Когнитивті психологиядағы ойлау процесі.
Когнитивтік психологияның көрнекті өкілі, әлемге белгілі ғалым, Америка Құрама Штаттарындағы Невада–Рено университетінің профессоры, осы саладағы танымал ғылымдардың бірі Р. Солсо өзінің атақты Когнитивтік психология атты ең бегінде қабылдау, ес, ойлау, қиял, жасанды интеллект жайлы ғылыми теориялық талдауларын бере отырып, олардың қолданбалы аспектісін де қарастырады. Адамның ойлау мен интеллектісін когнитивтік психология аясында зерттей отырып, ойлау мен интеллектіні табиғи және жасанды салаларға бөліп, теориялық тұрғыдан талдайды. Ойлау мен интеллектінің ара қатынасын зерттейді. Біріншіден, ұғымдарды қалыптастыру, логика және шешім қабылдау мәселесіне қатысты ойлаудың ғылыми негізі талданады. Сонымен қатар, ойлаудың этностық аспектілері зерттелінеді.
Ойлау процесі шығармашылық пен интеллектінің міндетті шешуімен байланысты зерттеліп, шығармашылық процеске және жасанды интеллектіге талдау жасалынады.
Өткен ғасырдың елуінші жылдары негізгі мәні бихевиоризмді информациялық бағыттың құлауы болып табылатын революция жасалды. Алайда бұл революцияның ойлауды зерттеу меселелерінде осыншалық к ешіккені таңғаларлық. Дегенмен де ойлау психологиясын түсінуде айтарлықтай өсу жүзеге асырылды және болашақтағы көрнекі жетістіктердің айқын алғышарттары байқалды.
Ойлау психологиясы–жалпы психологияның негізгі бөлімдерінің бірі. Бұл психология ғылымдарының негізгі категориялар жүйесіндегі ойлауды талдаудың қажеттілігін, соның ішінде іс-әрекет , психикалық бейне , (ұғынылған, ұғынылмаған) тұлға , қарым–қатынас категорияларын анықтайды. Ойлау кешенді пәнаралық зерттеулердің пәні болып табылады; ойлауды философия, формальды логика, социология, физиология, кибернетика, психология ғылымдары зерттейді.
Психология ойлауды танымдық іс-әрекет ретінде, оны қолданатын құралдардың деңгейіне тәуелді оны түрлерге жіктеуді, олардың субъект үшін жаңашылдығын, оның белсенділігінің деңгейін, ойлаудың шынайылығының бара–барлығын зерттейді.
Ойлау жоғары психикалық функциялардың бірі болып табылады. Процесс ретінде пайда болып, өмірлік іс-әрекетке байланысты дами отырып, салыстырмалы түрде өзінің мотивіне, мақсатына, тәсіліне ие іс-әрекетке айналады. Ойлаудың жемісі А.Н. Леонтьев атаған Әлем бейнесінің интегралды құрылуына енеді және сонымен қатар оның құрылымдарының өзіндік сапалы бейнесін құрайды. Ойлау–қарым–қатынаспен бірге, басқа адамға әсер етудің қажетті құрылымын, коммуникация актілерін құрайды және тұлғааралық таным процестеріне қосылған. Ойлау бірлескен іс- әрекеттің формаларын пайдалануы мүмкін. Адамның ойлауы оның индивидтік ерекшеліктеріне шартталғаны сияқты, жеке түрде шартталады.
Ойлау–тұлға рефлексиясының қажетті құрылымы және өзі осы рефлексияның объектісі болып табылады. Психология ғылымдарының негізгі салаларының (дифференциалды психология, еңбек психологиясы, басқару, әлеуметтік, жас ерекшелік, педагогикалық, медициналық психология) құрылымында ойлау психологиясы мәселелерін өңдеу арнайы талдауды қажет етеді.
Берілген жинақта XX ғасырда бұрынғы Кеңес Одағы және шетел психологтарының ойлау психологиясындағы классикалық еңбектерінен үзінділер ұсынамыз.
Ойлауды шынайы психологиялық зерттеу тек қана оның басқа танымдық процестер мен субъектінің қажеттілік–мотивациялық саласының өзара байланыстылығы мүмкін және интуиция , шығармашылық , өнімді ойлау терминдерінің жалпылауынан тұратын шынайылықты ашып көрсетуге бағытталуы тиіс.
Ойлау психологиясы–психологияның қызықты, сонымен қатар күрделі салаларының бірі. Бұл пәннің күрделілігімен және оның теориялық және практикалық аспектілерін зерттеудің көпқырлылығымен байланысты.
