Ойлаудың ассоциативтiк теориялары.
Құрылымдық психологияға сәйкес, жеке сезiмдiк елестер психологиялық тәжiрибенiң бастапқы элементтерi болып табылады. Осындай жеке сезiмдiк елестер арасында ерекше байланыстар немесе ұқсастық, контрасттылық, уақыт пен кеңiстiкте сәйкес келу сияқты ассоциациялар орнайды. Осылайша, ассоциативтiк психологияда ойлау сезiмдiк елестердiң ассоциациясы ретiнде түсiнiледi. Бұл бағыттағы психологтардың негiзгi қойған мiндетi – ойлаудың белгiлi логикалық формаларын ассоциация заңына сәйкес түсiндiру. өғымдардың қалыптасуы елестердi ассоцияциялау барысында жүзеге асады деп есептелiндi. Пiкiр ұғымдарды ассоцияциялау, ал ой қорытындысы пiкiрлердiң ассоцациялау нәтижесi ретiнде түсiндiрiлдi.
Осылайша, мәндi мен жалпының арасына теңдiк белгiсiн қою тұтас ассоцианизмге тән құбылыс болды. Бұл бағыттағы теорияларға келесi тұжырымдар ендi.
1) Г. Мюллердiң ңдиффуздық репродукцияларң теориясы. Берiлген тұжырымдамаға сәйкес, екi (немесе одан да көп) елестердiң үйлесiмi былайша қалыптасады: субъектте олардың әрқайсысы судағы шеңберлер тәрiздi басқа елестермен ассоциацияларының ағымын тудырады (ал бұлар өз тарапынан дәл солай жаңа ассоциацияларды тудырады).
2) Ойлау үйрену ретiнде. Бұл жерде талдаудың негiзгi элементтерi болып, қозғалыстық реакция және оларды үйлесiмге келтiру заңдылықтары бөлiнiп, шығады. Жаңа стимул-реакциялық байланыстар, яғни шартталу механизмдерi интеллектуалдық мiнез-құлыққа тән емес. Сондықтан, ойлау бұл жерде үйрену, интеллектуалдық практикалық мiндеттi шешу дағдысын қалыптастыру болып табылады.
Адамның психикалық өмiрiнң әмбебап заңдылықтары ассоциация принципiмен байланысты. Ассоциацияның негiзгi заңы: ассоциация жиi қайталанған сайын, дұрыс әрi берiк болады.
Ассоциациялардың төрт негiзгi түрi бар: ұқсастық бойынша, контраст бойынша, уақыттық немесе кеңiстiктiк iргелестiк бойынша, қатынас бойынша.
Ассоциациялардың заңдылықтары Д. Гартли, Дж. Пристли, Дж. С. Милль, А. Бэн, Т. Цигень және т.б. еңбектерiнде зерттелiндi. Бұл жерде ассоциация психикалықтың бiрлiгi және түсiндiрушi принципi ретiнде қарастырылды. Ассоцианистер ойлау белсендiлiгiн түсiндiре алмай, оларды априорлы, яғни ассоциацияларға тәуелсiз ақыл-ойдың туа бiткен қабiлетi деп бiлген. Бұларда рационалдық сезiмдiкке баланып, субъекттiң iс-әрекет белсендiлiгi талдаудан тыс қалды. Бейне-елестердiң ырықсыз iлесуi кез-келген ақыл-ой процесiнiң жүзеге асу типi ретiнде ұғынылды. Осылайша, ассоцианистердiң пайымдауынша, ойлау – ассоциацияларды жинау процесi.
Идеялардың репродукциясы (қайта өңделуi) сауалы ақыл-ой iс-әрекетiнiң ассоциативтiк теорияның негiзгi мәселелерiнiң бiрi болып табылғандықтан, оны жиi репродуктивтiк психология деп атаған.
Отандық психологияда ассоцианистiк тұрғы Ю.А. Самарин, П.А. Шеваревпен зерттелiндi. Ассоциациялардың ойлау механизмi ретiндегi мәнi А.Ф. Эсауловпен ерекше аталды.
2. Вюрцбурлық мектеп. Вюрцбурлық мектеп - сана психологиясын зерттеген бағыттардың бiрi. Бұл мектептiң негiзiн салушылар – О. Кюльпе және К. Бюлер, ал өкiлдерiне жататындар – Н. Ах, А. Марбе, О. Зельц және т.б.
Вюрцбурлық мектеппен зерттелiнген негiзгi мәселелер: а) ойлаушы субъекттiң белсендiлiгiн анықтайтын ұғымдарды шығару; ә) ерекше психологиялық ақиқат ретiндегi ойлаудың қасиеттерiн сипаттау және мазмұнын анықтау; б) ойлау процесiнiң психологиялық механизмдерiн түсiндiру.
