Когнитивтік ұғымдар. 3 страница
ЕМТИХАН БИЛЕТІ
1.Когнитивті лингвистиканың зерттелуі. Когнитивтік лингвистика лингвистикалық зерттеулердің шеңберін маңызды түрде күшейте түсетін қазіргі антропоцентристік парадигмалар шегіндегі когнитивизм негізінде туындайды. А.Маслова когнитивтік лингвистика нәтижеге жету үшін оның міндеттеріне ғаламды тану, ғалам туралы ақпарат алу, қайта өңдеу, білімді концептілеу, концептілер жүйесін суреттеу, ғаламның тілдік бейнесі мәселелерін жатқызады . Е.С.Кубрякова когнитивтік лингвистика міндеттерін « есте сақтау, елестету, қабылдау, ойлау арқылы тілдік үдерістердің, тілдік бірліктердің және категориялардың арақатынасын зерттеу ретінде анықтап сипаттайды Когнитивтік лингвистиканың пәні – тіл мен сөйлеуде пайда болған нақты тұжырымдарды ( концептілерді) білдіретін тілдік құралдарды ( cөз, сөз тіркесі, мәтіндерді) зерттеу.
Қазақ тіл білімінің тарихында тілдің танымдық табиғаты туралы зерттеулер Байтұрсынұлы еңбектерінен бастау алады. Ғалымның тіл табиғатының ерекшеліктерін, тіл қызметінің танытуға арналған ғылыми пайымдауларын екі арнаға бөліп көрсетуге болады.
А. Байтұрсынұлы еңбектері бойынша тілдің танымдық қызметін төмендегілер құрайды:
• Тілтаным теориясындағы тіл-ойлау-дүние бейнесі арақатынасына байланысты пікірлермен сабақтас пайымдаулары;
• Поэтикалық тіл табиғатын “қарапайым” тілден айыра танытуға арналған
С.Аманжоловтың да тілтанымдық зерттеулері лингвистикалық талдаулардың өзгеше амалын құрайды, себебі автор тілдік құралдар табиғатын анықтауда құрылымдық факторды адамның ішкі ойлау, қабылдау, тану мүмкіндіктерімен, сыртқы қоғамдық-мәдени негіздермен шебер сабақтастыра білді.
Осы саладағы іргелі еңбектердің бірі 1998 жылы жарық көрген Қ.Жаманбаеваның «Тіл қолданысының когнитивті негіздері: эмоция, символ, тілдік сана» атты монографиясында «тілдік сана құрылымын», «гештальт теориясын» түсіндіреді. Келесі еңбектің бірі - Ә.Әмірбекованың «Концептілік құрылымдардың поэтикалық мәтіндегі вербалдану ерекшелігі (М.Мақатаев поэзиясы бойынша)» атты диссертациясы. Ғалым өз жұмысына концептілік құрылымдарға және ақын М.Мақатаевтың танымдық болмысын «Өмір» концептісінің негізінде талдау жасап, «Көркемдік сана», «Когнитивтік модель», «ассоцация», «бейне» т.б. ұғымдарға поэтикалық мәтіннен мысалдар келтіре отырып саралады. 2007 жылы Э.Н.Оразалиеваның «Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы» атты монографиясы жарық көріп, зерттеуші өз еңбегінде қазақ тіл біліміндегі когнитивтік бағыттың қалыптасу, даму алғышарттарын ғылыми теориялық тұжырымдарға сүйене отырып қарастырады.
2. Тіл біліміндегі функционалдық бағыт.Тіл білімінің зерттеу парадигмалары уақыт өткен сайын ауысып отырды. Кезегімен саралайтын болсақ, салыстырмалы-тарихи, жүйелік-құрылымдылық, антропоцентристік. Қазіргі уақытта антропоцентристік парадигманың саясында тілдің функционалдық бағыты тіл білімінің зерттеу нысанына айналып жүр. Десек те, тілдің функцияналдық қатынас құралы екенін, А. Байтұрсынұлы «Тіл –жұмсар», «Тіл- құрал» деп тілдің қатынас құралы екенін айқындай түседі.Ол өзінің жоғарыда аталған еңбегінің сөз басында «Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі» [1,30],-деген сөйлемнен бастап, тілдің құрал екендігін, оның адамға тікелей байланысты екенін, оның жұмсалымдық қызметін атап көрсетіп, ең алғаш қазақ тіл білімінде функционалды (жұмсалымды) грамматика туралы айтып кетеді. А.Байтұрсынұлы өзінің еңбектерінде «тілді – құрал» деп, оның адамдардың ыңғайына қарай қолданатынын ескеріп, тілді жұмсалымдық қызметінен қарастырады.
