СӨЖ-дің күнтізбелік - тақырыптық жоспары
№ | Сабақтың мазмұны | Сағат саны | Тапсыру уақыты | Бақылау формасы |
1.Халықаралық жасанды тілдер жайлы материалдар жинақтау. 2.Эспоронто тілі, идо тілі. 3.Эспоронто тілі жүйесімен танысу. | 4-апта | Талдау реферат жазу ауызша салыстырулар, сипаттамалар | ||
1.Неологизмдер, олардың пайда болу жолдары. 2.Қоғамның қазіргі даму кезеңіндегі қазақ тілі лексикасының даму ерекшеліктері. 3.ХХІ ғасырдағы БАҚ тіліндегі неологизмдер. | 7 -апта | Ғылыми тұжырымдарға шолу Газет, журналдардан мысалдар жинақтау | ||
Лексикологияға қатысты еңбектерге шолу: 1.Ә.Болғанбайұлы,Ғ.Қалиев «Қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы; 2.Ә.Белбаева «Қазақ тілінің лексикологиясы»; 3.Б.Сағындықұлы «Қазіргі қазақ тілі. Лексикология». | 11- апта | Ғылыми еңбектерге талдау жасау (жазбаша); | ||
Синтаксис. 1. Зерттеу аспектісі. 2.Сөз тіркесі синтаксисі. 3.Құрмалас сөйлем синтаксисі. | 14-апта | реферат жазу; Ғалым Талғат Сайрамбаевтың еңбегі бойынша шолу. Құрмалас сөйлем түрлеріне мысал жинақтау, талдау. | ||
Барлығы | 15 апта |
Глоссарий
Аббреватура (итал. Abbrevatura <лат.brevus - қысқа) – 1) белгілі бір сөз тіркесінің басты әріптерінен не буындарынан жасалған күрделі қысқарған сөз; 2) шартты түрде қысқарған сөз.
Агглютинативті тип (тілдердің) (лат. agglutinatio – жабысу, жабыстырылу) – қ. Жалғамалы тип (тілдердің).
Адстрат (лат. Ad – қасында, жанында, stratum – қабат, қатпар) – халықтардың ұзақ уақыт қатар өмір сүріп, қарым-қатынаста болуы нәтижесінде бір тілдің басқа тілге әсер етуінен түған тілдік белгілердің жиынтығы.
Аккомодация (лат. accomodatio - бейімделу) – бір сөз ішінде немесе әр тектес буыннан құралған сөздерге іргелес орналасқан дауысты және дауыссыз дыбыстардың, яғни үні мен салдыры әр түрлі фонемалардың, бір-біріне әсер етіп, өзіне ұқсатып айтылуы.
Актив сөздер (лат. activus - әрекетті, әрекеттеуші) – белгілі бір ортадағы күнделікті тілдік қарым-қатынаста жиі қолданылатын сөздер.
Акустика(грек. Akustikos – естілу) – 1) физиканың бір саласы 2) дыбыстардың естілуі.
Акцент (лат. accentus – дауыс көтерілуі, екпін , екпін) – 1) сөздік екпін: поставить акцент – екпін түсіру; 2) өзге бір тілде сөйлегенде ана тіліне тән дыбыстық ерекшеліктердің сақталуы. Тілді үйренгенде оның лексикасы мен грамматикасынан гөрі айтылу үлгісін меңгеру қиынға түседі.
Акцентология (лат. accentus –дауыс көтерілуі, екпін, грек. loqos - ілім) – екпіннің табиғатын, түрлері мен қызметін зерттейтін тіл білімінің саласы.
Алфавит (грек. alphabetos – гректің алғашы альфа және бета әріптерінен) – қазақша Әліпби.
Альтернация (лат. alternatio - өзгкру, алмасу) – алитернация, бір түбірден (негізден) тараған сөздерді тілдің өзіне тән белгілі заңдылықтарына сәйкес дыбыстардың өзара алмасуы. Мысалы; жақ-жағу, тап – тауып, сап – сабы.
Амплитуда (лат. amplitudo – көлемділік, кеңдік) – дыбыстардың айтылуындағы діріл қарқына. Әліпби.
Аналитизм (грек. analysis – ктелу6 ыдырау) – сөздің негізгі (лексикалық) және қосымша (грамматикалық, сөзжасамдық) мағыналарын ажыратып білдіретін, синтетизмге қарама-қарсы типологиялық қасиет.
