Сынылатын әдебиет:1, 2, 3, 10, 12-14, 16.

4 дәріс тақырыбы: ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КОНСУЛЬТАЦИЯЛАУДҒЫ КӘСІБИ-ЭТИКАЛЫҚ ПРИНЦИПТЕРІ

Дәріс тезистері:

Консультациялаудың этикалық принциптері. Консультативті процесстегі клиенттің құқықтары. Клиенттің консультанттан тәуелдңлңгң этикалық мәселе ретінде. Консультанттың кәсіби және этикалық міндеттері мен құқықтары. Консультациялаудың конфиденциалдылығы мен оның шектеуліліктері. Психолог пен клиенттің консультативті және басқа да (достық, іскерлік,, интимді) қатынастарын араластырудың этикалық және құқықтық сұрақтары.

Көптеген мамандықтарда кәсіпкерлер үшін міндетті болып келетін өзінің принциптері мен талаптары болады.

Консультант, басқа да кәсіпкерлер секілді, этикалық жауапкершілікті мойнына алады және міндеттерді орындайды. Ең әуелі, ол клиенттің алдында жауапты болып келеді. алайда клиент пен консультант вакуумда емес, алуан түрлі қатынастар жүйесінде өмір сүреді, сондықтан консультант клиенттің отбасы мүшелері алдында, клиент жұмыс істейтін ұйымның алдында, жалпы қоғамның алдында, сонымен қатар, өз мамандығының алдында жауапты. Міне, осындай жауапкершілік психологиялық консультациялау мен психотерапиядағы этикалық принциптердің ерекше маңыздылығын анықтайды. Сондықтан көптеген елдерде психотерапевт пен консультант-психологтың кәсіби іс әрекетін реглменттейтін кәсіби этиканың кодексттері жасалынады (мәселен, Specialitу Guidelines for the Delivery of Services by Counseling Psychologists, 1981).

Ұсынылатын әдебиет: 1, 2, 3, 10, 12-14, 16

5 дәріс тақырыбы : КОНСУЛЬТАНТТЫҢ ТҰЛҒАСЫ

Дәріс тезистері:

Консультанттың кәсіби білімдері мен ептіліктерінің және оның тұлғасының өзара қатынасы клиентке ықпал етудің құралы ретінде қарастыру мәселесі. Консультанттың кәсіби Мен-бейнесі, жеке басының тәжірибесі, конгруэнттілігі, метадағдылары. Тиімді консультанттардың тұлғалық сипаттамалары. Консультанттың жеке басының құндылықтары мен өмірлік философиясының оның іс әрекетіне ықпал ету мәселесі. Консультант – психотерапевт: ұңымдарды салыстыру.

Консультанттың маңызды ролдік функцияларына жататындар:

— өзара сенімділік негізінде клиентпен қатынастарды құру;

— клиенттің өзін-өзі түсінуі мен іс әрекет тәсілдерінің альтернативаларын айқындау;

— клиенттің өмірлік жағдайлары мен оның өзі үшін мәнді адамдармен қатынастарына тікелей «ену»;

— клиенттің айналасында салауатты психологиялық климатты түзу;

— консультациялау процесін үнемі жетілдіру.

Егер сөйтіп консультанттың ролінің мазмұнын елестететін болсақ, онда консультациялаудың мәнді құрамасы КОНСУЛЬТАНТТЫҢ ТҰЛҒАСЫ болып келеді.

Ұсынылатын әдебиет: 2, 3, 12-14.

5 дәріс тақырыбы : КОНСУЛЬТАНТТЫҢ ТҰЛҒАСЫ

Дәріс тезистері:

Жаңадан консультант болып жұмыс әстеушінің типтік қиындықтары. Консультанттың «кәсіби жануы» мәселесі: себептері, көріністері, алдын алу мен жеңу жолдары. Консультанттарды кәсіби консультациялау және оның супервизордың жетекшілігімен жұмысының мәселесі кәсіби іс әрекетке дайындықтың бір жағы ретінде. Консультанттардың дайындау. Психологтың консультативті іс әрекетін лицензиялау. Консультанттардың жеке басының терапиясы мен кәсіби консультациялауы жіне кәсіби іс әрекетке дайындықтың бір жағы ретіндегі супервизордың жетекшілігімен жұмыс істеуі.

Консультанттың тұлғасы барлық дерлік теоретикалық жүйелерде консультациялау процессіндегі маңызды емдеуші құрал ретінде айқындалады.

