У дыбысының дауысты болып айтылуы

Сауат ашу

Тақырыбы: Б б дыбысы мен әрпі.

Мақсаты:

Б б дыбысымен таныстыру.Сурет бойынша әңгіме құрату.Өткен дыбыстарды қайталау. Ой-өрісін,сөздік қорын дамыту.Дүниетанымын,белсенділігін арттыру. Сауатты жаза білуге,мәдениетті сөйлей білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:интерактивті тақта,суреттер(бидай,бақа,балық,балапан),кеспе әріптер,текшелер.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап,түсіндіру.СТО жобасының стратегиялары(топтастыру,Венн диаграммасы)

Сабақтың жоспары: І.Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасы

ІІ.Жаңа сабақ

Сергіту сәті

Дыбыстық талдау

Оқулықпен жұмыс

Қол жаттықтыру жұмысы

ІІІ.Қорытынды.

Бекіту сұрақтары.

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Соғылды тағы қоңырау,

Қош келдіңдер сабаққа.

Қайталайықәріптерді,

Білгенің ұмыт қалмап па?

Үй тапсырмасы

І топ. «М»дыбысы бар сөздер жазу.

ІІ топ. «Тамақ» мәтінін әңгімелеу.

ІІІ топ. «М» дыбысы мен әрпіп топтастыру.

Жаңа сабақ.

Сергіту сәті:Апам менің сауыншы

Атам менің қауыншы

Жеңгем менің тігінші

Ағам менің ол ұста

Отырмаймын мен текке

Кеттім мен де мектепке.

Жұмбақ шешу.Заттарды ,суреттерді көрсету.(бақа,балық,бал,сәбіз)

Суретке қарап әңгіме құрау.Балалар шаруа қожалығына көмекке барды.(Біз де ойымызша қожалыққа саяхатқа барайық) Қожалықта комбайн бидай орып жүр.Бидай қасиетті астық.Бүгін біз жаңа «б» дыбысымен танысамыз. «Б»дыбысы еркін айтылмайды,ерінге ерін тиіп дыбыс қосылып айтылады.Сондықтан «Б»дыбысы дауыссыз дыбыс.Көк текшемен белгілейміз.Бидай сөзін буынға бөлеміз.Би-дай.Екі буыннан тұрады.

Нан туралы тақпақ:

Нан қоқымын шашпаңдар

Жерде жатса баспаңдар

Теріп алып қастерлеп

Торғайларға тастаңдар.

Қасиетті алтын нан

Қадірлі ғой алтыннан

Қадіріне жетер кім?

Нанды жерден көтерген.

Егіс алқабының бір бөлігінде балалар дем алады.

Егіс алқабының бір шетінде көл бар екен.Көлде не болуы мүмкін?

-Бақа болады(бақа суретін ілу) суретті үлгі бойынша бақа сөзіне дыбыстық талдау жасау.Тор көздерді санатып талдаған сөздерде неше дыбыс,неше әріп бар екенін анықтау.Төрт тор көзді жалауша пайдалану керек.Кеспе әліппемен БАҚА сөздерін жаздыру.

Тақпақ:

-Бақа,бақа балпақ

Басың неге жалпақ

-темір телпек көп киіп

Басым содан жалпақ

Бұтың неге талпақ

Су бетінде көп жүзіп

Бұтым содан талпақ

Ойын:Сөз ойла,тез ойла.Үш қатарды жарыстырып б дыбысына сөз ойлату.қай қатар жақсы жауап берсе ,ауыспалы жолаушаны табыс ету.

Мысалы:бақ,бақша,балға,балта,Бота,Болат,бала,баба,бата.

1) Бала баққа барды.Балалар бауға барды.Бізге бата берді.

-Көлде тағы не болуы мүмкін?

-Балық болады.Ендеше көлден балық аулайды.

-Неше балық бар?

-Сегіз балық.Балықтың сыртындағы сөздерін буынға бөліп оқу.

Оқулықпен жұмыс.

