Психодиагностиканың этикалық және кәсіби нормалары.
Қазіргі қоғамдық өзгерістердің қарқындылығы болашақ мамандарды даярлау процесінде оның мүмкіндіктерін бүгінгі күннің өлшемдерімен ғана есептемей болашаққа бағыттауды қажетсінуде. Бүгінгі студент ертеңгі маманың өз кәсібіне қызығуышылығын ояту оның табысты ізденістеріне ықпал етері анық.
Кәсібилік – индивидтің кәсіби дағдыларды меңгеру дәрежесі, ал, кәсіпқой(профессионал) – негізгі ісі өзінің кәсібі болып табылатын индивид; өз ісінің маманы - өзіне қажетті даярлығы мен мамандығы бар.
Кәсібилік (профессионализм) психологиялық және тұлғалық білім беру ретінде тек кәсіби біліктілік пен дағдылардан ғана емес кәсіби міндеттерді қоя білу және оны шеше білу өнерімен, жалпы және іс-әрекеттің қиын жағдайларында шындықты ерекше түсіне білуімен сипатталады.
Кәсіби шыңдалуға әсер ететін факторлар:
1) жеке ерекшеліктері мен дами берсем деген тілегі, қажеттілігі;
2) кәсіби іс-әрекетті жүргізу мерзімі, өтілі;
Ғылымда қазіргі кезде кәсіпқойдың өмір жолы кезеңдер мен фазаларға бөлінбейді. Дегенмен, А.К.Климовтың пікірінше, маман өзінің кәсіби өсуінде мынадай кезеңдерден өтеді:
1 Оптант. Мамандық таңдау кезеңі.
2 Адепт. Бұл арнайы оқу орнында: жоғары оқу орындарында, училищелерде оқитын адам.
3 Адаптант. Жаңа маманның жұмысқа үйренуі. 3-5 жылға созылады.
4 Интернал. Тәжірибелі жұмысшы, берілген еңбек әрекетінде өз бетімен және сәтті кәсіби негізгі функцияларын жүзеге асыра алады.
5 Мастер. Қандай да бір арнайы қасиеттері, қабілеттері, білімдері бар өзіндік жеке, қайталанбайтын іс-әрекет стилі бар адам. Ол өзін ешкімге бергісіз маманмын деп есептейді.
6 Авторитет. Өз ісінің шебері, өз ортасында және шетте де кең белгілі адам. Ол кәсіби-өндірістік міндеттерін үлкен тәжірибесі, біліктілігі, өзін ісін ұйымдастыра білу, көмекшелері арқасында сәтті шеше біледі.
7 Наставник. Өз ісінің беделді шебері, ізбасарлары, ауызбіршілікті адамдары, шәкірттері бар. Ол өз ісін жас шәкірттеріне береді және олардың өсуін бақылайды.
В.М.Лизинский педагогтің кәсіби іс-әрекетінің үлгісін жасаған. Ол үлгіде мынадай тақытыптар қамтылған:
1. Мұғалімнің өздігімен білімін дамыту және біліктілігін жетілдіру.
2. Мұғалім кәсіби іс - әрекеті табыстылығының рейтингісі.
3. Қоғамдық - педагогикалық қызметке араласуы.
4. Пән бойынша сабақтан тыс іздену әрекеті.
5. Педагогтің инновациялық кәсіби қызметі.
Н.В.Кузьмина педагогикалық іс-әрекеттің бес компоненттен тұратын функционалдық моделін ұсынды:
1) гностикалық, педагогикалық жүйені қолдаудың заңдары мен механизмдері туралы жаңа білім алу мен білімдік қор жинау міндетін шешеді;
2) жобалаушылық, оқытылып отырған курс мақсаты мен ол мақсатқа жету жолдарын жобалаумен байланысты;
3) конструктивтік (сындарлы) компонент, бұған курс мазмұны, сабақты өткізу түрі мен әдістерінің композициясын түзу мен таңдау жөніндегі іс-әрекеттер енеді;
4) ұйымдастырушылық бойынша жоспарланғанды жүзеге асыру міндеттері шешеді;
5) коммуникативтік компонент, бұған педагогикалық процесс субъектілерінің арасында педагогикалық мақсатқа сай өзара қатынас орнатумен байланысты іс-әрекеттер енеді.
Іс-әрекеттің аталған түрлері мұғалімнің практикалық жұмысында кездесетін барлық іс-әрекетті қамтиды деп айтуға болмайды, өйткені мамандық алу барысында адам негізгі білікті қалыптастыруды үйренеді, сонан соң өзінің білімін, кәсіби шеберлігін жалғастырады, жетілдіреді.