Ең басты айтатын нәрсе ешкім де психотерапевт немесе консультант болып туылмайды. Талап етілетін қасиеттер туа берілмейді, оларды өмір сүру барысында дамытады. Айтылғандарды жалпылай отырып, консультанттың эффективтілігі тұлғаның қасиеттерімен, кәсіби білімдермен және арнайы дағдылармен анықталады. Осы факторлардың әрқайсысы психологиялық консультациялаудың түйіні болып келетін сапалы консультативті контактты қамтамасыз етеді. Нәтижеде консультативті контакттан консультациялаудың соңғы эффектісі – консультанттың конструктивті әрекет ету процессіндегі клиенттің тұлғалық өзгерісі тәуелді болады.

Ұсынылатын әдебиет: 2, 3, 12-14.

6 дәріс тақырыбы: КОНСУЛЬТАЦИЯЛАУДЫҢ БАСТАПҚЫ ЭТАПЫ

Дәріс тезистері:

Консультациялаудың бастапқы этапы. Мақсаты – психологиялық контакт құру, клиент пен консультант арасында психологялық келісім шарт бекіту.

Психологиялық кеңес беру – бұл бірнеше этаптардан тұратын процесс. Оның этаптылығы психологиялық кеңес берудің негізгі әдісі – интервью (сұхбаттасу) барысында анық байқалады. Жалпы алғанда интервью – психологиялық мәліметтерді ауызша сұрау арқылы алудың амалы болып келеді.

Әдетте әдебиеттерде консультативті интервью процесінің «бесқадамдық» этапты моделі келтіріледі. 1 этап – клиентпен контакт түзіп, оны жұмысқа мотивтендіру; 2 – клиент туралы мәліметтер жинау, «мәселенің неде екендігі» туралы сұрақты шешу; 3 – қаланатын нрәтижені саналы сезіну, «Нәтижеде неменеге қол жеткіңіз келеді?» деген сұраққа жауап беру; 4 – «Осыған байланысты тағы да не істей аламыз?» деп белгілеуге болатын альтернативті шешімдерді құрастыру; 5 – клиентпен өзара әрекеттесу нәтижелерін резюме формасында психологтың жалпылауы.

Әдете 2 және 3 міндеттер өзара байланысты да, клиенттің мәселесін анықтап, бағдар жасау этапына жатады. Осыған байланысты консультацияда 4 негізгі этапты немесе сатыларды бөліп көрсетеді:

Ұсынылатын әдебиет: 2, 3, 12-14.

6 дәріс тақырыбы: КОНСУЛЬТАЦИЯЛАУДЫҢ БАСТАПҚЫ ЭТАПЫ. ЭТАПТЫҢ МАЗМҰНЫ.

Дәріс тезистері:

Этаптың негізгі мазмұны: клиентті күтіп алу, танысу, клиент туралы алғашқы мәліметтер жинау, келісім шартқа отыру (консультациялаудың мақсатын, әдістерін, ұзақтығын, құнын, жауапкершілікті үлестіруді талқылау, клиентке оның құқықтары мен міндеттерін айту, конфиденциалдылық пен оның шектеуліліктері туралы сұрақтарды талқылау). Алғашқы кездесудің ерекшеліктері.

Әдетте, консультациялау мен психотерапия консультант пен клиенттің кездесуінен бұрын басталады. Барлығы клиенттің консултьтативті центр немесе нақты бір консультант туралы мәлімет алуынан басталады. Атап айтқанда, консультация беру процесі клиенттің интраконцепциясымен («көмек туралы миф») алдын алынады.

Клиент пен консультанттың бетпе-бет кездесуі визуалды контакт, сәлемдесуден басталады. Кейіннен консультанттың вербальды да, вербальды емес те қылықтары сенімділіктің пайда болуына, жұмысшы альянстың – көмек беруге қатысқанның екеуі де бір-бірі үшін жұмыс істеп, екеуіне де ортақ мақсат үшін екеуі де өнімді жылжитындығы туралы сезімнің пайда болуына ықпал ету керек. Мұндайда контактқа түсу кеңістіктігін ұйымдастыру да белгілі роль атқарады.

Бұл этапта клиенттің кейбір индивидуалды ерекшеліктерін алғашқы диагностикалау жүзеге асады (Р.Мэй бойынша «мінездің диагностикасы»). Консультацияның басында көмек сұрау мақсатын анық көрсететін клиенттің вербальды өтінішіне ерекше назар аударылады. Әдетте, контакт түзу этапында кейінгі жұмыстың шарттары мен төленетін ақысы туралы клиентпен контракт жасалады.