Ба-ла ба-та бор Бо-та

Ба-ба бо-та бал Бо-лат

Қол жаттықтыру жұмысы:Ауа мен жазу.Дәптерге жазу Б б әрпі.

ІІІ.Қорытынды.

Бекіту сұрағы

А,т,п,н,ғ,р,л,у,ш,й,о,қ,д,м,б дыбыстарын сурет арқылы көрсетіп қызыл-көк текшемен белгілеу.Өтілген дыбыстарды қайталау мақсатында баспа әріптермен жазылу түрін ажырату үшін үлестірмелі карточка таратылады.карточканы көрсетіп түсіндіру.Бақа суреті шығу керек.

Үш қатардың жауабын ескеріп,Отанымыздың ұл-қызы болып,жақсы оқыңдар деп,ауыспалы туды табыс ету керек.

Ән

Отан

Отан-менің ата-анам

Отан-досым,бауырым

Отан-үлкен астанам

Отан-туған ауылым

Ля-ля-ля-ля-ля-ля

Отан туған ауылым

Үйге тапсырмасы. «Орман»мәтінін оқып,әңгімелеу. «Бақа»өлеңін жаттау.

Сабақтың тақырыбы: К к дыбысы мен әріпі
Сабақтың мақсаты: К дыбысымен таныстыру. К дыбысына тіл ұстарта отырып сөз құрату, буын ішінде бекіту, дыбыстық талдау жасау.
Дидактикалық материалдар арқылы балалардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
Балаларды К дыбысы бар сөз, сөйлем ойлауға үйрету. Таза қазақ тілінде сөйлеуге,
байланыстырып сөйлеуге, түзу отыруға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: әңгімелеу, көрнекілік, ойын, сұрақ - жауап.
Көрнекіліктері: к дыбысының баспа түрі, текшелер, кеспе әріптер
Сабақтың барысы
I Ұйымдастыру кезеңі.
− Балалар, қанеки «Ұзын құлақ сұр қоян» өлеңін хормен, қимылмен айтайық.
− Бәрекелде! Ал енді балалар, біз өткен сауат ашу пәнінен қай әріпті өткен едік? Естеріңде бар ма?
− Дұрыс, Ее әрпі мен дыбысын өткенбіз. Қанеки, Е дыбыс кездесетін сөздерді айтайық. Кім маған сөзді пайдаланып сөйлем құрайды?
- Емен, ешкі, есік, екі, есен, еркін, есек, елік, емші т. б.
- Еркін емен ағашын отырғызды.
Бір оқушыға «есен» сөзін кеспе әріптерден қалташаларға салу арқылы жаздырамын.
− Ее қандай дыбыс?
− Дұрыс, дауысты. Неге дауысты?
− Өкпеден шыққан ауа іштен еркін шығады.
− Дыбыс пен әріптің айырмашылығы қандай?
− Әріпті біз көреміз, жазамыз. Ал, дыбысты естиміз және айтамыз.
− Ее әрпі сөздің қай жерлерінде кездеседі?
− Сөздің басында, ортасында және соңында
− Тамаша, тақтаға қарайық. «Буын құра» ойын ойнайық.
(балаларға жекелеп буын құратып айтқызамын мысалы: де, бе, ең, ер, ре т. б.)
- Ер сөзінің көмегімен қандай мақал айта аламыз?
Ер жігіт ел үшін туады,
Ел үшін өледі.
Ер қадірін ел біледі,
Зер қадірін зергер біледі.
- Мінекей, балалар, біз қанша әріпті білеміз. Осы буындармен сөз құрай аламыз.
- Балалар, қазір қай жыл мезгілі?
- Қыс мезгілі
- Жыл мезгілдерінің қайсысының атауында Е дыбысы кездеседі?
- Дұрыс, «көктем» мезгілінде. Көктем қай жыл мезгілінен кейін келеді?
- Қыс мезгілінен кейін көктем мезгілі келеді.
- Көздеріңді жұмып көктемді көздеріңе елестетіңдерші. Нелер елестеді?
