Тұлғаның конфликтілік деңгейін анықтайтын” тесті

Тұлғаның конфликтілік деңгейін анықтайтын тесткөмегімен біз әр зерттелушінің конфликттілік деңгейін бағалай аламыз. Тест 14 сұрақтан тұрады, әр сұрақта 3 вариант берілген. Және тестте конфликттілік дамудың 9 деңгейі берілген:

1- өте төмен

2- төмен

3- орташадан төмен

4- орташадан сәл төмен

5- орташа

6- орташадан сәл жоғары

7- орташан жоғары

8- жоғары

9- өте жоғары (Қосымша 1)

Екінші әдістеме,“Тұлғаның конфликтілік деңгейін анықтайтын” тестінің мәтіні

1. Сіз басқа адамдарды өзіңізге бағындыра аласыз ба?

А) жоқ Б) жағдайға байланысты В) иә

2. Сіздің коллективіңізде сізді қорқатын, тіпті жек көретін адам бар ма?

А) иә Б) жауап беруге қиын В) жоқ

3. Сіз қандай адамсыз?

А) пацифист Б) принципиалды В) тапқыр

4. Критикалық ойларды жиі қолданасыз ба?

А) иә,жиі Б) периодты В) сирек

5. Егер сіз жаңа коллективті басқарсаңыз, сіз не істер едіңіз?

А) коллектив жұмысының программасын бір жыл бұрын дайындар қояр едім;

Б) бәрімен танысып алып, лидермен контакт орнатар едім;

В) коллективпен жиі ақылдасар едім.

6. Сәтсіздікке ұшырасаңыз, қандай жағдайда болар едіңіз?

А) пессимизм Б) жаман көңіл-күй В) өз-өзіме өкпелер едім

7. Сіз коллективіңіздің дәстүрлерін сақтауға ұмтыласыз ба?

А) иә Б) мүмкін В) жоқ

8. Сіз өзіңізді, шындықты бетке айтар кісіге, жатқызасыз ба?

А) иә Б) мүмкін В) жоқ

9. Сіз осы үш қасиеттің қайсысын өзіңізден жойғыңыз келеді?

А) ашуланшақтық Б) өкпелегіштік В) шыдамсыздық

10. Сіз қандай адамсыз?

А) тәуелсіз Б) лидер В) ой генераторы

11. Сіздің достарыңыз, сізді қандай адам деп есептейді?

А) экстравагантты Б) оптимист В) қайсарлы

12. Сіз немен көбінесе күресесіз?

А) әділетсіздікпен Б) бюрократизммен В) эгоизммен

13. Сіз үшін не сипатты?

А) өз қабілеттілігіңізді бағаламау

Б) өз мүмкіндіктеріңізді объективті бағалау

В) өз қабілеттілігіңізді жоғары бағалау

14. Сізді көбінесе конфликтке не итермелейді?

А) артық инициатива

Б) артық сынау

В) артық ашықтық

ТЕСТТІҢ КІЛТІ

Сұрақ- тар Балл Конфликттіліктің даму деңгейі Жалпы қортынды баға
А   Б В
14 3 1 3 1- өте төмен 2- төмен 3- орташадан төмен 4- орташадан сәл төмен 5- орташа 6- орташадан сәл жоғары 7- орташан жоғары 8- жоғары 9- өте жоғары 14-17 18-20 21-23 24-26 27-29 30-32 33-35 36-38 39-42

3. Коммуникативті және ұйымдастырушылық бейімділікті бағалау әдістемесі (КОС-2).

Бұл әдіс коммуникативті және ұйымдастырушылық бейімділікті бағалауға арналған. Әдіс 20 коммуникативтілікті, 20 ұйымдастырушылықты анықтауға бағытталған 40 сұрақтан тұрады. Сұрақтарға «ия», «жоқ» деп жауап беріледі.

Нәтижелердің өңделуі.

1.Сыналушының жауаптарын дишифраторға салынады да, сәйкес келген коммуникативті және ұйымдастырушылық бейімділіктерін жеке есептеп шығарамыз.

Коммуникативті бейімділік дешифраторы.

1+ 11 - 21+ 31 -

3 - 13+ 23 - 33+

5+ 15 - 25+ 35 -

7 - 17+ 27 - 37+

9+ 19 - 29+ 39 –

Ұйымдастырушылық бейімділіктің дешифраторы.