Ұсынылатын әдебиет: 2, 3, 12-14.

7 дәріс тақырыбы: КЛИЕНТТІ СҰРАСТЫРУ ЭТАПЫ. КЛИЕНТ МӘСЕЛЕСІНІҢ МӘНІН АШУ.

Дәріс тезистері:

Клиентті сұрастыру этапы. Этаптың мақсаты – раппорт орнату, мәселенің мәнін анықтау. Белсенді тыңдау техникалары – вербальды және вербальды емес компоненттері. Парафраз бен пауза. Клиент мәселесінің мәнін анықтау. Мәселелер түлері: орталық мәселе, жабынды-мәселе, тереңде жатқан мәселе және т.б. Мәселе консультант пен клиенттің бірлескен іс әрекетінің нәтижесі ретінде. Келісім шарт жасау.

Екінші саты «Клиенттің мәселесін анықтап алу» немесе « Мәселені зерттеу мен саналы сезіну» деп аталады да, салыстырмалы түрде дербес екі процесске бөлінеді. Оларды Р.Мэй «көңіліндегін төгу мен талқылау», ал Г.Хэмбли – «тыңдау мен рефлексия» деп атаған. Расында да, екінші сатының бірінші фазасының түйінін клиенттің «көңіліндегін төгу» - оны психологиялық көмек сұрауға не итергендігі туралы, кімдер оны психологиялық дағдарысқа әкелген сезімдер туғызғандығы туралы, бөтен біреудің баға беруі, демеуі немесе кеңесінің қажеттігі туралы спонтанды әңгіме - құрайды,

Ұсынылатын әдебиет: 2, 3, 12-14.

7 дәріс тақырыбы: КЛИЕНТТІ СҰРАСТЫРУ ЭТАПЫ. ДИАГНОСТИКАЛЫҚ МІНДЕТТЕР.

Консультациялауда диагностикалық процедураларды қолдану, консультациялаудағы диагностикалық бағыттың қарама-қайшылығы. Психологиялық анамнез. Консультациялаудағы тесттік психодиагностика.

Бұл этапта клиенттің кейбір индивидуалды ерекшеліктерін алғашқы диагностикалау жүзеге асады (Р.Мэй бойынша «мінездің диагностикасы»). Консультацияның басында көмек сұрау мақсатын анық көрсететін клиенттің вербальды өтінішіне ерекше назар аударылады. Әдетте, контакт түзу этапында кейінгі жұмыстың шарттары мен төленетін ақысы туралы клиентпен контракт жасалады.

Консультант басынан бастап клиент өз мәселелері үшін жауапкершілікті өз мойнына алу керектігі үшін әрекет ету керек, яғни олардың туу себебін өзінен екендігін мойындау керек. Консультациялау уақыты мағыналы қолданылуы үшін де клиент жауапты болады. Консультант клиентпен жауапкершілікті бөліседі де, ол клиенттің мәселесін талқылауда және оның шешімдерінің мүмкін болатын альтернативаларын қарастыруда қызығу танытатынын көрсетеді.

Ұсынылатын әдебиет: 2, 3, 12-14.

7 дәріс тақырыбы: КЛИЕНТТІ СҰРАСТЫРУ ЭТАПЫ. ЭТАПТЫҢ БАСТЫ ТЕХНИКАСЫ.

Дәріс тезистері:

Консультант қолданатын негізгі тәсілдер мен құралдар: тәкелей сұрақтар, клиентті тыңдау – рефлексивті емес және рефлексивті, белсенді және пассивті, эмпатиялық түсіну мен вербализация, клиентті вербальды және вербальды емес демеу. Этаптың нітижелері – консультативті болжамдар мен раппортты құру. Келісім шартқа отыру.

Консультациялаудың екінші сатысында дәлдеп алу («Сіздің айтайын дегеніңіз ….») және қайталап айту («Мен Сізді дұрыс түсінсем, Сіздің күйеуіңіз …») сияқты техникалық тәсілдер қолданылады. Яғни, рефлексивті тыңдаудың техникалары орын алады.

Егер клиент «көңіліндегісін төгу» барысында мәселелі жағдайды өзі бөліп көрсетіп, консультантқа деген сұранысын нақты құрастырса және айтылған нәрселерде консультант күмәнданбаса, консультациялаудың екінші сатысының екінші фазасы өте қысқа болуы мүмкін. Басқаша айтқанда, консультант клиенттің бағдарының дұрыстығында, оның болып жатқан нәрселерді дұрыс түсінетіндігінде сенімді болса, ол тек айтқандарды қорытындылайды немесе оны клиенттің өзіне жасауды ұсынады.