- Бәрекелде, ия, көк шалғын, қар еруі, құстар ұшып келуі, күн сәулесінің ысуы т. б.
- Көктемнің ертерек шыққанын қалайсыңдар ма?
- Ия...
-. Ол үшін мынадай тапсырмаларды орындауларың шарт. (күн көзі салынған суретті төртке бөліп...)
• Емен сөзін оқып, буынға бөліп бер
• Тер сөзін тақтаға жазып, дыбыстық талдау жаса.
• Суреттегі затқа сөйлем құра (етіктің суреті)
• Еңбек жайлы мақал - мәтел айт.
Еңбек түбі - береке,
Көптің түбі - мереке.
Егін екпесең жерге өкпелеме.
Еңбек етпесең елге өкпелеме,
− Жарайсыңдар, мына төрт бөліктің тапсырмаларын орындап, біріктірген едік ненің суреті пайда болды?
− Күннің бейнесі.
− Күннің көзінің жылуы көктем мезгілінің алғашқы нышандарының бірі.
− Күн сөзінде бірінші қандай дыбыс?
− Дұрыс, к дыбысы. Енді мына суретке қарап к әрпі бар сөздерді айтайық. Оларға сөйлем құрайық: (кірпі, көпір, керуен, көзілдірік, кептер, күрек, кітап, күн, кілт т. б.)
− Енді, к дыбысы сөздің қай жерде тұратынын талдайық.
− Қараңдаршы, күннің көзі ұйықтап жатыр. Оны ояту үшін бізге қонақтар келді. Оларды танимыз ба? (тақтаға күшік, кенгуру, бүркіт суреттері ілінеді; буынға бөліп, әр сөзде қанша дауысты, дауыссыз дыбысы бар екенін анықтау керек)
− Бәрекелде! Күннің көзі оянды.
− К дыбысын дыбыстайық. (хормен к дыбысын дыбыстаймыз)
Түсіндіру. К дыбысы дауыссыз дыбыс, дауыссыз дыбыс көк текшемен белгіленеді.
− Ал, балалар араларыңда жұмбақ жасырамын дегендерің бар ма?
Жұмбақтар
Жер көрдім қаласы бар,
Үйлері жоқ мекендейтін.
Көл көрдім, өзен көрдім,
Сулары жоқ тереңдейтін. (карта)
Көреді бәрін өзгенің,
Көре алмайды өздерін. (көздер)
Мен жүгірсем ол да жүгіреді,
Мен мүдірсем, ол да мүдіреді. (көлеңке)
− К әрпін ауада жазып көрейік.
Әліппе дәптермен жұмыс.
Сергіту сәті. Жаза, жаза қолымыз,
Талып кетті көзіміз.
Бір, екі, үш
Отырамыз тып - тыныш.
Сөзжұмбақ шешу
Шешуі: көк, кесе, көжек, көлшік;
• Еліміздің туының түсі қандай?
• Әжелеріміз шәйді немен ішеді?
• Қоянның баласын не деп атайды?
• Жаңбырдан кейін қалған кішкентай су қалай аталады?
− Бәрекелде балалар, енді сызба көмегімен сөйлем құрайық.
Кемел, мектепке кел.
Мектепке кел, оқы.
Жаңылтпаш айту
Есет атам ет асатар,
Ет асатса бес асатар.
Кербез керік кері кетті.
Көтере алмай керегін
Кезі келіп кезігіп,
Кекілік оны келемеж етті.
Ақ көбелек, көк көбелек,
Ұшып қонған көп көбелек.
Жалт бергенде топ көбелек,
Таба алмайсың, жоқ көбелек
Жұмбақ шешу
Қайталап атымды
Көктемде ән салам.
Кез келген ұяға
Жұмыртқа табамын. (көкек)
Дөп дөңгелек ілінген,
Күннен көмек тілеген.(күнбағыс)
− Көкек, күнбағыс сөздерінде неше дыбыс бар, бірінші қай дыбыс естіледі?
Қалай естіледі? – деп балалардан жауап ала отырып, сабақты қорыту.
Балаларды мадақтау.

