Р ҚК –нің әскери қызметшілерінің әскери атақтарының тізбесі.

Ф-ӘД-012/006Б

ОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

НЕР ФАКУЛЬТЕТІ

ДЕНЕ МӘДЕНИЕТІ КАФЕДРАСЫ

«Запастағы офицердің әскери дайындығы»

Пәнінен лекция тезистері

ТҮРКІСТАН 2016

1-лекция. Тақырыбы: Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің запастағы офицерлердің әскери дайындығын нығайтудағы міндеттері.

Жоспары:

1. Запастағы офицер түсінігі.

2. Запастағы офицерлердің әскери дайындығын нығайтудағы шақыру мерзімі.

3. Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен өткізу

тәртібі.

Лекция мақсаты: Білімгерлерді запастағы офицер түсінігімен таныстыру және олардың әскери дайындығын нығайтудағы қорғаныс істері жөніндегі департаменттің атқаратын жұмыстары туралы баяндау.

Лекция мәтіні: 1. Әскери қызметтен босатылған (отставкаға шығуына немесе қылмыс жасағаны үшін соттың соттауына байланысты босатылғандардан басқалары), мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылған (денсаулық жағдайына қарай әскери есептен шығарылғандардан басқалары), сондай-ақ бейбіт кезде мерзімді әскери қызметке шақыруға жатпайтын (16 бап) азаматтар запасқа шығарылады.

Запастағы қызметке жиындарды өткеру және әскери қызметке шақыру тәртібі мен ережелерін орындау жатады.

38-бап. Запасқа қою

1. Мыналар:

1) запасқа қойыла отырып, әскери қызметтен босатылған;

2) әскери қызметке шақырудан босатылуына байланысты әскери қызметтен өтпеген;

3) жасы жиырма жетiге толғанда шақыру кейiнге қалдырылуына байланысты әскери қызметтен өтпеген;

4) әскери-есептік мамандығы бар әйелдер;

5) жоғары оқу орындарының әскери кафедраларында запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша даярлықтан өткен адамдар запасқа қойылған адамдар болып есептеледi.

2. Запаста болатын адамдар әскери қызметке жарамдылығын айқындау үшін Әскери-дәрігерлік сараптама ережелерiне сәйкес медициналық куәландырудан өтедi.

3. Мерзiмдi әскери қызметке шақырудан босатылған, сондай-ақ соттың үкімімен офицерлер құрамының әскери атағынан айырылған адамдарды ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi әскери басқару органдары запастың қатардағы жауынгерi (матросы) әскери атағын бере отырып, запасқа қояды.

4. Әскери қызмет өткерген адамдар запасқа қойылған кезде оларға әскери-есептiк мамандықты ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті әскери басқару органдары белгілейдi.

5. Ұлттық қауіпсiздiк органдары үшін әскери міндеттілердiң запасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылады.

6. Запаста болу әскери жиындардан өтудi, әскери қызметке шақыру ережелерiн орындауды және әскери есеп бойынша мiндеттердi сақтауды білдiредi.

39-бап. Запаста болудың шектi жасы. Запас топтары

1. Әскери міндеттілердiң жасы бойынша запаста болуы екi топқа бөлiнедi. Топтар запаста болу мерзiмінің ұзақтығына байланысты белгiленедi.

2. Сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар) құрамындағы әскери міндеттілердiң запаста болуының шектi жасы мынадай болады:

1) бiрiншi топта - отыз бес жасқа дейiн (отыз бес жасты қоса алғанда);

2) екiншi топта - отыз алты жастан қырық бес жасқа дейін (қырық бес жасты қоса алғанда).

3. Офицерлер құрамы әскери мiндеттілерінің запаста болуының шекті жасы:

1) бiрiншi топта - қырық бес жасқа дейiн (қырық бес жасты қоса алғанда);

2) екiншi топта - қырық алты жастан елу бес жасқа дейiн (елу бес жасты қоса алғанда).