Алайда, консультациялаудың екінші сатысының аяқталуына қатысты мұндай оңай, әрі идеалды жол жиі болатын құбылыс емес. Егер клиент жағдайды шешуге қатысты адекватты дайын болса да және тереңдетілген психотерапия қажет болмаса да (тұлғаның дамуындағы өзгерістер арқасында, немесе консультативті процестің жеңіл өтуін мүмкін емес ететін эмоционалды реакциялар мен басқа құбылыстар арқасында) ол оған ұсынылған мәселелі жағдайдың моделіндегі бірқатар қателерді саналы сезбеуі мүмкін.

Проблема мен сұраныс бірмәнді етіп құрастырылған кезде, консультациялаудың кейінгі сатысына көшуге болады.

Ұсынылатын әдебиет: 2, 3, 12-14.

8 дәріс тақырыбы: ЖҰМЫСШЫ ЭТАП. ЭТАПТЫҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТТАРЫ

Дәріс тезистері:

Жұмысшы этап. Психологиялық ықпал ету этапы. Мақсаты – клиент психологиялық қиындықтардың мәнін түсініп, оларды жеңу жолдарын көре алу. Этаптың негізгі мазмұны – түрлі психотехникалық құралдардың көегімен клиентке өз бойындағы психологиялық қиындықтардың мәнін мағына елегінен өткізіп, оларды жеңуге деген түсінігін қалыптастыру. Қарсыластық және трансфермен жұмыс жасау. Қарсыластық ұғымы. Клиенттің дайындығы қарсыластықпен жұмыс жасау сәттілігінің шарты ретінде. Қарсыластықпен жұмыс істеу жолдары. Қарсыластықпен жұмыс жасаудың нәтижесі. Позитивті және негативті трансфер. Контртрансфер – позитиві және негативті. Трансфермен жұмыс жасау тиімділігі. Контртрансфермен жұмыс жасау.

Ұсынылатын әдебиет: 2, 3, 9,12-14.

8 дәріс тақырыбы: ЖҰМЫСШЫ ЭТАП. КОНСУЛЬТАТИВТІ ЫҚПАЛ ЕТУ МЕХАНИЗМДЕРІ

Дәріс тезистері

Бүкіл консультациялау уақыты барысында болатын ықпал ету жағдайлардың барлығында дерлік белгілі бір вариациялармен қолданылатын стратегиялар мен тактикалар жинағы болады. Олар мыналар:

1. Клиентті болып жатқан нәрселер үшін өз кінәсін және жауапкершілігін мойнына алуға бағдарлау.

2. Клиентті өз мінез-құлқын және өзін түсінудің жалғыз мүмкіндігі ретінде өз сезімдерін түсіну, анализдеу мен қабыл алуға бағдарлау.

3. Анағұрлым сенімді қатынастарды құру үшін негіз ретіндегі клиенттің сезімдері мен күйзелістерін қолдана отырып, ол қатынас түзе алмаған адаммен тереңірек контакт жасауға дайындау.

1. Жағдайды тез арада өзгертуге бағытталған қандай да бір нақты мінез-құлық қадамдарын жоспарлау мен жүзеге асыру.

Берілген принциптерді кез келген жағдайдағы жұмыс істеуде қолдану консультациялау процессінде туатын түрлі міндеттерді шешуде сәтті қызмет ете алады.

Ұсынылатын әдебиет: 2, 3, 9,12-14.

8 дәріс тақырыбы: ЖҰМЫСШЫ ЭТАП. КОНСУЛЬТАТИВТІ ПРОЦЕССТІҢ НЕГІЗГІ ТӘСІЛДЕРІ МЕН ТЕХНИКАЛАРЫ

Дәріс тезистері

Қабылдау психологиялық консультациялаудың консультативті процессінің қнімділігін құлшындыру мен жоғарлатудың мүмкіндіктері ретінде. Негізгі тәсілдер мен техникалар. Клиенттің сезімдерін бейнелеу. Үндемеу паузалары. Хабардар ету. . Интерпретация. Конфронтация. Консультанттың сезімдері мен өзін өзі ашуы. Процессті құрылымға келтіру. Қолданылатын техникалардың тиімділігі критерийлері.