Қазіргі функционалды грамматиканың мақсаты тілдің табиғатын ашу, жеке-дара тұйықталған шеңбер аясында ғана қарастырылмайтындығын анықтап, әр түрлі тілдік құралдыр өзара әрекеттесе отырып белгілі ұғымның мәнін, мазмұнын ашу, сөз сөйлеу кезіндегі ситуация мен контекстік жағдаяттарымен байланыста анықталатын, сондай-ақ олардың басқа да ұғымдық категориялардың аясында көрінетін мағыналық-мазмұндық сипатын ашу болып табылады. Олай болса, функционалды грамматика тілдік құбылыстың табиғатын толық әрі терең түсінуге жол ашады. Жалпы тілдік жүйедегі әр алуан тілдік бірліктердің өзара әрекеттесуі, парадигмалық және синтагмалық қатынасы белгілі ұғымдарға және категорияларға жинақталып, олардың табиғатын толық тануға мүмкіндік ашады. Функционалды грамматиканың негізгі объектісі грамматиканың ішінде «мазмұннан – формаға, ұғымнан – үлгіге» сияқты тілдік бірліктерді зерттейтін бағыт болып табылады. Жалпы тіл білімінде функционалды грамматиканың негізгі нысаны функционалды-семантикалық өріс теориясы болып табылады.
Тіл – қоғамдағы адамдардың практикалық қатынасының құралы. Тілді бір адам өзі үшін ғана қолданбайды, басқа адамға өзінің ойын білдіру, жеткізу үшін қолданады. Тіл – конкретті сана болғандықтан, қоғамдық өмір өзгерісіне сәйкес қазақтың әдеби тілі күн санап дамып келеді. Қазақ тілінің әлсіз жерін күшейтіп, кедей жерін байыта түсті. Осындай сатылап, бірте-бірте дамудың нәтижесінде әдеби тіліміздегі грамматикалық категориялардың қайсысы болса да дамып, бір жүйеге түсті. Сол грамматикалық категорияларды функционалды-семантикалық аспектідегі тілдік бірліктердің түрлі тіл деңгейі тұрғысынан зерттеу қазіргі таңда тіл білімінде, оның ішінде қазақ тіл біліміндегі ең басты әрі маңызды мәселе болып табылады.[4, 327 б. ]
Қазақ тіл білімі қай бағыттағы зерттеуде болсын ғылыми жетістіктерге қол жеткізіп отыр. Бұл орайда этнолигвистика, лингвомәдениеттану салалары бойынша Ә.Т.Қайдар, М.Копыленко, Е.Жанпейісов, Ж.Манкеева, стилистикадан Р.Сыздық, Б.Шалабай еңбектерін атауға болады. Тілдің жүйелі-құрылымдық жағы А.Ысқақов, Қ.Есенов, М.Балақаев, Т.Қордабаев, Р.Әмір, Н.Оралбаева, Ө.Айтбаев, М.Серғалиев, Ш.Сарыбаев, М.Оразов, К.Хұсайын, Т.Сайрамбаев, Ә.Жүнісбек, Б.Қалиев, Н.Уәли, Б.Сағындықов, Б.Қасым еңбектерінде көрініс тапса, З.К. Ахметжанова, А.Жұбанов, Т.Абдығалиева, Ж.Жакупов, Қ.Рысалды, З.Ерназарова, Қ.Есенова, Д.Әлкебаева зерттеулерінде функционалды, коммуникативтік-прагматикалық, когнитивтік аспектіден қарастырылған. Қазіргі кезеңде қазақ тіл білімінде ең актуалды проблемалардың бірі − тілдік жүйенің функционалдылық механизмін зерттеу. Мұның өзі функционалды грамматиканың негізін қалауға үлкен әсер етті.
