Тақырыбы: Ауытқушылық әрекет-қылық психодиагностикасы мен психокоррекциясы пәні және ғылыми зерттеу обьектісі
ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Ауытқушылық мінез-құлық психодиагностикасы мен коррекциясы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені
(5В050300 «Психология» мамандықтарына )
ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
Семей
2012
Алғысөз
1. ЖАСАЛЫНДЫ
Құрастырушы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің
“ Психология” кафедрасының аға оқытушысы Абдуллина Г.К.
Хаттама № 1 “__28____” ____08______ 2012ж
2.ҚАРАЛДЫ
2.1.Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің “Психология” кафедрасының отырысында
Хаттама №______”__»________ 2012 жыл
Кафедра меңгерушісі: Сатиева Ш.С
2.2.ГЗФ оқу-әдістемелік бюросының отырысында
Хаттама №______”__»________ 2012 жыл
Төрағасы _______Г.Григорьева
3.БЕКІТІЛДІ
3.1.Университеттің оқу-әдістемелік бюросының отырысында мақұлданды және баспаға ұсынылды
Хаттама №______”__»________ 2012жыл
Оқу ісі жөніндегі проректор__________ Б.Рскелдиев
Мазмұны
1 Глоссарий
2 Дәрістер
3 Практикалық және лабораториялық сабақтар
4 Курстық және бітірушілердің кәсіби жұмыстарын дайындау
5 Студенттің өздік жұмысы
Жасөспірімдердің қоғамға қарсы жағымсыз қылық-әрекеттері: өтірік айту, ұрлық жасау, өзін-өзі ұстай алмау, ызақорлық, оқшаулану, стресстер мен қорқыныш-үрейлері, әртүрлі невроздық көріністері психологтардың зерттеу мәліметтері бойынша қоғамда қалыптасқан нормалардан ауытқуға себепші деликвенттілік, девианттылық, дизонтогенездік, агрессивті, аутодеструктивті және аддиктивті мінез-құлықтар. Деликвенттілік, девианттылық, дизонтогенездік, агрессивті, аутодеструктивті және аддиктивті мінез-құлықтардың түсініктемелерін талдап көрейік.
Психологиялық әдебиетерде деликвенттікмінез-құлықтермині жиі қолданылады. Бұл түсінік латын сөзі “dilinguens” – “қылық, айып” деген мағынаны білдіреді. Бұл терминнен біз тұлғаның нақты іс-әрекеті, қоғамдағы және берілген уақыттағы заңдардан ауытқыған, басқа адамдарға қауіп төңдіретін және әлеуметтік реттілік пен қылмыс үшін хазаланған. Заңға қарсы мінез-құлық көрсеткен тұлға – деликвенттік тұлға ретінде жіктелінеді (деликвент). “Ауытқушы” мінез-құлық термині “девианттық” терминімен сәйкес келеді (латын тілінде deviatio - аутқу) немесе “деликвенттік” (латын тілінде delinquens - құқық бұзушы). Қоғамда қалыптасқан нормалардан ауытқуға жол ашатын мінез-құлық девианттық мінез-құлық деп аталады. Девианттық мінез-құлықтың түрлеріне қылмыскерлік, ішкілікке салыну, нашақорлық, жезөкшелік, құмар ойындарына қызығушылық, психопатиялық бұзылу және т.б. жағымсыз қылықтарды жатқызуға болады. Девианттық іс-әрекет екі үлкен категорияларға бөлінеді. Біріншіден, ашық немесе жабық психопатологиясы бар психикалық саулық нормасынан ауытқитын іс-әрекет. Екіншіден, құқықтық, әлеументтік және мәдени нормаларды бұзатын әлеуметтік емес іс-әрекет. Егер бұл іс-әрекет еленбейтін болса, оларды құқық бұзушылық деп, ал егер назар аударатындай болса және қылмыстық рет бойынша жазаланатын болса – қылмыс деп атайды. Дизонтогенез термині онтогенезді бұзылудың әртүрлі формаларын білдіреді, дамудың түрлері (филогенез) тұлға дамуымен ерекшеленеді. Бала дамуының проблемасы психикалық және дене кемістігінен тұрады, яғни бұл жалпы дамудағы ауытқушылыққа әкеледі. Ауытқудың сипаттарына қарамастан, оның бір көрінісі тұтас кемістікте көрінеді, кейбіреулері түзетіледі, ал басқалары жинақталады. Ерте психологиялық-педагогикалық сәйкестік алғашқы кемістікке кері әсер етеді.
Агрессия - ұмтылу, шынайы іс-әрекетті, фантазияны көрсету, басқару мақсатындағы доминатты әрекет. Агрессиялық әрекет - мақсатты көзделген тіршілік иесіне зиян келтіру әрекеті.