Клиентті тыңдау

Консультациялау мен психотерапияда, әсіресе әңгімелесудің басында, клиент өзінің мәселелері мен қиындықтарын ашуға зейін қоя алу үшін консультанттың вербальды белсенділігі минимальды болу керек. Консультант сөйлеудің орнына тыңдау керек.

Сұрақтар қою

Клиент туралы мәліметтер алу мен оны өзін анализдеуге итермелеу епті түрде сұрақ қоймай мүмкін емес.

Құлшындыру мен көңілін басу

Бұл техникалар консультативті контактты түзу мен бекіту үшін өте маңызды. Клиентті келісімді немесе (және) түсіністікті білдіретін қысқа сөздермен құлшындыруға болады.

Мазмұнын бейнелеу: сөйлемді қайта құрастыру мен жалпылау

Клиенттің айтқандарының мазмұныны бейнелеу үшін, оның айтқандарын немесе бірқатар айтқан нәрселерін жалпылап, қайта құрастырып айту керек.

Сезімдерді бейнелеу

Сезімдерді бейнелеу клиенттің айтқан ойларын қайта құрастырып айтумен тығыз байланысты – айырмашылығы соңғысында зейінді мазмұнға шоғырландырсақ, сезімдерді бейнелеу барысында – мазмұнның астында жасырылған нәрсеге назар аударамыз.

Хабарландыру.

Консультациялаудың мақсаттарына клиентке мәліметтерді ұсынумен де қол жеткізеді: консультант өз пікірін айтады, клиенттің сұрақтарына жауап береді және талқыланып жатқан мәселелердің түрлі аспекттері туралы оны хабардар етеді.

Интерпретация

Клинеттің әңгімесі мен ішкі күйзелістерінің мазмұны консультант қолданатын түсіндірмелі жүйе контекстінде трансформацияланады (қайта құрылады). Мұндай қайта құрылулар клиентке өзін және өзінің өмірлік қиыншылықтарын жаңаша песпективада және жаңа тәсілмен көруге көмектеседі.

Конфронтация

Бұл клинеттің мінез-құлқына қарама-қайшы келетін консультанттың кез келген реакциясы. Конфронтацияның ортасында әдетте консультативті контактта бейнеленетін клиенттің тұлғааралық қатынастарының стилі байқалады. Көбінесе мәселені шешу этапында қолданылады.

Консультанттың сезімдері мен өзін-өзі ашу

Клиенттің ашықтығы өзара ашықтыққа тәуелді. Өзін-өзі ашу техникасы клиентпен жақсы контакт орнаған кезде, әдетте консультациялаудың соңғы сатыларында қолданылады.

Консультациялауды құрылымға келтіру

Құрылымға келтіру дегеніміз – бұл консультанттың клиентпен қатынастарын ұйымдастыру, консультациялаудың жеке этаптарын айқындау мен оның нәтижелерін бағалау, сонымен қатар, консультациялау процессі туралы информацияны клинетке жеткізу.

Ұсынылатын әдебиет: 2, 3, 9,12-14.

9 дәріс тақырыбы: АЯҚТАЛУ ЭТАПЫ

Дәріс тезистері:

Аяқталу этапы. Трансферден шығу және тәуелсіздікке ие болу. Постконсультативті мінез-құлықты қалыптастыру. Осы этаптағы жұмыстың негізгі принциптері. Осы этапта консультантқа қажет көмек.

Консультативті процесс жағымды түрде жүрсе, психолог-консультант пен клиент консультацияның төртінші соңғы сатысына өтеді.

Бұл сатыда консультант мәселе бойынша клиентпен өзара әрекеттесудің нәтижелерін жалпылайды, пікірлеуден әрекет етуге өтуге дайындалады. Клиентпен контакттан шығу да маңызды болып келеді. Тәжірибе көрсеткендей, толық консультативті цикл консультант пен клиенттің бір ғана кездесуі барысында да өтуі мүмкін. Бір консультативті циклдің уақыты әртүрлі. Орта есеппен бір консультацияның оптимальды уақыты 1-1,5 сағат деп есептеуге болады. Әдетте, осы уақыт аралығында консультацияның бүкіл 4 этапы да өтеді. Әрине, кейде қайта консультациялар да болуы мүмкін. Бұл бірқатар жағдайларда болады:

а) бірінші консультацияда консультативті процесстің бірінші және екінші сатылары ғана (кейде тек біріншісі ғана!) жүрген болса;

б) алғашқыда клиент іс жүзінде өзін толғандыратын емес, басқа мәселелер туралы айтып, тек екінші, үшінші консультацияларда ғана ашыла бастаған жағдайда;

в) болжамдарды сараптау көпке созылған талқылауды талап етсе, ал кейде басқа мамандардан (сексолог, невропатолог, заңгер және т.б.) кеңес алуды талап етеді.

