V. Түйсіну және қабылдау психологиясы бойынша қысқаша психологиялық түсіндірме сөздік

1. Абсолютті табалдырық –түйсінудің пайда болуы үшін қажетті физикалық стимулдың минималды интенсивтілігі.

2. Автокинетикалық қозғалыс –қозғалыс иллюзиясы, мысалы қараңғы бөлмедегі қимылсыз жарық нуктесі. Егер көру фоны жоқ болса, эффект күшейеді.

3. Агнозия - бас миы қабығы зақымдану салдарынан сезім органдары функциясының аздап бұзылуы немесе есте сақтау мен анық сана күйінде заттар мен құбылыстарды тану процесінің бұзылуы.

Түрлері:Оптикалық (көру);Саусақты (тактильді);Есту .

4. Агорафобия – ашық кеңістіктен қорқу

5. Адаптация – 1. Физиологияда әрекет етуші тітіркендіргіштер үшін өзгертуге бейімделу нәтижесінде болатын анализаторлардың сезгіштігінің өзгеруі.

Түрлері:

· Анализаторлар;

· Ауыратын;

· Дәмдік (дәм рецепторлары);

· Қысым;

· Көру;

· Тері;

· Иіс (иіс аппараты);

· Рецепторлар;

· Жарық;

· Сенсорлық;

· Тыныштықтағы есту;

· Есту; тактильді рецепторлар;

· Қараңғылық;

· Температуралық;

2.Психологияда – қоршаған ортаның жаңа талаптарына сәйкес тұлғаның динамикалық стереотипін қайта жасауда көрінетін психикалық құбылыс.

6. Адаптация деңгейі –бұрын қабылданған стимулдардың «ортасын» алуға негізделген адам орнатқан субъективті деңгей. Мысалы, субъектінің бұрын көтерген, орташа салмағы бар затты қабылдауы. Орташадан жоғары салмақ ауыр деп, ал орташадан төменгісі жеңіл деп қабылданады

7. Адинамия – қимыл бедсенділігінің төмендеуі, өте қатты бұлшық еттік әлсіздік, ұзақ аурудан, ашығудан әлсіздену

8. Аккомадация –көз жанарының қисығын ауыстыратын механизм, соның арқасында көз торында заттың кескіні айқын түседі.

9. Аксон, нейрит – дене клеткаларына органдарға өткізілетін жүйкелік импульс, жүйкелік клеткалардың (нейронның) бөлігі; аксондардың жиынтығы жүйкені құрайды.

10. Аксон – рефлекс – шынайы рефлекспен салыстырғанда орталық жүйке механизмдерінің қатысуынсыз жүзеге асатын рефлекторлық реакция.

11. Акуметрия (Аудиометрия)- адам қабылдайтын дыбыс күштерін есту өткірлігін өлшеу

12. Ақ шу –ақ түске ұқсас, барлық жиіліктердің дыбыс толқындарының күрделі қоспасы.

13. Айналғыш фигуралар.Екі және одан да көп альтернативалы перцептивті ұйымдасулардың арасындағы шақырылған «спонтанды» тербелістер, фигуралар. Оның классикалық мысалына Неккелердің кубы жатады.

14. Алыстаудың монокулярлы белгілері.Монокулярлы көруде тереңдіктің әсерін қамтамасыз ететін белгілер. Оған жататындар: жабу, салыстырмалы өлшем, салыстырмалы қозғалыс, сызықты перспектива, жарық пен көлеңкенің арақатынасы, аккомадация.

15. Анализаторлар – адам мен жануарлардың анатомиялық, физиологиялық жүйесі, сыртқы және ішкі ортадан түсетін тітіркендіргіштерді талдау және қабылдау. Оған жататындар: сезім оргондары; әрбір анализатор рецепторлардан, өткізгіш бөліктерден және жоғары орталық және бас миы қабығындағы нейрондар тобынан тұрады.

Түрлері:

Бисцеральды, вестибулярлы, дәм, қимыл, көру, тері, иіс,сөз – қимыл, есту

16. Анергия– (1) кез келген тітіркендіргіштерге реакция бермеуі; (2) организмнің ортаның ауырлық келтіретін әсеріне қарсыласпауы

17. Анестезия– бір немесе бірнеше сезгіштік түрлерінің толық жоғалуы.

18. Атрофия –(1) адам мен жануардың органдарының өлшемінің азаюы, олардың функциялары бұзылады немесе тоқтатылады. (2) қандайда бір сезімді қасиетті жоғалту, тоқырау

19. Афферентті – перифериядан бас миына бағытталған жүйке жүйесінің қозу процесімен сипатталатын ұғым.

20. Ахроматопсия– түстерді көрудің бұзылуы, яғни түстерді ажырата алмауы.

21. Әрекет нәтижелерінің акцепторы – гипотетикалық психофизиологиялық аппаратты белгілейтін форма, орталық нерв жүйесінде болады және әрекеттің болашақ нәтижесін модельдейді, сол арқылы параметрлерді реальды орындалған әрекетпен салыстырылады.