3. Қазақ прагмалингвистикасының зерттелу жайы.Адресанттың мәтін арқылы көздеген мақсат-ниеті оқырманға, яғни адресатқа әсер етуі мәтіннің прагматикасын көрсетеді. Жалпы алғанда, прагматика негізгі үш тұжырымға негізделеді: 1) сөз коммуникациясын түсінудің тірегі болып әрекеттік аспект саналады [23, 34 б.]; 2) тіл адамға ықпал ету амалы ретінде қарастырылады [24, 98 б.]; 3) тілдік амалдардың функционалдандырылуы қарым-қатынастың жағдаяты мен мәнмәтіні арқылы негізделеді [10, 21 б.]. Ал сөйлеу актілерінің теориясының негізі тілдің қызмет ету, яғни функционалдылық тұрғысынан қарастыруды негізге алады. Ал сөйлеу актілерін зерттейтін бірден бір сала ол – прагматика, яғни қарым-қатынасқа қатысушылардың өзара әрекеті мен адресант тарапынан діттелген мақсат адресатқа сәтті жеткізіліп, көздеген мақсатқа жетуге бағытталуымен түсіндіріледі. Осы орайда зерттеуші Г.Ю. Аманбаеваның пікірін келтіре кетуге болады: «Прагматикада тілді әрекет барысында зерттеу қазіргі лингвистикалық
парадигманың принциптік тұжырымдары арқылы актуалданатын лингвистикалық сипаттаманың автономдық пәні мәртебесіне ие болады. Аталмыш бағыттың пәндік аясының идентификациясы «прагматика» термині арқылы іске асады, яғни тілдік таңбаларды мақсатты түрде қолдану механизмі мен оның сипаттамасының сәйкесінше аспектісін біріктіреді» [25, 29 б.].
Прагматика сөйлеу актісі бағыты тұрғысынан қарастырылып, үш бірдей аспектісі есепке алынады: 1) сөйлеушінің қолданылып отырған таңбаларға қатынасы; 2) тыңдаушы тарапқа сөз ықпалы; 3) сөйлеушілердің аялық білімі мен олардың сөз құзыреттілігі [26, 16 б.]. Р.С. Столнейкердің еңбегінде прагматиканың спецификасы айқындалады: «Синтаксис сөйлемді зерттейді, семантика пропозицияны зерттейді. Прагматика сөйлеу актілерін және онда жүзеге асатын мәнмәтінді зерттеумен айналысады... Сәйкесінше, прагматика алдында екі түрлі мәселе пайда болады: біріншіден, сөйлеу актісінің қызықты типтері мен сөздің «өнімдерін» анықтау; екіншіден, белгілі бір пропозицияның белгілі бір сөйлем арқылы бейнеленетінін анықтауға әсер ететін сөйлеу мәнмәтінінің сипаты мен ерекшеліктерін сипаттау» [27, 423 б.].
Алдымен, прагматика ұғымының мәнін айқындап алайық. Жалпы прагматика сөзі грек тілінен аударғанда «іс-әрекет» деген мағына береді [3, 389 б.]. Қазіргі тіл біліміндегі прагматикалық зерттеулер 1930 жылдардағы Ч.У. Моррис еңбектерімен байланысты. Прагматика – семантикамен тіл біліміндегі тілдік таңбалардын кызметін зерттейтін тіл білімің саласы. Тілдің прагматикалық функциясын тілдің когнитивтік функциясымен байланыстыра зерттеу – тиімді бағыттардың бірі болып табылады. Тілдің прагматикалық функциясының берілу жолдарын анықтау және оны интерпретациялау тілдің когнитивті және прагматикалық функциясына сүйенеді. Прагмалингвистика қарым-қатынас іс-әрекеті туралы ғылым саласы болғандықтан, тілдің барлық аспектілерінің қызметіне тікелей қатыса алады.