Аутодеструктивтімінез-құлық – адамның қалыпты дамуына, дене бітімі мен психологиялық денсаулығына қауіп төндіретін мінез-құлық. Қазіргі таңда кең таралып кеткен күрделі де қауіпті феномен. Белгілі бір затты қолданылуда шектен тыс тәуелді немесе аддиктивті мінез-құлық таныту (ағылшын тілінен аударғанда addiction-бейім, теріс қылық деген мағынаны білдіреді)
Девианттық мінез-құлық істеген істерінің жүйесін немесе жеке істерінен көрінеді, қоғамдағы ережелерге қарсы, негативті ауытқу деп түсінеді, яғни қоғамдағы құқық және нравтік нормаларға қарсы болу. Деликвенттік мінез-құлық заң жүзінде жазаланған, тіркеуде тұрғанымен мінезделеді.
Қазіргі таңда ауытқуы бар балалар мен жасөспірімдердің мінез- құлықтары жалпы дамуында айрықша орын алады. Осы кезеңде даму процесінің қалыптасуының жеткіліксіз деңгейлерінің нәтижесінде мінез-құлқында қиындығы бар балалар мен мұндай балалардың еркін дамып жетілмеуі оның іс -әрекетін, мінез- құлқын бақылап, басқарып отыруға кедергі болуға, яғни өзінің іс - әрекетіне қойылатын талап пен мінез-құлқын үйлестіре алмайды. Мінез - құлқында ерекшеліктер жас кезден байқалады және оның дегбірсіз қимылы, орынсыз айқайы, ұйқысының нашарлығымен сипатталады. Бұндай бала төбелескіш, басқа құрбыларымен тату ойнай алмайтын, өркөкірек болады.
Ауытқуы бар балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлықтары психикалық дамуы уақытша тежелген, баяулаған, тез ашуланшақ, уайымшыл, өзін төмен санайтын, мінезінде психопатиялық формалар кездесетін, козу күйін дәрі- дәрмек беру арқылы тежейтін, кәмелетке жасы толмаған құқықтық тәртіп бұзушы, ақыл-ойы кем жасөспірімдер мен балалар жатады. Басқаша айтсақ жағымсыз дау жанжал шығаратындар. Мінез-құлқында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің психикалык даму ерекшеліктерінде кездесетін кемшіліктерді іздестіріп, одан әрі оларды өрістету үшін қалыпты дамыған балалардың мінез-құлығымен салыстыра отырып, зерттеу қажеттілігіне аударады.
Мінез-құлық ауытқушылығын сипаттау үшін арнайы терминдер қолданылады – делинквенттілік және девианттылық. Делинквентті мінез-құлық – заң арқылы жазаланатын күрделі заң бұзушылық пен қылмыстан өзге ұсақ заң бұзушылықтар, тәртіпсіздіктер, айыптылықтар. Девиантты мінез-құлық дегеніміз – қоғамда қабылданған ережелерге бағынбау, ауытқу. Бұл ұғым өте кең, оған делинквентті мінез-құлық және т.б. мінез-құлық ауытқушылықтары (ерте маскүнемдіктен суицидті мінез-құлыққа дейін) жатады. Соңғы екі термин ғылыми әдебиеттерде синонимдер ретінде қолданылады. Бұл терминдер дамуында ауытқушылықтар бар балаларды бейнелейді. Адамдардың мінез-құлығының кенеттен өзгеріп отыруы девианттық деп аталады. Ұзақ уақыт бойы кез-келген девианттық мінез-құлқықтың себебі ішкі ортадан ізделінді (семьяда дұрыс тәрбиеленбеу немесе басқада әлеуметтік орта). Көптеген ғылымдарда «қалыпты» және «аномалды» құбылыстар деген ұғымдар бар. Сөздің тура мағынасында «қалыпты» / «аномалды» мінез-құлық түсініктерінің анықтамасы қиындай түсуде. Бірақ ғылымда және үйреншікті өмірде бұл түсініктер барлық жерде қолданылады. Қалыпты мінез- құлықты көптеген адамдарға тән, ауру бұзылыстарға байланысты емес, нормативті-қабылдаулы мінез- құлық деп түсіндіреді. Осыған ұқсас, қалыпсыз мінез- құлықты: нормативті- қабылданбаған, патологиялық, стандартқа сай емес деп бөлуге болады. Сөздің тура мағынасында «қалыпты» қазіргі кезде ғылымда норма- эталонына сәйкес келуі болып саналады. Нормаларды алу тәсілдерін әдетте критерийлер деп атайды. Популяцияда кездесетін жиілік есептеу арқылы әр құбылыс үшін норманы анықтай алатын, кең таралған және жалпы болып статистикалық критерий( әдіс) табылады. Математикалық статистика көзқарасы бойынша жиі кездесетіннің барлығы қалыпты. Статистикалық критерий мінез-құлықтың сапалық- сандық бағасымен оның айқындық деңгейімен және өмір үшін қауіп деңгейімен байланысады. Статистикалықпен бірге гуманитарлық ғылымдарда жеке адам мінез- құлығының нормальды (қалыпты) және аномальды (қалыптан тыс немесе ауытқу) бағасының арнайы критерийлері қолданылады: психопатологиялық, әлеуметтік- нормативті және даралық- психологиялық.