Г дыбысы мен әрпі

Сабақтың тақырыбы: Г дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Г дыбысы мен әрпін таныстыру. Г дыбысы бар сөзді буынға бөле отырып Г дыбысы сөздің басында, ортасында келетінін түсіндіру. Дамыту ойындары арқылы білімдерін бекіту.
Дамытушылығы: балалардың ой - өрісін, шығармашылығын дамыту. Сөз қорын, сөйлеу жүйесін жетілдіру.
Тәрбиелігі: адамгершілік қасиеттерін, білімге деген қызығушылықтарын арттыру.
Түрі: Аралас сабақ
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, көрнекілік.
Сабақтың барысы
I Ұйымдастыру кезеңі.
1. Шаттық шеңбері
Ән салуға барамыз,
Досымызды табамыз.
Сәлемет пе! Міне! мен
Доспын енді сенімен.
Мұғалім: Балалар шаттық шеңберін құрдық, енді бір – бірімізге жақсы тілектер айтып жіберейік. Енді жақсы көңіл күймен сабағымызды бастайық.
II Өткен сабақты пысықтау.
Алдыңғы сабақта біз қай әріппен таныстық?
Ү дыбысы мен әрпі.
Ү дыбысы қандай дыбыс балалар дауысты ма, дауыссыз ба?
Қане айтып көрейік. Дауысты дыбыстар қалай айтылады?
Ү дыбысы дауысты, айтылғанда созылып, еш кедергісіз айтылады.
Балалар дыбыс дегеніміз не? Әріп дегеніміз не?
Дыбысты естиміз, айтамыз.
Әріпті жазамыз, көреміз, оқимыз.
Қане Ү дыбысына сөздер ойлап жіберейік: үкі, бүркіт, түлкі, үйрек. Енді осы сөздерді буынға бөлейік. Ү дыбысы мен әрпіне байланысты қандай тақпақ білеміз?
III Жаңа сабақ
Біз бүгін жаңа әріппен танысамыз. Бүгінгі сабақ ерекше сабақ. Бүгін бізге қонаққа қоян келеді. Ол бізге қонаққа келе жатып адасып қалыпты. Қане біз қоянға көмектесеміз бе? Иа
Қоян келе жатса, алдынан өзен шығыпты. Қоянды өзеннен өткізу үшін біздер тапсырма орындауымыз керек.
Өзеннен өту.
I деңгей тапсырмасы.
1 - деңгей тапсырмасын орындап, қоянды өзеннен өткізіп жіберейік. Сөз жұмбақ шешіп көрейік.
1. Аспаптың бір түр. (гитара)
2. Үй құстарының бірі. (үйрек)
3. Ешкінің төлі. (лақ)
Жақсы сөзжұмбағымызды шештік қандай сөз шықты (Гүл)
Гүл сөзі қай дыбыстан басталып тұр. Г дыбысынан. Дұрыс бүгінгі өтетін әрпіміз Г дыбысы мен әрпі. Қане барлығымыз Г дыбысын бірге айтып көрейік. Қандай дыбыс екен. Дауыссыз. Қайдан білдік даыссыз дыбыс айтылғанда қалай айтылады.
Дауыссыз дыбыс айтылғанда қысқа, кедергіге ұшырап айтылады.
Дауыссыз дыбысты қандай текшемен белгілейміз?
Көк текшемен.
Г дыбысы сөздің басында, ортасында келеді.
Қоян әрі қарай өзеннен өтіп келе жатса алдынан «Сиқырлы ағаш» шығады. Енді Сиқырлы ағаштың тапсырмасын орындап қоянға көмектесейік. Тақтаға қарайық.
Тапсырма: Суреттен г әрпінен басталатын сөздерді атап, буынға бөлеміз. Ги - та - ра, е - гін, ке - ре - ге, кө - гер - шін. Енді балалар Г әрпін жазып үйренейік. Мынау Г әрпінің баспа түрі, жазба түрі.
Дәптермен жұмыс.
Дәптерге Г әрпін жазамыз. Г дыбысының таңбасын үзік сызықтармен берілген параққа әдемі жазып орналастыру.
Енді балалар шаршағанымызды басып сергіту сәтін жасап жіберейік.
Сергіту сәті
Гүлге ұқсап ырғалып,
Шаршағанда демалам.
Қолымызды қозғалтып,
Гүлдей болып жайқалам.
Қоян сиқырлы ағаштан өтіп келе жатса «Адасқан әріптерге» кезігеді. Енді осы тапсырмаға көмектесейік.
Ойын: «Адасқан әріптер»
Шарты: Балаларға кеспе әріптер таратып, сол әріптерден сөз құрастыру. Көп сөз құрастырған балаларға қоянның сыйлығы бар.
Ребус шешу.
Бекіту: Топтастыру әдісі.
Дауыссыз дыбыс
Гитара, гүл, егін
Көк, текше, кереге, көгершін
Міне балалар қоян аман - есен үйіне жетіп көжектерімен табысады.
Бағалау.
Сабаққа жақсы араласқан балаларды мадақтау.
Үйге тапсырма.
Г дыбысы мен әрпін жазып, оқып келеміз.
«Қоштасу» Жылу шеңбері.
Қолымызды ұстайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау - саламат болайық!