Семантика мен прагматика – өзара тығыз байланысты тіл білімінің саласы. Бұл мәселе бойынша семиотикалық зерттеулердің негізін салушы Ч.У. Морристің еңбектерінің рөлі айрықша. Ч. Морристің зерттеулері бойынша семиотикада үш түрлі сала ерекшеленеді: біріншіден, ол семиотиканы таңбалардың объектіге қатынасын зерттейтінсемантика, екіншіден, таңбалардың өзара қарым-қатынасын зерттейтін синтактика және үшіншіден, сөйлеушілердің таңбаларға қатынасын зерттейтін прагматика саласы [28, 50 б.]. Осы орайда Ю.С. Степановтың ойы да жоғарыда аталған ойды нақтылай түседі: «Синтактика таңба мен оның нені таңбалайтыны арасындағы – адамның сыртқы әлемі мен ішкі әлемі арасындағы қатынасты зерттеумен айналысса, ал прагматика таңба мен сол таңбаны қолданушы сөйлеуші, тыңдаушы, жазушы, оқырман арасындағы қатынасты зерттеумен айналысады» [29, 325 бб.]. Кейінірек Ч. Моррис прагматика аясына таңбалардың шығу тегінің биологиялық, психологиялық және қоғамдық аспектілердің қолданысы мен олардың әсері туралы сөз қозғайды.Таңбалардың бір-біріне қатынас синтактика (немесе синтаксис) көлемінде зерттеледі. Яғни Ч.У. Морристің пайымдауынша, семантика – «таңба – референт» арасындағы, прагматика – «таңба – пайдаланушы» арасындағы байланысты зерттейді дейді [28, 51 б.].
Ч. Морристің көзқарасын ары қарай зерттеп, ғылыми тұрғыда дамытқан Н.Д. Арутюнова, Ю.С. Степанов есімдерімен байланыстырса болады, ал отандық лингвистикада Д.А. Әлкебаеваның «Қазақ тілі стиликасының прагматикасы», Г.Ю. Аманбаеваның «Макроязык: структура, семантика, прагматика», Н.Ж. Даулеткерееваның «Қазақ баспасөзіндегі қайталамалардың прагматикалық мәні», А.К. Кущегалинова «Прагматические функции глаголов речи», Е.Б. Тяжинаның «Одағай сөздердің прагматикалық қолданысы», З.Ш. Ерназарованың «Сөйлеу тілінің синтаксисінің прагмалингвистикалық аспектісі», Қ.Ө. Есенованың «Қазіргі қазақ медиа-мәтінің прагматикасы (қазақ баспасөз материалдары негізінде)» атты еңбектері прагматика ғылымының дамуына қосқан үлесі деп білеміз.
Ғалым Нұргелді Уәли «прагматика – тілдің өмірдегі қолданысын, оның ұжымдық тәжірибеде жүзеге асыруын көрсетеді. Ал мұның өзі ұжымның өмір заңдылықтарымен, тілді қолданушының психологиясымен, дүниетанымымен, оның когнитивтік базасымен, мәдени стреотиптермен, ұлттық дәстүрмен байланысты» деп есептейді [2, 35 б.].
Кең анықтамалардың ішіндегі анықтамалардың бірі ретінде Т.А. ван Дейктің «Прагматизм – мәнмәтіндегі тілді зерттеу» деген тұжырымында көрсеткен прагматикалық компоненттің қасиетін келесідей түрде көрсетеді:
а) прагматика – лингвистикалық теорияның ажырағысыз компоненті, оның мәртебесі синтаксис пен семантика мәртебесімен тең;
ә) прагматика міндеттеріне сөйлесімнің жүйелік қасиеттерін тілдік және иллокутивтік актілер ретінде айқындау жатады;
б) прагматикалық интерпретация тек синтаксистік тұрғыдан дұрыс, семантикалық қолданысқа ие белгілі бір шарттылыққа негізделген сөйлесімдерде ғана қолданылады;
в) прагматикалық интерпретациялар прагматикалық мәнмәтіндерде айқындалады, яғни белгілі бір ой когнитивтік және әлеуметтік факторлар жиынтығы ретінде анықталады [20, 13 б.].
Қазіргі таңда прагматика пәнаралық ғылым саласы болып табылады, өйткені прагматика лингвистика, логика, философия, әлеуметтік зерттеулер, психология, этнография және кейбір кибернетика салалармен де тығыз байланыста. Прагматиканың жалпы теориясының эмпирикалық міндеттері: когнитивті модельді құрастыру, сөйлеу актілерін, сонымен қатар коммуникативтік өзара қарым-қатынастың моделін түсіну, есте сақтау және тілді белгілі бір әлеуметтік ортада қолдана білу.
