Билет. Темперамент туралы жалпы ұғым. Темперамент теориялары мен түрлері
Темперамент -әрбір кісінің жеке басына тен дара өзгешеліктің бірі. «Темперамент» сөзінің шыгу тегіне тоқталар болсақ, «красис» деген грек сөзін латынша - темпераментум дейді. Мүндай атаудың мәні иэрселердің не заттардың мөлшер шамаластығы деген түсінікті білдіреді. Бұл өзгешелік - ең алдымен, адамның эмоциялық сезіміндегі жэне жүріс - тұрысы мен қимыл - қозғалысывдағы, сөйлеген сөзіндегі, өзге адамдармен қарым - қатынасындағы ерекшеліктері. Сөйтіп, біз темпераментті жүйке жүйесінің табиғи типтік қасиеттеріне тэуелді, жеке адамға тэн дара өзгешелік деп білеміз. Адамның мұндай өзгешелігінің сыр — сипатына зерттеуші -ғалымдар ерте замандарда - ақ айырықша мән берген. Адамның осындай өзгешелігінің мэнін ашуға алғаш көңіл аударып, еңбек жазған - ертедегі грек жүртының дэрігер - галымы Гиппократ ( б. з. д. 460 -356жж.) болды. Ол өз шәкірттерімен бірге организм өзгешеліктері денедегі «тіршілік шырындарына» байланысты деп санады. Яғни олардың пікірінше, денені жылытатын - қан, салқындататын - сөл, кұрғататын өт, дымқылдандыратын - қара өт. Булар бірімен - бірі белгілі бір пропроциялық қатынаста болады. Осы затгар қатынасының қай мөлшерде екендігіне қарай эрбір адамның өзіндік даралық өзгешелігі болады. Қанның пропорциялық мөлшері көп болса -сангвиник ( латынша - сангуис); сөл көп болса - флегматик (грекше -флегма); өт көп болса - холерик (грекше - холе) жэне күшті пропорция қара өтте болса - меланхолик (грекше - мелайнехоле) кара өт деп төрт типке бөлген. Сол кезден бастап ғылымда темперамент атауы тұрақты орын алды. И.П.Павловтың жануарлардың жүйке жүйесінің физиологиялық негіздерін зерттей отырып анықтаған жайттары адамның да жүйке жүйесінің типтеріне негіз бола алады.
Телтерамент - адамның жалпы мінездемесі. Анық мінездеме жеке адамның барлық іс - эрекетінен керініп тү_рады. Жүйке жүйесі таптерінің сыр сипаты темперамент типтерімен бірдей. Мұиың екеуі де дара адамньщ бойындағы өзгешеліктерін сипаттайды. Жүйке жүйесінід типі шыдамсыз болса - холерик, сергек болса - сангвиник, тыныш болса флегматик, элсіз болса - меланхолик болады.
Сангвиниктің - эмоциялық қозуы шапшаң, күшті, бірақ түрақсыз. Көңіл - куйі әп- сәтте өзгереді. Ол - әсершіл адам. Ұнатқан, сүйген нэрсесіне елігіп эуестенуі де оңай жэне жылдам. Төщрегіндегі уақиғаларға, нәрсенің мэн - жайына елең етіп, көңілденуі де, басқа нэрсеге ауып кетуі де тез. Көңілі көтеріңкі болып келеді. ¥зақ уакыт мұңайып журмейді. Бастан кешкен сезім күйлері санасывда елеулі із қалдьфмайды. Шапшаңда икемді, қозғалғышта қызу, сергек. Кетеріңкі, мэнерлі сейлейді, мимика қимылы көп. Ақжарқын, ашық . Ойынға кызу қатысады, ойын процесінде рөлін өзгертіп отьфады, өкпелеп қалуы оңай, өкпелесе, жылап жібереді, алайда, ренжігенін лезде ұмытады, кезінің жасы кеппей - ак, күле бастайды.
Холерттің - эмоцияға берілуі шашпақ. Сезім күйлері оқыс ауытқып, кұмарта көтеріліп кететін шыдамсыз, күйгелек кісі. Әп — сэтте қызып кетіп, күйіп - піседі. Ашуланса, бұрқ - сарқ етіп, қызу екпіні сарқылып барып басылады, бастан кешкен сезімі санасында терең із калдырады, қимыл - қозғалысы шапшаң. Икемсіз оқыс қылықгарына қарамастан, қызулы, жігерлі, пысық жэне іс - әрекет атқаруга бейімді келеді. Жұмысқа кұмарта беріліп, екпінмен істейді, анық, әсерлі, мэнерлі сейлейді. Сезім күйлері сөзінен, мимика, пантомимикасынан білініп түрады. Холериктер белсенді, батыл келеді, іске шапшаң кіріссді, бастағаи іс - эрекетін аяқгап шыгады, көп адам қатысқан ойындарға күмар. Өзі де үйымдастырып, аяғына дейін белсене қатысады, шыдамсыз, күйгелек, лезде өкпелейді,әп - сәтте ашуланады жэне ашуын үзақ сақтайды.
Флегматиктің - эмоциялық қозуы әлсіз болады, қызуланып желікпейді, елеуреп ашуланбайды, көңіл - куйлерібайсалды, орнықты калпыпда ұзақ сакталады, баяу өзгереді, жарқьфап қуануы да, жабьфқап қайғыруы да қиын, аз қозғалады, сылбыр, кербез қимылдайды, сезім күйлерін дене қимылдары білдіріп түрмайды, мимикасы өзге қимылдары монерсіз. Бір сарьгады монотонды сөйлейді. Кісімен араласып жакмвдасуда мардымсыз, іске ырғалып - жырғалып барып кіріседі. 1с- эрекетін байсалды, тиянақты орындайды, бастаған ісін қадагалап істейді, аяқтап шығады. Флегматиктер байсалды, баяу, орнықгы болады. Кісіге үйірлігі аз, өзі ешкімге тиісіп, соқтығыспайды. Біреу жанжалга шақырса, есебін тауып жалтарып кетеді, тыныштықты жаксы көреді. Кеңіл көтеретін сауыққа да эуес емес, бөтен кісіге міндет артып екпелемейді.
Меланхоликтің - эмоциялық көтерілуі табанды, күшті, түракты болады, сьфтқы корнісі әлсіз келеді. Әр нэрседен ауыр осер алады, олар бойын билеп, санасында терең із қалдьфады, көңіл - күйлері бірқалыпты үзақ сакталады, мінезі баяу өзгереді, көңілі көбінесе жабьфкау, кейде кайғылы да болады. Сьфтқы жағдайдан үрейленіп, сескеніп түрады, кедергі кездессе, уайымдап қажи түседі, қимыл -қозғалыстары ақьфын, баяу болады. Мэнерсіз, ақьфын сөйлейді, сезім күйлері сьфтқы кимылдарынан көрінбейді. Өзі тұйық, жасқаншақ келеді, кісімен көп араласпайды. Іске бірден кірісіп кетпейді, егер кіріссе, іс - әрекетін толық аяқтап шығады. Меланхоликтер сыпайы, момақан, жасқаншақ келеді, біреу сұрак қойса, қысылып, үллып қалады, көңілденуі де, өкпелеп ренжуі де қиын, ренжіп қалса, көпке дейін ұмытпайды, ойынға бірден қосылып кетпейді, жатырқап іүрады, кешігіп барып қатысады, іске бірден кіріспейді, бір бастап кетсе, ойынды да, жұмысты да аяқтап шығады. Сонымен, темперамент -адамның дара психологиясының өзіндік бір сипаты болып табылады.