Арт терапия. Арттерапияның кеңес беру жұмысындағы маңызы.
Жоспары:
- Психологиялық кеңес беру психотерапиямен байланысы
- Арт терапия. Арттерапияның кеңес беру жұмысындағы маңызы
Ойын терапиясы – психикалық дамудың динамикалық принципіне негізделген және блаларда әртүрлі ойын материалдарының көмегімен көңіл-күйдегі стрессті жеңілдетуге бағытталған психологиялық әдіс.
Ойын бала өмірінде маңызды орын алатыны бәрімізге мәлім. «Баланы танып, түсіну үшін оның ойын әрекетін бақылау керек. Ересек адамдар үшін қарым-қатынас құралы тіл болса, бала үшін қарым-қатынас құралы – ойын әрекеті болып табылады», - деп 18-ғасырда Жан Жак Руссо айтып кеткен.
Ойын терапиясы, ойын формасы түрінде жеңілдетілген күрделі жұмыс. Балалардың мінез-құлқы және ойлау әрекеті ересектерге қарағанда өзгеше болғандықтан олармен жұмыс істеу барысында бұл ерекшелікті ескеру тиіс. Көптеген балалар өздерінің жеке басында қандай да бір мәселелері бар екенін мойындағысы келмейді. Баланың психологқа қаралуы көбінесе үлкендердің (ата-ана, мұғалім, т.б.) инициативасы болып табылады.
Қабілетті, бірақ тәжірибесі жоқ психолог, балаға – «Сен бұл жерге қандай мәселемен келдің?» , - деген сұрақ қойғанда- баланың таң қалған көзқарасы мен иық қағуын немесе «Мамам сізге жіберді» деген жауабын күтуі мүмкін. Бала тарапынан бұл өте шынайы жауап.
Кейде ересектердің өздеріне күрделі көңіл-күй мәселелері жайлы психологпен ой бөлісу қиынға соғады, ал бала үшін тіпті де қиын. Осы кезде ойын психотерапиясының әдістері көмекке келеді.
Баланың ойынын бақылау және оған қатысу – оның ой - өрісін түсінуге көмектеседі. Бала үшін ойын – күрделі, өте мағыналы әрекет, баланың дене, психикалық, әлеуметтік дамуының негізі. Ойын барысында бала өзін еркін ұстап, мінез-құлқының түрлі жақтарын еркін пайдаланады.
Ойын балаға сөздердің орнына белгілік жүйені қолдануға мүмкіндігін береді. Баланың өмірлік тәжірибесі, оның басынан кешіргендері жайлы сөзбен жеткезгеннен гөрі ойыннан да айқын көрінеді. Және де ойын бала үшін - өзіндік терапияның бір формасы болып табылады.
Ойын терапиясының негізгі бағыттарының қысқаша тарихы. Балалар психотерапиясында ойын әдісі шамамен 1920 жылдың басында психоаналитикалық бағыттағы терапевтер ( Анна Фрейд, Мелали Клейн және Термина Хаг – Гельмут) қолдана бастаған.
Балалар ересектер сияқты қобалжын сипаттай алмайтынын психоаналиктер байқаған. Осындай психоанализден бала психикасын зерттеуге арналған маңызды әдістемелер пайда болған, мысалы «Үй – ағаш- адам» , жанұяның кенетикалық суреті және т.б. Бұл ойын психотерапиясының алғашқы бағыты болды. Ойын психотерапиясындағы екінші бағыт 1930 жылы Девид Левидін еңбегі жарық көргеннен кейін пайда болды. Д.Левидін ойынша, ойын баланың алған психикалық жарақатына «жауап беруіне» мүмкіндік береді. Д.Леви бойынша, оның психотерапиясы үш кезеңнен құралады:
І – кезең-қатынасты орнату;
Баланың еркін ойыны, оның ойын бөлмесімен және психологпен танысуы;
ІІ-кезең- бала ойынына оның жан-жарақатына ұқсас жағдай енгізу (арнайы ойыншықтар көмегімен )осындай жағдайда бала ойынды басқарады және зардап шегіші енжар рольден белснді, әрекетті рольге ауысады.