2+ 12 - 22+ 32 –

4 - 14+ 24 - 34+

6+ 16 - 26+ 36 –

8 - 18+ 28 - 38+

10+ 20 - 30+ 40-

2.Коммуникативті бейімділік (Кх) және ұйымдастырушылық бейімділіктің (Ұх) максималды мүмкін санға (20) сәйкес келуі ретінде коммуникативті (Кқ) және ұйымдастырушылық бейімділіктің (Ұқ) бағалық коэффициентін есептеп, мына формулаға саламыз.

Нәтижелерді сапалық бағалау үшін алынған коэффициенттерді шкалалық бағалауға саламыз.

Коммуникативті және ұйымдастырушылық бейімділікті бағалау шкаласы

КЕСТЕ 1

Кқ Ұқ Шкалалық бағалау
0.10–0.45 0.45–0.55 0.56–0.65 0.66–0.70 0.75–1.00 0.20–0.55 0.56–0.65 0.66–0.70 0.71–0.80 0.81–1.00

Алынған мәліметтерді анализдеуде келесі параметрлерді ескеру қажет.

1-бағасын алған сыналушы, коммуникативті және ұйымдастырушылық бейімділіктің төмен деңгейде көрінумен сипатталады.

2-бағасын алған сыналушының коммуникативті және ұйымдастырушылық бейімділігі ортадан төмен деңгейде. Олар қарым-қатынасқа түсуге ұмтылмайды, жаңа компанияда, ұжымда өзін ыңғайсыз сезінеді, уақытын өзінмен-өзі болып өткізуді ойлайды, таныстарының санын шектейді, адамдармен байланыс орнатуда қиындықтарды сезінеді, аудитория алдына шығуда, таныс емес жағдайға нашар бағдарланады, өз пікірін жақтамайды, ренішті ауыр көтереді, қоғамдық іс-әрекетте өз инициативасын көрсетуі төмендетілген, олар көптеген істерде дербес шешім қабылдаудан қашады.

3-бағасын алған сыналушыларға, коммуникативті және ұйымдастырушылық бейімділіктің көрінуінің орта деңгейі тән. Олар адамдармен байланысуға ұмтылады, өз таныстарының санын шектемейді, өз пікірін жақтайды, жұмысын жоспарлайды, алайда олардың бейімділік потенциалы жоғарғы тұрақтылық пен ерекшеленбейді. Бұл сыналушылардың тобы коммуникативті және ұйымдастырушылық бейімділікті қалыптастыруда жоспарланған тәрбиелік жұмысты қажет етеді.

4-бағасын алған сыналушылар коммуникативті және ұйымдастырушылық бейімділіктің жоғарғы деңгейінің көріну тобына кіреді. Олар жаңа ортада өзін жоғалтып алмайды, достарын жылдам табады, әрдайым таныстарын көбейтуге ұмтылады, қоғамдық іс-әрекетпен айналысады, жақындарына, достарына көмектеседі, қарым-қатынаста инициативасын көрсетіп отырады, қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыруға қатысуын қуанышпен қабылдайды, қиын жағдайда дербес шешім қабылдауға қабілетті. Осының бәрін олар қажет етуден емес, ішкі ұмтылыспен жасайды.

5-жоғарғы бағасын алған сыналушылар, коммуникативті және ұйымдастырушылық бейімділіктің көрінуінің өте жоғарғы деңгейін игереді. Олар коммуникативті және ұйымдастырушылық іс-әрекетте қажеттілікті сезінеді және оған белсенді ұмтылады, қиын жағдайларға жылдам бағдарланады, жаңа ұжымда өзін еркін ұстайды, инициативті, маңызды істе немесе қиын жағдайда дербес шешім қабылдайды, өз пікірін жақтайды және бұл жолдастарына қабылдану үшін өзінің дегеніне жетеді, таныс емес компанияны жандандыра алады, түрлі ойындарды, іс-шараларды ұйымдастырғанды жақсы көреді, өздерін қызықтыратын іс-әрекетке тұрақты. Коммуникативті және ұйымдастырушылық іс-әрекетке деген қажеттіліктерін қанағаттандыратын істерді өздері іздейді.

3. Студенттің кәсіби бағыты мен бағдарын анықтаудағы сауалнама.

Бұл сауалнама ашық және жабық 12 сұрақтан құралған. Мұнда студенттің мамандық таңдау мотивін, оқуға түскеннен кейінгі қалыптасқан мотивтерді анықтау, өз мамандығының міндетті талаптарын саналай алуын, қабілетінің дәрежесін көре алуын анықтауға бағытталған сұрақтардан тұрады.

4. В.Смейкал және М.Кучердің «Тұлға бағыттылығы» әдістемесі.