Анлаут (нем. аn –қасында, жанында laut -дыбыс ) – сөз басы, басталуы.
Антонимдер (грек. anti – қарсы onyma – ат, атау) – орыс. антонимы - өздеріне тән сапалық белгілерін сақтап, бір-біріне қарама-қарсы мағынада қолданылатын сөздер.
Антропологиялық лингвистика орыс. антропологическая (грек. antropos адам, лат. lingua тіл) – 1) тіл білімінің жазуы жоқ тілдерді зерттейтін саласы; 2) методологиялық негіз ретінде антропологиялық принципті (тіл - адам) қолдайтын зерттеулердің шартты атауы.
Антропонизм (грек. antropos – адам, onyma – есім, ат) – адамдардың өзіне меншікті есімдері, аты-жөні, бүркеншік, жасырын, лақап аттары.
Апикальды дауыссыздар – орыс, апмкальные согласные (лат. apex – үсті, үстіңгі жақ) – тіл ұшының үстіңгі тіске немесе альвеольға не жуысуынан, не қабысуынан жасалатын дыбыстар.
Апокопа (грек. apokope – түсу, үзілу) 1) екпінге қатысты дыбыстық процеыы нәтижесінде сөз соңында дыбыстың не буынның түсіп қалуы. Мысалы; болат(болады), келет (келеді),түсет (түседі), үшахмат (шахматы), газет (газета), Минут (минута), Облыс (Область); 2) қысқару нәтижесінде жаңа сөз пайда болуы. Мысалы: такси (таксомотор), метро (метрополитен), келі (километр).
Артикуляция (лат. Articulatio – анықтап айту) – тіл дыбыстарын айтудағы сөйлеу мүшелерінің қызмет ету жүйесі.
Архаизм (грек. archaios – көне- көнерген сөздер) – сөйлеу тілінде қолданудан шығып қалған көнерген сөздер мен сөз тіркестері.
Ассимиляция (лат. assimilatio – үндестік) – дыбыстардың комбинаторлық өзгерістерінің неғұрлым кең тараған түрі. Сөйлеу үстінде сөздегі не сөз тіркесіндегі дыбыстар артикуляциясы жағынан бір-бірімен қиюласып, үндесіп айтылады.
Аферезис (грек. aphairesis) – алдыңғы сөздің соңғы дыбысының әсерімен келесі сөздің басындағы басыңқы дауысты дыбыстың түсіп қалуы.
Аффикс (лат. affixus - жалғанған) – қосымша түбірге жалғанып, грамматикалық немесе сөжжасамдық мағына тудыратын сөз бөлшегі, сөздің ең кіші құрылымдық элементі, көмекші морфема.
Аффиксоид – қосымшаға айналған сөз (түбір сөз). Мысалы; -тың/-тұғын жұрнаұтары тұрған сөзінің ықшамдалуынан туған:
Аффрикат (лат. affrikata - жұғысқан) – орыс. аффрикат – шұғыл(үзілмелі) және ызың (сузілмелі) дауыссыздардан жасалады., бірақ олардың жай қосындысы емес, жымдаса кірігуінен жасалған бір бүтін дыбыс.
Баратын > баратұғын > бара тұрған: -хана (парсы. Үй, ғимарат: кітапхана, асхана).
Билабиаль (лат. bi – екі, labia - ерін) деген мағынадағы сөздерінің бірігуінен жасалған термин.
Билингвизм (лат. Bi – екі, linqua - тіл) – қостілділік: белгілі әлеуметтік топтың (мемлекеттің) екі тілде сөйлеуі.
Варваризм (грек. Barbaros – бөтен елдік) – белгілі бір тілдің қалыптасқан нормаларына кіріспейтін, ондағы сөзжасам, сөз түрлендіру, сөз тіркестіру заңдарына сәйкеспейтін, зәрушілігі шамалы бөтен тілдің сөздері мен сөз қолданыстары.
Варианттылық орыс. вариантность (лат . varians - өзгеретін) – тілдің әртүрлі жағдайда қолданылуына және әлеуметтік, территориялық сипатына байланысты анықталатын түрлері мен өзгерістері.
Веляр(таңдай) дауыссыздар (лат. velum – шымылдық, жұмсақ таңдай) – тілдің артқы таңдайға тиюі арқылы жасалатын дауыссыздар; қ, ғ, ң.
