Сезім және эмоцияның физиологиялық негіздері.
Күнделікті бақылау жұмыстары корсеткендей, эмоциялық көңіл күйлер ерекше физиологиялық үрдістермен және ағзадағы өзгерістермен байланысты. Мысалы, эмоциялық көңіл-күй жағдайында қан айналысы өзгереді, жүректің соғуы жиілей немесе баяулай түседі. Эмоциялық көңіл-күй жағдайында адам қызарады, кейбіреулері - бозарады, түсі өзгеріп кетеді. Адамның эмоциялық жағдайларының жүрек қызметінің өзгерістерімен байланысы анық байқалады. Оны сөйлеу тілімізде. Ертеден бері сезімді жүректің қызметімен бірлікте қарастырып келгендігін білеміз.
Эмоциялық жағдайларда тыныс алу да өзгереді: сезімнің бір түрлерінде ол жиілінеді, кейде – бәсеңсиді. Ас қорыту үрдістері мен ішкі секреция бездерінің қызметі ағзаның қызметіне әсер етеді.
Адам сезімінің физиологиялық негіздеріне бас ми қыртысында іске асатын үрдістер жатады. Бас ми қыртысы сезімдердің күші мен тұрақтылығын реттеп отырады. Ал жартышарларынан айырылған жануарлар әр уақытта да өте күшті, кез-келген жағдайда қозу үрдісінде болатындығы дәлелденді. Бет бұлшық еті сему ауруымен ауыратын адамдар кез-келген нәрсеге күлегеш келеді. Кейбір бас ми қыртысының қызметі бұзылған ауруларда әртүрлі себептерден өте сәйкес келмейтін эмоциялық жағдайларды — орынсыз күлу немесе жылау сияқты сезімдерді басынан кешіреді.
Көптеген сезімдердің физиологиялық негіздеріне И.П. Павлов қалыптасқан динамикшіық стереотип қызметінің бұзылуын атап көрсеткен болатынды.
Сезімдер бас мидың қыртыстары аймағының қызметімен байланысты. Сезімдерді білдіретін еріксіз қозғалыстардың орталықтары болып табылатын көру төмпешіктері жатады. Көру төмпешіктерінің бұзылуы эмоциялық саланың бұзылуына әкеп соқтырады, бас мидың қыртыстары аймағында вегетативтік жүйке жүйесін басқаратын орталықтар жатады, сол орталықпен эмоциялық көңіл-күй тығыз байланысты.
Кейбір сезімдер вегетативтік жүйке жүйесінің және оны басқаратвтн басқа органдардың қызметінің артуымен байланысты. Сондықтан да кейбір эмоциялық көңіл-күйде біз қан айналысы, ас қорыгу органдарының қызметінің артуын, тыныс алу, көз алдындағы өзгерістер, терінің қызаруын байқаймыз. Ішкі секреция бездерінің қызметі артады, организмге қажетті шырындарды бөліп шығарады. Осындай эмоциялық жағдайда біз күштің артуын көреміз, өзімізді сергек, еңбекке қабілетті сезінеміз.
Басқа сезімдер, керісінше, вегетативтік жүйке жүйесінің органдарының қызметін әлсіретуімен байланысты. Қайғы, қасірст, үрейлену сияқты жағымсыз эмоцияларда қан айналысы, ас қорыгу, тыныс алу, беттің бозаруын, көздегі өзгерістерді және т.б. байқаймыз.
Кейбір жағымсыз сезімдер кейде вегетативтік жүйке жүйесінің артуымен аңғарылады, мысалы, ашу, қорқыныш сезімі. Бұл сезімдердің жағымсыз әсері организмнің әлсірсуімен, күштің кетуімен, ал кейде ерекше жүйкелік күйзелістермен жүріп отырады. Кейде вегетативтік жүйке жүйесінде оның басқаратын ағзаларында себебін өзіміз білмейтін көңіл-күйлер болады. Мысалы, адамдарда орынсыз, есепсіз шаттану, куану, қорқыныш және т.б. сезімдер кездеседі.
Бас ми, И.П. Павловтың ілімі бойынша, жүйке жүйесінің жоғары бөлігі регінде ағзада іске асатын барлық құбылыстарды өз қарамағында ұстайды. Одан біздің білетініміз, барлық эмоциялық көңіл-күй белгілі дәрежеде бас ми қыртысының іс-әрекетімен байланысты.
Сезімдердің физиологяялық негіздері туралы айтқанда, оның негізіне бас мидағы тұрақты байланыстар жүйесі жатады, оны ұйымдастыруда адамда екінші сигнал жүйесі ерекше рол атқарады.
Сезімнің сыртқы көрінісі. Барлық психикалық үрдістер белгілі дәрежеде ағзаның сыртқы өзгерістерінде және козғалыстарында байқалады. Сонымен қатар сырттай ерекше айқын көрінетін адамдардың бастан кешірген көңіл-күйлері болып табылады. Эмоциялық көңіл-күйлер ағзаның сыртқы өзгерістерінде анық аңғарылады, біз адамның сыртқы түріне, келбетіне қарап, адамның қандай сезімде екендігін, қандай көңіл-күйде екендігін анықтаймыз.
Біздің эмоциялық көңіл-күйіміз мимикада (бет пішіні), пантомимикада (дене қозғалысы) және ишарада (қол қимылы) ерекше айқын аңғарылады. Адамның эмоциялық көңіл-күйі төмендегідей айқын физиологиялық үрдістерде және оның қозғалыстарында байқалады (жылау, күлу және т.б.).
Эмоциялық көңіл-күйлер адамдарда сөйлеген сөздерінен, дауысынан аңғарылады. Әртүрлі эмоциялық жагдайларда сөздің жылдамдығы өзгереді, оның синтаксистік дұрыстығы бұзылады, ритмика мен дауыс ырғағы өзгереді. Әртүрлі эмоциялық жағдайларда, көңіл-күйлерде дауыстың ырғағы бұзылады. Осындай сезімнің сыртқы көріністері көп жағдайда еріксіз іске асады. Жекелеген сезімдерге белгілі көріну түрлері тән болады. Мысалы, қорқу сезіміндс көздің қарашығының кеңеюі, дененің дірілдеуі, беттің бозаруы тән. Қуаныш сезімінде көздердің жарқырауы, беттің қызаруы, козғалыстың өзгеруі және т.б. белгілерден байқалады.