4. Әскери мiндетті әйелдер өздерiне берiлген әскери атақтарына қарамастан екiншi топтағы запасқа енгiзіледi. Олардың запаста болуының шектi жасы былай белгіленедi:

1) сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар) құрамы үшiн - отыз бес жасқа дейiн (отыз бес жасты қоса алғанда);

2) офицерлер құрамының адамдары үшiн - қырық бес жасқа дейiн (қырық бес жасты қоса алғанда).

5. Запаста болудың шектi жасына жеткен әскери қызметшілер мен әскери мiндеттілер немесе денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылған адамдар әскери есептен шығарыла отырып, отставкаға ауыстырылады.

6. Соғыс уақытында Қазақстан Республикасының Президентi запаста болудың шекті жасын ұзартуы мүмкін.

40-бап. Әскери жиындардан өту

1. Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жасақтауға арналған әскери мiндеттiлер оқу-жаттығу, тексеру және арнаулы әскери жиындарына шақырылады.

2. Ұзақтығы бiр ай оқу-жаттығу жиындарына әскери міндеттілер бес жылда бiр рет шақырылады.

3. Әскери мiндеттілер оқу-жаттығу жиындары арасындағы кезеңде он бес күнге дейiнгі мерзiмге тексеру жиындарына тартылуы мүмкін.

4. Запаста болу кезiндегi жиындардың жалпы мерзiмi әскери мiндеттілер үшiн он сегіз айдан аспауы керек. Бұл ретте оқу-жаттығу жиындарында болудың жалпы мерзiмiне тексеру жиындарында болған уақыт та есептеледi.

5. Арнаулы жиындар төрт айға дейiнгi ұзақтықпен өткiзiледi.

6. Әскери жиындар кезеңiнде әскери мiндеттiлердің жұмыс орны мен атқаратын қызметi сақталады, оларға республикалық бюджет есебiнен орташа жалақы төленедi.

Әскери мiндеттiнiң дәлелсiз себептермен жиындар орны орналасқан жерден тыс болған уақыты әскери жиындардан өту мерзiмiне есептелмейдi.

41-бап. Азаматтарды жалпыға бiрдей әскери оқыту

1. Халықты азаматтық қорғаныс iс-шараларына тарту және соғыс кезiнде Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жасақтау үшiн қажеттi контингент даярлау мақсатында:

1) он алты жастан елу бес жасқа дейiнгі (елу бес жасты қоса алғанда) ерлер;

2) балалары жоқ немесе он жастан асқан балалары бар, он сегіз жастан қырық бес жасқа дейiн (қырық бес жасты қоса алғанда) әйелдер жалпыға бiрдей әскери оқытудан өткiзiледi.

Азаматтарды жалпыға бiрдей әскери оқытуды азаматтардың жұмыс, оқу орны және тұрғылықты жерi бойынша жергiлiктi әскери басқару органдары жүзеге асырады.

2. Жалпыға бiрдей әскери оқыту бағдарламасын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi азаматтарды жалпыға бiрдей әскери оқыту жөнiндегi бағдарламаны әзiрлейдi және iс-шараларға бақылауды жүзеге асырады.

Лекция мақсаты: Білімгерлерге запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен өткізу тәртібі жөнінде мағлұмат беру.

Запастағы офицрелерді офицерлік құрам лауазымына әскери қызметке шақыру Заңның 24-бабына сәйкес жүргізіледі. Запастағы офицрелерді шақыру үшін іріктеуді өткізу кезінде жасақтау үшін офицерлер тағайындалатын әскери бөлімдердің өкілдері іріктеу жөніндегі комиссияның құрамына енгізілуі мүмкін. Жергілікті әскери басқару органының бастығы әскери бөлімнің (мекеменің) өкілімен біресіп, шақырылуға жататын запастағы офицерлерді зерделеу және іріктеу жөніндегі жұмысты жүргізеді.