Жалпы прагматикаға берілген анықтамаларды біріктіре отырып, ортақ бір анықтама берсе болады:
- адами фактор басым талқылау (толкование);
лингво-прагматикалық зерттеулердегі функционалдық аспект пен олардың мәнмәтіндік негіздемесі назар аударылатын анықтамалар: «тілдің қолданысы» туралы ғылым, «мәнмәтіндегі тіл» туралы ғылым;
3) тілдік коммуникацияның қарым-қатынас кезіндегі коммуниканттардың өзара әсерін зерттеуге бағытталған анықтамалар;
4) белгілі бір коммуникативтік мәнмәтінде пайда болатын сөйлеу актілерінің прагматикалық зерттеулеріндегі интерпретациялық аспектісі сипатталатын дефинициялар тізбегі [30, 19 б.].
5) Ал А.Ж. Машимбаева өзінің филология ғылымдарың кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған «Тілек-бата сөздерінің суггестиясы мен прагматикасы» атты диссертациясында прагматикаға берілген анықтамаларға шолу жасай келе, қазіргі тіл біліміндегі ғылымдардың тілдік бірліктерге прагматикалық тұрғыдан қараған көзқарастарын былайша жіктейді:
6)
7) – прагматика сөйлеу актілері мен олардың жүзеге асу мәнмәтінін;
8)
9) – прагматикалық лингвистикада коммуниканттардың сөйлеу әрекетін;
10)
11) – прагматика тілдік қатысымның заңдылықтарын, сөйлесімнің мақсаттық бағамын, сөйлеушінің коммуникативтік интенциясын, сөйлеу актілерінің функционалды типтерін;
12)
13) – прагматика сөйлесімнің мазмұнын, сөйлесім авторының коммуникативтік мақсатқа сай тілдік құралдары тыңдау мәнін, сондай-ақ тыңдаушының айтылған ой мен тіл арқылы берген бағаны дұрыс түсінуін анықтайтын нақты қатысым жағдаятын зерттейді;
14)
15) – лингистикалық прагматика – коммуниканттардың қатысым актісінде тілді қолдану шарттарын зерттейтін ғылым;
16)
17) – прагматиканың нақты белгіленген шекарасы жоқ, оған сөйлеуші субъект пен адресаттың (тыңдаушының) арақатынасынан туындайтын мәселелер кіреді;
18)
19) – адресаттан алынған ақпараттан кейінгі адресаттың белгілі пікірге келіп, қайтадан қандай әрекет жасайтынын прагматика зерттейді. Прагматика адамның белгілі жағдайда қандай мақсатпен сөйлеп тұрғанын қоса қарастырады.
ЕМТИХАН БИЛЕТІ
1. ХХ-ХХІ ғ.ғ. лингвистикалық мектептердің қалыптасуы.Жас грамматикалық бағыт. Жас грамматикалық бағыт (младограмматизм) XIX ғасырдың 70-жылдарынан бастап қалыптасты. Алғаш Германияда туғанымен, көп ұзамай оған тілектес, пікірлестер әр елден табылып, өте тез өркен жайды. Францияда М.Бреаль, Швейцарияда Ф. де Соссюр, Америкада Уитни, Италияда Г.И. Асколи, Россияда Ф.Ф. Фортунатов бастаған Мәскеу лингвистикалық мектебі мен Бодуэн де Куртенэ бастаған Қазан лингвистикалық мектептері болды. Жас грамматистер мектебі өз зерттеулеріне екі түрлі принципті негіз етті. Оның бірі - тарихи принцип те, екіншісі - психологизм принципі. Осы себептен де жас грамматикалық бағытты кейде психологиялық салыстырмалы-тарихи тіл білімі деп те атайды. Мәскеу лингвистикалық мектебі. Мәскеу лингвистикалық мектебін XIX ғасырдың 70-80 жылдарында Мәскеу университетінің ғалымдары қалыптастырды. Оны басқарған сол кездегі орыс тіл білімінің көрнекті ғалымдарының бірі - академик Филипп Федорович Фортунатов (1848-1914). Ол Германияда, Францияда, Англияда болып, жас грамматикалық бағыттағы көрнекті ғалымдардың лекциясын тыңдаған, өзі де осы бағытты қуаттаған, компаративистиканың Россиядағы көрнекті өкілі болған, Үнді-Еуропа тілдерінің фонетикасын, морфологиясын зерттеп, бұл саладан біраз еңбектер берген. Бұл мектеп құрамында орыс тілі білімінің көрнекті өкілдері академик Алексей Александрович Шахматов (1864-1920), Александр Матвеевич Пешковский (1878-1933) , т.б. болды.