В.Смекал және М.Кучердің «Тұлға бағыттылығы» әдістемесі тұлғаның 3 бағытына байланысты ажыратылады: 1) тұлғаның өзіне деген бағыттылығы; 2) тұлғаның өзара қарым-қатынас бағыттылығы; 3) іске бағыттылығы.

Тұлғаның өзіне деген бағыттылығы зерттелушіні жұмыстың ерекшелігіне, жұмыстағы адамдардың өзара қарым-қатынасына мән бермей, жұмыстан тікелей нәтижетосатын адам ретінде сипаттайтын деңгейді көрсетеді. Осындай бағыттағы адамдар жұмыс ұжымын өзінің жалпы қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын, өзінің қиындықтарымен бөлісе алатын, өзін сыйлы, беделді, жоғары қоғамдық статусы бар адамдар ретінде көрсете алатын жұмысты «театр» ретінде қабылдайды. Мұндай адам өзінің айналасындағы адамдардың қажеттіліктеріне мән бермейді, билікті жақсы көреді. Берілген жұмысқа, тапсырмаға мән бермейді, тек өзімен ғана айналысады.

Өзара қарым-қатынасқа деген бағыттылық адамдардың басқа адамдармен жақсы қарым-қатынаста болуға тырысуын байқатады, бірақ бұл нақты напсырмаларды орындауға немесе адамдарға шынайы көмек көрсетуге әкелмейді, өйткені, мұндай қарым-қатынастар «сыртқың түпкілікті емес деп айтуға болады. Мұндай адам біріккен ұжымдық іс-әрекетке үлкен қызығушылықпен қарайды, бірақ өзі топтың жұмыс тапсырмаларының орындалуына ешқандай үлес қоспайды.

Тұлғаның іске бағыттылығы адамның тапсырманы орындау дәрежесін жұмысқа қызығушылықпен қарауын, мәселелерді шешу бейімділігінің деңгейін көрсетеді. Мұндай адамдар өзінің жеке қызығушылықтарына қарамай ұжыммен бірігіп тиімді жұмыс істей алады. Ұжымда ол өзінің жұмысқа пайдалы деген пікірін дәлелдеуге талпынады.

Жоғарыда көрсетілген тұлғаның үш мотивациялық бағыты олардың кәсіби бағытталуда алатын орнына байланысты кәсіби бағытталудағы мотивацияға сипаттама бере алады. Әдістеме 30 аяқталмаған тұжырымдамалардан тұрады. Олардың әрқайсысының а, б, в әріптерімен белгіленген 3 аяқталу варианттары бар. Зерттелушілер әрбір тұжырымдамалардағы жауаптардың ішінен өзінің ой-пікірін дәл анықтайтын жауапты таңдауы керек. Олар өздерінің ой-пікірін дәл анықтайтын жауапты арнайы бланкінің «көп деңгейдең деген бөліміне, ал олардың пікірлеріне аса сәйкес келмейтін жауапты «аз деңгейде» бөліміне жазуы керек.

Сонынан, «көп деңгейде» жауабы 2 баллмен бағаланады, «аз деңгейде» жауабына 0 баллдан қойылады, ал таңдалмаған жауап 1 баллмен бағаланады.

4. Дифференциалды диагностикалық сұрақтама.

Студенттердің кәсіби бағыттылығын зерттеуде белгілі кеңес психологі Е.А.Климовтың – дифференциалды диагностикалық сұрақтама әдісі қолданылды. Осы әдіс арқылы студенттердің қызығушылығы, қабілеттері, бейімділіктері және мүмкіндіктері, өзін-өзі бағалау даңгейі жайлы ақпараттар алынды. Сұрақтаманың негізінде еңбек процесіндегі адам өзара әрекет ететін барлық мамандықтың пәні немесе обьектінің белгісі бойынша 5 типке бөлу идеясы жатыр.

1. «Адам-Табиғат» типіндегі мамандық, адамның жанды және жансыз табиғатта өтіп жатқан үрдістерге қатысумен байланысты. Мұнда жерді (геолог, геофизик, океанолог, метеролог т.б.), оның өсімдіктер және жануарлар әлемін (ботаник, биолог, зоолог, орнитолог, кинолог, генетик, эколог және т.б.), жануарлардан және өсімдіктерден өнім өңдіруді (баушы, агроном, көкөніс шаруашысы, жануарлар шарушысы, зоотехник, ветеринар және т.б.) зерттеумен байланысты мамандықтарды кіргізуге болады.