Запастағы офицер шақырылатын Қарулы Күштер түрлерінің бас қолбасшылары, әскер тектерінің, өңірлік қолбасшылықтардың қолбасшылары, әскери бөлімдердің командирлері , мекемелер бастықтары:

1) денсаулық жағдайына, моральдық-іскерлік қасиеттеріне, отбасына жағдайына назар аудара отырып жеке әңгімелеседі, қажет болған жағдайда кандидатты қосымша тексеру мен медициналық тексеру туралы шешім қабылдайды, кәсіби даярлық деңгейін анықтау үшін жалпы сауалнама өткізеді;

2) әңгімелесуді жүргізу нәтижелері бойынша іріктелген кандидатпен зерделеу парағын рәсімдейді;

3) шақыруға кандидатты алдын-ала зерделеу және іріктеу үшін қажетті білім деңгейі және қызмет тәжірибесі бар офицерлер қатарынан өкілдер тағайындайды;

4) аумақтық жасақтау қағидатын ескере отырып, одан әрі әскери қызмет өткеру үшінзапастағы офицерлерді әскери лауазымдар бойынша алдын ала бөлуді жоспарлайды;

5) әскери бөлімнің (бөлімшелердің) тәрбие құрылымының командирлерімен, офицрелерімен запастан шақырылған офицерлермен жұмыс жүргізу нысандары мен әдістері бойынша сабақтар (нұсқамалар) өткізеді.

Шақыру үшін іріктелген кандидаттарға материалдарды рәсімдеу тек Ереженің 46 және 47-тармақтарында көрсетілген лауазымды адамдар зерделегеннен кейін жүргізіледі. Запастағы офицерлер қатарынан шақыруға іріктеліп алынған кандидаттар әскери қызметке жарамдылық тұрғысында медициналық куәландыруға жіберіледі. Бұл ретте кандидаттарды іріктеуді жүзеге асыратын лауазымды адам медициналық тексеру картасын, жеке ісінің және басқа да шақыру құжаттарының толық және сапалы толтырылуын тексереді. Жергілікті әскери басқару органының бастығы арнайы тексеру өткізу үшін тиісті органдарға сұрау салуды рәсімдейді. Кандидаттың әскери қызметке жарамдылығы туралы шешім медициналық куәландыру мен арнайы тексеруді жүзеге асыратын тиісті органдардың жауаптарының нәтижелерің бойынша қабылданады.

Әскери бөлімдердің лауазымды адамдары іріктеп алған және әскери қызметке шақыруға жарамды кандидаттардың тізімі тиісті командирмен (бастықпен) келісілгеннен кейін жергілікті әскери басқару органдарына жіберіледі.

Запастағы офицерлерді шақыру кезінде жергілікті әскери басқару органдарының бастығы мынадай құжаттарды рәсімдейді және ұсынады:

1) қызметтік карта;

2) жеке ісі;

3) Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке куәлігі көшірмесі;

4) шақыруға кандидаттың зерделеу парағы;

5) туберкулез, тері-венералогиялық және наркологиялық диспансерлерден, флюорогграфия, ЭКГ нәтижелері, зәр мен қанның жалпы анализдерінің, RW(Вассерман реакциясы) және АҚТҚ инфекциясына қан анализдерінің анықтамаларын қоса медициналық куәландыру картасы.

6) тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарының анықтамасы;

7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінен анықтама;

8) зейнеткерлік шартының көшірмесі;

9) әлеуметтік жеке кодтың көшірмесі.

Уәкілетті органның басшысы офицерлер лауазымына шақыруға жататын запастағы офицерлер жергілікті әскери басқару органдарынан ұсынылған материалдар бойынша шақыру туралы бұйрық шығарады. Запастағы офицерлерді шақыру туралы жеке құрам бойынша бұйрықтардан үзінді көшірмелер тиісті әскери бөлімдер (мекемелер) мен жергілікті әскери басқару органдарына жіберіледі. Әскери бөлімнің (мекеменің) командирі жеке құрам бойынша бұйрықтан үзінді көшірмені алған сәттен бастап жергілікті әскери басқару органдарына сұрау салуды жібере отырып, запастан шығарылған офицерлердің келуін бақылауды жүзеге асырады, қызмет орнына мерзімін нақтылайды. Шақырылған офицердің жеке ісі алдын ала белгіленген тәртіппен әскери қызмет орнына кетуі туралы ұйғарымды бергенге дейін жіберіледі.