Кәсіби педагогикалық іс-әрекеттің негізгі белгілері:
1 онымен міндетті білім, дағдыны меңгерген арнайы адам шұғылданады;
2 оны жүзеге асыру үшін белгілі формалары болады: сабақ, «сынып»;
3 бұл іс-әрекет белгілі бір мақсатты көздейді: баланы белгілі бір нәрсеге үйрету; белгілі бір білімдер жүйесін беру; белгілі бір білік, дағды қалыптастыру, білім алуда кеткен ақаулардың орнын толтыру; адам етіп шығару; қабілеттерін, қызығушылықтарын, ойлау, елестету, т.б. дамыту;
4 оқыту, білім беру, тәрбиелеудің мазмұнын анықтау;
5 баланың педагогпен «ерекше» қарым-қатынасы (іскер, ресми, регламенттік, т.б.);
6 педагогикалық іс-әрекеттің нәтижелерін тексеру, яғни, мұғалім үйреткен білім мен біліктердің қорытындысы;
7 нағыз педагог регламенттік іс-әрекетпен ғана шектелмейді – ол, өзінің оқушыға әсер етуде барлық мүмкіншілігін пайдаланады: дәстүрлі емес әңгімелер, сенімді әңгімелесу; баланы ойландырып жүрген мәселелерді талқылау, кеңес беру, көмектесу.
Мәдениет – тұлға мүмкіндіктерінің ең жоғарғы деңгейі. Мәдениет көрсеткіштері: білімді пайдалана алу, дүниетаным қалыптасуының деңгейі. Өркениетті адам әлемі – мәдениет әлемі, мәдениетті ұрпақтарға қалдыру тәжірибесі, адамның шығармашылық белсенділігі.
Білімнің мәдениеттанымдық парадигмасында көптеген авторлар тұлғаны дамытуы үшін мемлекеттік, ресми идеологияның, әлеуметтің репрессиялық күш көрсетуінен босауы керек деген пікір білдіреді. Солардың бірі белгілі философ В.С.Библер бұл мекеменің мәдениеттанымдық үлгіге ауысуы тиіс екенін, ал, үлгінің ерекшелігі оның мәдениетке, құндылық бағдарларға бағытталуында екенін атап өтеді. Мәдениеттанымдық ұстанымдар турасында сөз еткенде ғалымның «Мәдениеттер диалогы мектебі» атты еңбегіндегі философиялық-педагогикалық тұжырымдамаға тоқталмауға болмайды. Мәдениет деген, автордың ойынша, әртүрлі мәдениет өкілдерінің қарым-қатынасы, олар арқылы адам өз жолын, өз биігін табуға ұмтылады. Бұл тұжырымдамада адамның биіктерге беттеуінің бастауы өмірі мен шығармашылық ойлауы арасындағы диалогта жатыр деген идея бар. Өмір сүру үнемі диалогтан тұрады: сұрау, жауап беру, келісу, жауапкершілік алу – барлығы сөз арқылы іске асады.
Кәсіби педагогикалық мәдеинет – бұл арнайы тапсырмаларды шешудің әдіс – тәсілдерін итеру деңгейі.
Кәсіби педагогикалық мәдениет өзіне жалпы мәдениетті қосады және педагогикалық әрекет сферасындағы жалпы мәдениеттің спецификалық проектілеу функциясын атқарады.
Жоғарғы оқу орындарындағы оқу – тәрбие процесінде қалыптасатын болашақ маманның жеке тұлғасына тән қасиеттері кәсіби біліктері мен білімі, кәсіптік деңгейінің қалыптасуына бастама болады.
Кәсіптік бейімделу – кәсіптік іс - әрекеттің мазмұнын ұғына отырып, оның сипатына, ыңғайына икемделу, кәсіби міндеттерді орындау. Маманның кәсіптік іс-әрекетке бейімделуі оның бойында, жалпы оның ұғымында кәсіптік идентификацияның бар – жоғымен байланысты.
Оқытушы педагогикалық мәдениетке үш аспект арқылы қарым – қатынасқа түседі:
1. кәсіпті игеру, процесте педагогикалық мәдениетті үйрену:
2. мәдени – педагогикалық сфераға тәжірибелік әрекет арқылы қосылу. Педагог педагогикалық құндылықтырды жинақтаушы және таратушы ретінде;
3. педагогтің педагогикалық шығармашылық әрекетінде өзін - өзі жетілдіруі, педагогикалық мәдениетті қалыптастыруы.
Кәсіби – педагогикалық мәдениеттің құрлымы:
1. Аксиологиялық компонент;
2. Технологиялық компонент;
3. Тұлғалық - шығармашылық компонент.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Мижериков В.А., Ермоленко М.Н., Введение в педагогическую деятельность. – М., 2002 г.
2. Никитина Н.Н., Кислинская Н.В., М.Н., Введение в педагогическую деятельность. – М., 2004 г.
3. Рувинский Л.И., Мамандыққа кіріспе. – А., 1991 ж.
4. Урунбасарова Ә.А. Этика преподавателя. –А., 2004г.
5. Чернакозов И.И., Профиссиональная этика учителя. –А., 1988ж.
СӨЖ тапсырмасы: «Кәсіптік таңдау» Хохланд сұрақтамасын талдаңыз.
СӨЖ тапсырмалары.
