Түйсіктің физиологиялық негіздері
Түйсіктің табиғи-физиологиялық негізі организмнің арнаулы жүйкелік механизмі — талдағыштарарқылы іске асады. Кибернетика ғылымының анықтауынша, адам ѳзін-ѳзі басқаратын аса күрделі жүйе болып саналады. Ал талдағыштарды сол жүйенің негізгі хабарлау қызметін атқаратын мүшелері деуге болады. Адам организмі сол талдағыштардан келіп жатқан сигналдардың ыңғайына сәйкес орталық жүйке жүйесіндегі функцияларын реттеп, бірде жаңа эсер тудырып, бірде бұрыннан ѳтіп жатқан әрекеттің барысына ѳзгеріс кіргізіп, оны түзетеді, бағыт береді. Сѳйтіп, ми қабығында үздіксіз ѳтіп жататын күрделі қызмет талдағыштар арқылы жүзеге асып отыратын кері байланысқа сүйенеді. Талдағыштар үш бѳліктен қүралады: а) шеткі (перифериялық) орган — бұл сезім мүшелері, рецепторлар деп аталады; ә) ѳткізгіш бѳлім — рецепторларды тиісті орталықтармен байланыстырып отыратын афференттік және эфференттік жолдар; б) мидағы орталықтар (19- су рет).
Бірінші бѳлік — рецепторлар— түрліше қүрылған жүйкелік аппараттар. Олардың атқаратын кызметі- сырттан келген физикалық, химиялық тітіркендіргіштердің күшін жүйкелік қозуға айналдыру. Талдағыштардың бұл сатысыида әсерді тек қарапайым түрде ғана талдау іске асырылады.
Екінші бѳлік —ѳткізгіш-бѳлім—
Тап қамқорлық жасап, сөйлеуі мен естуінде мүкістікті болдырмау үшін дәрігерлерге қаратып тұру керек. Бала сөзінің нақышты болуы мен оның әр сөзді дұрыс айтуда есту түйсігінің қалыпты дамуына байланысты. Әдетте бала ақыл-ойының дұрыс дамымай, көңілінің жабырқау болуын, сабақ үлгерімінің төмендеуін есту түйсігінің мүгістігінен деп санау керек.
Тері түйсіктері заттардың механикалық және термикалық сипаттарының теріге әсер етуінен туады. Тию мен басу түйсігі, суықты, жылылықты,ауруды түйсіну де тері түйсіктеріне жатады. 1см²-дегі рецепторлардың жұмыс істеу қабілеті сан жағынан үнемі ауысып отырады. Бір бөлігі жұмыс істесе, екіншісі демалыста, ал үшінші бір бөлігі жұмыс істеуін доғару не оған кірісу жағдайларында болады.
20-cурет
Микроскоппен қарағандағы терінің құрылысы.
1-түкше шаш, 2-тері безінің өзегі,3-тығыз дәнекер тканьді қабат, 4-май безі,5-түкшені көтеретін еті,6-болбыр дәнекертканьді қабат,7-түктің түбі, 8-тері безі,9-эпидермис, 10-дерма,11-май клеткаларының тбы, 12-ет ткані.
Терідегі афферентік жүйке талшықтарының ұшында түйсіктердің рецепторлық функциясын атқаратын түрлі аппараттар бар. Адамның бойында,шамамен тию мен басуды түйсінетін 50 000 рецептор бар.Терінің 1 см² не 25 рецепторға дейін орналасатындығы анықталған. Адам заттың қатты-жұмсақтығы,кедір-бұдырлығы сияқты сипаттарды сипап біледі. Сипау арқылы затты түйсіну терінің ғана қызметі емес,бұл-күрделі процесс. Оның қызметіне қимыл-қозғалыс рецепторлары да қатысады. Сипап сезу түйсігі қолдың қатынасымен іске асады.
Қол еңбек ету мүшесі ғана болып қоймай, дүниетану үшін де күшті рөл атқарады. Заттардың формасын, үлкендігін,майдалығын, бұжырлығын көзбен көрмей-ақ, қолмен сипау арқылы ажыратамыз. Сезім мүшелері сау адамдардың сипау түйсігі, әдетте нша көп жетілмеген. Түйсіктің бұл түрі әсіресе, құлағынан айырылған,көзі көрмейтін адамдарда ерекше дамыған. Мысалы өзі соқыр әрі саңырау, сақау, американдық әйел Елена Келлер мен Мәскеудегі Ольга Скороходова тері түйсіктерін жетілдіру нәтижесінде Л. Брайль жүйесімен оқып-жазуды үйреніп, ғылыми атақтар алған. О.И.Скороходова “Мен айналадағы дниені қалайша танып білемін” деген(1974,1956) еңбектер жазып, белгілі дефектолог маман болды.