Бүкіл аталған жағдайларда консультативті процесстің дамуы адекватты, бірақ қайта консультация алудың басқа да бірқатар себептері бар:

а) клиент табандылықпен «қарсылық көрсетеді»;

б) консультантпен «ойнай» бастайды, ал ол оны байқамай «ойынға» кірісіп кетеді;

в) оң ауыстыру дамиды (жиі эротикалық). Клиент консультантқа "жабысып" қалады;

г) клиент "шегаралық" болып келеді (немесе нағыз психотик), ал консультант адекватты тұлға ретінде оған көмектесемін деген иллюзиялар қамтиды. Соңғы жағдайлар супервизорлық араласуды талап етеді.

Ұсынылатын әдебиет: 2, 3, 9, 12-14.

10 дәріс тақырыбы: КОНСУЛЬТАЦИЯЛАУДАҒЫ ПСИХОАНАЛИЗ БЕН БИХЕВИОРИЗМ

Дәріс тезистері

Психоаналитикалық дәстүр. З.Фрейд – психоанализдің негізін салушы. Психоанализдің әдіснамалық статусы мен психоаналитикалық терапия төңірегіндегі консультациялау мәселесі. Психоанализдегі замануи тенденциялар. Бағытты бағалау: артықшылықтары мен шектеуліліктері.

Психоанализ күрделі әдіс болып табылады, оны жүргізетін адамның беделді дайындығы болу керек және ол ұзақ уақытты талап етеді. Сондықтан ешқандай «психоаналитикалық консультация» (түстерді, қарсыластықтарды және т.б. талдауды қолдану арқылы) туралы сөз болмау керек. Егер психолог онымен айналыса бастаса, онда ол консультант болудан қалып, психотерапевттің позицисына тұрады да, клиент үшін жауапкершіліктің басым бөлігін өз мойнына алып, тұлғаны қайта құрастырумен айналысты деген сөз.

Психоанализдегі негізгі процесстер мен ұғымдар: жұмысшы альянс, қарсыластық, трансфер, контртрансфер. Позитивті және негативті трансферлер, қорғаныс механизмдері. Еркін ассоциациялар әдісі.

Ұсынылатын әдебиет: 4, 9,10, 11, 12-14, 16, 24, 25.

10 дәріс тақырыбы: КОНСУЛЬТАЦИЯЛАУДАҒЫ БИХЕВИОРИЗМ

Дәріс тезистері

Психологиялық консультациялауға қатысты бихевиоральды бағыт. Негізгі бағыттары. Консультативті техникалары мен процедуралары: релаксационды тренинг, жүйелі десенсибилизация, модельдеу әдістері (А.Бандура). Әлеуметтік ептіліктер тренингі (өз өзіне сенімді болу). Өз өзін басқару мен жетектеу бағдарламалары. Бағытты бағалау.

Тарихи тұрғыдан бұл бағыт Д.Уотсон және и Б.Скиннердің еңбектерінен келе жатыр, кейіннен оларға Э.Ч.Толмен, К.Л.Халл т.б. қосылады. Бихевиоризмнің бірқатар идеялары мен процедуралары арасында мазмұны бойынша консультативті әрекеттермен беттесетіндері де бар. Бихевиористтер, әдетте, клиенттің қылықтарын анықтайтын оқиғалар тәртібіндегі себеп-салдар байланыстарын анықтайды; клиентпен біргелікті қол жеткізілетін мақсаттар таңдалады, альтернативалар аталады, келешектегі нақты әрекеттер жоспары құрастырылады.

Психолог-бихевиорист консультант-эксперт ретінде әрекет етіп, клиентке түрлі жағдайларды шешу үшін дайын рецепттер береді.

А. Лазарус -қазіргі бихевиоралды психотерапияның және кеңес берудің ірі өкілі. Когнитивті-бихевиоралды көзқарас (А. Эллис, А. Бек). Негізгі қүндылықтар, мақсаттар, процедуралар. Негізгі консультативті дағдыларды меңгеру: беттік экспрессияны және позаны тану. Айқын қозғалыстар және мимикалар. Жұп вербалды айқын тәсілдер. Белсенді тыңдау және вербалды жол. Дағдылар және ептілік тренингі.