Сәйкес әдiстеменi шығара отырып, Н. Ах ұғымдарды қалыптастырудың тәсiлдерiн таңдау процесi мен қолдану сипаты субъектпен шешiлетiн нақты мiндеттерге байланыстылығын атап өттi. Осылайша, вюрцбурлық мектептiң негiзгi қосқан үлесi – ңмiндетң ұғымын енгiзуi (В. Уайт). Вюрцбурлық мектеп өкiлдерi интроспекция әдiсiн өзгерттi. Субъекттiң өзiнiң iшкi ойлары, елестерi, күйзелiстерi жөнiндегi есебi белгiлi-бiр қойылған сұраққа жауапты iздеу, белгiлi-бiр мiндеттi шешу жолымен жүрдi. О. Кюльпе ңОйлау психологиясың еңбегiнде ойлау мен ерiктi зерттеуде интроспекциялық әдiстi қолданды. Зерттеген мәселелерi: ңэмпирикалық ойлауң деп аталатын және формалдық логика заңдарына сүйенетiн ңтаза ойлаудың ң нақтылы жүзеге асуын көрсететiн психикалық акттер мен күйлер. Н. Ахтың тағы бiр қосқан үлесi - ңдетерминациялық тенденцияларң тұжырымдамасын шығарып, негiздеуi. Басқаша айтқанда, бұл – себептендiру теориясы. Адамның бойындағы осындай детерминациялық тенденциялары адамды түртiп отыратын, санадан тыс процестерге жатады. Ойлау өзiнен-өзi пайда қалыптаспайды. Ол тiкелей сыртқы орта әсерiнен пайда болады.
Сезiмдiк елестер мен ойлаудың арақатынасын түсiндiруде бұлар мынадай пiкiрде болды. Өз-өздiгiнен сезiмдiк елестер мен олардың кез-келген үйлесiмi тiптi оңай логикалық есептi шешiп бере алмайды. Себебi, есептi шешу үшiн берiлген мiндеттiң сезiмдiк көрiнiсiнен тыс, одан еркiн болатын, есептiң (мiндеттiң) шарттары мен мен талаптары арасындағы қатынастарды ашу мен саналау маңызды болып табылады.
Вюрцбурлық мектеп өкiлдерi ойлаудың басқа психикалық процестерден өзiндiк ерекшелiктерiн көрсеттi: тұтастылығы, белсендiлiгi, бағыттылығы, бейнесiздiгi және т.б.
Вюрцбурлық мектептiң негiзгi идеялары О. Зельцтiң еңбектерiнде жалғасын тапты. Ол ойлауды интеллектуалдық операциялардың қызмет етуi ретiнде анықтады. О. Зельц өз алдына ойлау iс-әрекетiнiң қандай да бiр нәтижесiнiң жүзеге асуындағы интеллектуалдық iс-әрекеттiң әрбiр сатысының қызметiн анықтау мақсатын қойды. Қатынастарды саналау әрекетi ретiндегi ойлауды түсiндiру үшiн оның мiндеттi шешуде жүзеге асырылатын әрекет немесе операция ретiнде қарастыру керек.
О. Зельц мiндеттi шешу барысы мен тәсiлдерiн сипаттауда үш ұғымды енгiздi:
1) Арнайы реакция, яғни берiлген жәйтта қойылған мақсатқа сәйкес келетiн объективтi қажеттi жауап.
2) Операция – осындай жауапты анықтайтын амал.
3) Әдiс, яғни субъектпен мiндеттi шешу тәсiлi ретiнде саналанатын және пайдаланылатын операция.
О. Зельц репродуктивтiк және продуктивтiк ойлау түрлерiн эксперименттiк зерттеуде ойлау процестерiнiң ерекше ңпроблемалық комплексң түрiндегi шешiлетiн мiндеттiң құрылымымыен себептенетiнi жөнiнде тұжырымға келдi. Бұл ңПроблемалық комплекстiңң ерекшелiгi – онда аяқталмағандық элементiнiң болуы. Осы аяқталмаған элементтi толтыру берiлген мiндеттi шешу нәтижесiн анықтайды. Мұның өзi негiзiнен антиципация схемасын жүзеге асыру, яғни әлi табылмаған шешiмдi алдын ала болжау негiзiнде iске асады. Бұл кезде субъектпен мiндеттi шешуге қажеттi интеллектуалдық операциялар жаңғыртылып, есептiң шешiмi табылады (комплекстi толықтыру, абстракция және ұқсастықтарды қайта келтiру әдiстерi арқылы).