Вокализм (лат.vocalis – дауысты дыбыс) – тілдегі дауысты дыбыстар жүйесі.
Гаплология (грек. haploos – қарапайым және loqos – сөз, ілім) – дыбыстардың комбинаторлық өзгеруінің бір түрі: сөз шеңберіндегі екі немесе одан да көп ұқсас дыбыстың артикуляциясы.
Гипонимия (грек. hypo – асты, астында және есім) – семантикалық өрістегі негізгі прагматикалық қатынастардың түрі.
Глоттогенез (грек. Glotta – тіл, genesis – шығу тегі ) – адамзаттің табиғы дыбыстық тілінің қалыптасу процесі.. Тілдің пайда болуның философиялық, әлеуметтік және психологиялық мәнін ұғынүмен байланысты туған жалпы проблемасының жалғасы.
Грамматикалық тұлға (форма) – грамматикалық мағынаның қалыпты (стандартты) көрінісін білдіретін белгі (аффикс, екпін, қайталау, көмекші сөздер, дыбыстық алмасулар, сөздердің орын тәртібі, интонация ).
Графика (грек. qraphike. Qrapho - өрнектеймін, жазамын.)
Дейксис (грек. deixis көрсету) – лексикалық және грамматикалық тәсілдер арқылы білдірілетін тілдік бірліктердің мағынасын не қызметін көрсету. Дейксис қызметі әдетте есімдіктермен байланысты болыпк келеді.
Диакретикалық белгі (грек. diakritikos - ажыратушы) – белгілі бір дыбыстың қосымша артикуляциялық мағынасын білдіру үшін әріпке қосылатын шартты көмекші белгі.
Диалект (грек. Dialektos – сөйлеу, лебіз, наречие) – тығыз территориялық, әлеуметтік не профессионалдық қатынаста болатын адамдар қолданатын тілдің бір түрі.
Диалектология (диалект және логос – сөз, ілім) – диалектілерді, тілдің территориялық түрлерін зерттейтін тіл білімінің саласы.
Диахрония (грке. diachronos – үақыттың өтуі) – тіл жүйесінің тарихи дамуын зерттейтін тіл білімінің аспектісі.
Дифтонг (грек. diphthonqos – екі дауыстылы) – бір буынды құрайтын екі элементтен тұратын күрделі дауысты дыбыс.
Дифтонгоид – дифтонгке жақын дауысты дыбыстың ерекшк түрі. Оған и, у, ие, уо, у ө дыбыстары жатады.
Дифференциалды белгілер, интеграция, интегралды белгілер, перцептивьі қызмет, берік позиция, фонема..
Дифференциация (лат. differentia – айырмашылық) – біртұтас заттың, құбылыстың өз ішінен бөлінуі, жекеленуі.
Дифференциация (лет. Differentia - айырмашылық) – біртұтас заттың, құбылыстың өз ішінен бөлінуі, жекеленуі.
Диэреза – (грек. diairesis – бөлу) – дыбыстардың күрделі тіркесіндегі бір дыбыстың түсіріліп айтылуы (киім-кеншек(сөйлеу тілде) // киім-кешек (әдеби тілде)
Дорсал дауыссыздар (лат. dorsalis артқы) орыс. дорсальные согласные – тіл үсітінің алдыңғы жағының таңдайға қарай көтерілуі, тіл ұшының астыңғы тістерге тиюі арқылы жасалатын дауыссыздар; т, д, с.
Екпін – Сөз ішінде бір буынның күшті айтылуы.
Жаргон (фр. Iargon) – тұрақты жеке әлеуметтік топтың ауызекі қолданыстағы сөйлеу тілі.
Идеограмма жазу (логографиялық жазу). Пиктографиялық жазудан біртіндеп и.ж пайда болған.
Иероглиф (грек. hieros – киелі және – қашалған ою) – қайсібір объектінің (адам, жануар, зат) суреті тәрізді графема.
Интеграция (лат. Integratio – үлгі, мысал) – 1) кең мағынада: бір-біріне қарама-қарсы қойылған, бірақ ортақ белгісі бар немесе ұқсас ассоциация тудырушы кез келген лингвистикалық бірліктер тобы.
Интеграция (лат. Integration – қайта қалпына келу, толығу) – тілдердің бірігуі, бірігу процесінде олардың айырмашылықтарының жойылуы.
Интонация (лат. intonatio – қатты айтамын) – сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді айтудағы дауыс мәнері, дауыс ырғағы, сөйлеудің ритм – мелодикалық бейнесі.
