды алып жүреді. Анықтаманың мазмұны біріншіден, таңдаушы адамды (таңдау субъектісі), екіншіден, таңдайтын нәрсені (таңдау объектісі) сияқты мамандық таңдау құбылысының екі жақтылығын көрсетеді. Субъект пен объекттің сипаттамасы өте көп, ол мамандық таңдау құбылысының орнықты болып келмеуі де осымен түсіндіріледі.
Мамандық таңдау-бір өлшемді акт жағдайлар мен мамандық таңдау емес, ол ұзақтығы сыртқы субъектісінің индивидуалды ерекшеліктеріне байланысты болып келетін сатылардан тұратын үрдіс болып саналады.
Психологиялық әдебиеттерде мамандық таңдаудың қалай қалыптасатыны және осы процеске қандай факторлар әсер ететіні жайлы бір жақты көзқарас жоқ. Бұл мәселеге қатысты бірнеше көзқарас бар, олардың өзін қорғайтын нақты дәлелдер бар. Бұл әрине, кәсіби тұрғыда өзін-өзі анықтау процеінің күрделілігімен және мамандық таңдау ситуациясының екі жақтылығымен түсіндіріледі.
Зерттеушілердің көпшілігі мамандық таңдауға іс-әрекетті таңдау сияқты қарайтын көзқарасты ұстанады.
Бұл жағдайда, бірінші жағынан, іс- әрекет субъектісі ретіндегі адамның міндеттемесі, екіншіден, оның сипаттамасы, мазмұны, іс-әрекет түрі мен оның объектісі зерттеудің пәні ретінде жүреді. Бұл ереже адамның өзін-өзі кәсіби тұрғыда анықтауы еңбек субъектісінің даму процесі ретінде түсіндіріледі. Соған орай, егерде мамандықпен еңбек іс-әрекетінің талаптарына жеке тұлғаның психофизиологиялық мәліметтері сәйкес келетін болса, онда мамандық дұрыс таңдалған болып саналады.
Алайда, бұл көзқарастан таңдаушы адамның жеке тұлғалық белсенді бастамасы аса байқалмайды.
Мамандық таңдауды Іс-әрекет таңдау репнде түсіну контекспнде, мамандықты дұрыс таңдау детерминанты ретінде кәсіби қызығушылық пен кәсіби бағыттылық жүреді деген де көзқарас бар. Бұл бағыт мамандық таңдау субъектісінің белсенділігін дәлелдейтін болған соң жемісті болуы керек.
Адамның бүкіл өмірлік анықтамасындағы маңызды жағдайлардың бірі ретінде мамандық таңдауға қатысты бағытқа тағы бір көзқарас бар. Мамандық таңдау жеке тұлғаның басынан өткен тәжірибесімен байланысты және адамның кәсіби тұрғыда өзін өзі анықтауы өзінің жалпы (мен) бейнесінің қалыптасуына қатыса тұра, ақыр соңында өмірдің ағымын анықтай отырып, ұзақ болашаққа созылады. Бұл бағыт мамандықты таңдауға әсер ететін факторлардың кең ауқымының есебін қажет етеді, сондай-ақ, ол жеке тұлғаның басынан өткен тәжірибиесі мен болашағы туралы ойлары сияқты уақытша аспект екпін қоюға мүмкіндік береді. Мамандықты таңдау факторы ретінде жеке тұлғаның түрлі аймақтарына қатысты өмірлік жоспарлары да ескеруі қажет, мысалы ,адамның жеке өмірі.
Өзін-өзі анықтау процесі жеке тұлғаның жастық шақтағы дамуының негізгі мазмұнын қараса, онда кәсіби бағыттылықтың қалыптасуы өзін-өзі анықтаудың непзп мазмұнын құрайтын болады.
Адамның кәсіпке қатысты таңдамалы-жағымды сілтемесі оның кәсіби бағытталуының психологиялық мазмұнын ашпайды. «Мамандыққа деген қатынасы» түсінігінің өзі адам белсенділігінің бағытын ғана бейнелейтін болғасын психологиялық мазмұны болмайды. Әрбір адамның бір ғана мамандыққа деген жағымды қатынасының негізінде түрш қажеттішктер мен ұмтылыстар жатуы мүмкін. Субъективті қатынастың негізінде жатқан түрткілер жүйесін талдау арқылы ғана, оның шынайы психологиялық мазмұны жайлы айтуға болады.