Глоссарий
Агрессия- ұмтылу, шынайы іс-әрекетті, фантазияны көрсету, басқару мақсатындағы деминатты әрекет
Агрессиялық әрекет -әрекет мақсатты көзделген тірі тіршілік иесіне зиян келтіру
Адаптация– қоршаған ортаға бейімделу
Адекватты іс- әрекет -Нақтылы ахуал мен шарттарға келісімді іс-әрекет.
Адекватты әрекет –тәуелдііс- әрекет
Аддикция – тәуелділік
Анозогнозия- қиындықтармен ауруларды мойындамау
Аграфия –сөйлеудің ауытқушылығына байланысты туындайтын жазудың бұзылуы
Ассоциация –бір нәрсені қабылдау барысында екіншінің пайда болуына әкелетін психикалық құбылыстар арасындағы байланыс
Аутизм- баланың қоршаған әлеммен қарым-қатынасының бұзылуы және баланың өз күйзелістері әлеміне үңілуінде бейнеленетін психологиялық жатсынудың шекті формасы
Аддиктивті қылық-әрекет (addictive behavior) – психологиялық күйді өзгертетін түрлі заттарды, соның ішінде алкоголь мен темекі шегу, оларға деген тәуелділік пайда болғанға дейін теріс қолдану
Аномия деп ол қоғам жүйесіндегі нормалардың әлсіреп, бұзылуынан пайда болған өзгеріс, яғни әлеуметтік дезорганизация деп түсіндірді.
Аутодеструктивті мінез-құлық – адамның қалыпты дамуына, дене бітімі мен психологиялық денсаулығына қауіп төндіретін мінез-құлық
Булимия және анорексия тағам қабылдауға тәуелділік
Виктимді мінез-құлық (ағылш. victim – құрбан) –адамның басқа біреудің өзіне аморальды, заңға қайшы әрекетіне көнуі
Девиантты мінез-құлық дегеніміз – қоғамда қабылданған ережелерге бағынбау, ауытқу
Девионтология– девенцияны оқытатын ғылымның бір саласы
Девенция– нормадан ауытқу
Депривация – баланың негізгі психикалық қажеттіліктерін қанағаттандырудың жеткіліксіздігінен болатын психикалық даму үшін маңызды факторлардың болмауы немесе одан айрылу
Делинквентті мінез-құлық – заң арқылы жазаланатын күрделі заң бұзушылық пен қылмыстан өзге ұсақ заң бұзушылықтар, тәртіпсіздіктер, айыптар.
Дағдарысадам дамуындағы бір кезеңнен екінші кезеңге өту кезіндегі қиыншылықтар жиынтығы, сапалық және сандық өзгерістер
«Дизонтогенез» термині онтогенезді бұзылудың әртүрлі формаларын білдіреді, дамудың түрлері (филогенез) тұлға дамуымен ерекшеленеді
Госпитализм- бала өмірінің алғашқы жылдарында қарым-қатынас жетіспеушілігінен туындаған психикалық және соматикалық ауытқушылықтардың жиынтығы
Генезис- қалыптасу, пайда болу тарихы
Гетерохронды- психикалық үрдістің өз уақытында дамуы туралы ұғым.
Жақын арадағы даму аймағы-ақыл ой дамуы мен өзекті даму аймағының арасындағы айырмашылық.