Жергілікті әскери басқару органының бастығы шақырылушы офицерге ұйғарымды тапсырады және оның әскери бөлімге (мекемеге) кетуін бақылауды жүзеге асырады. Офицерлердің әскери бөлімге келуін жергілікті әскери басқару органының бастығы мен әскери бөлімнің командирі бақылайды. Әскери бөлімнің (мекеменің) командирі офицер әскери бөлімге (мекемеге) келісімен әскери бөлімнің жеке құрамының тізіміне қабылдау туралы бұйрық шығарады және үлестің барлық түріне қоюды жүргізеді, баяндауды жүзеге асырады, жергілікті әскери басқару органын хабардар етеді және офицерлердің есептік мәліметтерін нақтылауды жүргізеді.

Запастан шығарылған офицерлер әскери бөлімге келгеннен кейін командир (бастық) мынадай нұсқаулар береді:

1) әлеуметтік-демографиялық деректерін, бейімін, қабілеті мен даярлық деңгейін зерделеу мақсатында әңгіме жүргізу туралы;

2) взвод (рота) өмірінің, тұрмысының және жауынгерлік жаттығудың барлық ерекшеліктерімен, техника мен қару-жарақтың жай-күйімен таныстыру туралы, бөлімше алдында тұрған негізгі міндеттерді жеткізеді;

3) сынақ тапсырумен функционалдық міндеттерін, жауынгерлік даярлықты ұйымдастыруды, қару-жарақ пен әскери тезниканы пайдалануды регламенттейтін басшылық құжаттарды зерделей отырып, жиындар өткізу туралы;

4) оқу пәндері бойынша әдістемелік-нұсқаулық сабақтар өткізу туралы;

5) атыстан, жауынгерлік машинаны жүргізуден, техниканы пайдалану мен қызмет көрсету кезінде нормативтерді орындаудан бақылау сабақтарын өткізу туралы;

6) даярланған офицерлер қатарынан тәлімгерлер тағайындау, қалыптасуға, тұрмыстық-әлеуметтік мәселелерді шешуге көмек көрсету туралы;

7) тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы;

8) қызмет орнына үй заттарын жеткізу, әйелдерін жұмысқа орналастыру, балаларын мектеп жасына дейінгі мекемелер мен мектептерге орналастыру мәселелерін шешуге көмек көрсету туралы.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскер тектері мен түрлерінің, өңірлік қолбасшылықтар мен әскери бөлімдердің кадр органдары офицер қызметорнына келмеген жағдайда себебін нақтылайды және офицердің есептік деректерін, жеке құрам бойынша бұйрықтың нөмірін көрсете отырып, облыстардың қорғаныс істері жөніндегі департаменттеріне сұрау салады.

Нақтылаудан кейін әскери полиция органдарымен бірлесіп, іздестіру іс-шараларын жүргізеді, қабылданған шараларды көрсете отырып, шақырылған офицердің белгіленген мерзімде келмегені туралы жоғары тұрған кадр органына баяндауды жүзеге асырады.

Бақылау сұрақтары:

1. Запастағы офицер түсінігіне анықтама беріңіз.

2. Запаста болудың шекті жасын атаңыз.

3. Сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар) құрамындағы әскери міндетті-

лердің запаста болуының шектi жасын атаңыз.

4. Әскери міндетті әйелдер қай топқа енгізіледі және запаста болуының шекті жасы

қандай?

5. Запастағы офицер шақырылатын Қарулы Күштер түрлерінің бас қолбасшылары, әскер тектерінің, өңірлік қолбасшылықтардың қолбасшылары, әскери бөлімдердің командирлері , мекемелер бастықтары жүргізетін іс-шаралар туралы айтып беріңіз.

6. Запастағы офицерлерді шақыру кезінде жергілікті әскери басқару органдарының бастығы рәсімдеп, ұсынатын құжаттарды атаңыз.