Әдетте, соқыр адамдарда тері түйсігінің, сипау сезімінің жетекші рөл атқаратыны күмәнсіз.
Тері(тактильдік) талдағыштарының ноқаттары тері беттерінде біркелкі орналаспаған.Арнаулы зерттеулер мен анықталған мәлеметтер бойынша түйсік ноқаттарының есебін мынадай санмен көрсетуге болады: тию нүктелері -1 млн.-дай, ауру нүктелері-4 млн.-дай, суықтық нүктелері-250000-дай, жылылық нктелері-30000-дай. Мұндай тактильдік талдағыштардың ең көп орналасқан жері ерін,тіл мен саусақтың ұштары.Біз мұны мүшелеріміздің сезгіштігінен байқауымызға болады. Психологияда тактильдік түйсіктің кеңістік табалдырығын және нүктелер арасындағы қашықтықты эстезиометр аспабы арқылы өлшеп білуге болады(25-сурет).
25-сурет.Спирменнің эстезиометр аспабы.
Эстезиометр аспабымен анықталған ең төменгі кеңістік табалдырығы тілдің ұшында болады(1,1мм). Ауру рецепторы (нерв ұштары) терінің көптеген жерлерінде орын тепкенін ауру ноқаттарының санынан байқауға болады(4 000 000).
Терідегі температуралық өзгерістерді түйсінетін негізгі екі рецептор бар. Оның бірі-қызулықты түйсінетін руффини клеткалары, екіншісі-төмендеп, салқындауды түйсінетін краузеқолбалары. Сау адамның денесіне тән температураны шартты түрде “физиологиялық нөл” деп атайды. Айналадағы ортаның температурасы осы физиологиялық нөлден төмен түсе бастаса, краузе колбалары тітіркенеді, егер де нөлден көтеріле бастаса, руффини клеткалары қоза бастайды.
Адам терісіндегі температуралық нүктелер орта есеппен терінің 1 см² кеңістігінде 6-23 суықтық рецепторлары, 3 жылылық рецептор болады.Дененің температуралық өзгеруінің ең сезгіш жері- қарын терісі, ең нашар жері-аяқ терісі. Аяқ терісінің сезгіштігі бет терісінен екі есе нашар, жылылықты сезгіштігі төрт есе кем болған. Температуралық талдағыштың ми жарты шарларының қабығында тұрақтаған жері-артқы орталық қатпардың бойы.
Иіс түйсіктерімұрын кеңсірігіндегі кілегей қабық клеткаларына түрлі химиялық заттардың әсер етуінен пайда болады. Кілегей қабықта иіскеу клеткаларының орналасқан аймағы 5 см²-ден аспайды. Тітіркендіргіштер әсерінен туған қозуды иіскеу рецепторы өзінің бойымен ми жарты шарларының астыңғы жағында орналасқан иіскеу орталығына жеткізеді. Сол кезде талдау басталып, адам иіс түрлерін айырып байқайды
Иіс түрлерін жіктеп білу ғылымда әлі жете зерттелмеген мәселелер қатарына жатады. Сондықтан иіс түрлері иіс шығаратын заттардың атымен аталады. Мысалы жусан иісі, лимон иісі, алма иісі, бензин иісі т.б. Иіскеу клеткаларына тітіркендіргіш ретінде әсер ететін, оларда қозу тудыратын-ауада газ немесе бу түрінде ұшып жүрген химиялық заттар. Адам ауаны ішіне тартып тыныс алғанда, ауамен бірге кеңсірікке кірген химиялық элементтер иіскеу клеткаларына келіп ериді. Жануарлар өмірінде иіскеу түйсігінің биологиялық рөлі өте күшті. Көптеген жануарлар өз қорегін иісі арқылы тауып алып қоректенеді.
Адам өмірінде иіскеу рецепторының рөлі аса күшті болмағанымен, тіршілік ортасы мен өмір тәжірибесіне сәйкес күшейіп, жетіле түседі. Иіс түйсіктері адамның тұрмыс салтына, қызмет сипатына қарай дамиды. Мәселен Африкадағы бушмен тайпалары арыстанның, жирафтың, зебраның ізін иіскеп жүріп-ақ оңай тауып алады. Олар иісті ең жақсы аңшы иттерден артық сезеді. Ал Үндістанда жыланның жатқан жерін иісінен білетін адамдар бар. Сонымен қатар, жылан шаққан малды,оның етін жеген адамадарда (оқ жыланның)исінен ажырата білу қазақ халқына да тән қасиет.
