Нұсқа. Терминтаным салалары мен сипаты

Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Филология факультеті

Теориялық және қолданбалы тіл білімі» кафедрасы

Силлабус

Пән Қазақ терминология мәселелері (2 кредит )

Мамандық Қазақ филологиясы

Курс 3 курс

Оқытушы ______Исакова С.С.___

Оқу жылы

Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Силлабус

Сабақ өткізілетін орын мен уақыты ОСӨЖ өткізілетін орын мен уақыт оқытушы байл. тел email
Қ.Жұбанов атындағы АМУ, бас ғимарат 404 ауд 406 ауд. 12.40-13.30 13.40-14.40 Исакова С.С. [email protected]

Пән Қолданбалы терминология мәселелері ( 2 кредит )

КУРСТЫҢ ҚЫСҚАША СИПАТЫ:

Тіл адамзатпен бірге пайда болып, адамзатпен бірге өсіп-өркендейтін болғандықтан, оның даму тарихы қоғамдық өмірмен тығыз байланысты. Қоғам өмірінде болатын құбылыстардың барлығы тілден көрініс тауып, тіл арқылы болашақ ұрпаққа жетеді. Кез келген тілдің қоғамда қызмет етуінің алғышарты - ол ғылым тілі қызметін атқару болып табылады. Ал ғылым тілінің өзегі – терминдер екені бәрімізге аян. Еліміздің егемендік алуы мен қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге ие болуы терминдердің қолданыс аясын кеңейтуге мүмкіншілік жасап отыр. Терминологияның маңыздылығы тіліміздегі терминдердің дұрыс жасалуымен, оның реттілігімен, тұрақтылығымен, ертеңгі болашағын қанағаттандыра алатын әлеуетімен анықталса керек. Олай болса, қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамытудың басты жолы - оның ғылыми терминдерін жасау, оларды ретке келтіру, жүйеге түсіру және оны қолданысқа енгізу. Осы жолда соңғы кезде түрлі сала бойынша терминологиялық сөздіктер жарық көре бастады. Түрлі ғылым салалары бойынша терминдер реттеліп, сұрыпталып, қолданысқа енгізілу үстінде. Мұның бәрі саяси-әлеуметтік жағдайдың күрт өзгеруінен, КСРО-ның құлауынан және Қазақстанның тәуелсіз ел болуына байланысты тілге, әсіресе, оның жазу, ономастика, терминология сияқты өзекті проблемаларына деген жаңаша қоғамдық-әлеуметтік көзқарастың қалыптасуынан туындағаны белгілі.

КУРСТЫҢ МАҚСАТЫ:

Арнаулы курстың оқу бағдарламасында көрсетілгендей, термин туралы, оған қойылатын

талаптар, терминнің табиғаты, қолданбалы терминология заңдылықтары туралы ғылыми

мәлімет беру.

- қолданбалы терминтанымның пәні, зерттеу нысанын анықтау;

- терминдерді саралау және олардың айырмашылықтарын айқындау;

- сөз бен терминнің арақатынасын анықтау;

- терминдік жүйені біріздендіру туралы мәлімет беру;

- қолданбалы терминологиялық әрекет бағыттарын көрсету;

- терминологиялық редакциялау туралы ұғым қалыптастыру;

- терминологиялық мәліметтер банкін құру туралы ұғым қалыптастыру және т.б.

КУРС ПРЕРЕКВИЗИТІ:

Қолданбалы терминология мәселелері пәнін сапалы меңгеру

үшін студенттің төмендегі пәндерден білімдері болуы тиіс:

Тіл біліміне кіріспе

Нормативті қазақ тілі

Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы

Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы

КУРС ПОСТРЕКВИЗИТІ:

Пәнді оқу нәтижесінде студент төмендегідей білік-дағдыларды, білім-түсініктерді игеруі тиіс:

- қолданбалы терминтанымның пәні, зерттеу нысаны туралы;

- терминдерді саралау және олардың айырмашылықтарын айқындай білуі;

- сөз бен терминнің арақатынасын анықтай білуі;

- терминдік жүйені біріздендіру туралы;

- қолданбалы терминологиялық әрекет бағыттарын білуі;

- терминологиялық редакциялау туралы;

- терминологиялық мәліметтер банкін құру туралы теориялық білімдері болуы.

