№ | ОСӨЖ тақырыптары мен тапсырмалары | Сағат саны | Тапсыру мезгілі | Өткізу формасы |
| Тақырып: Аңызға бергісіз ғұмыр Тапсырма: (Өз қалауы бойынша 1 тапсырманы орындау) 1.«Аңызға бергісіз ғұмыр» естеліктер жинағымен танысу, керек тұстарын конспектілеу, хабарлама дайындау. 2. Ілияс мұражайына бару, көргендері мен алған әсерлері бойынша хабарлама дайындау. | | 1 апта | Хабарламаны слайд түрінде дайындау. Өз таңдауы бойынша Ілиястың бір өлеңін жаттау. |
| Тақырып: Ілияс-лирик ақын. Тапсырма: Ілияс өлеңдері жайлы жазылған зерттеулермен танысу, лирикаларына тақырыптық-көркемдік талдау жасау. (Өз қалауы бойынша 1 тапсырманы орындау) · Ілиястың махаббат тақырыбын игерудегі ізденістері. · Ілиястың саяси-әлеуметтік жырлары. · Ілиястың өнер тақырыбында жазылған өлеңдері. · Ілиястың социалистік құрылыс тақырыбына жазған жырлары. · Ілияс лирикаларындағы туған жер табиғатының суреттелуі. · Ілияс өлеңдері жайлы зерттеулер. · Ілияс өлеңдерінің тақырыптық-көркемдік ерекшеліктері. · Табиғат ақын жырында. · Ілияс шығармаларындағы бейнелі сөздер. · Ілияс жырларындағы адамның мінез- құлықтары. · Жансүгіров поэзиясындағы теңеулердің қолданысы. · I.Жансүгiров поэзиясында ел мен жер мәселесiнiң жырлануы. · I.Жансүгiров поэзиясындағы қазақ ауыз әдебиеті элементтері | | 2-3 апта | Конференция формасында |
| Тақырып: Ілияс поэмалары. Тапсырма: 1. Төмендегі поэмаларды оқу, талдау, сюжеттік дәптерге мазмұнын талдай отырып түсіру. «Мақпал», «Исатай», «Көбік шашқан», «Байкал», «Рүстем қырғыны» поэмалары. «Кәнпеске», «Мәйек», «Дала», «Жаңа туған», «Жорық», «Кеңес» поэмалары. «Күйші», «Күй», «Құлагер» поэмалары. 2. «Мұз қала», «Құсбегінің айналасында», «Қуат», «Бақытты Жамал» поэмалары. 3. Ілияс поэмаларының тарихи-әдеби негіздері. 1. «Құлагер» поэмасының тарихи-сюжеттік негіздері 2. «Қолбала» поэмасы: дерек пен дәйек 3. «Көбік шашқан», «Исатай» дастандары жайлы жаңа сөз 4. «Жаңа туған» поэмасына дерек болған оқиғалар 5. «Мақпал» поэмасының жазылу тарихы 6. «Күйші» поэмасының тарихилығы | | 4-5 апта | 1 – тапсырма бойынша сюжет дәптерді дайындау, коллоквиум тапсыру. 2-тапсырма бойынша мәліметтер іздеу. 3 - тапсырма бойынша реферат дайындау |
| Тақырып: Ілияс прозасының тақырыптық-мазмұндық ерекшеліктері · Ілияс Жансүгіровтіңпроза жанрындағы алғашқы қадамдары. · «Күң өлімі», «Шешілмеген жұмбақ», «Саудагердің тамашасы», «Мерген бөкен», «Ташкендікке тарт» әңгімелері. · «Құқ», «Шылқыбай», «Сөз Қамысбаевқа», «Сыйға сый сыраға бал», т.б. фельетондарындағы әзіл мен мысқылдың күнделікті өмір шындығымен үндестігі. · Сатирадағы Ілияс кейіпкерлері. · Ілиястың «Жолдастар» романындағы образдар әлемі. · I.Жансүгiровтің «Жолдастар» романының сюжеттiк желiсі, композициясы, көркемдік ерекшелігі. · I.Жансүгiровтің «Жолдастар» романының басқа тарихи романдармен үндестігі. · I.Жансүгiров әңгімелеріндегі қазақтың әлеуметтік өмір суреттері. | | 6 апта | Жазушы әңгімелерімен танысу, сюжет дәптерге жазу. «Жолдастар» романын оқу, талдау. |