Интонация (лат. intonation – қатты айтамын) – сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді айтудағы дауыс мәнері, дауыс ырғағы, сөйлеудің ритм – мелодикалық бейнесі.
Интонация, (дауыс ырғағы), интонема, мелодика, негізгі тон, пауза (кідіріс), синтагма.
Историзм (тарихи сөз) – аттап білдіретін заттары мен құбылыстары өмірде жоқ, көнеріп қолданудан шығып қалған сөздер мен тұрақты сөз тіркестері.
Какуминаль дауыссыздар (франц. Cacuminal) – тілдің алды көтеріліп, ұші сәл ғана үстіңгі сітке, не қатты таңдайғв қарайиілуі арқылы жасалатын дыбыстар; ш, ж, р.
Каламбур (франц calambour – ойнақы сөз – көп мағыналы сөздерді немесе айтылуы ұқсас әртүрлі сөздерді әзіл-сықақ ретінде қолданудан түған сөз айшығы. мысалы; Қалқам, жаным, қарағым, Бетіңе келмес қарағым.)
Калька (франц. Calque – көшірме) – шет тілдік тіл бірліктерін дәлме-дәл аудару арқылы жасалған сөздер, фразеологизмдер және жаңа мағыналар.
Квантантив (лат. quantitas – сан, мөлшер).
Кириллица – грек жазуынан шыққан алғашқы орыс әліпбилерінің бірі. Орыс жеріне христиан дінімен бірге 9-11 ғғ. Келген. 9 ғасырдағы славян ағартушысы Кирильдің атымен аталған. Оның глаголицадан айырмасы әріп таңбаларының неғұрлым нақтылығы мен қолдануға иңғайлылығында. Осы күнгі орыс әліпбиі кириллицаның негізінде жасалған.
Когнитивті,тіл білімі (лат. Cognito – білім, түсінік) – табиғи тілді сана әрекетінің көрінісі, ойдың тікелей шындығы ретінде зерттейтін тіл білімі саласы.
Конверсия (сөзжасам) – (лат. conversio - өзгеру, айналу) – грамматика мен лексикада мағынасы баламалы сөйлемдердегі субъект пен объект арасындағы қатынастың көрінісі.
Коннотация (лат. connatatio, connato – қосымша мағынаға ие ) – тіл бірлігінің эмоциялық, стилистикалық реңі, кең мағынада коннотация тіл бірлігінің грамматикалық және заттық-ұғымдық (денотативті) мағынасын толықтыратын, оған экспрессивтік рең беретін кез-келген түрі.
Консонантизм (лат. consonantis – дауыссыз дыбыс) – тілдегі, диалектідегі, говордағы, тілдер тобындағы дауыссыздардың жүйесі.
Контекст (лат. contextus – байланыс, қосылу) – талдауға түсетін бірлікпен қоса сол бірліктің мағынасын ашуға жеткілікті және де мәтіннің жалпы мағынасын бұзбайтын мәтін бөлігі.
Корреляция (лат. correlatio - арақатыныс) – тіл элементтерінің өзара үйлестілігі, сәйкестігі, бір-бірімен әрекеттестігі
Кумуляйия (лат. Cumulatio – ұлғаю, жиналу) – флективті тілдердегі морфемалық жігі ашылмаған, дәлелденбеген уәжсіз сөздердің күрделі мағынасы.
Лабиальдаьъну(лат. labialis) орыс. лабиализация – дыбыстарды айтқанда еріннің алға қарай дөңгелене сүйірленуі.
Ларингал (грек. larynx – көмей) – көмейлік дауыссыз дыбыс.
Лексема (lexis – сөз) – сөз қорындағы бірлік ретінде қарастырылатын сөз.
Лексема (грек. lexis – сөз, сөйлемше) – тілдің құрылымдық элементі болып табылатын сөз; бүкіл формалық, мағыналық юолмысы ьіртұтас сөз бірлігі(единица).
Лексика (грек. lexikos – сөзге қатысты) – тілдегі сөздер жиынтығы; тілдің сөздік құрамы.
Лексикография (грек. lexicos – сөзге қатысты және grapho - жазамын) – сөздіктер жасаудың тәжірибесі және оның теориясымен айналысатын тіл білімінің саламы.
Лексикология (грек. lexicos – тілге қатысты және loqos - ілім) – тілдің сөздік қоры мен тіл білімінің саласы.