7. Запастағы офицерлерді шақыру кезінде жергілікті әскери басқару органдарының бастығы рәсімдеп ұсынатын құжаттардың тізімін атаңыз.

8. Запатан шығарылған офицерлер әскери бөлімге келгеннен кейін командир

(бастық) беретін нұсқаулар туралы айтыңыз.

2-лекция. Тақырыбы: Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жалпыәскери жарғылары.

Жоспары:

1. ҚР ҚК-нің Ішкі қызмет жарғысы. Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері.

2. ҚР ҚК-нің Тәртіптік жарғысы – әскери тәртіптің мәні мен маңызы, оны

сақтаудағы әскери қызметшілердің міндеттері туралы.

3. ҚР ҚК-нің Тәртіптік жарғысы. Көтермелеулер, тәртіптік жазалар.

Лекция мақсаты: Студенттерге ҚР ҚК-інің әскери жарғылары туралы, оның әскери қызметшілердің өміріндегі мәні және әскери қызметшілерге қолданылатын көтермелеулер мен оларға берілетін тәртіптік жазалар туралы түсінік беру.

Лекция мәтіні: 1. ҚР ҚК-нің жарғылары жеке құрамды тәрбиелеу мен оқыту негіздеріндегі әскери қызмет заңдарының жиынтығы болып табылады.

Әскери жарғылардың ережелерін ҚР ҚК-ндегі барлық бөлімдер мен бөлімшелердің, әскери құрылымдарының орындауы міндетті.

Әскери жарғыларға Ішкі қызмет жарғысы, Тәртіптік жарғы, Гарнизондық және қарауылдық қызмет жарғысы, Саптық жарғы жатады. Жарғыларда әскери қызмет пен әскери тәртіптіліктің, әскери тәртіптің негіздері баяндалады. «ҚР Қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 07 қаңтардағы Заңына сәйкес 2007 жылдың 05 шілдесінде №364 «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының жалпыәскери жарлығы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бекітілді.

Ішкі қызмет жарғысы әр түрлі санаттағы әскери қызметшілердің лауазымдық міндеттерін, бастықтар мен бағыныштылар арасындағы қарым – қатынасты, бұйрықтар беру мен орындалу тәртібін, әскери сыпайылық ережелері мен жеке құрамның мінез – құлқын анықтайды. Осы жарғы ережелеріне сәйкес жеке құрам орналастырылады, күн тәртібі белгіленеді, әскери қызметшілерге медициналық қызмет көрсету, әскери қызметшілердің сейілге шығуы, дабыл бойынша шақыру ұйымдастырылады. Сондай – ақ тәуліктік күзетпен ішкі қызметті атқару тәртібі баяндалған.

Тәртіптік жарғыда әскери тәртіптілік мәні, оның негізгі талаптары, реті, көтермелеулер мен сөгіс жариялаудың түрлері, бастықтар мен командирлердің тәртіптік құқы баяндалады. Сондай – ақ әскери қызметшілерден келіп түскен арыз – шағымдарды, ұсыныстарды қараудың реті мен мезгілін, оларды жүзеге асырудағы командирлердің міндеттерін де қарастырады.

Гарнизондық және қарауылдық қызмет жарғысында гарнизондық және қарауылдық қызметті тағайындау мен ұйымдастыру мәселелері белгіленеді. Жарғыда гарнизондағы лауазымды адамдардың және қарауылдық қызмет атқарушы әскери қызметшілердің міндеттері мен құқықтары, әскердің қатысуымен өткізілетін шараларды өткізу тәртібі айқындалады.

Саптық жарғы әскери қызметшілердің және бөлімшелердің саптық тәсілдерді орындау ережелері мен тәртібін, саптық байқау өткізу ретін, сап алдындағы әскери қызметшілердің міндетін, сондай – ақ ұрыс алаңында жылжи білу жолдарын баяндайды.