Кәсіби бағыттылық түсінігінің астарынан оның мазмұнды және динамикалық сипаттамасын білдіретін басқа жақтарын да бөліп көрсетүге болады. Біріншісіне - бағыттылықтың толымдылығы (полнота, толығу) мен деңгейі, екіншісіне-оның қарқындылығы, ұзақтығы мен тұрақтылығы жатады. Бағыттылықтың толымдылығы мен деңгейі кәсіби бағыттылықтың мазмұны - жеке сипатын алып жүреді және маңызды түрде оның формалдыдинамикалық ерекшеліктерін құрап тұрады. Кәсіби бағыттылықтың толымдылығысөзі астарында мамандықты қалау түрткілерінің аясы деген түсінік жатыр. Мамандыққа байланысты таңдау қатынасы көбіне белгілі бір іс-әрекет мазмұнының әр алуан жақтарымен, ұзақтылық процесімен немесе мамандықтың кейбір атрибуттарымен байланысты әртүрлі түрткілердің пайда болуынан басталады. Кейбір сәттері мамандыққа қатысты көптеген факторлар адам үшін маңызды болып келеді оның шығармашылық мүмкіндіктері,қоғамдағы мәнділігі, еңбектің материалды және гигиеналық т.б. шарттары, оның әдетке, мінез ерекшеліктеріне т.б. сәйкес келуі.Міне, бұл кәсіби бағыттылықтың адамның қажеттіліктері;қызығушылықтары,арманмұраты кең аймағына негізделеді дегенді білдіреді. Кәсіби бағыттылық толық болған сайын адам үшін таңдаған іс - әрекет түрі жан- жақты мағынаны қамтып, сол ниепн жүзеге асырудан алатын (ләззаты, қанағаттану, көңілінің толуы) да әр алуан бола түседі.
Соған орай, кәсіби бағыттылықтың тағы бір түрі оның түрткілерінің (мотив) арта түсүіне байланысты болады, яғни жеке бір бөлек түрткінің түрткілердің кең таралған жүйесіне дейін өсуі. Бұл түрткілер жүйесінің олардың белгілі бір ұйымдасуын, құрылымын алдын ала болжауымен шарттанған. Біркелкі түрткілердің түрліше ұйымдасуы, бірлестіктерінде әртүрлі байланыста болуы ықтимал. Сонымен бірге, ескерте кетепн маңызды жайт, жетекші түрткілердің әртүрлі болып келуі.
Әдетте, кәсіби бағыттылық негізінде жататын түрткілер шығу теп және мамандыққа байланысына орай біркелкі болып келмейді. Бұл жерде біздің бөліп көрсетуге құқылы нәрсеміз, ең алдымен, олар мамандықтың негізгі мазмұнын құрайтын қажеттіліктерді көрсететін түрткілер тобы. Екіншіден,олар мамандықтың кейбір ерекшеліктерін қоғам санасында бейнелейтін түрткілер (мәртебе, бедел түрткісі, мамандықтың қоғамдағы мәнділігі). Бұл жағдайда жеке caнa-сезімшң мамандықпен байланысы жарнамаланған сипатқа ие болатыны анық. Түрткілердің үшінші тобын мамандықпен өзара әрекет негізінде өзектелінетін жеке тұлғаның бұрыннан қалыптасқан қажеттіліктері құрайды және өзін таныту түрткілері, материалды қажеттіліктер, мінез бен әдет т.б. ерекшеліктер.
Кәсіби бағыттылықтың жоғары деңгейі дегеніміз- кәсіби тұрғыда өзін-өзі анықтау жүйесіндегі жеке тұлғаны және қызығушылықтар бірлігін білдіретін, жеке тұлға түрткілері құрылымының сапалы ерекшелігі. Кәсіби б В.А.Сластенин зерттеулерінде жоғары педагогикалық білім беру жағдайындағы кәсіби бағьптылықты қалыптастырудың негізгі заңдылығы, құфылымы, жүйелігі туралы тұжырымдарды алғаш көтергендердің бірі.
Мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық бағыттылығын қалыптастырудың басты шарты: "Балаға деген сүйіспеншілік және қызығуы педагогикалық әрекетке қажеттілігінен көрінеді», - деп есептейді. Кәсіби бағыттылығы қалыптастыруды «жетілдіру және жеке адамның жалпы дамуы тұрғысынан өте терең және жан-жақты зерттеген А.П.Сейтешевтің пікірінше, кәсіби бағыттылығы дегеніміз - жеке адамның маңызды жақтарының бірі, ол оның қызығулары, ниеттері, бейімділіктері, мұраты мен сенімдерінен көрінеді. ағыттылық деңгейінің жоғарылауы оның дамуының негізгі мазмұнын құрайды. Егер жеке тұлғаның белсенділігі адамның шығармашылық және өнегелі күштері болашақта сәтті жүретіндей жеке. тұлға мен еңбек арасындағы өзара әрекет бар деген үміт болғанда ғана мамандық таңдау ақталған болып есептеледі.