XX ғасырдың бас кезінде Батыс Еуропада жас грамматизм бағытына қарсы бағытта пайда болған лингвистикалық мектептің тағы бір түрі - эстетизм немесе эстетикалық лингвистика. Оны қалыптастырушы - неміс ғалымы, роман тілінің маманы, әрі әдебиетші, Мюнхен университетінің профессоры Карл Фосслер (1872-1949). Эстетизм мектебінің негізгі принциптері К.Фосслердің "Тіл -біліміндегі позитивизм мен идеализм" (1904), «Тіл - шығармашылық және даму» (1906) деген еңбектерінде баяндалған. Мектептің эстетизм деп аталу себебі - оның тілдері тілді эстетикалық тұлға, эстетикалық көрсеткіш дейді де, оны зерттейтін тіл ғылымы - эстетиканың бір саласы, эстетика -оның негізі, қайнар бұлағы. Тіл жөніндегі зерттеу эстетикадан басталып, эстетикамен аяқталады деп санайды.
Когнитивтік ұғымдар.
Когниция– адам санасындағы білім арқылы көрініс табатын ақпараттар жүйесі.
«Фондық білім» дегеніміз-тілдік ойлау әрекетіндегі (речемыслительная деятельность) тәжірибенің вербалданған көрінісінің (фрагментінің) коммуникативтік бірліктердің (мәтіндердің) кейбіреулерімен байланысы.
Концепт – ұжымдық білімнің бірлігі, сана (жоғары рухани құндылықтарға жол ашушы) этномәдени ерекшелігі бар тілдік бірлік ретінде таңбаланады.
«Ғаламның тілдік бейнесі» дегеніміз - « ... тірі (табиғи, ұлттық) тілдер арқылы бекіген ішкі және сыртқы дүние туралы бүкіл ақпарат».
Фрейм-санада концепт түзеуші оқиға бірліктерінің бірінен кейін бірінің жүйелі, тәртіпке сай өтілуін қадағалайтын ақпараттар жинағы, концептілік жүйенің құрылымдық элементтерін танытатын қарапайым нобай.
Схема– когнитивтік санада сыртқы сигналдар мен ішкі сезімдер көмегі арқылы жинақталған ақпараттарды бір құрылымда таныту тәсілі.
3. Лингвоэкология, зерттеу нысаны, өзекті мәселелері. Лингвоэкология - тілдік жағдаят пен оның проблемалық мәселесін қарастырады. Тіл жанды организм ретінде өзгереді, дамиды, қолданыс аясы үнемі динамикалық сипатта болатындықтан, коммуникативтік деңгейі де әрдайым өзгеріске ұшырып отырады. Ал мұндай жағдаяттардың себептерін лингвоэкология зерттейді. Сондай‑ақ, лингвоэкология лексикалық қабаттардың толығуын, түрлі әлеуметтік ортаның сөйлеу ерекшеліктерін, жетістіктері мен кемшіліктерін де өзінің назарынан тыс қалдырмайды. Лингвоэкологиялық зерттеудің басты нысаны ‑ тілдік орта болып саналады. Тілдік орта дегеніміз - сол тілде сөйлейтін қоғам мүшелерінің тілдік санасының көрінісі, қолданыстағы тілдің жай‑күйі, тілдің қоғамдағы орны мен дамуы. Тілдік ортадан қоғамның әлеуметтік‑психологиялық, идеологиялық, мәдени, этнопсихологиялық болмысы айқындалады. Адамдардың тіршілік ортасының ерекшеліктері оның қолданыстағы тілінен байқалады. Мұндай ортада ұлттық ұжымның рухани тіршілігі қалыптасады. Тілдік ортасыз адамдар жеке дара өмір сүрмейді. Лингвоэкология лингвомәдени мәселелермен тығыз байланысты. Зерттеуші ғалымдар тілімізде жат сөздердің жағаласып жүруін, жастар тілінің жаргон сөздерге жақындығын және ғылым мен техниканың дамуына қарай, тілдегі «технизация» сондай‑ақ, -филологиялық, қоғамдық білімді технократтық биіктіктен алыстату сияқты лингвистикалық проблемалар қатарына жатқызады.Мысалы, орыс тілінің қазақ тіліне кері әсер еткен тұсы бар. Дегенмен де басқа тілдің басқыншылығынан дендеп кеткен тілдік жағдаят, әсіресе, сөйлеу мәдениетіне нұқсан келтіреді.