22. Белсенділік – сыртқы тітіркендіргіштерге жануар организмдерінің реакция беру қасиеті (өздерінің тіршілік қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен).

Түрлері:Ерік;Қимыл;Нейрондық;

23. Бинуралды белгілер –дыбыстың локализация мүмкіндігін қамтамасыз ететін екі құлаққа әсер ететін стимулдардың ерекшеліктері. Бір көзден шыққан бірдей дыбыс толқындары оң және құлаққа жетіп әр түрлі қасиетке ие болады. Бинуралды басты белгілерге фаза және интенсивтілік бойынша дыбыс толқындарының айырмашылығы жатады.

24. Вебер заңы – екі сигналдың интенсивтілігінің арасындағы қабылданған минималды қатынастардың стимул интенсивтілігінің абсолютті деңгейіне қатынасы константты болады деген принцип. Константа стимулдың әр типіне байланысты ажыратылады. Стимулдардың интенсивтілігінің шеткі мәндеріне бұл заң таралмайды.

25. Вестибулярлы түйсіну – қозғалыс пен тепе-теңдікті түйсіну. Ішкі құлақтың жартылай шеңбер каналындағы сұйықтардың қозғалысымен шақырылады.

26. Гештальтпсихология – қабылдау табиғатын эксперименттік зерттеу бағыты, немістің «форма» деген сөзінің эквиваленті.

27. Дифференциалды табалдырық –қабылданатын екі стимулдың арасындағы минималды айырмашылық.

27. Жабу –алыстаудың монокулярлы белгісі, мән – бір объект басқаны жиі жауып тұрады; мұнда екінші объект көп алыстап кеткен сияқты көрінеді.

28. Жақсы фигура –үздіксіздік, симметриялық, тұйықтық, бүтіндік сияқты сапаларға ие фигуралардың сипаттамасы. Топтасу заңы «жақсы фигура заңы» деп аталады, элементтерді перцептивті топтаулар жақсы фигуралар жасауға бағытталады деген мағынада түсініледі.

29. Жоғарғы жүйке жүйесі – бас миының үлкен жарты шарының рефлектрлік бейнелеуші іс-әрекеті, жоғары дамыған организмнің сыртқы ортамен күрделі өзара әрекеті, психиканың физиологиялық негізі. Бас миының үлкен жарты шары қабығы арқылы жүзеге асқан барлық актілер рефлекс болып табылады немесе рефлекстердің өзара әрекетінің өнімі.

Негізгі заңдары: жаңа уақытша байланыстардың тұйықталуы; жүйке процестердің концентрациясы мен ирадиациясы; жеке процестердің өзара индукциясы; күрделі динамикалық жүйелердің құрылуы, атап айтқанда динамиканың стереотиптері.

30. Зейін –қабылдау фокусы, перцептивті өрісті шектелген бөлігін айқын ұғынумен сипатталады.

31.Ішкі бағдар –организмнің ерекше реакцияға немесе реакциялар класына дайындығы. Қозғалыстың ішкі бағдары – арнайы әркеттерге дайындық; ойлаудың ішкі бағдары – ерекше ойлау процестеріне; перцептивті ішкі бағдар – стимулдарды арнайы ұйымдастыруға жатады.

32.Индукцияланған қозғалыс –объектіні қоршағандардың қозғалысымен шақырылатын қимылсыз объектіні қозғалғандай көру. Мысалы, бұлттардың қозғалысына қатысты айдың қозғалып бара жатқан сияқты қозғалысы.

33. Кинестикалық түйсіну –дене қозғалысы мен бұлшық еттің шиеленісуінен пайда болған түйсіну; бұлшық еттердегі, сіңірлердегі рецепторларға механикалық әсер етуге байланысты шақырылады.

34. Конвергенция –тіркелген объектіге көру осін апару. Объект жақын болған сайын конвергенция бұрышы үлкен болады. Көру осьтері параллель болғанда, 15-18 см аралықта тиімсіз бола бастайды.

35. Контраст –физикалық негізіне қарағанда қабылданған айырмашылық үлкен болып көрінетін құбылыс.

36. Контур – перцептивті өрістің көршілес бөлігінен бөлінген бөлігінің сызығы. Фигураға жататындай қабылданады және оған форма береді. Бірақ та фигура мен контур бірдей емес. Бір ғана сол физикалық контур әр түрлі екі фигурада әр түрлі болып көрінеді.

37. Көру өткірлігі –объектілердің ең ұсақ детальдарын ажырата білу.

38. Көзторы диспараттылығы –алыстаған объектіні қабылдаудағы екі көздің көз торларындағы айырмашылық. әр түрлі аз ғана бұрышпен жасалады, сол арқылы көз әрбір объектіні көреді.

39. Қабылдаудың константтылығы –қабылдаудың әртүрлі шарттарына қарамастан, объектіні орнықты және өзгермейтін етіп қабылдауға тенденция;

- Қаттылық. Дыбыс көздерін оның арақышықтығына қарамастан, нақты қаттылығын қабылдау. Дыбыс толқындарының амплитудасы мен дыбыс көздерінің алыстағаны сияқты болып көрінуінің арасындағы қатынастардан тәуелді.