1. Баланың мектепке деген психологиялық дайындығын диагностикалау әдістері.
2. Кленикада психодиагностика әдістері (С.Я. Рубенштейн).
3. ММРI әдістемесі.
4. Дифференциялды-диагностикалық сұрақтама (ДДО).
5. «Кәсіптік таңдау» Хохланд сұрақтамасы.
6. Люшердің көп түсті тесті.
7. Д. Векслер шкаласы.
8. Р.Амтхауэрдің интеллект структурасын анықтау тесті.
9. Дж. Гильфордтың шығармашылық ойлауды анықтау тесті.
10. Социометриялық әдістер.
11. «Мінез акцентуациясы» Шмишек сұрақтамасы.
12. Томас сұрақтамасы.
13. Фрустрацияны анықтауға арналған ( Розенцвейг) әдістемесі.
14. «Үй-ағаш-адам» әдістемесі.
15. «Жан-ұя» әдістемесі.
16. Айзенктің «жеке қабілетті» анықтауға арналған әдістемесі.
17. Рокичтің «құндылықтарды» анықтау әдістемесі.
18. Спилберг әдістемесі.
Диагностикалық әдістемелердің жүргізілу үлгілері.
1. К.Томастың қайшылықты жүріс-тұрыс стилін анықтау әдістемесі. К.Томас өзінің сұрақтамасында жүріс-тұрыстың үйреншікті формаларының әр вариантын сипаттаған. Бұл жерде адамның қайшылықты жағдайындағы жүріс-тұрысының варианттары берілген. Әр шкала бойынша таңдалған ұпайлардың саны есептеліп, сол адамның қайшылықты жағдайдағы жүріс-тұрыс тенденциясы көрінеді.
К.Томас қайшылықты жүріс-тұрыс стильдерін 5 түрге бөлген: ынтымақтастық, келісімге келу, қашу, бейімделу және бәсекелестік.
Ынтымақтастық стилі- басшының іс-әрекетіндегі жетістікке жетуіндегі белсенділікке талпынумен сипатталады. Бәсекелестік стиліне қарағанда, ол тек өзінің қызығуына қайшылықты пікірлерден қашып, көбіне бағынушылардың пікірін ескереді. Ынтымақтастық стилі мына жағдайларда нәтижелі болып келеді:
- мәселені шешу екі жақ үшін де маңызды болса;
- тығыз өзара байланысты қатынас бар болса;
- тең билік бар болған жағдайда.
Келісімге келу стилі - бұнда басшы бағынушылардың ой-пікірімен қатынаста нормализацияға жетуге ұмтылады, олардың пікірлерімен санаса отырып, өз жағына тартуға тырысады. Келісімге келу стилі келесі жағдайларда нәтижелі болып келеді:
- екі жақ та бірдей билікте болса;
- шешімді тез қабылдағыңыз келсе;
- уақытша шешімге келіссеңіз;
- жақсы қарым-қатынасты сақтағыңыз келсе;
- алдын-ала қойған мақсатыңызды өзгерте алсаңыз.
Қашу стилі- қойылған мақсатты жүзеге асыруда жауапкершіліктен қашумен сипатталады, яғни жауапкершілік пен жазадан қорқады, өз бетінше шешім қабылдағысы келмейді, іс-әрекетте табысқа жету мотивациясы жоқ. Қашу стилі келесі жағдайларда нәтижелі болып келеді:
- шиеленісушілік, өте жоғары және оны төмендету қажет жағдайда;
- шығын өте маңызды емес және өз күшіңізді жоғалтқыңыз келмесе;
- уақыт ұтқыңыз келсе;
- жағдай пайда әкелмейтінін білсеңіз;
- билік аз, қарама-қарсы жақтың мүмкіндігі көп екенін білсеңіз.
Бейімделу стилі- басқару мақсатында оң нәтижеге жетуге қызықпайды, белсенділік танытпайды. Бұл стильдегі басшылар қайшылық жағдайынан және жауапкершіліктен қашуға тырысады. Ал бейімделу стилі келесі жағдайларда:
- болған жағдай ерекше толғандырса;
- қарым-қатынасты жақсы сақтағыңыз келсе;
- билік сіз жағыңызда болмаса;
- билік аз және жеңіске жету ықтималдығы аз болған жағдайда.
Бәсекелестік стилі- ол әрекетте өте белсенді болады, қойылған мақсатқа жету үшін тез шешім қабылдайды. Бәсекелестік стилі келесі жағдайларда нәтижелі болып келеді:
- белгілі бір билікті иеленсеңіз;
- шығын сіз үшін өте маңызды болса;
- шешімді тез қабылдау қажет болса;
- сіз үшін жоғалатын еш нәрсе жоқ, басқа таңдау жолы жоқ жағдайда;
- сіз неғұрлым шешім қабылдауды талап ететін дағдарыс жағдайында тұрсаңыз;
- сіз таныс емес шешімді қабылдауыңыз керек және сізде билік бар болған жағдайда.