Осы мамандық типіндегі адамға психологиялық талаптар: қиялдың жоғарғы деңгейде дамуы, көрнекі-бейнелі ойлау, жақсы көзбен көріп есте сақтау, бақылампаздық; өзгермелі табиғи факторларды бағалау және көре алу қабілеті; әдетте іс-әрекет нәтижесі ұзақ уақыт барысында пайда болады, сондықтан да маман шыдамдылықты, төзімділікті меңгеруі қажет; ұжымнан тыс, кейде қолайсыз ауа-райында жұмыс істеуге дайын болуы керек.

2. «Адам-Техника» типіндегі мамандыққа көптеген өнеркәсіптік және құрылыс мамандарын (болат қорытушы, құюшы, ұста, тасшы, электрмен пісіруші, токарь, слесарь, электрик, фрезеровщик, сылақшы, ағаш шебершісі, тігінші, инженер т.б.) және транспорттық тәсілдерде қызмет етушілер кіреді.

Осы мамандық типіндегі адамға психологиялық талаптар: қозғалыстың жақсы координациясы,дәл көре, есту,, вибрациялық және кинстетикалық қабылдау; дамыған педагогикалық және творчествалық ойлау және қиял; зейінді ауыстыра және шоғырландыра алу ептілігі; бақылампаздық.

3. «Адам-Белгілір жүйесі» типіндегі мамандыққа ақпаратты өңдеудің түрлі формаларын кіргізуге болады. Бұл тіл жүйесіндегі (библиограф, натариус, лингвист, тарихшы, филолог, философ, әдебиетші және т.б.) абстрактілі-математикалық (статистик, математик, кассир, бухалтер, экономист, метеролог және т.б.) белгілерді өңдеу тәсілдері және жүйелеріндегі (прогроммист, ЭВМ операторы және т.б.) жұмыстар.

Осы мамандық типіндегі адамға психологиялық талаптар: жақсы оперативті және механикалық ес; белгілік (знаковый) материалдарға зейіннің ұзақ уақыт бойы шоғырландыра алу қабілеті; зейінді жақсы бөле және ауыстыра алу; қабылдаудың дәлдігі, шартты белгілерде тұрғандарды көре алу ептілігі, шыдамдылық, логикалық ойлау.

4. «Адам-Көркем бейне» типіндегі мамандық–өнер, көркем мәдениет. Мұнда бейнелік шығармаларды (архитектор, суретші, дизайнер, мүсінші т.б.), материалдарды көркемдік өңдеу (гравер, модельер, ювелир және т.б.), көркем ойын-сауық құру (композитор, музикант-орындаушы, вокалист, дирижер, биші, балетмейстер, актер, режисер, оператор) кіреді.

Осы мамандық типіндегі адамға психологиялық талаптар: дамыған көріп қабылдау; бақылампаздық;көру есі; көрнекі-бейнелі ойлау; творчествалық қиял; адамдарға эмоционалды әсер етудің психологиялық заңдарын бөлу.

5. «Адам-Адам» типіндегі мамандықтың негізгі мазмұны қарым-қатынас. Бұл жерде адамдармен контактіні ұстай алу және орната алу керек. Мұнда педагогикалық мамандар (мұғалім, тәрбиеші, жаттықтырушы, оқытушы), юстиция облысы (арбитр, юрискеңесші, милиционер, ізкесуші, прокурор, адвокат), мәдени-ағарту жұмысы (кітапханашы, экскурсовод, гид-аудармашы, корреспондент), қызмет көрсету сферасы (сатушы, офицант, шаштаразшы және т.б.) кіреді. Медициналық мамандар (санитар, фельдшер, медбике, дәрігер).

Осы мамандық типіндегі адамға психологиялық талаптар: қарым-қатынасқа ұмтылу; бейтаныс адамдармен байланысқа оңай түсе алу ептілігі; адамдармен жұмыс істеуде өзін тұрақты жақсы сезіну; өзін ұстай алу; эмоциясын тежей алу ептілігі; қоршаған ортаның және өзінің жүріс-тұрысын талдай алу ептілігі; басқа адамдардың көңіл-күйін және ниетін түсіну, адамдармен өзара қарым-қатынасты жайғастыра алу қабілеті, олардың арасындағы келіспеушілікті шеше алу ептілігі, ойша өзін басқа адамдардың орнынақоя алу, тыңдау алу, басқа адамның пікірін ескеру; түрлі адамдармен ортақ тіл табыса білу қабілеті.

5. Сұрақнама :“АТА-АНА мен БАЛАНЫҢ өзара қатынасы ”

Мектеп жасына дейінгі және кіші мектеп жасындағылардың ата-аналарына арналған сұрақнама нұсқасы .

Нұсқау: “ келесі ой пікірлерді мұқият оқып таныса отырып , ойыңызға сәйкес деген келісу деңгейіңізді 5 ұпайлық жүйемен белгілеңіз. Жауап іс қағазында әр баланың пікірін бөлек бағалаңыз.