ҚР ҚК-де сонымен қатар ұрыстық жарғылар да болады. Ол жарғыларда сарбаздың ұрыстағы іс - әрекет тәсілдері мен міндеттері оны жүргізудің негізгі принциптері, әскерлерді басқару тәсілдері мазмұндалады. Ұрыстық жарғылар қазіргі кездегі әскери өнердің негізін, жеңіске жету ғылымын ұсынады.

Жарғылар әскери қызметшілер бойында қажетті дағдылар мен әдеттерді қалыптастыруға ықпал етеді, олардың ерік – жігері мен мінезін шынықтырады, ішкі тәртіптілікті қалыптастырады. Сондықтан жарғы талаптарын барлық әскери қызметшілер қай жерде болса да, мысалы, сапта немесе саптан тыс, бөлім аумағынан тыс жерлерде болмасын - орындауға міндетті.

Әскери қызметші ҚРК, заңдарын қатаң сақтауға, әскери жарғылардың талаптарын орындауға; Әскери антына адал болуға, халқына жанқиярлықпен қызмет етуге, ҚР қорғауға, әскери борышын орындауға, өз Отанының патриоты болуға, әскери қызметшілердің арасындағы достықты нығайтуға, командирлерге сөзсіз бағынуға, және оларды ұрыста қорғауға, қасық қанын аямай жолдастарына көмектесуге, әскери бөлімнің Жауынгерлік Туын сақтауға, берілген қаруды ұдайы әзірлікте ұстауға, әскери қызметшілердің ар – намысы мен абыройын құрметтеуге, әскери және мемлекеттік құпияны қатаң сақтауға міндетті.

Әскери қызметші жеке басының және қызмет бабындағы мәселелер бойынша өзінің тікелей бастығына, ал оның әрекетсіздігі жағдайында одан жоғары бастыққа жүгінуге тиіс.

Әскери қызметші жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың, лауазымды тұлғалар мен басқа органдардың және қоғамдық бірлестіктердің заңсыз іс - әрекеттеріне мемлекеттік басқару органдарына, құқық қорғау органдарына арыздана алады.

Әскери жарғыларда армия дамуының көп қырлы тәжірибесі берген барлық жаңалықтар жинақталады. Оларда әскери қызметшілерге қойылатын талаптар қысқаша анық түрде мазмұндалады.

Біздің жарғыларымыздың басты талабы - әскери қызметшілердің Отанды қорғаудағы жеке басының жауапкершілігіне, өз халқына, Отанына адал қызмет етуіне, жоғары қырағылық пен тұрақты ұрыстық дайындықты ұстап тұруына негізделген.

Біздің барлық жарғыларымыз адамгершілік принциптеріне негізделіп жасалған. Сонымен қатар жарғылар әскери қызметшілердің бір – бірімен қарым – қатынас жасаудағы сыпайгершілігін, қайырымдылығын қарастырады. Әскери жарғылар әскери қызметшілерден қоғамдық орындар мен көшеде өзін абыроймен

ұстау және мораль талаптарын қатаң сақтауды, ұстамдылық пен қарапайымдылықты, жоғары мәдениет үлгісі бола білуді талап етеді. Әскери қызметшілер қызмет мәселелері бойынша бір – біріне «сіз» деп тіл қатулары тиіс.

Әскери жарғылардың өзіндік ерекшеліктері бар. Ең алдымен, жарғылар әскери атағы мен қызмет жағдайы бойынша қатаң бағынушылықты қарастырады. Ішкі қызмет жарғысына сәйкес кейбір әскери қызметшілер өз қызмет жағдайы мен әскери атағына байланысты – бастық және бағынушы, басқаларға қарым – қатынасына қарай – үлкен және кіші болуы мүмкін. Бастықтар өз бағынушыларына бұйрық беруге құқығы бар және оның орындалуын тексеруге тиіс. Бағынушылар өз бастықтарының айтқанын тыңдауға тиіс. Тәртіптік жарғыда былай деп көрсетілген: «Командирдің бұйрығы барлық бағынушылар үшін заң. Бұйрық дәл өз уақытында орындалуы тиіс».