Лексикон (грек. lexikon – сөздік) – 1) ертеректе шыққан сөздіктердің атауы, мыс., М.Қашқари сөздігі, Кодекс Куманикус т.б.; 2) белгілі бір тілге не диалектілер мен жаргондарға, кәсіби сөздерге қатысты барлық сөздердің жиынтығы. Мыс., спортшылар Л.; заңгерлер Л.
Лигатура (лат. ligatura – тұтастыру, байланыстыру) – жазу жүйесінде екі дыбыстық яки, екі фонетикалық таңбаның тұтасып қосылуы нәтижесінде жасалған әріп немесе дыбыс таңба (транскрипция).
Логикалық екпін (логическое ударение) – сөйлемдегі айрықша көңіл аударуға керекті нақты бір сөзді оқшаулап,. Ерекше әуениен айті\уға байланысты. Е., ол ой екпіні деп аталады. Мен бүгін келдім – Мен бүгінкелдім.
Мелодия (грек. melodikos - ән, ән айту) – дауыс әуені мелодикасы дауыс ырғағының көтеріліп немесе бәсеңдеп отыруынан туады.
Метатеза (грек. metathesis – орын ауыстыру) – дыбыстардың комбинаторлық өзгеруінің бір түрі. Сөз ішіндегі дыбыстардың не буындаодың өзара орын ауыстыруы.
Метафора (грек. metaphora - ауыстыру) – троп немесе сөйлеу механизімі.
Метонимия (грек. metonymia – айтылудың өзгеруі) – троптың бір түрі, бір объектінің не объектілер тобының атауын басқа объектіге қолдану.
Моногенез теориясы – (грек. Monos – дара және genesis – шығу тегі) – адамзат тілдерінің пайда болуы туралы теория.
Моносемия (грек. monos – бір, sema - белгі) – бір мағыналық.
Монофтонг (грек. мonos – бір және phtongos - дыбыс) – артикуляциясы мен акустикасы тұрақты болатын дауысты дыбыс.
Морф (грек. morphe - форма) – морфеманың текстегі өкілі, текстегі ең кңшң, маңызы бар бірлік.
Морфема (грек. morphe - форма) – тілдің негізгі бірлігі.
Морфемика – тілдің морфемикалық құрылысы.
Морфология (грек. morphe – форма және logos – сөз, ілім ) -
Неологизм (грек. neos – жаңа, logos – сөз) – қоғамдық қатынастар, ғылым мен техника, мәдениет пен шаруашылықтың дамуымен байланысты тілде пайда болған жаңа сөздер мен сөз оралымдары.
Нольдік тұлға (форма) – сөйлемде кейбір сөздердің арнайы грамматикалық формасыз-ақ грамматикалық мағына білдіруі.
Номинатив (лат. nominativus ) – қазақша атау септік.
Номинация (лат. nominatio - атау) – 1) атауыш қызмет атқаратын, Яғни болмысты атайтын тіл бірлікиерінің жасалуы.
Обертон(нем. Obertone) – көмекші тон.
Окказионализм (лат. occasionalis - кездейсоқ) – мағыналады көпшіліктің қолдануына сәйкеспейтін, әдетте контексте ғана кездесетін, тілде орнықпаған сөздер.
Омограф (грек. homos – бірдей және qrapho - жазамын) – мысалы, алма-алма.
Омоним, омонимия (грек. homhnymia – аттас атаулар, бірдей аталу) – тіл білімінде мағыналары бөлек тіл бірліктерінің бірдей дыбысталып айтылуы.
Омофондар – айтылуы бірдей , бірақ жазылуы әртүрлі сөздер. Мысалы; тұзшы-тұщы.
Омоформа – тек белгілі бір формаларында сәйкестік болады. М; қырық (сан есім) – қырық(етістік).
Ономасиология – номинация (атау) теориясы, Семантиканың бір бөлігі.
Ономастика (грек. onomastike – атау өңірі) – жалқы есімдерді зерттейтін тіл білімінің саласы.
Орфограмма (грек. orthos – тіке, дұрыс, gramma - жазу) – орфография ережелеріне сүйене отырып жазу.
Орфография (грек. orthoqraphia, оrthos – дұрыс және qrapho – жазу, жазамын )
Орфоэпия (грек. Orthoepeia , orthos – дұрыс және epos – сөйлеу).