У дыбысының дауысты болып айтылуы

Сабақтың тақырыбы: У дыбысының дауысты болып айтылуы.
Сабақтың мақсаты: У дыбысының қай кезде дауысты болатынын түсіндіру.
Білімділігі: У дыбысы бар сөздерді дұрыс тасымалдай білуге үйрету.
Тәрбиелілігі: Сауаттылықтарын арттыру.
Дамытушылығы: Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта (слайдтар)
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Жүру барысы
І. Қызығушылықты ояту:
- Шаттық шеңбері
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
4 - жаттығу. Тапсырмасы: Сүйікті мультфильмінің мазмұнын қысқаша жазу.
ІІІ. Өткен сабақты бекіту:
Тіл

● Ауызекі тіл - Бір - бірін көріп, естіп адамдардың өзара қарыс қатынасы, әңгімелесуі
● Жазбаша тіл - Адамдардың хабарды жазып беруі
IV. Мағынаны тану
А) Жұмбақ шешу:
Уықта бар,
Жайықта жоқ.
Суықта бар,
Қайықта жоқ
(у дыбысы)
Ә) Есіңе сақта!
У дыбысының дауысты, дауыссыз болып айтылуы
Ереже түсіндіру.
Дауыссыз дыбыстан кейін және сөздің басында дауыссыз дыбыстан бұрын келген у дыбысы дауысты болады: жусан, сусын, умаждау.
Дәптермен, тақтамен, кітаппен жұмыс.
1 - жаттығу.
Санау, тану, болу, сауатты, білу.
Бес жол өлең
1. У
2. дауысты, дауыссыз
3. айтылады, естіледі, жазылады.
4. У дыбысы дауысты дыбыс болады.
5. Әріп.
2 - жаттығу
Қу, ау - лау - дан, іс - теу, қу - лық, қу - а - на - ды, би - леу - ге, кеу - де - сі - не.
Семантикалық карта
Сөздер --------- Дауысты -------- Дауыссыз
Сусын ---------------+
Уыстау ----------------------------------+
Қауын -----------------------------------+
Ауыз -------------------------------------+
Умаждау ------------+
Жусан ---------------+
3 - жаттығу
Су - лау, қу - а - лау, гу - леу, шу - лау, бу - лау, а - ра - лау, У - һі - леу, у - ра - лау, жу - ық - тау.
ІV. Ой толғаныс:
«Адасқан әріптер» ойыны
(Сусын, оқтау, қалу, тану, білу).
1. У дыбысы қай кезде дауысты болады:
2. Мысал келтір
V Үйге тапсырма: Ереже жаттау
У әрпі бар сөздер жазу
VІ. Бағалау, мадақтау.
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларға мақтау қағазымен марапаттау.

Наши рекомендации