Отбасылық социограмма» телімелі тесті
Мақсаты: Жағдайды « қазір ос жерде» бірер минутта анықтауға болатын жедел диагностика. Субьекті отбасы коммуникациясына қалай түседі, тұлғааралық қатынастағы хал-ақуалы, оны тура және жанама түрінде анықтауға, мүмкіндік береді.Бұл әдіс түрі, суретті телімелі әдіске жатады .
Эдістеменің өтілуі: Зерттелушіге жауап беру іс-қағазы беріледі , онда шеңбер сызылған диаметрі 110 мм тұрады. Нұсқауды түсіндіру. Қағазда бірнеше шеңбер сызылған. Сол шеңберге алдымен өзіңді « Мен» және отбасы мүшелерін дөңгелекпен белгілеңіз. Әр дөңгелекке аттарын жазып қойыңыз. Отбасы мүшелері бір-бірімен кеңеспей жеке дара толтыруды өтіну.
Нәтижесін шығару белгілері :
1. Шеңбер ішіне енген отбасы мүшелері.
2. Дөңгелектің көлемі .
3. Дөңгелектердің бір-біріне қалай орналасуы..
4. Ара қашықтығы.
Бірінші белгі бойынша бағалау: отбасы мүшелерін қатар қойып шынайы өмірмен салыстыру. Отбасы мүшелерінің бірімен қақтығыста жүрсе ол шеңберге кірмей қалады немесе бір жануарға теңей салады.
Екінші белгі бойынша дөңгелектің көлеміне назар саламыз, егер үлкен шеңбер жаққа салынса ол адамның өзіндік бағалауы жоғары, ал дәл ортасына өзін немесе жақын адамын салса дарашыл тұлға бағытында. Ал төмен жағына салынса, өзіндік бағалауы төмен. Үшінші белгіде дөңгелектердің орналасу тәртібіне көңіл бөлеміз. Кім –кіммен жақын, маңызды орында деген сұрақтарға жауап аламыз . Шеңбердің ішінде орналасуы басқамен салыстырғанда үлкен шеңберде болса , зерттелуші көз-қарасында ол маңызды адам қатарына жатады.
Төртінші белгіде бір бірінің үстіне салып, жаза берсе, отбасында дұрыс қатынастың болмауы туралы немесе өзара шекара жоқтығынан хабар береді. Отбасындағы өзара қатынас мұқият назар салып талдауды қажет етеді.
7. Сандық кәсіптік бағыт беру тесті
Кез-келген мамандық адамның бойында сол мамандыққа сәйкес келетін
ГЛОССАРИЙ
Психодиагностика (психо... және diagnostikos - айырып тануға қабілетті) - адамның психикалық қасиеті мен күйін ғылыми дәлелді тәсілдер арқылы сандық сипатта бағалайтын және нақты сапалық тұрғыдан талдайтын, сөйтіп адам психологиясының көрінісі туралы дұрыс болжамдық мәлімет беретін ізденіс аумағы.
Диагноз- грек тілінен (diagnosis) аударғанда «тану» дегенді білдіреді.
Диагностика – зерттеу процесi немесе объект туралы толық ақпарат алудың жалпы тәсiлi.
Сенім (лат. Veritas, verus – ақиқат, шындық) – діндегі басты дүниетанымдық ұстаным және белгілі бір қағидаларды (догматтарды) қалтқысыз қабылдауға және соларға сай өмір сүруге бағытталған психологиялық нұсқама.
Акцентуация - бұл орта есеппен айтқанда, белгілі бір ерекшеліктерінің дәрежесінің күшейуі.
Авторитарлық- (латын тілінен autoritas-әсер, билік) әрекеттегі және қарым-қатынастағы серіктестерін барынша өзінің әсерімен басқаруға тырысушылықты бейнелейтін, тұлғаның әлеуметтік- психологиялық мінездемесі.
Агрессия- (латын тілінен aggredi-шабуылдау)- адамдар тобына немесе басқа бір адамға шығын әкелетін, физикалық немесе психологиялық шығын әкелуге бағытталған, жеке тұлғаның немесе ұжымның әрекеті.
Адаптатция – сырттан тұрақты әсер еткен тітіркендіргіштерге түйсінуу мүшелерінің бейімдеуі.
Зейін– адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады.