Жоғарғы психикалық функциялар - өмір сүру барысында қалыптасатын күрделі психикалық үрдістер
Заттық белсенділік жүйесі- заттың көмегі арқылы белсенділіктің шексіздігі
Идентификация -өзін біреумен немесе бір нәрсемен ұқсастыру
Интериоризация – сыртқы тәжірибені меңгеру арқылы психиканың ішкі әрекеттерінің қалыптасуын айтамыз
Индикатор– объект жайлы информация таситын сигнал белгілер
Қатынас–тәуелді және тәуелсіз өзгергіштіктердің арасындағы қатынас– эксперименталды гипотезаның құрамдас бөлігі
Креативтілік- адамның түрлі іс-әрекет аймақтарында бейнеленетін және оның жеке басын сипаттайтын шығармашылық қабілеттері
Қабілеттіліктер – оқудың жеңілдігін және тездігін қамтамасыз ететін индивидуалды-психологиялық ерекшелік
Гэмблинг-ойынға тәуелділік компьютерге тәуелділік, азартты ойындарға құмарлық
Негізгі іс-әрекет- онтогенез кезеңіндегі жаңа психикалық қалыптасуына байланысты әрекет
Іс-әрекет теориясы- психикалық бейнелеуде индивидтің құрылысын анықтайтын теория
Жақын арадағы даму аймағы-ақыл ой дамуы мен актуальді даму аймағының арасындағы айырмашылық.
Интроспекция(өзін-өзі бақылау)- адамның өзінің ішкі жан дүниесінің психикасын бақылау
Методология(грек сөзі)-теориялық және практикалық іс-әрекетті ұйымдастырудың негізгі әдістер жүйесі
Мінез дегеніміз- қарым-қатынаста және іс-әрекетте қалыптасып, көрінетін тұлғаның тұрақты индивидуальді ерекшеліктерінің жиынтығы
Тәртіп психологиясы(бихевиоризм)- 20ғ. америкада пайда болған ағым
Постнаталды кезең- босанудан кейінгі кезең
Сана психологиясы- психологиялық білім жүйесі, психика сананың негізгі критерийі
Сексуалды аддикция зоофилия, фетишизм, пигмалионизм, трансвестизм, эксбиционизм, вуайеризм, некрофилия, садомазохизм
Стратегия- басқаруды жоспарлау қабілеті
Меңгеру-индивидтің қоғамдық тарихи тәжірибені қабылдаудың негізгі жолы
Мотив – қажеттілікті өтеуге құштарлықтан туындаған іс-әрекетке түрткі
Метамотивациялық қажеттер - жоғарға құндылықтыр: әділеттілікке, әдемілікке, шындыққа қажеттілік
Негативизм- қоршаған адамдардың талаптарына және күтулеріне қарама-қайшы келетін, іс-әрекетте және сөйлеуде білінетін мотивацияланбаған мінез-құлық
Невроз- жүйке жүйесі мен психикалық ауытқулардың кең тараған түрі
Негізгі іс-әрекет- онтогенез кезеңіндегі жаңа психикалық қалыптасуына байланысты әрекет
Психикалық даму диагностикасы - психикалық дамуда мүмкін болатын ауытқушылықты анықтау және дербес даму ерекшелігіне байланысты адамды зерттеу.
Белсенділік- тірі ағзалардың жалпы мінездемесі.
Генезис- қалыптасу, пайда болу тарихы.
Генетикалық зерттеу- даму үрдісінде психикалық процесті немесе құбылысты зерттеу.
Клиент – практикалық психолгқа көмек алу мақсатымен келген адам
Потенциалды даму зонасы –адамның психологиялық өзін дамытуындағы жасырын мүмкіндіктері
ММРІ – белгілі тұлғалық психологиялық тест (Миннесотский Многофакторный Личностный Опросник)
Практикалық психолог – психодиагностика, психокоррекция, психологиялық кеңес беру міндеттерін атқаратын, сәйкес жоғары білімі бар маман-психолог
«Психодиагностика» сөзі психологиялық диагноз «қою» немесе адамның психологиялық жағдайы туралы мәнді шешім қабылдау.
Психокоррекция –адамға оның психологиясы мен әрекет-қылығын түзетуге байланысты қолданбалы психологиялық білім, дағды, іскерліктер жиынтығы
Психотерапия – ауру адамдарға түрлі аурулардан сауығу мақсатында психологиялық әсер етудің практикалық әдістері жиынтығы мен теоретикалық білімдераймағы
Психологиялық кеңес беру – консультация және кеңес беру формасындағы адамдарға психологиялық көмек көрсетуге байланысты практикалық психологтың іс-әрекет аймағы
Жүйе– бір-бірімен өзара байланысты азды-көпті тұрақты элементтерден тұратын күрделі ұйымдасқан объект
Проблема –шешілуі міндетті күрделі ғылыми және практикалық сұрақтар
Тұрмыстық түсініктер – адамдардың күнделікті өмірде, қарапайым қатынастарында қолданатын түсініктері
Химиялық тәуелділік темекі шегу, таксикомания, анаша шегу, дәрі- дәрмек, араққа кұмарлық
Дәрістер
Дәріс.
Тақырыбы: Ауытқушылық әрекет-қылық психодиагностикасы мен психокоррекциясы пәні және ғылыми зерттеу обьектісі