5 – күмәнсіз, иә ( аса қатты келісуді білдіреді)

4 – жалпы келісемін

3 – иә немесе жоқ

2 – иә жауабына қарағанда жоқ

– жоқ (тіптен келіспеу белгісі)”

1. Егер мен одан бір нәрсені талап етсем, мақсатыма міндетті түрде жетемін.

2. Мен оны нашар қылықтары үшін үнемі жазалаймын.

3. әдетте қай киімін киетінін өзі шешеді.

4. Менің баламды қараусыз қалдыруға болады.

5. Ұлым (қызым) өзінде болып жатқан жаңалықтардың бәрін маған айтады.

6. Мен оны өмірде ешнәрсеге қол жеткізе алмайды деп ойлаймын.

7. Мен оның бойынан жақсы қасиеттерінен гөрі кемшіліктерін жиі байқаймын.

8. Үй тірлігін біз жиі бірігіп орындаймыз.

9. Мен баламның ден саулығы үшін жиі мазасызданамын.

10. Мен қойған талаптарымды соңына дейін қадағаламайтынымды сеземін.

11. Біздің отбасымызда үнемі қақтығыс болып тұрады.

12. Мен оған қандай тәрбие берсем, ол да өз балаларына сондай қарағанын қалаймын.

13. Ол менің өтінішімді бірнеше рет қайталатқызып барып орындайды.

14. Мен оған сирек ренжимін.

15. Мен оның барлық әрекеті мен қылықтарын бақылап отырамын.

16. Ол үшін ең бастысы – мені тыңдауу деп санаймын.

17. Егер ол бақытсыздыққа ұшыраса, ең алдымен ол менімен бөліседі.

18. Мен оның қызығушылығын қолдамаймын.

19. Мен оны өзім қалағандай, ақылды, қабілетті деп санамаймын.

20. Дұрыс жасамағанымды мойындап, оның алдынан кешірім сұрай аламын.

21. Менің балама қорқынышты жағдай болып қалады деп жиі ойлаймын.

22. Менің оған деген қатынасымда, мінез құлқымды түсіну қиын.

23. Отбасының басқа мүшелері кедергі келтірмегенде, менің баламның тәрбиесі анағұрлым жақсы болар еді.

24. Маған біздің арамыздағы қарым-қатынас ұнайды.

25. Оның достарының отбасына қарағанда, оның үйде орындайтын міндеттері көп.

26. Мен оған кейде қол көтеремін.

27. Егер ол қаламаса да, менің айтқанымды жасауға тура келеді.

28. Мен оған не қажет екенін жақсы білемін.

29. Мен балама үнем і аяушылық білдіремін.

30. Мен оны түсінетін сияқтымын.

31. Мен оның көп қасиетін өзгерткім келеді.

32. Отбасында шешім қабылдағанда оның пікірі үнемі ескеріледі.

33. Мен мазасыз әкемін (анамын) деп өзімді санаймын.

34. Менің мінез құлқым ол үшін үнемі күтпеген жағдай туғызады.

35. Мен баламды жазатағанда менің жолдасым (әйелім, анам, т.б.) аса қаталдығымды жазғырады.

36. Мен ұлымды (қызымды) дұрыс тәрбиелеудемін деп ойлаймын.

37. Мен оған көп талап қоямын.

38. Менің мінезім жұмсақ.

39. Мен оған үйдің ауласында жалғыз қыдыруына рұқсат беремін.

40. Мен оны өмірдегі қиындықтар мен жазымдардан сақтауға ұмтыламын.

41. Менің кемшіліктерім мен әлсіздіктерімді байқағанын қаламаймын.

42. Маған оның мінезі ұнайды.

43. Мен оны ұсақ-түекке бола сынға аламын.

44. Мен оны бар ынтаммен тыңдаймын.

45. Менің парызым – оны әртүрлі қауіптен сақтау деп санаймын.

46. Менің жіберген қателіктерімді ол жасаса мен оны жазаламаймын.

47. Отбасының басқа мүшелеріне баланы еріксіз қарсы қоятын кездерім болады.

48. Мен онымен күнделікті қарым-қатынастан шаршаймын.

49. Маған ол қаламаған істі еріксіз жасатуға тура келеді.

50. Өзгелер бұл қылығы үшін жазалайды, ал мен оны кешіремін.

51. Мен ол туралы бәрін білгім келеді: не туралы ойлайтыны, достарымен қандай қатынаста, т.б.

52. Ол үйде ьос уақытында немен айналысатынын өзі таңдайды.