Осындай, проблемалық жәйттiң құрылымының тұтастылығын қалпына келтiру идеясы кейiн гештальтпсихология өкiлдерiнiң зерттеулерiнде, сондай-ақ басқа да, мысалы, творчестволық ойлау зерттеулерiнде басшылыққа алынды.
3. Гештальтпсихологтар ойлау жайында. Гештальтпсихологияның өкiлдерi – Келер, Вертгеймер, Коффка, К. Левин. Гештальтпсихологтар ойлаудың құрылымын, творчестволық астарларын қарастырды. Iзбелiнген шешiмдi оған қажеттi құрылымды табу арқылы шешудi ойлау деп атаған. Гештальтпсихологтар ойлауды формалды-логикалық операциялардан ажыратылатын әрбiр проблемалық жәйттi ескеру арқылы соған қарай танымдық құрылымдарды қайта құру, жаңадан ңорталықтандыруң нәтижесiнде жүзеге асатын продууктивтi психикалық процесс ретiнде түсiндiрдi. Олар тұтас құрылым ретiндегi проблемалық жәйттiң барлық құрауыштарын, олардың арасындағы қатынастарды бiрден ұғынуды инсайт деп атады.
Коффка бойынша, ойлау дегенiмiз – вюрцбурлық мектептегiдей қатынастармен әрекет ету емес, ал көрнекi жәйттардың құрылымдарын түрлендiру. Проблемалық жәйт – бұл өзiнiң көрнекi мазмұны теңестiрiлмеген феноменалдық өрiс тәрiздi. Бұл өрiстегi кейбiр толтырылмаған орындар проблемалық жәйтта белгiлi-бiр кернеу тудырады. Осы кернеу тұрақсыз көрнекi жәйттi басқасына
ауыстырады. Осылайша, мiндет бiздiң бастапқы жәйттi басқаша көруiмiздiң нәтижесiнде шешiледi. Осы пiкiрлерден, Коффканың ойлауды ассоцианистер сияқты, көрнекi мазмұнға теңестiргенiн байқаймыз.
4. Психоанализ: Ойлау мотивтелген процесс ретiнде.Адам мiнез-құлқының мотивтерi ең алғаш психоанализбен қойылып, зерттелiндi. З. Фрейд бойынша, негiзгi мотивтер санасыз сипатта болады және әр түрлi көрiнiс табады: түс көру, сөзден жаңылу, ұмыту, аурулар симптомдары.
- Түстер – бұл ырықсыз жүзеге асатын, бейнелiк ойлаудың бiр түрi.
- Еркiн ассоциациялар әдiсi. Ырықсыз бейнелiк ойлау, еркiн ассоциациялар санасыз мотивтердiң көрiнiс табатын маңызды аумақтарының бiрi.
- Сублимация санасыз энергияны әлеуметтiк құпталған тәсiлдерге ауыстыруда iске асатын творчестволық ойлау процесi.
- Мотивтi саналау адамның өзiндiк саналауын, iшкi ойлау типiн қажет етедi.
Аутистiк ойлау тұжырымдамасы Э. Блейлермен шығарылған. Аутизм адамның iшкi өмiрiнiң басымдылығымен, сыртқы өмiрден кетумен байланысты. Әдетте, түс көру, ырымшылдық, аңыздарға сену, шизофрениялық ойлау – аутистiк ойлаудың көрiнiстерi. Бұларда ойлар аффективтiк ұғымдарға бағынады.
5. Ойлаудың когнитивтiк психологиясы (У. Найссер). Бұл тұрғы танымдық процестердi жасанды моделдеу негiзiнде белгiлi-бiр мiндеттердi шешу тәсiлдерiн табу мақсатымен қарастырған. Адам ақпаратты тасымалдау және өңдеу каналы, компьютерлiк жүйелердiң аналогы ретiнде ұғынылады. Есептердi шешу механизмдерi және оған қажеттi жағдайлар (саналы елестер, әлеуметтiк тәжiрибе, тұлғаның мағыналық аумағы және т.б.) ерекше когнитивтiк құрылымдар болып есептелiнедi. Танымдық ретiндегi адамның кез-келген iс-әрекетiн талдау тек жаңа, айрықша ғылыми нәтижелерге әкелумен қатар, бұрыс тұжырымдарды да өмiрге келтiредi. Осылайша, когнитивтiк психология тұрғысынан ойлау адам бiлiмдерiн жүйелейтiн, өңдейтiн, құрылымдайтын, реттейтiн танымдық процесс болып табылады.