Адамның ойлау заңдарын түсінуге деген талпынысы психологияның дербес ғылым ретінде орнауына дейін болған. Ойлау әрқашан да және бүгінгі күнге дейін гносеология мен логика, педагогика, физиология, кибернетика тәрізді әр түрлі ғылымдардың зерттеу пәні болып саналады. Ойлаудың (сана) табиғаты оның болмысқа қарым–қатынасы туралы мәселе философиясының негізгі мәселесі болып табылады.
Ойлауде зерттеуде өзінің заңдарын түсінуге талпынғанда ғана ой ішкі және сонымен қатар сыртқы әлемді зерттеуге бағытталады. Сыртқы әлемді зерттеу процесінде ол туралы әр түрлі ғылымдар пайда болады. Сондықтан ойлау туралы ғылым ғылыми танымның сәйкес ережелерін жалпылау мен бөлшектеу, ойдың әдіс–тәсілдерінің нәтижесінде пайда болды. Мұнда кез келген ой процестерін бөлінген формада сипаттауға мүмкіндік беретін формалды логиканың негізгі түсініктері туралы айтылады.
Логикалық ғылымның дамуындағы сәттіліктерге байланыссыз ойлауға деген логистикалық ықпал, әсіресе ойлаудың өзіне тән ережелерін түсіндірудің ерекшеліктері психология үшін жағымсыз мәнде болады. Ойлаудың шынайы процесі, оның мазмұны, динамикасы және нақты ерекшеліктері ұзақ уақыт бойы зерттелмеді деп те айтуға болады.
Вюрцберг мектебінде жүргізілген эксперименттік зерттеулерді атауға болады. Мұнда зерттеу пәні ретінде ойлаудың тек қана бір түрі–сөздік–логикалық ойлау, ал зерттеу әдісі ретінде тек интроспекция әдісі болғанына қарамастан, Вюрцберг мектебінің өкілдері ойлау процесінің біраз маңызды заңдылықтарын ашты. Ең алдымен бұл ойлау актісінің белсенді және мақсатқа бағытталған сипаты, оның тұтастығы жеке түсініктердің ассоциацияға жатпайтындығы, қабылдаудан айрықша ерекшелігі және т.б. мәселелер еді. Ойлауды эксперименттік зерттеу гештальт психология мектебінде сәтті жалғастырылды, мұнда творчетсволық ойлау, сонымен қатар жаңа әдістемелік тәсілдер жасалды.
Ойлауды зерттеудегі келесі бағыт шынайы өмірдің фактілері мен құбылыстарын қарастыратын зерттеулер болды. Ғасырлар тоғысында психологиялық әдебиеттерде әр түрлі практикалық іс-әрекеттер барысындағы ой актілерінің жүруі туралы мәліметтер көптен шыққан. Таза ойлауды зерттеудегі артефактілер, атап айтқанда, ойлаудың мотивациялық сферамен байланысы психологиялық талдаудың пәні болды. Маңызды қосымша материалдар клиникалық бақылаулардың негізінде алынды.
Ойлаудың келесі–фило–және онтогенетикалық зерттеулері психикалық дамудың кез келген сатысындағы өзгермейтін және әмбебап ойлау заңдары туралы түсініктердің қайта қаралуымен байланысты. Жануарлармен тапсырмаларды шешуге арналған эксперименттік зерттеулер, алғашқы адамдардың халықтардың саналы өмірінің заңдылықтарын зерттеу, балалар ойлауының ерекшеліктерін зерттеу ой процестерінің тарихи табиғатын көрсетті, оның дамуының сапалы сатылары туралы мәселені көтерді.
Кеңестік психологияның ойлау теориясы мен зерттеу әдіснамасына қосқан маңызды үлесі адамның сыртқы, практикалық, ішкі, ақыл–ой іс-әрекетінің байланыстарын бөліп көрсету мен құрылымдық ұқсастығын анықтау болды.
Осылайша, қазіргі уақытта ойлау психологиясы өзі зерттейтін салаға әр түрлі критерийлер бойынша енетін феномендер мен процестерді қарастырады.
Қазіргі жаңа танымдық процестерді зерттеу ерекшелігіне қарай ойлауды тар және кең мағынада қарастырамыз. Кең мағынадағы адамның ойлуы, оның белсенді танымдық іс-әрекеті, сонымен қатар ішкі іс-әрекеті жоспарлау мен реттеу процесі ретінде қарастырылады. Бұл тұрғыдан біздің қалай ойлайтындығымыз туралы мәселе өзімізді қоршаған әлемді және өзімізді қалай түсінеміз, қалай елестетеміз, осы білімдерді өз мінез–құлқымызды басқаруда қалай пайдаланамыз дегенді білдіреді.