- Өлшемі. Объектіге дейінгі арақашықтықтан тәуелсіз объектінің өлшемін тұрақты деп қабылдауға тенденция. Тордағы кескінмен алыстаған сияқты болып көрінетін объектілердің арасындағы қатынастан тәуелділігі.

- Формалар.Объект төңкеріліп түссе де, оның тордағы кескіні шын формасынан айырмашылығы болса да, формаларды дұрыс қабылдауға тенденция.

- Жарықтығы.Жарқырауда өзгеріс үлкен болса да, объектінің жарықтығын тұрақты деп қабылдауға тенденция. Объектіден түсетін жарықтың интенсивтілігі мен оны қоршаған ортаның тұрақты ара қатынасынан байланысты болады.

40. Қозғалып бара жатқан сияқты қозғалыс –стимулдардың арасындағы уақытша аралықтың функциясы ретінде бір стимулдың басқа стимулға қарай иллюзорлы қозғалысы.

41. Қосымша түстер –түстер дөңгелегінің диаметрінің қарама-қарсы жақтарында орналасқан түстер; мысалы, қызыл және жасыл, сары және көгілдір. Тең пропорцияда оларды араластыру ахроматикалық сұр түсті береді.

42. Қабылдаудың көлемі – көз қозғалысын және заттарды қайта санауды жібермейтін қысқа экспозицияда қабылдана алатын объектілер немесе заттардың максималды мөлшері. Қабылдаудың көлемі топтаумен ұлғаяды.

43. Парадоксальды суық –терінің ең суық нүктелеріне өте ыстық тітіркендіргіштер әсерінен пайда болатын суықты түйсіну.

44. Психикалық реакциялардың адекваттылығы – стимулдың мәніне оладың сәйкес келуі

45. Психофизика –сенсорлық тәжірибе қасиеттері мен оны шақыратын физикалық стимулдардың сипаттамалары арасындағы өзара қатынасты зерттеу.

46. Психофизикалық әдістер –абсолютті және дифференциалды табалдырықтарды анықтауа қолданылатын әдістер. Мысалы, шекара әдісі және т.б.

47. Рецептивті өріс –мишықтың сенсорлық зонасында немесе өткізгіш жүйесінде әрбір нейрон үшін рецепторлы жазықтық (мысалы, тор көзі), клетканың белсенділігін шақыратын стимуляция болады.

48. Салыстырмалы қозғалыс ( қозғалыс параллаксы) –егер бас солға қарай жылжыса, жақын объектілер оңға, алыстаған объектілер солға қарай көрініп ауысуы және керісінше.

49. Санақ жүйесі –жеке перцептивті қасиеттер бағаланатын жүйелер. Мысалы, объектінің қабылданған бұрыштары оны қоршаған қабырғаның бұрыштарымен жиі анықталады. Бұл эффектіні «бүтін мен бөлшек» принципінің жеке жағдайы ретінде қарауға болады.

50. Соместетикалық –соматикаға немесе денеге қатыстылар. Оған тері және кинестикалық түйсінулер жатады. Соместетикалық нерв деген миға теріден, буыннан, бұлшық еттерден нерв импульстерін беретін талшықтар. Үш өлшемді объектілердің көз торындағы кескініне сәйкес келетін жеңіл ғана айырмашылығы бар суреттерді әрбір көзге беру арқылы оған қол жеткізіледі.

51. Соместетикалық түйсіну –сыртқы тері рецепторлары мен дененің ішкі рецепторларынан болатын түйсіну.

52. Стимул –рецепторды қоздыратын және организм жауабын шақыратын физикалық энергия.

53. Стимулды градиент –стимулдардың интенсивтілігі мен олардың спаларының перцептивті өрістегі өзгерісі.

54. Транспозиция –элементтер арасындағы қатынастарды сақтауға негізделген құрылымдарды тану. Алыстаудың маңызды белгісі.

55. Түс:- көлемі – кеңістікті жапқан түс. Оған түсті өткізу жатады, тұнықтық оған тән емес; қабығы – саңлау арқылы көрінетін түс, жаман локализацияланады және тұнық сияқты болып көрінеді; жазықтығы –объектінің жазықтығында локализацияланған және өткізбейтін сияқты қабылданған түстер.

56. Тұйықталу –белгілі бір бейнелердің аяқталмағаннан көрі аяқталған, тұйықталған сияқты болып қабылданатын тенденция.

57. Феноменология –тікелей тәжірибені ғылыми зерттеу, субъект затты қалай көреді соған нақты суреттеме беруге тырысады.

58. Фигура –фоннан түскен перцептивті өрістің бөлігі.

59. Физиологиялық ноль -өзгергіштік шамасы, ортаның да дененің де температурасы ретінде функциясы бола алады. Физиологиялық нольден жоғары температуралы стимул жылу түйсінуін туғызады, төменгісі суық түйсінуін туғызады.

Наши рекомендации