Палатализация (лат. palatum – таңдай) – дауыссыз дыбыстың еріндік, алдыңғы не артқы тілдік артикуляция кезінде болатын тілдің орта бөлігінің таңдайғв қврвй көтерілуі.
Парадигма (грек paradigma – үлгі,мысал) – 1) Кең мағынада бір-бірінен ерекшеленіп келетін, сонымен бірге бәріне ортақ белгілері арқылы біріккен кез келген тілдік бірліктер тобы. (Парадигматика); 2) осындай топтар мен жиынтаықтардың жасалу моделі мен схемасы; 3) неғұрлым тар мағынада – «морфологиялық парадигма» терминінің синонимі,.
Паронимдер (грек. para-жақын, onyma-ат) – дыбысталуы жақын, бір түбірлес, жалпы грамматикалық белгілері ортақ, қолданылуында мағыналық ерекшеліктері бар сөздер (рәсім-ресім, жарғы-жарлық).
Пассив сөздер (лат passivus - әрекетсіз) – сирек қолданылатын немесе кең тарамаған сөздер.
Пауза (лат. pausa. грек. pausis – аялдау, тоқтау) – сөйлеу кезінде кідіріп қалу.
Перцептивті(лат. Percipiv – сезіммен қабылдаймын) Сигнификат
Пиктография (лат. pictus – суретте бейнеоенген және грек. grapho - жазамын) – жазу дамуындағы кезең; хабарды сурет арқылы жеткізу.
Позиция(лат.Position – күй, қалып ) – фонеманың айтылу шарттары жасалатын фонетикалық орта, қалып.
Полисемия (грек. polisemos – көп мағыналы) – тіл бірлігінде бірнеше мағынаның болуы.
Префикс – түбір алдынан қосылатын аффикстер (при-ходить, бей-мәлім).
Префиксоид – префикс қызметін атқаратын түбір морфема. Қазақ тіліне тән емес.
Проклитика (грек. proklino ілгері еңкею) – ритмикалық жағынан бірбүтін сөз тіркесінің құрамындағы екпін түспеген сөздің екпін түскен сөз алдында тұруы.
Протеза (франц. Prothese - қосылу) – сөйлеу тілінде кейбір сөздердің алдынан дыбыс (көбінесе қысаң ы, і) қосылып айтылуы.
Пунктуация акцент (лат. Punctuation - нүкте) – 1) графика, орфография және алфавиттен тыс болатын белгілер жүйесі.
Пуризм (франц. Purusme лат. purus - таза) - әдеби тілді кірме сөздерден, әртүрлі жаңа құрылымдардан, сол сияқты әдеби тілге жатпайтын диалектизмдерден, қарапайым сөздерден таза сақтауға әрекеттенген ағым
Редубликация (лат. redu-plicatio - қосарлану) – алғашқы буынның (жартылай Р) немесе бүтін түбірдің (толық Р) қосарлануынан пайда болатын фономорфологиялық құбылыс.
Редукция (лат. reductio – кейін шегіну, азаю, қысқару) - дыбыстың артикуляциялық және акустикалық сипатының өзгеруі.
Резонатор(лат. Resonare – дыбыс шығару) – дыбыс әуені жасалатын ауыз және мұрын қуыстары.
Рекурсия (лат. Recursio – кейін қайту) – дыбыс артикуляциясының ушінші соңғы фазасы, яғни сөйлеу мүшелерінің дыбыс жасау позициясынан айырылып, бастапқы бейтарап қалпына қайта оралуы.
Ритм(грек. Rhythmos – ретті, өлшем, ырғақ ) – құрылымдық, текст жасау және экспресивтіэмоциялық қызмет атқаратын ұқсас, үйлесімді тіл бірліктерінің жүйелі қайталанып тұруы.
Руна жазуы – ІІ-ІІІ ғ.ғ германдықтар қолданған алфавит.
Санскрит – көне үнді тілдерінің бірі. Б.э.д. 1000 жылдан бастап Солтүстік Үндістанда таралған.
Семасиология (грек. semasia – мағына, loqos – сөз, ілім) – Еуропалық тіл білімі дәстүрінде; лексикалық семантиканы, яғни сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын зерттейтін тіл білімінің тарауы. С.Ономасиологияға қарсы қойылады.
Сингорманизм (грек. sun бірге, harmonia - үндесу) – үндестік заңы.