Ойлау тар мағынасында эксперименттік психологиялық зерттеулерде пайдаланылады. Ол ойлау процесінің айрықша ерекшеліктерін түсініктердің қарапайым жүруімен салыстыруға деген талпыныстан көрінеді. Осылайша, ойлау тар мағынасында шығармашылық міндеттерді шешу процесі ретінд түсіндіріледі.
С.Л. Рубинштейн философия, психология, педагогикадағы іс-әрекеттік тәсіл тұжырымдамасын ұсынған. Оның ұйғаруы бойынша: Адам және оның психологиясы практикалық іс-әрекетінің көрінісін ала отырып, қалыптасады және сондықтан да олардың көрініс табуы арқылы іс-әрекеттің негізгі түрлерінде, яғни еңбекте, танымда, оқуда, ойында зерттелуі қажет. Тұлғаға психологиялық сипаттама бере отырып, С.Л. Рубинштейн кез келген психологиялық құбылысты түсіндіруде барлық сыртқы әсердің өзгеруі арқылы тұлғаның ішкі жағдайдың тұтас жүйесі ретінде көрінетіндігін айтады.
Көптеген жылдар бойы О.К. Тихомиров Жалпы психология негізгі курсы бойынша дәрістер оқыған, бірқатар арнайы курстарды дайындаған және оқыған, үлкен әдістемелік жұмыс жүргізген, үш оқу құралы мен оқулық жазған. Ол үнемі студенттер мен аспиранттардың ортасында болған, олардың курстық, дипломдық жұмыстарына және диисертациялық зерттеулеріне жетекші болған.
О.К. Тихомиров 200–ден астам ғылыми еңбек жариялаған. Оның көптеген жұмыстары шетел тілдеріне аударылған, бірнеше рет халықаралық конгрестер мен конференцияларда баяндалған. Ол шетелге де әйгілі отандық психологтардың бірі болған. Өмірінің соңғы күндеріне дейін ол Мәскеу Мемлекеттік университеті Ғылыми кеңесінің мүшесі болды. Бірнеше рет кандидаттық және докторлық диссертацияларды қорғау бойынша маманданған кеңестердің төрағасы және мүшесі, психологиялық журналдардың редакциялық алқасының құрамында болған.
Оның көптеген жылдар бойғы теориялық және эксперименттік зерттеулерінің нәтижесі адамның ойлау іс-әрекетінің құрылымы ( Структура мыслительной деятельности человека , 1969); Эмоциялар мен ойлау ( Эмоции и мышление ; бірлескен–ұжымдық монография, 1980); Шығармашылық іс-әрекетті зерттеу психологиясы ( Психология исследования творческой деятельности , 1975); Мақсат қалыптастырудың психологиялық механизмдері ( Психологические механизмы ценообразования , 1977); Интеллектуалды іс-әрекетті психологиялық зерттеу ( Психологические исследования интеллектуальной деятельности , 1977) атты жұмыстарда негізінен қалыптастырылған ойлау теориясын қалыптастыруы болып табылады. Ол ағылшын тіліне аударылған, жалпы психология курсы бойынша негізгі оқулықтардың бірі болып табылатын Ойлау психологиясы (1984) атты оқулықтың авторы.
Тихомиров психология ғылымында жаңа бағытты–компьютерлеу психологиясын дамытты.
А.В Брушлинский (1933-2002)–Ресей психологы, Ресей Білім Академиясының корреспондент–мүшесі, С.Л. Рубинштейннің жақын оқушыларының және ізбасарларының бірі. Субъектілі іс әрекет бағытының ұстанымынан психология ғылымының негізін, субъект психологиясының табиғатын, ойлау заңдылықтарын, XX ғасырдағы психология ғылымының үрдістерін зерттеді. Адамның психикасын зерттеуде континуалды– генетикалық әдісті жасаған. Ойлау теориясын алғашқы белгісіз есепті шығаруда субъектіні болжаудың үздіксіз процесі ретінде ұсынды; ойлаудың тұлғалық және процесуалды аспектілерінің арақатынасын ашты.