53. Мен оған ең жақын адаммын деп ойлаймын.

54. Мен оған әр уақытта көңілімнің толмағанын айтамын.

55. Мен оның мінез құлқын қолдаймын.

56. Ол ойлап тапқан іске атсалысамын.

57. Оның болашағын біз әрқалай елестетеміз.

58. Бір нәрсе үшін мен жазғыратын да мақтайтын да кезім болады.

59.Мен оған бірнәрсе айтсам жолдасым (әйелім, апасы, т.б.) әдейі, керісінше басқаша айтатын кездері де болады.

60. Оның менімен үнемі дәл қазіргідегідей қатынаста болғанын қалаймын.

ТІРКЕУ ҚАҒАЗЫ.

Ф.А.Ә. ------------------------------------------ жасы ---------- білімі --------

Баланың аты-жөні ------------------------------------------ жасы-------------

ұпай ұпай Ұпай ұпай Ұпай
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         
         

Нәтижені өңдеу мен талдау.

Сұрақнаманың үш түрі де келтірілген кесте бойынша өңделеді. Әр шкаладағы ұпайдың жалпы саны есептеледі мұнда кері және тура мәндес пікірлерді ескеру қажет. Кері пікірлер ұпайларға келесі үлгімен беріледі.

Жауаптар 1 2 3 4 5

Ұпайлар 5 4 3 2 1

Іс қағаз кілтінде кері сұрақтар жұлдызшамен берілген. Үшінші және бесінші шкалалар 10 пікірден тұратындықтан арифмитикалық ұпай саны бұл шкалаларда екіге бөлінеді. Сомасы баға тіркеу іс қағазының соңғы бағанына қойылады. Жауап беру іс қағазының кейрбір жолы бір шкалаға жатады. Мысалы: бірінші шкалаға 1,13,25,37,49 пікірлер қараса, 10 шалаға: 12,24,36,48,60; 3 шкалаға: 3,4,15,16,27,28,39,40,51,52,т.б.

Кіші мектеп оқушылары мен ата-аналарына арналған сұрақнаманың кілті.

Ұпай ұпай ұпай ұпай ұпай Сомасы
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   
                   

1.талап қоймау-талап қоя білу

2. жұмсақтық-қаталдық

3. дербестік-бақылау

4. эмоционалды ара-қашықтық-жақындық

5. қабылдамау-қабылдау

6. әріптестіктің болмауы- болуы

7. бала үшін қобалжу

8. салдарлы-салдарсыздық

9. отбасындағы тәрбие конфронтациясы

10. баламен (ата-анамен) қарым-қатынаста қанағаттану.

Сұрақнама :“АТА-АНА мен БАЛАНЫҢ өзара қатынасы”

Жеткіншектердің ата – анасына арналған нұсқасы.

Нұсқау: “ келесі ой пікірлерді мұқият оқып шығып ,ойыңызға сәйкес келісу деңгейіңізді 5 ұпайлық жүйемен белгілеңіз. Жауап іс қағазында әр баланың пікірін бөлек бағалаңыз.

5 – күмәнсіз, иә ( аса қатты келісуді білдіреді)

4 – жалпы келісемін

3 – иә немесе жоқ

2 – иә жауабына қарағанда жоқ

1 – жоқ (тіптен келіспеу)

1. Егер мен баладан бір нәрсені талап етсем, мақсатыма міндетті түрде жетемін.

2. Мен оны нашар қылықтары үшін үнемі жазалаймын.

3. Ол маған қайда баратынын және қашан келетінін сирек айтады.

4. Мен оны толығымен дербес адам деп санаймын.

5. Ұлым (қызым) өзінде болып жатқан жаңалықтардың бәрін маған айтады.

6. Мен оны өмірде ешнәрсеге қол жеткізе алмайды деп ойлаймын.

7. Мен оның бойынан жақсы қасиеттерінен гөрі кемшіліктерін жиі байқаймын.

8. Мен оған маңызды, қиын істерді жиі тапсырамын.

9. Бізге ортақ келісімге келу қиын.

10. Бұрын тиым салынған нәрсеге рұқсат беретін кездерім болады.

11. Ұлым (қызым) менің көзқарасымды үнемі ескереді.

12. Мен оған қандай тәрбие берсем, ол да өз балаларына сондай қарағанын қалаймын.

13. Мен не өтінсем де ол бірден орындайды.

14. Мен оған сирек ренжимін.

15. Мен оның барлық әрекеті мен қылықтарын бақылап отырамын.

16. Ол үшін ең бастысы – мені тыңдауу деп санаймын.