Ұсынылатын әдебиет: 4, 9,10, 11, 12-14, 16, 24, 25.

11 дәріс тақырыбы: КОНСУЛЬТАЦИЯЛАУДАҒЫ ГУМАНИСТТІК ДӘСТҮР.

Дәріс тезистері

Клиентті орталықтандырған психотерапия. К.Роджерс – бағыттың негізін салушы. Түйінді ұғымдар: адам табиғатына қатысты позитивті көзқарас, адам потенциалы, өзектенуге, өзін өзі өзектендіруге деген талпыныс, Мен-концепция, Мен-идеалды, ішкі ағзалық баға мен сыртқы бағалық жүйе, конгруэнттілік, эмпатиялық түсіністік, шартсыз қабыл алу, қатер мен үрейлік, қорғаныс механизмдері (бұрмалау, мойындамау), адамның феноменологиялықәлемі,тәжірибе, тұлға процесс ретінде, толығымен функционалданатын тұлға.

Клиентке шоғырланған (клиентцентрированая) терапия. К. Рождерс - тәсілдің негізін қалаушы. Басты ұғгымдар: адам табиғатына позитивті көзқарас, адамдық потенциал, актуалдандыру мен өзіндік актуалдандыру тенденция, МЕН-концепциясы, МЕН-идеалы, ішкі ағзалық бағалау және сыртқы бағалаулық жүйе, конгруәнттілік, бейконгруәнттік, әмпатиялық түсінік, шартсыз қабылдау, құрметтеу, қауып пен мазасыздану, қорғаныс механизмдері (бұрмалау, терістеу), адамның феноменологиялық әлемі, тәжірибе, тұлға процесс ретінде, бүтіндей жүмыс істеуші жеке адам. Негізгі мақсаттар, құндылықтар, техникалар, процедуралар. Терапевтік нүсқаулар: шартсыз қабылдау, бағаламаушылық, әмпатия, аутенттілік. Кеңес беру процесінде әмпатияның ролі. әмпатия қажетті жағдай ретінде. Нәтижесіз кеңес беру жүйке нүсқауларын тергеу ретінде. Клиенттік күтім және кеңес берудің модельдері. Роджерстің әмпатия түсінігі. МЕН туралы көрініс. Аутенттік. Бағаламаушылық, қабылдау, белсенді тыңдау Клиентке шоғырланған терапия және педагогика.

.

Ұсынылатын әдебиет: 2, 10, 12-14, 16, 21, 24, 25.

11 дәріс тақырыбы: КОНСУЛЬТАЦИЯЛАУДАҒЫ ГУМАНИСТІК ДӘСТҮР. А. МАСЛОУДІҢ КӨЗҚАРАСТАРЫ.

Дәріс тезистері

Маслоудың өзін өзі өзектендіру ұғымы. Болмыстық құндылықтар. Мета-қажеттіліктер мен мета-патология. Өзін өзі өзектендіруге әкелетін мінез-құлық тәсілдері. Деритуализация, реритуализация. Терапевтік қатынас. Клиентке шоғырланған терапияның негізгі дағдыларға үйрету.

Ұсынылатын әдебиет: 2, 10, 12-14, 16, 21, 24, 25.

12 дәріс тақырыбы: КОНСУЛЬТАЦИЯЛАУДАҒЫ ЭКЗИСТЕНЦИАЛДЫ ЖӘНЕ ТРАНСПЕРСОНАЛДЫ ДӘСТҮР.

Дәріс тезистері

Психологиялық консультациялаудағы экзистенциалды бағыт. В.Франкл. Р.Мэй, Дж.Бюдженталь және И.Ялом – бағыттың ірі өкілдері. Бағыттың экзистенциалды-философиялық тамырлары: Ф. М. Достоевский, С.Кьеркегор, Ф.Ницше, М.Хайдеггер, Ж-П.Сартр, М.Бубер. экзистенциалды бағыттың түйінді ұғымдары: сана мен өзіндік сана, еркіндік пен жауапкершілік, өз мәнін сақтауға және көрсетуге ұмтылу және басқалармен терең қатынастарға түсу, мағына іздеу, үрейлік адамның тіршілігінің атрибуты ретінде, өлімнен қаша алмайтындықты саналы сезіну.

Тәсілдің экзистенционалды-философиялық түбірлер. Экзистенционалды тәсілдің негізгі түсініктері: сана және өзіндік сана, еркіндік және жауапкершілік, сақтауға талпыну және өзінің сәйкестілігін көрсету және басқалармен терең қарым-қатынас, мағына іздеу мазасыздану адамның өмір атрибуты ретінде.