Адам психикасын зерттеудің әлеуметтік–тарихи бағыты кеңес психологиялық ғылымында ерте бекітілді. Тағы да 20–30 жылдары шетелде- әсіресе Л.С. Выготский еңбектерінде–адам психикасының әлеуметтік табиғатын жүйелі зерттеу басталды. 30–шы жылдары–С.Л. Рубинштейн, Б.Г. Ананьев, А.Н. Леонтьев, А.А. Смирнова, Б.М. Теплова, Д.Н. Узнадзе және тағы басқалардың зерттеулерінде–адам іс-әрекетін психологиялық зерттеу оның әлеуметтік–тарихи шарттануымен басталды. Осы және басқа да зерттеулердің барысында психология ғылымдарының құрылуы шындығында диалектикалық материализм негізінде жүзеге асты.
Осы уақытқа дейін кеңестік психологияда адам психикасының әлеуметтік –тарихи табиғаты Л.С. Выготский және С.Л. Рубинштейн еңбектерінде жүйелі және жан–жақты зерттелді. Бұл екі зерттеуші де көшбасшы және атақты кеңес психологтарының қатарына жатады. Олар спихология ғылымында өз мектептерін және бағыттарын құрды. Олардың бір–бірімен психикалық тұжырымдамаларын салыстыруы және талдауы тек психология үшін ғана емес, сонымен қатар философия, логика және әлеуметтану үшін де өзекті. Біз осы еңбегімізде осындай философиялық–психологиялық талдауды жүзеге асыруды мақсат еттік. Л.С. Выготскийдің теориясындай С.Л. Рубинштейннің теориясы да ойлау психологиясының бай эксперименталды материалында жан–жақты мұқият қарастырылған. Бұл аспектіде біз көбінесе екі тұжырымдаманы да қарастырамыз.
Майкл Коул және Сильвия Скрибнердің Мәдениет және ойлау атты еңбектерінде мәдениетті өмір сүретін халықтардың танымдық іс әрекетін зерттеуде тест әдісін қолдануға қатты сыни көзбен қарайды. М. Коул және С. Cкрибнер бұл әдістің толығымен ғылымға сай келмейтіндігін және оның көмегімен сенімді мәліметтер алуға қабілетсіздігін ашып көрсетеді. М. Коул және С. Скрибнер өз еңбектерінің соңғы бөлімінде кеңестік психологияның позициясына, оның ішінде Л.С. Выготскийдің теориялық көзқарасына сүйенеді.
М. Коул оның әріптестерінің зерттеу жолы қоғам дамуының түрлі деңгейінде өзгеретін, адамдардың шынайы қоғамдық практикасындағы кез келген танымдық іс-әрекет негізі деп саналатын тарихи материализмнің даму бейнесі дегеннен шықпайды. Осының барлығының кітаптың авторлары дұрыс логикалық жолда келе жатыр деген дерек туындайды; бұл олардың зерттеу бағыты жоғары бағалатынлығына және олардың еңбектері отандық оқырмандар назарынан тыс қалмайтындығына сенім туғызады.
К. Дункер шығармашылық ойлауды эксперименталды зерттеуде оның жалпы кезеңдерін бөліп шығару мен іштен сөйлеу әдісін енгізуді дамытуды, проблемалы жағдайларды эксперименттік өңдеуді өз еңбегінде көрсетеді.
Гештальт психологияның өкілі К. Дункердің еңбегін де Ж. Пиаже мектебіндегі ойлаудың дамуын зерттеу мен шығармашылық тапсырмаларды шешу процесін зерттеуді қарастырады.
О. Кюльпе–ойлау психологиясының Вюрцберг мектебінің негізін салушы. Ол Вундтың идеяларын шығармашылықпен дамыта отырып, жоғары психикалық функцияларды–ойлау және ерік–күшін зерттеу үшін инстроспекция әдісін пайдалана бастады. Оның зерттеулерінің пәні эмпириялық ойлау аталған және таза ойлауды, нақты ойлауды өзінді жүзеге асыратын психологиялық акті мен жай–күйлер болды. Кюльпеннің атауы бойынша, психикалық актіні бақылау жүйелік инстроспекцияның көмегімен орындалады.
О. Зельцтің ғылыми жұмысының басы Вюрцберг мектебі шегінде ойлаудың эксперименталды зерттеулерімен, оның әдістері мен көріністерін дамытуымен байланысты. Ол ассоциативтік тұжырымдамалардың сынаушы талдауы негізінде спецификалық реакциялар мен комплекс теориясында сипатталған және кең атақ аталған репродуктивті міндеттердің шешу процесінің жалпы принциптерін ұсынды. Зельц міндеттерді шешу әдісі сияқты, ойлау операцияларын анық жіктеді. Содан соң ол ойлау іс- әрекетінің жалпы заңдылықтарын ерекшелей отырып, өз теориясын өнімді ойлауға таратты.