Синехдоха (грек. synek-doche – арақатынысын ашу) – жалпының орнына жалқы, бүтіннің орнына бөлшек немесе керісінше қолданылатын стилистикалық тәсілмен жаңа мағына жасау түрі.
Синкопа (грек. synkope - қысқару) – негізінен жабысыңқы дыбыстардың әсеремен сөз ішінде немесе бірнеше дыбыстың түсіп қалуы.
Синтагма (грек. syntagma – бірге құрылған, біріктірілген, қосылған) . Контексте және белгілі жағдайда бір ұғымды білдіретін интонациялық – мағыналық берлік. Бір сөзден, сөз таптары мен тұтас сөйлемнен тұруы мүмкін.
Синтагма (грек. syntagma – біртұтас құрастырылған) – синтаксистік біртұтас қатынасты білдіретін интонациялық – мағыналық бірлік, анықтауыш-анықтаушы түріндегі қос мүшелі құрылым.
Синтагма (грек. syntagma – қосылмаған, бірге қаланған ) – 1) контексте берілген ұғымды білдіретін иннотациялық мағыналық бірлік.
Синхрония (грек. Synchronos – бір мезгілде болатын) – 1) өзара байланысты және бір-біріне ықпал ететін, бір мезетте болатын элементтер жүйесі ретіне қарастырылатын, белгілі бір даму кезеңіндегі тілдің жағдайы; «жалғыз ғана және шынайы» болатын тіл фактілерінің жиынтығы; (Ф. Де Сщссюр);
Стилистика – Тіл білімінің бір бөлімі. Оның негізгі зерттеу обзектісі – стиль.
Стиль – (лат. stilus – ұшталған таяқша, жазу мәнері)
Субстрат (лат. Sub – астыңғы және stratum - қабат) – белгілі лингвогеографиялық жерде еотеде болған тілден қалған көне элементтер.
Суперстрат (лат. Super – үстіңгі, strsatum – қабат, қатпар) – байырғы тұрғындардың тілінде сақталып қалған келімсектер тілінің іздері.
Суплетивизм (франц. Suppletif - қосымша) – белгілі бір сөз формаларының әртүрлі түбірден жасалуы.
Тембр( франц. Timbre – ыдбыс әуені) – дыбыс дірілімен байланысты негізгі тон мен көмекші тонның көтеріңкілігі және күші жағынан өзара қарам-қатынасынан туатын дыбыс сапасы.
Термин (лат. terminus - шекарк) – ғылымның арнайы саласындағы ұғымдщы білдіретін сөз не сөз тіркесі.
Терминотогия (лат. terminus,грек. Logos - ілім) – ғылым, техника, өндіріс, білім саласындағы терминдердің жиынтығы.
Тон (грек. tonos – дауыстың көтерілуі, жоғарылауы) – сөйлеу кезінде дыбыс ырғағының (діріл мөлшерінің) көтеріңкілігі. Тон негізгі және көмекші болыр екіге бөлінеді. Көмекші тон обертон деп аталады.
Тон(грек. Tonos – дауыстың көтерілуі, жоғарылауы) – сөйлеу кезінде дыбыс ырғағының (діріл мөлшерінің) көтеріңкілігі. Тон негізгі және көмекші болып екіге бөлінеді.
Топонимика (грек. topos – орын және onyma – есім, атау) – географиялық атаулардың қызметін, маңызы мен шығу тегін, құрылысы мен шығу тегін, құрылысы мен тарау шеңберін, белгілі уақытта дамуы мен өзгеруін зерттеумен айналысатын ономастиканың бөлігі.
Транскрипция (лат. transcriptio – көшіріп жазу) – сөз дыбыстарын хатқа түсіру әдісі.
Транслитерация (лат. trans – арқылы және littera - әріп) – қайсібір тілдегі текстерді не сөздерді басқа графикалық жүйе арқылы жазу.
Трифтонг (грек. triphthon –qos – үш дауыстыдан тұратын мүше) – бір буынды құрайтын үш элемененттен құралған күрделі дауысты.
Увуляр дауыссыздар (лат. uvula – тілше, кішкене тілше) – кішкене тіл арқылы айтылатын көмей дауыссызи: Ч.
Фарингал дауыссыздар (грек. pharyngos - жұтқыншақ) – орыс. фарингальные согласные – көмей дауыссыздары.
Филология (грек. Philoloqia – сөзді сүю) – гуманитарлық пәндердің кешені, олар: тіл білімі, әдебиеттану, текстология, палеография т.б.