Иісті нәзік сезіп, ажырата білу соқыр, мылқау, керең адамадарда ерекше жетілген. Олар бөтен адамдарды,түрлі нәрселерді алыстан-ақ иісінен таниды. Адамның дамуында иіскеу рецепторы өте ерте іске қосылады. Мәселен, жаңа туған бала алғашқы жетіде-ақ анасының емшек сүті мен сиыр сүтін иісінен айырады да, емізіктегі сүтті сорғысы келмейді. Жейтін тағамның организмге пайдасы мен зиянын айыру үшін де иіскеу талдағыштарының адам өміріндегі маңызы ерекше.
Дәм түйсіктері.Дәмді айыратын мүше-тіліміздегі дәм бүршіктері. Оны тітіркендіретін- белгілі дәмі бар,суға ерігіш түрлі химиялық заттар. Дәм бүршіктері тілдің бетінде,жақтың ішінде, таңдайда, жұтқыншақты артқы жағында орналасқан. Олардың ең көп орналасқан жері-тіл аймағы. Дәмді, тәтті, ащы, тұщы қышқыл деп ажыратады. Тілдің түрлі бөліктері дәмнің жоғарыда аталған төрт түрін түрліше сезеді. Тәтті дәмді тілдің ұшы мен екі жақ шеті түйсінеді. Егер әлдебір нәрсені тілдің ортасына салса, адам көпке дейін оның дәмін ажырата алмайды. Өйткені, дәм сезетін бүршіктер тілдің ортасында болмайды.
Балада дәм түйсіктері ерте дамиды. Бұлар түрлі тағамдық заттардың қасиеттерін айыру жолымен жетіледі. Дәм түйсіктері адам психологиясына түрліше әсер етіп, дәмді тағамдар-адамның тәбетін ашады.Тәбет-дәм жүйкелерін қоздыратын психикалық әрекет. Асты көңіл қойып, сүйсініп ішу адамға жағымды әсер етеді. Желінетін тағамның дәмі тек дәм түйсігіне ғана емес,иіскеу түйсігімен де байланысты. Тұмауратқан адамның иіскеу түйсігі нашарлап, ас ішіп отырғанда иіс түйсігі өз қызметін атқармайды да, дәм түйсігінің тууына себепші болуға жарамайды. Соның салдарынан тағамның дәмін адам түйсігіне алмайды. Дәм рецепторының организм сақшысы ретінде күзетшілік маңызы да бар.
Кинестетикалық түйсіктерқимыл мшелері кеңістіктегі қалпын өзгерткенде пайда болатын процестерге байланысты. Мұндай түйсіктердің рецепторлары бұлшық еттерде,сүйектерді бірі мен бірін байланыстырып тұратын сіңірлер мен тарамыста,екі сүйектің бір-бірімен түйіскен буын аралығында болады. Олардың ұштары мидың орталық қатпарында орналасқан.
Кинестетикалық түйсіктің табиғаты күрделі. Өйткені,ол сапалық жағынан айырмасы бар бірнеше рецептордың бір мезгілде тітіркенуінен пайда болады. Қимылдарды орындағанда бұлшық еттегі рецепторлар ұшының тітіркенуі бұлшық еттегі рецепторлар ұшының тітіркенуі бұлшық еттердің тонусын түсіндіреді. Тарамыстағы жүйке ұштарының тітіркенуі бұлшық еттің қысқаруын, зорлануын білдіреді. Қозғалу талдаңыштары арқылы адам өз денесінің және жеке мүшелерінің қозғалуы, олардың тездігі мен күші, бұлшық еттерінің қысқарып босаңсуы, керілуін түйсінуге мүмкіндігі жайында үздіксіз хабар алып отырады. Кинестетикалық талдағыштың шетте (периферияда) не болып жатқаны туралы миға тез хабар жеткізіп отыруын шері афферентания деп атайды. Денедегі әр түрлі кері афферентация деп атайды. Денедегі әр түрлі кері афферентацияға байланысты процестер адамның көздеген мақсатына сай келмесе, бұл процестерді бөгеп, мүлдем жойып жіберуге мидың шамасы келеді. Айнала қоршаған ортаның ылғи өзгеріп отыратын жағдайына байланысты организмнің бейімделіп отыруын реттейтін кері афферентация-өте керекті шарт.Кинестетикалық талдағыштардың кері афферентация жасау қызметі нашарлай бастаса, адамның күрделі қозғалыс әрекеті де күйрей бастайды. Оны көру рецепторы арқылы бақылап отырмаса, өзінің жасаған қимылдарын белгілі арнаға түсіріп отыруға адамның шамасы келмей қалады.