ОҚЫТУ ӘДІСІ:

Интерактивті әдіс, модульдік оқыту әдісі, дамытушылық әдіс

БІЛІМДІ БАҒАЛАУ:

Курс барысында бағалау стратегиясы ретінде келесідей бағалау әдістері қолданылады: жазбаша бақылау жұмысы, үй тапсырмасы ( талдаулар, салыстырула, жазбаша тапсырмалар т.с.с.), ауызша сұрау, тест тапсырмалары, іздену жұмыстары (жоба, презентация), мәнжазба, эссе т.с.с.

Аралық бақылау :бақылау жұмысы курста өткен бөлімдер бойынша теориялық және практикалық, лабораториялық (есептеу және шығармашылық) тапсырмаларды қамтып, меңгерген тақырыптар бойынша студенттердің білімін бағалауға мүмкіндік береді.

Жеке өзіндік жұмыс: курс тақырыптары бойынша семинар тапсырмаларын, үй тапсырмаларын, шығармашылық тапсырмаларды орындау, ситуацияларды талдау, күнделікті ақпараттық материалдарды пайдалану ескеріледі.

Үй тапсырмасы: Үй тапсырмаларын студенттер міндетті түрде дайындайды және ОСӨЖ сабақтарында кесте бойынша тапсырады. Белгіленген уақыт мерзімінен кейін тапсырылған үй тапсырмаларына баға төмендетіледі.

Коллоквиум: өткен материал бойынша семестрде екі рет студенттен ауызша жауап алу түрінде жүргізіледі. Коллоквиум сұрақтары студенттерге алдын-ала беріледі.

Курстық жұмыс, мәнжазба, эссе: оқу бағдарламасына сәйкес және анықталған тақырып бойынша дайындалады, бағалау кезінде тақырыптың мазмұнының ашылуы, ғылыми әдебиеттердің пайдаланылуы, баяндалу стилі, көрнекі құралдардың пайдаланылуы, ҚР Заңдарын, ҚР Үкіметінің Жарлықтарын, нормативтік және әдістемелік материалдарды, негізгі әдебиеттерді меңгеру жағдайы ескеріледі. Зерттеу жұмысы бекітілген мерзімнен кейін қабылданбайды және бағаланбайды.

Аралық бақылау тестері: өткен материалдар бойынша 10 және одан жоғары тапсырмаларды қамтитын тесттер. Тест семестрде екі рет 7 және 15 апталарда өткізіледі.

Қорытынды емтихан: қорытынды емтихан семестр соңында өткізіледі. Емтихан қабылданатын күн деканаттың емтихан кестесінде көрсетіледі. Емтихан компьютерлік тестілеу нысанында жүргізіледі. Тесттер курс бағдарламасының барлық бөлімдері бойынша тапсырмаларды қамтиды. Емтихан уақытында дәріс көшірмелерін, кітаптарды, әртүрлі жазбаларды пайдалануға тыйым салынады. Баға төмен болған жағдайда, оны көтеру үшін, қосымша тапсырмалар берілмейді. Емтиханның өткізілу тәртібін сақтамаған студент, емтиханды тапсырудан босатылып, емтиханды тапсырмаған ретінде есептелінеді.

Қорытынды баға: семестр соңында студенттер барлық пәндер бойынша 100 балл (40 %) көлемінде есептелінетін емтихан тапсырады.

Пәннің модуль бойынша тақырыптық жоспары

№ р/с Модульдің атауы Дәріс. (сағат) Практик. (семинар)сабақ (сағат) Лаборат. сабақ (сағат) СӨЖ (МӨЖ) (сағат)
Қолданбалы терминтанымның пәні, зерттеу нысаны  
Қолданбалы терминологиялық әрекет бағыттары  
Терминологиялық нормалану үдерісі  
Терминологиялық норманың өлшемдері  
Терминологияны реттеу теориясының құрылымы. Метатілі  
Терминдерді біріздендіру  
Терминдік жүйені стандарттау  
Терминологияны нормалаудағы терминшінің рөлі  
Терминология және тіл саясаты  
Термин жасау тарихы мен дәстүрі  
Термин және термин еместің лексикалық құрылысындағы ұқсастық пен айырмашылық  
Термин жасаудағы жаңа үрдіс  
Термин туралы ғылыми-теориялық көзқарастар  
Терминдік жүйені реттеудегі халықаралық терминдер мәселесі    
Терминнің практикалық мәні  
     