Фонема (грек. Ponema – дыбыс, дауыс) – тілдегі дыбыстық қатарды құрайтын бірлік.
Фонетика ( грек. Phonetikos – дыбыстық, дауыстық) – тілдің дыбыстық қырын зерттейтін тіл білімінің бір саласы.
Фонограмма (грек. phone – дыбыс, gramm - жазу) – 1) сөздің дыбыстық құрамын нақты ажыратып көрсетуге қызмет ететін грфикалық таңба, сөз дыбыстарының таңбасы; 2) дыбыс, үн жазылған пластика (табақша, кішкене білік (валик)).
Фонограф (грек. phone – дыбыс, grapho - жазамын) – дыбыс жазуға арналған ескі аспап.
Фонология(грек. Phone- дыбыс және logos – сөз, ілім) – тілдің дыбыстық қатарының құрылысы мен қызметінде болатын заңдылықтарды зерттейтін тіл білімінің бір саласы.
Форма (тұлға) – 1) тілдің сыртқы жағы.
Фразеологизм (фразеологиялық бірлік) – семантикалық тұрақты байланысты болатын сөйлемдер мен сөздердің тіркесуі.
Фразеология (грек. phrasis – сөйлем және loqos – сөз, ілім) – 1) тілдің фразеологиялық қорын зерттейтін тіл білімінің бір саласы; 2) фразеологиялық қор. Тілдегі фразеологизмдердің жиынтығы.
Фрикатив дауыссыздар (лат. fricatus - үйкеліс) – орыс. фрикативние согласные – ызың дауыссыздар. Сибилянт дауыссыздар.
Фузия (лат. fusio – қосылған жер) – морфонологиялық құбылыс.
Ішкі флексия орыс. внутренняя флексия – түбірдегі дыбыстардың алмасуы. Ол – сөздің лексикалық мағынасына әсер етпейді, бірақ оның грамматикалық мағынасының өзгеруіне ықпалын тигізеді. Түбірдегі дыбыстық алмасулар Еуропа тілдеріне, араб тіліне тән құбылыс. Қазақ тіліне тән емес.
Экзотизм (грек. exotikos – бөтен, шет жерлік) – жырақ жатқан белгілі бір елге, этносқа тән, тұрмысқа, салт-дәстүрге байланысты сөздер.
Экскурсия (лат. Excursio – әрекет жасау) – дыбыс артикуляциясының алғашқы фазасы, сөйлеу мүшелерінің дыбыс жасауға артикуляциялық бейімделуі, ыңғайлануы.
Эксплозия ( франц. Exclosifs – шұғыл, үзілу) – жабысыңқы дауыссыздар, шұғыл дауыссыздар.
Элизия (лат. elision – ығыстыру, шығарып тастау) – 1) ілгері тұрған сөзде соңғы дыбыстың жоғалуы. Торала (торы ала), мынауыл (мына ауыл).
Эмфазалық екпін(грек. emphasis – мәнерлілік) – орыс. Эмфатическое ударение – сөйлем ішінде бір сөздің бір дыбысын ерекше көтеріп, құбылтып айту арқылы жасалады. Мысалы; қуаныш, қанағыт сезімін білдіруде.
Энклитика (грек. enklitike - еңкейемін) – ритмикалық бір бүтін топ құраған сөз тіркесінің құрамындағы өз екпінін жоғалтып, екпін түсетін сөзге жапсарлас айтылатын сөз.
Эпентеза (грек. epenthesis - қыстырылу) – фонетикалық, морфологиялық өзгерістердің әсерінен сөз ішіне дыбыс қосылып айтылуы.
Эпитеза – сөз соңынан дыбыс қосылып айтылуы. Мысалы, абстракты.
Этимология (грек. etymo – loqia, etymon – ақиқат және сөз, ілім) – 1) сөздің шығу тегін зерттеумен айналысатын тіл білімінің саласы; 2) сөздің шығу тегін анықтаүдағы зерттеу тәсілдері; 3) сөздің шығу тегі.
Этимон (грек. etymon - ақиқат) – сөздің бастапқы тұлғасы мен мағынасы.
Этнолингвистика (грек. ethnos – халық, тайпа және лингвистика) – тілді мәдениетпен, тілдіқ этномәдени және этнопсихологиялық факторлармен байланыстыра қарастыратын тіл білімінің бағыты.