Менталитет-ұғымы кейіннен ғана енген және шетел термині сияқты естіледі. Шетел ғылымныда бұл термин қолданылмайды екен. Менталитет француз сөзінен аударғанда –руханилық деген мағына береді.
Ойлау -адам осының негізінде заттар мен шындық құбылыстардың елеулі белгілері бойынша бейнелендіретін олардың ішінде, арасында болатын түрлі байланыстарды ашатын психикалық процесс.
Сыртқы сөйлеу –дегеніміз адам мен әңгіме не түрлі техника құралдарының көмегімен қарым-қатынас жасау.
Жазбаша сөйлеудетілдік қатынас мәтін арқылы жанама болады. Жазбаша сөйлеудің ауызшаға қарағанда мазмұны жинақы келеді.
Мәселе- (грек тілінен - problema- міндет, тапсырма) - дайын жауап болмағандықтан, оған жауап табу үшін ізденуді, зерттеуді талап ететін теориялық немесе практикалақ сұрақ.
Мәселелік жағдай- бұл субъектінің мәселемен кездесуіндегі психологиялық жағдайы, ол туған қиындықты шешуге көмектесетін жаңа әрекет тәсілдері немесе жаңа білімді игеруді талап ететін практикалық немес танымдық міндетті шешу болып табылады.
Мағыналық барьер- (француз тілінен barriere- бөгет, кедергі) бір құбылыстың мәнін әр түрлі түсінудің нәтижесінде пайда болған адамдар арасындағы түсінбеушілік.
Конфликт- (латын тілінен conflictus- қақтығыс) қарама- қарсы бағыттағы оппоненттердің, субъектілердің мақсаттарының, көзқарастарының, бағыттарының қақтығысы
Конфликттік жағдай- ұжымдағы ситуацияның қайшылығының күшейген шегі.
Тәртіптегі ауытқушылық- қоғамның моралдік, құқықтық талаптарына қарсы топтағы тұлғаның немесе тұлғалардың әрекетінің ұйымдаспаған түрі.
Мағыналық кедергі- қарым-қатынастағы серіктеске айтылған бұйрық, өтініш, талаптың мазмұнының сай келмеуінен олардың өзара түсінуіне және өзара әрекеттесуіне кедергі болып табылады.
Тұлғаның құндылық бағыты- өмірлік мақсаттарды жүзеге асыруда негізгі құрал ретінде тұлғамен бөлінетін әлеуметтік құндылықтар, ол осының негізінде тұлғаның әлеуметтік тәртібін реттейтін маңызды қызмет ретінде күшке енеді.
Мінез- әр адамның өзіне, басқа адамға, қоршаған ортаға, қарым-қатынасын және беретін бағасын айтады.
Темперамент-әр адамның, ойлау өрісінің сезім көрінісінің, қимыл әрекетінің п.б. жылдамдығы, әрі оның қуатын айтады.
Сөйлеу-адам ойының мазмұның сыртқа дыбыс арқылы немесе графикалық белгілер арқылы жеткізілу жолын айтады.
Тіл- қарым қатынас қызметін атынан белгілер жүйесі және ой қаруы.
Ойлау- қоршаушы өмірдегі заттар мен құлыстың бір-біріне ұқсас немесе айырмашылық ерекшелігін қарастыра отырып жалпы заңдылығын ұғым ретінде қарастыру жолы.
Психология- адамның жан дүниесінің қырлары мен сырларын зерттейтін ғылым. Сонымен қатар адамды жануарлармен салаыстыра отырып зерттейді. Бірақ бұл психология ғылымының мазмұны деп есептелмейді.
Психологияның негізгі мазмұны- адамның психикалық еріктігін, іс әрекетінің құпия жақтарын және оның мәнін зерттейді және адамның психологиялық ерекшнлігін, іс әрекетінің құпия жақтарын және оның мәнін зерттейді.
Социометриялық әдіс - әлеуметтік өлшемі әдісі.
Көңіл-күй деп- біршама бәсең бірақ ұзаққа созылатын және көтеріңкі не басыңқы эмоциялық жағдайлар.
Құмарлық- бұл ұзақ тұрақты әрі терең сезім. Көп жағдайда бұл жеке басьың ретінде көрініс табады. Құмарлық адамның қызығушылығынан бір іс-әрекетіне ерекше талпынысынан дамиды.