Дәрістер

Апта   Тақырыптың атауы Сағаты
Модуль 1 Қолданбалы терминологияның жалпы мәселелері
Қолданбалы терминтанымның пәні, зерттеу нысаны
2. Қолданбалы терминологиялық әрекет бағыттары
Терминологиялық нормалану үдерісі
4. Терминологиялық норманың өлшемдері
5. Терминологияны реттеу теориясының құрылымы. Метатілі
Терминдерді біріздендіру
Терминдік жүйені стандарттау
Терминологияны нормалаудағы терминшінің рөлі
Модуль 2 Терминология
Терминология және тіл саясаты
Термин жасау тарихы мен дәстүрі
Термин және термин еместің лексикалық құрылысындағы ұқсастық пен айырмашылық
Термин жасаудағы жаңа үрдіс
13. Термин туралы ғылыми-теориялық көзқарастар
14. Терминдік жүйені реттеудегі халықаралық терминдер мәселесі
Терминнің практикалық мәні

Практикалық сабақ тақырыптары

Апта   Практикалық сабақ тақырыптары Сағаты
Модуль 1 Қолданбалы терминологияның жалпы мәселелері
Қолданбалы терминтанымның пәні, зерттеу нысаны
2. Қолданбалы терминологиялық әрекет бағыттары
Терминологиялық нормалану үдерісі
4. Терминологиялық норманың өлшемдері
5. Терминологияны реттеу теориясының құрылымы. Метатілі
Терминдерді біріздендіру
Терминдік жүйені стандарттау
Терминологияны нормалаудағы терминшінің рөлі
Модуль 2 Терминология
Терминология және тіл саясаты
Термин жасау тарихы мен дәстүрі
Термин және термин еместің лексикалық құрылысындағы ұқсастық пен айырмашылық
Термин жасаудағы жаңа үрдіс
13. Термин туралы ғылыми-теориялық көзқарастар
14. Терминдік жүйені реттеудегі халықаралық терминдер мәселесі
Терминнің практикалық мәні

СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ

БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ

нұсқа. Терминтаным салалары мен сипаты

  1. Терминтаным және оның салалары
  2. Терминологиялық лексика, әдеби тіл, жалпыхалықтық тіл

Тапсырмалар:

1. Берілген тақырыптарды конспектілеңіз.

2. Тақырыпқа глоссарий құрастырыңыз.

3. Тақырыпқа 10 тест (5 жауап нұсқасымен) дайындаңыз.

Дебиеттер

1.Құрманбайұлы Ш. Қазақ терминологиясының дамуының кезеңдік

сипаты. Астана: Елорда, 2002. – 184 б.

2. Құрманбайұлы Ш. Қазақ терминологиясы дамуының ғылыми қағидаттары. Алматы: Сөздік-Словарь, 2004. – 208 б.

3.Құрманбайұлы Ш. Терминқор қалыптастыру көздері мен терминжасам тәсілдері. - Алматы: Сөздік-Словарь, 2005. - 240 б.

4.Айтбаев Ө. Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы. - Алматы, 1998. - 208 б.

5.Ақаев С. Терминнің танымдық табиғаты. – Алматы, 2000. -227 б.

6.Исақова С.С. Қазақ тіліндегі психология терминдері (лингвистикалық зерттеу) . А., 2001

7.Исақова С.С. Қазақ терминтанымының когнитивтік-прагматикалық аспектісі. А., 2007

8.Гречко В. А. Каким должен быть термин? // Актуальные проблемы лексикологии и словообразования. Вып.У. Новосибирск, 1976. –С. 98-108.

9.Головин Б. Н., Кобрин Р. Ю. Лингвистические основы учения о терминах. - М., 1987. – 104 с.

10.Головин Б. Н. Терминология // Березин Ф. М., Головин Б. Н. Общее языкознание. - М., 1979. – 347 с.

11.Даниленко В. П. Лексико-семантические и грамматические особенности слов-терминов // Исследования по русской терминологии. - М., 1971. - С.43.

Наши рекомендации