Зін-өзі реттеу жаттығуларын жүргізу әдістемесі
Мақсаты: психикалық өзін-өзі реттеу әдістерін игеру және тұлғалық ресурстарды жандандыру.
Міндеті:
1. рефлексия дағдысын дамыту
2. қиялдың творчестволық ресурстарын ояту
3. өзіне сенімділігін жақсарту және өз ісіне жауапкершілігін сезіндіру
4. күштену мен негативті эмоцияларды жою
5. эмоционалды-жағымды тәжірибе жинақтау
6. бірігіп әрекет ету дағдысын қалыптастыру.
Сабақты жүргізудің негізгі формалары:
- Ойын (творчестволық, еліктеу – іздену сипаттағы түрде, релаксациялық және т.б.)
- Үйретуші (өзін-өзі реттеу, аутотренинг) .
- Творчестволық (арт-терапия және т.б.)
- Берілген ситуацияларды модельдеп және анализдеуге жаттықтыру.
- Әңгімелеу, өз ойарын айтып үйрену
Күтілетін нәтижелер: психикалық өзін-өзі реттеу әдістерін игеру және меңгеру
Жүрісі.
1. «Сәлемдесу»
2« Наполеонның кейіпі» жаттығу
Қатысушыларға үш түрлі қозғалыс :
қолды кеуде тұсында айқастыру,
ашық алақанмен қолды алға созу,
түйілген жұдырықты қол көрсетіледі.
Жүргізушінің «Бір, екі, үш! », командасы бойынша: қатысушылар өзіне ұнаған кейіпті көрсету керек (ұнағанын). Мақсатымыз барлығы немесе көбі бірдей қалып көрсеткені.
Жаттығуды орындау:
Бұл жаттығу сіздің жұмысқа қаншалықты дайын екендіктерңізді көрсетеді. Егер де көпшілігі алақандарын көрсетсе, онда, бұл олардың жұмысқа дайындығын көрсеетеді. Жұдрық агрессияны, Наполеон қалыбы – тұйықтық немесе жұмыс жасағысы келмеушілікті көрсетеді.
«Шеңберден өту»
Міндет: эмоционалды-жағымды көңіл-күй қалыптастыру, ортақ әрекеттерді үйлестіре білу, ауызбірлік, сенімділік көрсете білу. Жаттығу сипаттамасы:
Қатысушылар ширенгаға тұрып, қолалыс тұруы керек; шеткі қатысушыға обруч беріледі. Қатысушыларың міндеті – қолдарын ажыратпай, шеңберден «өте» отырып, сол обруч шеренганың соңында болуы керек. Шеңберді беріп жіберуге, немесе керісінше шеңбер арқылы өздеріңізге өтуге болады. //Талдау:Жаттығуды орындауға не көмектесті, керісінше не кедергі келтірді? Тапсырма біреудің жоспарлауымен жүрді ме, әлде әркім өздігінше әрекет етті ме? Шеңберді бір-біріңе берудің қандай әдістерін табу керек еді?(қолды жоғары көтеру…)
37. Топтық психологиялық жұмыс формасының түрлері.Халық ағарту жүйесіндегі психологиялық қызмет аса қажетті салалардың бірі. Қазіргі таңда психологиялық қызмет жүйесі екі бағытта жұмыс атқарады: өзекті және болашақты.Өзекті бағыт баланың жеке басының қалыптасуындағы бүгінгі күнгі қиындықтар мен ауытқушылықтарды шешуге арналады.Болашақтық бағыт әр баланың даралық ерекшелігін дамытуға, қоғамда өмір сүруге психологиялық тұрғыдан даярлауға және әр баланың қабілетін барынша, әрі мүмкіндігінше дамытуға психологиялық жағдай туғызуға бағытталған. Білім беру саласында балалардың жас ерекшелігіне сай ақыл – ойын дамытуда ұтымды әрі тиімді нәтиже алу негізінде сабақтарды тренинг түрінде жүргізу мектеп психологына, ұстаздарға тренинг қатысушаларын жан – жақты әрі терең зерттеуге, олардың жеке басының өзіндік ерекшеліктерін түсіне білуіне, өзара қалыптасқан қарым – қатынасына ықпал етуде, жалпы дүниетанымын анықтауға, оларды болашақта жеке басын дамытуға өз алдына әрекеттене білуіне бағыттауға мүмкіндік береді. Жалпы тренинг дегеніміздің өзі – іс - әрекеттің бір немесе бірнеше түрлерін тиімді орындау мақсатында, оқытудың көмегімен адамның білімдері мен нұсқауларын өзгерту немесе дамыту бойынша жоспарланған және жүйеленген іс – шаралар жиынтығы болып табылады.Дұрыс жоспарланған және тиімді ұйымдастырылған іс – шаралар бағдарламасы өз кезегінде жеке адамға да, тұтас ұжымға да өз пайдасын тигізе алады. Арнайы ұйымдастырылған топтарға қатысу тәжірибесі тұлғааралық өзара әрекет барысында туындайтын мәселелерді шешуге көмек бере алады. Топ – бұл тұтас сыртқы әлемді бейнелейтін және қолдан жасалатын қарым – қатынастарға шынайылық сипат беретін шағын қоғам болып табылады. Жанұяда, жұмыста немесе мүдделері ортақ топтарда адамдарға күнделікті басқа адамдардың ықпалы, әлеуметтік ықпал сияқты әр – түрлі факторлар әсер етіп отырады. Осы факторлар топтық психологиялық жұмыстарда анықталады да, соның барысында жеке тұлғаның көзқарастары мен мінез – құлқына сәйкес ықпалын тигізеді. Нәтижесінде арнайы қабылдаған ортада жиналған тәжірибе, әдетте сыртқы әлемге алмастырылады.Топтың екінші артықшылығы – оның басқа мүшелерінен кері байланыс пен қолдау алу мүмкіндігіне байланысты. Өзара топтық әрекеттер нәтижесінде туындайтын және орындалатын реакциялар топтан тыс уақыттағы тұлғааралық қақтығыстарды шешуге көмегі тиеді.Үшіншіден, топта тек оқиға қатысушысы ғана емес, көрермені де болуға мүмкіндік бар. Топтың өзара әрекеттерінің өту барысын бақылай отырып, өздерін белсенді қатысушылармен салыстырып, осы бақылаулар нәтижелерін өзіндік эмоциялар мен мінез – құлықтарын бағалау барысында қолдануға болады. Төртіншіден, топ жеке тұлғаның дамуына ықпал ете алады, Топта тұлғаның өзіндік зерттеуіне жағдай жасалады, Топтық психологиялық жұмыс – бұл топпен жүргізілетің бірнеше, түрлі психологиялық іс-шаралар формасының жалпылама атауы, Топтық психологиялық жұмыстың неғұрлым жиі кездесетін үш формасы қолданылады:
Топтық психотерапия;
Топтық психологиялық оқыту;
Топтық, жеке тұлғалық тренинг.