Әскери ұйымдар жарғы ережелерінсіз, олардың талаптары мен нормаларынсыз жұмыс істеулері мүмкін емес.

2. ҚР ҚК–нің әскери қызметшісі қызметтік іс- әрекетінде ҚР Конституциясын, заңдарын, әскери жарғылардың талаптарын басшылыққа алуы және саяси мақсаттарды көздейтін қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің қызметіне қатысы болмауы тиіс.

Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері мыналар:

- ҚР Конституциясын, заңдарын қатаң сақтауға және әскери жарғылардың талаптарын орындауға;

- әскери антқа адал болуға, өз халқына жанқиярлықпен қызмет етуге, ҚР-ын ерлікпен, қырағылықпен, қасық қаны қалғанша аянбай қорғауға, әскери борышын адал орындауға, әскери қызметтің қиындықтарын табандылықпен өткеруге;

- өз Отанының патриоты болуға, түрлі ұлттардың әскери қызметшілерінің арасындағы достықты нығайтуға;

- адал, тәртіпті, ержүрек болуға, әскери борышын орындау кезінде байыпты бастама жасауға;

- командирлер мен бастықтарға сөзсіз бағынуға және оларды ұрыста қорғауға, әскери бөлімнің жауынгерлік туын сақтауға;

- әскери кәсіптік біліктілікті ұдайы меңгеруге, өзінің машықтануы мен әскери шеберлігін жетілдіруге;

- өзіне сеніп берілген қару мен әскери техниканы білуге және оларды ұдайы әзірлікте ұстауға, әскери мүлікті және басқа да материалдық құндылықтарды сақтауға;

- әскери бауырластықты бағалауға, жолдастарын қауіптен құтқаруға көмектесуге, оларға сөзімен де, ісімен де көмектесуге, әрқайсысының ар – намысы мен абыройын құрметтеуге, өзіне және басқа да әскери қызметшілерге қатысты тұрпайылық пен қорлауға жол бермеуге, оларды лайықсыз іс – қылықтардан тежеуге;

- әскери әдептілік, мінез – құлық пен әскери сәлемдесу қағидаларын сақтауға, әрдайым және барлық жерде өз қадір – қасиеті мен абыройын биік тұтуға, нысанды киімін таза, ұқыпты киюге;

- қырағы болуға, әскери және мемлекеттік құпияны қатаң сақтуға міндетті.

Р ҚК –нің әскери қызметшілерінің әскери атақтарының тізбесі.

Р ҚК –нің әскери қызметшілерінің әскери атақтарының тізбесі. - student2.ru Құрамы Әскери атақтар әскерлік Әскери атақтар кемелік
Жауынгер мен матростар Қатардағы жауынгер Ефрейтор Матрос Аға матрос
Сержанттар (старшиналар) Кіші сержант Сержант Аға сержант Үшінші дәрежелі сержант Екінші дәрежелі сержант Бірінші дәрежелі сержант Штаб - сержант Шебер - сержант Екінші сатылы старшина Бірінші сатылы старшина Бас старшина Үшінші сыныпты старшина Екінші сыныпты старшина Бірінші сыныпты старшина Штаб – старшина Шебер - старшина
Кіші офицерлер Лейтенант Аға лейтенант Капитан Лейтенант, аға лейтенант Капитан - лейтенант
Аға офицерлер Майор Подполковник Полковник Үшінші дәрежелі капитан Екінші дәрежелі капитан Бірінші дәрежелі капитан
Жоғары   офицерлер Генерал – майор Генерал – лейтенант Генерал – полковник Армия генералы Контр адмирал Вице адмирал Адмирал

Медициналық немесе әділет, әскери – есептік мамандықтары бар офицерлердің әскери атақтарына тиісінше «медицина қызметінің», «әділет» деген сөздер қосылып айтылады.

Қосалқы құрамға шыққан әскери шенділерге «қосалы құрамдағы», демалыстағыларға «демалыстағы» қосылып айтылады.

Наши рекомендации