ІІІ -кезең –баланың еркін ойының жалғасуы Д.Левидің ұсынған дерективті принциптерінде, ойын барысындағы инициативаны психолог ұсынуы қажет. Ол үшін ойын психотерапиясы сианстарда мұқият техникалық және әдістемелік қажет. Қатысушының жас ерекшелігін, психоэмоциалды күйінің ерекшелігін және де психологтың мақсатын ескере отырып, рольдік ойынның жоспары құрылады: ойын алдында балаларға рольдерді бөліп береді, және т.б.
Үшінші маңызды бағыт, Джин Тафт және Фредерик Алленнің 1930 ж. Зерттеулері негізінде п.б.
Бұл – қатынастар ойын терапиясы: онда психолог пен пациент арасындағы эмоциялық қатынастың ендік күшіне көп көңіл бөлінеді. Аллен және Тафт балаға жеке тұлға ретінде қатынас жасау керек екенін айтады.
Осы принциптерді дамыта отырып, Вирджиния Эсклайн ойынды баланың максималды түрде өзін көрсету ойын әрекетінде ересектердің араласуын толық ашылуына мүмкіндік беру ретінде қарастырады.
Әр түрлі ойын жағдайларында құлықтық және көңіл-күйлік реакцияларды зерттей отырып, психолог баланың даралық ерекшеліктерін түсінуге тырысады. Сонымен қатар, егер бала ойын барысында шектен тыс белсенді болса , онда психолог белгілі-бір шектеулер енгізеді.
Дерективті емес ойын психотерапиясы процесінде (психолог).
1) Баланың ойын процесін бақылайды (баланың ойнауы, ойын материалына жақындауы, оларды таңдауы , бейімделуі, ойынның сюжеті).
2) Ойынның мазмұнын қарастырады (жалғыздық агрессия болып кеткен оқиғаны еске түсіру тағы басқалардың ойында көрініс берді. Ойын барысында қауіпті жағдайлардың болуы);
3) баланың қарым-қатынас дағдыларын бағалайды (ойын барысында бала мен қатынастың болуы).
Кейде баланың зейінін ойын процесіне аударып, ойын барысында бала мен қатынас орнату қажет. Егер ойында кейбір жағдайлар қайталанса, балаға оның шынайы өмірі жайлы сұрақтар қоюға болады.
Ойын психотерапиясының негізгі мақсаттары
Ойын психотерапиясы:
диагноз қоюда көмектеседі;
психолог пен бала арасындағы қатынасты орнатуға көмектеседі;
сезімдерін сөз арқылы жеткізуге көмектеседі;
баланың эмоциялық қысымын жеңілдетеді;
баланың қызығушылық шеңберін кеңейтуі.
Қазіргі таңда ойын психотерапиясы тек психологиялық тәжірибеде ғана емес, педагогикалық тәжірибеде де кеңінен қолдануда.
Ойын психотерапиясын қолдану көрсеткіштері
Ойын психотерапиясы балалардың әртүрлі мәселелерін шешуге өте тиімді болып саналады, олар:
-балалардағы невротикалық және соматикалық бұзылыстар;
- ата-аналары ажырасқаннан кейін баланың көңіл-күйін көтеру;
- науқас балалардың қобалжу деңгейін төмендету
- психосоматикалық аурулар мен ауырған кезде науқастың күйін жеңілдету (бронха астмасы, асқазанның ауруында т.б.)
- мінез-құлқындағы агрессияны басу
Арт терапия. Арттерапияның кеңес берудегі маңызы.
Қазіргі таңда жеке тұлғаны шығармашылық деңгейде қалыптастыру заман талабы, осындай сұранысты қанағаттандыруда психотерапиялық бағыттың икемді түрлерін қолданудың маңызы зор.
«Арт»-деген сөздің аудармасы «өнер дегенді білдіреді. Бір сөзбен қорытындыласақ өнер (сурет, саз балшық,құм, қырқу-жапсыру, би, әуен, ертегі, түймелер, бейнеге түсіру, қуыршақ, майда ойыншықтар, грим бояуы....) арқылы адамдарды емдеу болып табылады.
Арт терапия алғаш ауруханаларда қолданысқа енгізілген. АРТ-дегеніміз ауру адам сурет салу барысында бір мезгіл сыртқы және ішкі өмірдің бәрін ұмытады, осы кезде ағзада тыныштық орнап, ауруды жеңуге ішкі күш іске қосылады, және оны салған суреті арқылы анықтауға мүмкіндік туындайды.