17. Егер ол бақытсыздыққа ұшыраса, ең алдымен ол менімен бөліседі.

18. Мен оның қызығушылығын қолдамаймын.

19. Мен оны өзім қалағандай, ақылды, қабілетті деп санамаймын.

20. Дұрыс жасамағанымды мойындап, оның алдынан кешірім сұрай аламын.

21. Мен оның айтқанына жиі көнемін.

22. Менің оған деген қарым- қатынасым арқылы , мінез құлқымды түсіну қиын.

23. Мен ол үшін беделді адаммын деп ойлаймын.

24. Маған біздің арамыздағы қарым-қатынас ұнайды.

25. Оның достарының отбасына қарағанда, оның үйде орындайтын міндеттері көп.

26. Мен оған кейде қол көтеремін.

27. Егер ол қаламаса да, менің айтқанымды жасауға тура келеді.

28. Мен оған не қажет екенін жақсы білемін.

29. Мен балама үнем і аяушылық білдіремін.

30. Мен оны түсінетін сияқтымын.

31. Мен оның көп қасиетін өзгерткім келеді.

32. Отбасында шешім қабылдағанда оның пікірі үнемі ескеріледі.

33. Мен оның ұсыныстары мен ойлары мен үнемі келісемін.

34. Менің мінез құлқым ол үшін үнемі күтпеген жағдай туғызады.

35. Ол үшін мен үнемі үлгі боламын.

36. Мен ұлымды (қызымды) дұрыс тәрбиелеудемін деп ойлаймын.

37. Мен оған көп талап қоямын.

38. Менің мінезім жұмсақ.

39. Мен оған келгісі келген уақытта келуіне рұқсат етемін.

40. Мен оны өмірдегі қиындықтар мен жазымдардан сақтауға ұмтыламын.

41. Менің кемшіліктерім мен әлсіздіктерімді байқағанын қаламаймын.

42. Маған оның мінезі ұнайды.

43. Мен оны ұсақ-түйекке бола сынға аламын.

44. Мен оны бар ынтаммен тыңдаймын.

45. Мен онымен көптеген мәселемен келіспеймін.

46. Менің жіберген қателіктерімді ол жасаса мен оны жазаламаймын.

47. Ол менің көптеген көзқарастарымды қолдайды.

48. Мен онымен жалған күнделікті қарым-қатынастан шаршаймын.

49. Маған ол қаламаған істі еріксіз жасатуға тура келеді.

50. Өзгелер бұл қылығы үшін жазалайды, ол мен оны кешіремін.

51. Мен ол туралы бәрін білгім келеді: не туралы ойлайтынын, достарымен қандай қатынаста, т.б.

52. Ол кіммен дос боларын менімен ақылдсапайды.

53. Мен оған ең жақын адаммын деп ойлаймын.

54. Мен оған әр уақытта көңілімнің толмағанын айтамын.

55. Мен оның мінез құлқын қолдаймын.

56. Ол ойлап тапқан іске атсалысамын.

57. Оның болашағы туралы біз әрқалай елестетеміз.

58. Бір нәрсе үшін мен жазғыратын да мақтайтын да кезім болады.

59. Ол маған ұқсағысы келеді деп ойлаймын.

60. Оның менімен үнемі дәл қазіргідегідей қатынаста болғанын қалаймын.

Жеткіншктер мен олардың ата-анасына арналған сұрақнама кілті.

1. жұмсақтық-қаталдық

2. дербестік-бақылау

3. эмоционалды ара-қашықтық-жақындық

4. қабылдамау-қабылдау

5. талап қоймау-талап қоя білу

6. әріптестіктің болмауы-әріптестіктің болуы

7. келіспеушілік-келісім

8. салдарлы-салдарсыздық

9. ата-ана беделі

10. баламен (ата-анамен) қарым-қатынаста қанағаттану.

Ұпай ұпай ұпай ұпай ұпай Сомасы
  ***      
  ***   *** ***
***     ***   3/2
***       ***  
      ***  
*** ***     *** 5/2
*** *** *** ***    
         
***       ***
*** *** *** *** ***
         
      ***  

6. « Отбасылық қобалжуды анықтау» сұрақнамасы.

Әдістеменің авторы Э.Г.Эйдемеллер және В.Юстицкис (2000)

Әдістеменің мақсаты: Индивидтің жалпы қобалжуын зерттеу ,оның отбасына деген көз-қарасы және отбасының оны қалай қабылдайтынын анықтау. «Отбасылық қобалжу» дегенде отбасының бір мүшесі үшін , қалған мүшесі бейсанада қобалжиды, бірақ өздері саналы түсінбей, оны қабылдамайды.