| Тақырып: 1. Ілияс Жансүгіровтің драматургиялық шығармалары Тапсырма: «Турксиб», «Райхан», «Колхоз тойы», «Мектеп», «Мін де, шап!», «Исатай-Махамбет», «Кек» пьесаларын оқу, мазмұндай отырып талдау, сюжет дәптерге жазу. · Ілияс Жансүгіровтің «Райхан», «Колхоз тойы» пьесалары. · Ілияс Жансүгіровтің «Мектеп», «Мін де, шап!» пьесалары. · Ілияс Жансүгіровтің «Турксиб», «Исатай-Махамбет» пьесалары. · І.Жансүгіровтің «Кек» пьесасының бас кейіпкері және оның прототипі. · І.Жансүгіровтің «Кек» пьесасындағы көркемдік ізденістер. | | 7 апта | Шағын инценировка дайындау. 2. Реферат дайындау. |
| · Ілияс Жансүгіров - ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы, жариялаушы, зерттеуші. · Ілияс жинаған батырлар жыры, бәдік жырлары, жұмбақтар, қазақ билерінің сөздері, қазақ жаңылтпаштары, мақал-мәтелдер. · Ілиястың қазақтың өткен ақындары мен билері туралы аңыздарды, батырлар жырын жинап, жариялауы. · Ілиястың ел аузындағы әдебиет үлгілерін жинап, «Өтірік» жинағын бастыруы. · Ілиястың этнографиялық еңбектері:«Қазақтың әдет-ғұрып, салт-санасы жөнінде айтылған өлеңдер мен әңгімелер», «Құдалық және құдандалық туралы ырымдар», «Қоштасулар», «Сыңсу» және т.б. · Iлиястың театр, ән, әнші, музыка жайлы толғамдары. | | 8 апта | Ғылыми мақала дайындау |
| ü Ілиястың аудармашылық еңбегі. ü Ілиястың Пушкиннің «Евгений Онегин» романын аударуы. · Ілиястың А.С. Пушкиннің «Жебірейілнама» поэмасын аударуы. · Ілиястың Лермонтовтың «Черкестер» поэмасын аударуы. | | 9 апта | Ғылыми мақала жазу |
| Тақырып: Ілияс Жансүгіровтің әдебиетке қатысты сын – зерттеулері. Тапсырма: Ғ.Тоғжановпен бірге Абай өлеңдерінің ұйқас ерекшеліктерін талдаған редакциялық мақала «Өлең өнері». («Еңбекші қазақ» газеті 3.06. 1926ж.) «Ақын Асқар» («Әдебиет майданы» журналы, №4, 1933ж.), «Абайдың сөз өрнегі» («Әдебиет майданы» журналы, №11-12, 1934ж.), «Өзара сын және ұсақ жанр туралы» («Қазақ әдебиеті» газеті, 23 мамыр 1937ж.), «Пушкин аудармасы қазақ әдебиетіне не берді?» («Қазақ әдебиеті» газеті, 10 ақпан 1937ж.) мақалалары негізінде дайындау. | | 10 апта | Жалпы публицистикасымен танысу, әдеби толғамдарына тоқталу. |
| · Ілияс Жансүгіровтің журналистік қызметі. · І.Жансүгiров публицистикасындағы жанрлар табиғаты. · I.Жансүгiров публицистикасындағы тәрбие, адамгершiлiк мәселелерi. · Iлияс публицистикасында ел мен жер мәселесiнiң көтерілуі. · I.Жансүгiров публицистикасында мәдениет мәселелерiнің көтерілуі. · Iлияс публицистикасындағы социализм тақырыбы | | 11 апта | Мақалаларын сюжет дәптерге конспектілеу |
| | | | |
| Тақырып: Ілиястану мәселелері Тапсырма: Ілияс шығармашылығы жайлы мақалалармен танысу, пікір білдіру. | | 12-13 апта | Мақалаларға рецензия жазу. |
| Тақырып: Ілиястанудың бүгінгі хал-ахуалы. ü М.Қаратаевтың Жансүгіров шығармашылығын зерттеуі. ü С. Қирабаетың Жансүгіров шығармашылығын зерттеуі. ü Ілияс жайлы естеліктер және олардың әдеби-танымдық мәні. ü М.Дүйсеновтың «Ілияс Жансүгіров» монографиясы. ü Т.Әбдірахманованың «Ақын сыры» зерттеу еңбегі. ü Профессор Т.Сыдықов Ілияс туралы. ü Профессор М.Иманғазинов Ілияс туралы | | 14-15 апта | Зерттеу еңбектермен танысу, конспект жасау. |
| Барлығы | | | |