Шығармашылық терапиясы философиялық тұрғыда, сабақтарда терапияны енгізу, ол өмір мәнін іздеу, адамдар мен табиғатта өз орнын табумен байланысты болып табылады. Марк Аврелия (ІІ ғ.б.э.) , Августин , Григория Нарекаци кезеңдеріндегі ауыр және терең уайымға салынуға бейім адамдар, рухани сырқаттан іштей қауіптеніп, өздерін философияларда, психологиялық, діни жүйелерде , шығармашылықтың сан қилы түрлерімен айналусыдан іздеген.
Ежелгі медицина, философия, жаратылыстану, мифология, өнермен біртұтас келеді. Тарихи мәліметтер бойынша арт – терапия мамандарға психологтар мен психиатрларға науқастарды зерттеуде диагнозын нақтылауда суреттеріне талдау жасау негізін ескеріп, олардың емдеу тәсілін таңдауда көмек береді.
Алғашында арт терапия З.Фрейд , К.Юнгтың теориялық идеялары констекстінде пайда болды, одан әрі кенірек концептуалды негізгі ие болды, оған К.Роджерс пен А.Маслоудың тұлға дамуының гуманистік модельдері кірді. Америка Құрама штаттарында өнерді терапияда қолдануда алғшқы қадам жасаған Маргарет Наумбург болды.
Арт-терапия терапевт пен науқастың арасындағы символдық деңгейде жүретін қарым-қатынас құралы ретінде қолданылады. Көркем өнер туындыларының бейнесі адамның барлық сана астарлы процестерінің, оның ішінде ішкі қақтығыстар, қорқыныштар, балалықтан естеліктер, түс көрулер-фрейдтік бағыттағы психотерапевтердің қарастыратын құбылыстар.
Қазіргі таңда арт-терапия мамандары тұлғаны зерттеуде және емдеу процесінде өз үлесін қоса алатын тәуелсіз практиктер мәртебесіне ие бола алды. Арт-терапия деңгейіне бірнеше зерттеулер Уеллер және Деллидің ойлары Клейннің , Винниготта және Юнгтың теорияларына негізделді. Теориялық көз-қарастарға сүйенсек арт-терапияны балаларда қолдану өте жақсы нәтиже беретіні жайлы айтады.
«Арт-терапия» терминін ең алғаш рет 1938 жылы Андреан Хилл санаторияларда туберкулез науқастарымен өзінің жұмысын сипаттау тұсында енгізді.
Алғашқы кезендерде арт-терапия психоаналитикалық көз-қарастарда бейнеленді, оның мәні бойынша науқастың көркемөнерлік іс-әрекетінің нәтижесі (сурет немесе мүсін) оның бейсаналы психикалық процестерінің сипаты ретінде түсіндірілді.
Шетелдік психотерапияда арт-терапияның 4 негізгі бағыты белгіленген:
1)Емдеу үшін өнердің қолда бар туындыны қолдану, оны пациентке талдау жасату және түсіндірме бергізу жолымен жүзеге асыру.
2)Пациенттерді дербес шығармаға ынталандыру, осы тұста шығармашыл акт негізгі емдеуді фактор ретінде қарастырылады.
3) Бірінші және екінші принциптерді бір уақытта қолдану.
4) Психотерапевт оқыту үрдесінде өзінің ролін пациентпен өзара қатынастарын оның шығармашылығына бағыттау.
Қолданылатын әдебиеттер:
- Коралева З. Психологиическая тесты для всех – Москва.:Пресс, 2002
- Лесли Рай. Развитие навыков тренинга.- Питер, 2001
- Немов Р.С. Психология.- Москва ., І-ІІ-ІІІ том. 1998,
- Немов Р.С. Психологическое консультирование .- Москва.:
Владос,2001
- 11. Намазбаева Ж. Санғылбаев О. Психологиялық сөздік. –
Алматы.,2005 .
- 12. Овчарова В. Практическая психология образования.- М., 2003
- Роджерс К.Консультирование и психотерапия. Москва.: апрель-Пресс, Эксмо, 2000