Әдістеменің мазмұны: Отбасы мүшелері жеке отырып сұрақнаманы толтырады. Нұсқау: «Сіздерге ұсынылып отырған сұрақнама мазмұны отбасындағы ,үйдегі көңіл-күйді білдіреді. Сұрақтар нөмірленген және оған қоса әдістеме іс-қағазы да нөмірленген ». Сұрақнаманы оқи отырып егер, сол сөзбен келіссеңіз онда сол нөмірді дөңгелетіңіз ,келіспесеңіз онда нөмірді сызып тастаңыз, кейбір сұраққа жауап беруге қиналсаңыз онда сұрақ (?)белгісін қойып отырыңыз.Қиналатын сұрақтар үшеуден көп болмауы қажет.Есте ұстаңыздар, бұл сұрақнама үйдегі көңіл-күйді білдіреді. Сұрақнамада «дұрыс»және «дұрыс емес» жауап болмайды, бұл тек сіздің «сезіміңіз».

Сұрақнама мәтіні

1. Білемін маған отбасы мүшелері жиі риза емес, көңілдері толмайды.

2. Сеземін ,қалай істесем де бәрі–бір менің айтқанымдай болмайды.

3. Мен көп нәрсені орындауға үлгермей жүрмін.

4. Отбасында болатын келеңсіз жағдайға,неге екенін білмеймін барлық уақытта мен кінәлі болып шығамын.

5. Мен өзімді жиі әлсіз сезінемін.

6. Отбасында мен көп күйгелектенемін.

7. Үйге келгенде өзімді икемсіз және ыңғайсыз сезінемін.

8. Отбасының кейбір мүшелері мені ақымақ деп ойлайды.

9.Үйде болған кезімде , барлық уақытта мен бір нәрсені уайымдаймын .

10.Отбасы мүшелерінен жиі дағдарыс көз-қарасын сезінемін.

11. Үйге келе жатқанда ,мен жоқ кезде қандай жағдай болды екен деп қорқамын.

12. Үйде жүргенде мен бәрін істеп үлгеруім керек ,деп сезінемін

13.Үйде көп жағдайда өзімді артық (бөтен) сезінемін.

14.Үйде сондай күрделі жағдай , қимылға келуге менде ешқандай күш болмайды.

15.Үйде көп жағдайда мен, өзімді ұстап тоқтатып отыруым қажет.

16. Егер де мен жоқ болып кетсем , онда мені ешкім іздемейтін сияқты.

17. Үйге келе жатқанда ,орындайтын жұмысымды жоспарлап келемін ,ал үйге кіргеннен кейін тіпті басқа жұмысқа ауысып кетемін.

18.Отбасылық жағдайымды ойласам болды ,мен қобалжи бастаймын.

19.Отбасы мүшелері, кейбір кездері мен үшін ұялатын сияқты.

20.Көп уақытта барлық тірлікті жақсы орындағым келеді, ал нәтижесінде бәрі керісінше нашар шығады.

21.Маған үйде көп нәрсе ұнамайды, мен оны жасырын ұстап көрсеткім келмейді.

Сұрақнама іс-қағазы

А.Ж.А__________________________________________________

1 4 7 10 13 16 19 В/5

2 5 8 11 14 17 20 Т/5

3 6 9 12 15 18 21 Н/5

С= _______/14

Нәтижені өңдеу

Келіскен жауаптарға 1-ұпай беріледі. Үш шкаланың ұпайы бөлек есептеледі.

Суб шкала В- кінәлау (отбасы мүшелерінің кінәсі ) Индивид отбасында болып жатқан жағдайға қарсы келіп , тепе-тең деңгейде өзіне жауапкершілікті сезінбейді және алмайды,.Шкалаға келесі сұрақтар жатады.:1,4,7,10,13,16,19. Бес сұрақта келіссе отбасын кінәлауы анықталады.

Суб шкала Т қобалжу (отбасы мүшелерінің қобалжуы ) сыналушының жеке күш жұмсауынан отбасындағы жағдай өзгермейді. Оған : 2,5,8,11,17,20. Бес сұрақта келіссе отбасы қобалжуы анықталады.

Суб шкала Н-қысым (отбасындағы қысым ).Индивидке отбасындағы міндетті орындау көп куш түсіреді.

Ол сұрақтар:3,6,9,12,15,18,21. Бес сұрақта келіссе отбасы қысымы анықталады.Соңынан бәрін бірге ( кінәлау,қобалжу, қысым ) қарастырып отбасында қай шкаланың басым екенін анықтауға мүмкіндік береді.

Наши рекомендации