Кинестетикалық түйсіктер адамның сөйлеу әрекетінде де ерекше орын алады. Өйткені ерін,тіл, дауыс шымылдығы қатынасатын қимылдардың дәлдігінсіз сөйлеу мүмкін емес. Жазудың да негізгі-кинестикалық түйсіктер. Проприорецепторлары ауруға шалдыққан адам өзі сөйлеп отырмаса,жатқа жаза алмайды. Адам өміріндегі толып жатқан дағдыларды кинестетикалық талдағыштарсыз меңгеру мүмкін емес. Қимыл-қозғалыс дағдыларының барлығына жуығы кинестикалық түйсікке сүйене отырып жасалады.-
Органикалық түйсіктерадамның органикалық қажеттіліктерімен тығыз байланысты.Органикалық түйсіктерге қарын ашу,тою,сусау, шаршау, жүрек және тыныс алу мүшелерінің қызметіне байланысты туатын сезімдер мен ішкі органдарда пайда болатын түйсіктер жатады. Адам тоқ, дені сау кезінде немесе іс-әрекет үстінде ттүйсіктердің бұл түрін байқай бермейді.И.М.Сеченов түйсіктердің бұл түрін “көмескі түйсіктер” деп атаған. И.П.Павлов мектебінің зерттеу нәтижелері көрсеткендей,органикалық түйсіктер адамның ”хал-күйінің” негізі болып саналады. Органикалық талдағыштар адамның көңіл-күйіне ылғи әсер етіп отырады. Осы орайда ”Тойған жалтырайды,тоңған қалтырайды ” деген мақал организмдегі органикалық түйсікке байланысты айтылса керек.
Статистикалық түйсіктердітең басу түйсіктері деп те атайды. Бұл түйсіктің рейепторлары ішкі құлақтағы вестибулярлық апаратта (кіре берісте) орналасқан. Статистикалық түйсік бастың қозғалысын, дененің кеңістіктегі орнын, адамның тең басуын бейнелейді. Ғарышты меңгеру дәуірінде адамдардың статикалық түйсігін жетілдірудің маңызы ерекше. Мәселен, ғарышкер мамандарды даярлауда олардың вестибулярлық аппаратын жаттықтырып, оларды көру, қозғалыс талдағыштарымен үйлестіре дамытып отыруға баса мән беріледі. Адам 40 секунт ішінде денесіне салмақ түсуді және салмақсыздықтың алмасуын түрліше түйсінеді. Осы ерекшелікке сәйкес адамдарды мынадай үш топқа бөліп қарауға болады. Бірінші-жүйке жүйесі барынша төзімді адамда мұндай жағдайда онша қиналмайды. Ал екінші біреулер тосын тітіркендіргішке кездескенде ыңғайсызданып,тез шаршайды,өңі бозарып, терлейді,жүрегі айниды, өздерін тиянақ таппай, қалқып жүргендей сезінеді. Үшінші біреулер сәл басы айналғанын сезгенімен, бірте-бірте оған бейімделеді. Бұл адамдардың жүйке жүйесі төзімді болады. Олар өз денесін ерік-жігерімен билейді,эмоциялық төзімділігі мол, қимыл-қозғалыстарын қандай жағдайй болса да үйлестіріп, денесін дұрыс бағдарлай алады.
Вибрациялықтүйсіктер деп қозғалған заттардың ауаны толқытуын денеміздің сезінуін айтамыз. Мұндағы негізгі талдағыштар-түйсіну мүшелеріміз.Төрт мүшесі түгел, дені сау адамдарда бұл түйсік байқалмайды. Ауаның толқып тербелуін ол әлдеқайда нәзік түрде, яғни құлағы арқылы түйсінеді. Ал адам есту қабілетінен айырылса, онда вибрациялық түйсіктер оның тіршілігінде ерекше орын алады. Кейбір саңырау(керең) адамдар музыканы, әнді күшті ынта қойған “тыңдайды”. Өйткені, олар дыбысты вибрациялық сезімі арқылы түйсінеді. Олар рояльда ойналған әуендерді оның үстіне қолын қою арқылы естиді. Мұндай адамдар оркестрді тыңдағанда, концерт залына барғанда сахнаға теріс қарап отырғанды ұнатады. Себебі, нәзік дыбыс толқынын олар арқасымен түйсінеді. Музыка әуенің түйсініп дағдыланған саңыраулар оны жақсы ұғынып, аңға-руға әдеттенеді, бұрын ”тыңдаған” музыкалық шығармаларын үнінен таниды.
Соқыр не саңырау адамдар есік қаққан кісіні, танысының келе жатқанын, автомобильдің дыбысын вибрациялық сезімдері арқылы түйсінеді.Түйсіктің бұл түрі барлық адамдарда бар. Бірақ біз одан гөрі жетілген талдағыштарымызды пайдаланатындықтан, вибрациялық түйсікті қажет етпейміз.