Сурдопсихология- есту мүшесі кем балалардың саңыраулардың, мылқаулардың психологиясын бір жүйеге келтіріп, оқытып тәрбиелеу мәселемен шұғылданады.
Типлопсихология- нашар көретіндердің, соқырлардың, су қараңғылар психологиясын зерттейді.
АвторитетБеделді (лат. Autoritas – әсер ету, билік) – 1) индивидтің өзінің жағдайы, қызметі, статусы және тағы басқаға негізделген әсер етуі; 2) бірлескен әрекеттегі индивидттің жауапты шешім қабылдауындағы құқының мойындалуы.
Тұлғаның белсенділігі –адамның әлемге байланысты қоғамдық өзгерістерді жасай алу қабілеті, ол матералдық және рухани мәдениеттің байлығына негізделеді, шығармашылықта, еркін күресте, қарым-қатынаста байқалады; тұлға белсенділігінің интеграциялық сипаты – адамның өмірлік белсенді жағдайы, ол идеялық принципиалдықпен, реттілікпен, өзінің көзқарастарын, іс пен сөздің бірлігін қорғауымен байқалады.
Альтруизм (лат. Alter – басқа) – тұлғаның құндылықтық бағыттылық жүйесі, онда моральдік бағаның критериі мен мотивінің ортасы басқа адамның немесе әлеуметтік қауымның қызығушылықтары жатады.
Өзара байланыс(психологияда)–Обьектілердің (субьектілердің) өзара байланыс процесі, ол өзара тәртіп пен байланысты жасайды.
Жеке тұлға - ( ағылшын тіліндегі -personalіty) латын тіліндегі -“persona” деген сөзден шыққан. Бастапқыда бұл сөз ежелгі грек драмаларындағы театр көрністерінде әртістер киетін масканы аңғартты. Соған орай, басынан-ақ, “жеке тұлға” түсінігіне адам арнайы өмірлік рольдерді ойнаған сәттерде индивидуалдылыққа қол жеткізетін сыртқы әлеуметті бейне қосылған, яғни айналасындағыларға бағытталған қоғамдық бет әлпет.
Тұлғааралық байланыстар – 1) кең мағынада – екі немесе бірнеше адамдардың кездейсоқ немесе әдейленген, жеке немесе жалпылық, әрекеттік немесе қысқа мерзімдік, вербальді немесе вербальді емес тұлғалық қарым-қатынас, нәтижесінде өзара әрекеттер, қарым-қатынастар, жағдайлар, тәртіптер өзгереді; 2) тар мағынада - өзара реттелген индивидуальды әрекеттер, циклдік байланыстағы себептерге байланысты, оның барысында қатысушылардың барлығының әрекеті бір уақытта басқалардың әрекетіне стимул да, реакция да бола алады.
Әсер ету(психологияда) – индивидтің қарым-қатынас барысында басқа адамның әрекетін, құндылығын, жасамақ болғанын, түсініктерін, бағасын және тағы басқаларын өзгерту процесі мен нәтижесі.
Енгізу –енгізуге арналған қабылдау деңгейі, белгіленген субьективті енгізу қарым-қатынасына түсуге және бас иіюге дайындығы.
Достық– тұрақты, индивидуальды-таңдамалы тұлғараалық қатынастың түрі, мұнда қатысушылар өзара байланған, үйренген, өзара жауап сезімдерді және бас иіюді күтетін жағдаймен аффилиация процесінің күшеюі.
Роль(әлеуметтік психологияда) (франц. role) – тұлғаның әлеуметтік функциясы; қабылданған нормаларға сәйкес адамдардың қауымдастықтағы, тұлғааралық қарым қатынас жүйесіндегі статустарына немесе позициясына байланысты әрекеті.
Топтық нормалар(лат. norma – басқарушы бас, нақты жазбалар, үлгі) - әрбір шынайы функцияланатын қауымның шығарған тәртіп пен талаптың барысы және аталған топтың мүшелерінің өзара байланысты, қарым-қатынасын реттеудегі маңызды ролдік құрал.
Проекция - (лат. Projectio - алға тастау) - индивидке бей жай елесті сыртқы дүниеге біржақты тенейтін психикалық процестің көрінісі.
Тест-( ағылшынша test-тексеру) тұлғаның белгілі бір психологиялық құрамының даму деңгейін, білімін анықтауға көмектесетін тапсырмалар жүйесі