Гуманисттік немесе экзистенциалды-гуманисттік бағыт психологияда К. Роджерс, А.Маслоу, Г.Олпорттың еңбектерімен дамыды.

Карл Роджерстің психотерапиясының негізгі концепциясы терапевттердің клиентпен сұхбаттасуларының жазбаларын ұзақ уақыт «қарапайым» тыңдауы мен адамдармен араласқанда пайда болған оның өз сезімдерінің негізінде жасалған.

Ұсынылатын әдебиет: 10, 12-14, 16, 23, 24, 25.

12 дәріс тақырыбы: КОНСУЛЬТАЦИЯЛАУДАҒЫ ТРАНСПЕРСОНАЛДЫ ДӘСТҮР.

Дәріс тезистері

Трансперсоналды психология мен оның замануи модификациялары. Сананың өзгерген қалыптары. Транс пен транс ұйығы түсінігі. Жұмыстың транстық әдістері. Трансқа кіру мен шығу әдістері. Клиентпен жұмыс істеудің транстық және медиативті әдістері.эриксон гипнозы. Клиентпен жұмыс жасаудың эзотерикалық элементтері. Көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері. Аутотренинг.

Трансперсоналды психология — трансперсоналды бастан кешірулерді, сананыңөзгерген қалыптарын, діни тәжірибені зерттейтін және замануи психологиялық концепцияларды, теориялар мен әдістерді дәстүрлі Шығыстың және Батыстың рухани практикалармен біріктіретін психологиялық ағым.трансперсоналды бағыттың сүйенетін басты идеясы – біртұтастылық, Эгоның әдеттегі шегарасынан сананы шексіз кеңейту,тұлғаның өзін өзі дамытуы мен психикалық ден саулық.

Трансперсональная психологияға бірқатар психотерапиялық теориялар мен практикалар кіреді: психосинтез бен трансперсоналды терапия, тұлғалық даму мен өзін өзі талдаудың бірқатар техникалары, медитация мен визуализация, сонымен қатар, философиия, теология, феноменология, антропология, социологиияның, оккультизм мен парапсихологияның бірқатар идеяларын қамтиды.

Ұсынылатын әдебиет: 10, 12-14, 16, 23, 24, 25.

13, 14 және 15 тақырыптар бойынша дәрістік сабақтар жоспарланбаған

16 дәріс тақырыбы: ПСИХОТЕРАПИЯ МЕН КОНСУЛЬТАЦИЯЛАУДЫҢ ТОПТЫҚ ФОРМАЛАРЫ.

Дәріс тезистері

Топтық психотерапия. Консультациялаудың топтық формалары. Топтық терапияның даму тарихы. Топтық терапиялық процесстің сатылары. Терапиялық топтардың түрлі модельдеріндегі жетекшілік және онымен жұмыс жасау. Топтық консультанттың ролдік позициялары. Кездесу топтары. Тарихы мен дамуы

Негізгі түсініктері: өзін ашу, өзін өзі саналы сезіну, жауапкершілік, сезімдерге қатысты мұқияттылық, қазір және осы жерде. Негізгі процедуралар: контакт түзу, сенімді қатынастарды орнату, қақтығыстарды зерттеу, жан ашу мен демеушілік. Артықшылықтары мен шектеуліліктері.

Топтық терапия - психологиялық ауруларды «бетпе бет», бірлесе қобалжу мен эмоция арқылы топтық процеспен емдеу тәжірибесі. Бұл үлкен өзін-өзі түсіну мен түзетуге әсер етеді. Терапевттік топтар негізінен лидерге немесе «жеңілдеткішке» ие болады, себебі олардың құрамы мен бағдарламасы мұқият жоспарланған болуы керек және барлық мүшелерінің мақсаттарын жүзеге асыру үшін басқарылуы тиіс. Әдістеме бірқатар теоретикалық тәсілдермен бекітілуі мүмкін, мысалы, психодинамикалық, роджериандық, феминистік

Соңғы уақытта психолог жұмысының практикасында топтық тренинг әдісі де қолданысқа ие бола бастады. Студенттер оқу барысында жұмыстың белсенді әдістеріне арналған, психологиялық тренинг әдісімен жиі кездеседі

Практик психологтардың тәжірибесінде топтық тренинг психотерапияның әдісі ретінде қолданылады.

Наши рекомендации