ЕМТИХАН БИЛЕТІ
1. Этнолингвистика.Этнолингвистика «этнос», «этнос болмысы», «этнос тілі», «тіл әлемі» деген ұғым түсініктерге ерекше мән береді. Этнолингвистика - халықтың этногенезін тұрмыс салты мен әдет-ғұрпын, мекен-жайын, басқа халықтармен тарихи-мәдени байланысын, күнделікті тұрмысын материалдық және рухани мәдениетін зерттейтін тіл білімінің жаңа саласы.
Проф. Ж.А. Манкеева: «Этнолингвистика- тілді мәдениетке қатысты зерттейтін, сонымен бірге тілдің қызметіндегі және дамуындағы тілдік, этномәдени және этнопсихологиялық факторлардың өзара әсерін қарастыратын тіл білімінің саласы» [1, 55б.] –деп, мәдениет пен этнопсихологиямен байланыстырыла қарастырылатын тіл білімінің саласы ретінде көрсетеді. Ал акад. Ә. Кайдар: «Этнолингвистика – этнос болмысын оның тілі арқылы танып білу мақсатында туындаған лингвистиканың жаңа да дербес бір саласы», - дейді [1, 8б.]. Ғалым Ә. Қайдар этнолингвистиканы тілмен байланыстырады да, «Этностың басы өткен сан ғасырлық даму жолы, оның белгілері біздерге тас мүсіндер мен жартастарға қашалған сына жазулар арқылы, мәдени ескерткіштер мен әртүрлі ғимараттар түрінде жетуі мүмкін. Бірақ бұлардың бәрі этнос өмірінің мың да бір елесі ғана. Оның шын мәнісіндегі даналығы мен дүниетанымы тек тілінде ғана сақталады. Әрбір дәуірде өмірге қажет болған құрал-сайманның, қару-жарақтың, киер киім мен ішер тамақтың, тұрмыстық заттар мен салт-санаға, әдет-ғұрып, наным-сенімге, ойын-күлкі, той- томалаққа байланысты ұғымдардың аты-жөні, сыр-сипаты т.б. тек тіл фактілері ретінде ғана, яғни жеке сөздер мен сөз тіркестері, фразеологизмдер мен мақал- мәтел арқылы ғана бізге жету мүмкін» екендігін айтады [2, 34б.]. Демек, тіл арқылы жеткен көненің көзі, тарихи қатпарлар сырын ашу –этнолингвистика саласына тиселі. Жалпы тіл біліміндегі этнолингвистикаға шолу жасап, жеке сала ретіндегі негіздерін анықтаған - профессор М.М. Копыленко. Ғалым М.М. Копыленконың пайымдауынша, «этнолингвистика» термині ғылым әлемінде ең алғаш шетел ғалымы Б. Уорфтың идеясы негізінде этнография мен социология ғылымдарының аралығынан туындаған болып табылады. Ал, бұл идея Э. Сепирдің тіл фактілерін этнос мәдениеті мен жеке тұлға тұрғысынан қарастыратын теориясымен сәйкес болғандықтан, ғылымда «Сепир - Уорф болжамы» деген атпен де белгілі болып келді [3, 16б.]. Қазақ этнолингвистикасына қатысты мәселелермен акд. Ә.Т. Қайдар бастаған этнолингвистика ғылымының төңірегінде ғылыми мектеп қалыптасқандығын атап кету орынды.