Семинар сабағына дайындық әдістемесі
“Семинар” терминінің түпкі тамыры “seminarium” – білімдерді егуші деген бұрынғы сөзден шыққан. Оқу үрдісі жүйесіндегі семинардың форма ретіндегі орны мен спецификасын мынадай жағдайлармен анықтауға болады:
біріншіден, семинарлар теорияларды терең зерттеуге, студенттердің бойында өз бетінше шығармашылық ойлауды қалыптастыруға біршама жақсы мүмкіндікті білдіреді;
екіншіден, семинарлар – бұл жас оқытушылардың педагогикалық іс-әрекеті басталатын, оқу формасы;
үшіншіден, семинардың жетістігі оқытушыларға да, студенттерге де тәуелді.
Осыдан шыға отырып, семинардың, практикалық сабақтардың қызметтері туралы және тіпті олардың субординациясы жайлы да мәселелер бүгін де педагогтар, методисттер, психологтар үшін пікір-талас тудыратын мәселе болып табылады.
Семинардың негізгі қызметтерін былайша көрсетуге болады:
оқу-танымдық қызмет – дәрістерде және өз бетінше жұмыс жасау барысында алынған білімдерді бекіту, кеңейту және тереңдету;
оқытушылық қызмет – ел алдында сөйлеу мектебі, материалды таңдап алу және жалпылау дағдыларын дамыту;
ояту қызметі – біршама белсенді және мақсатқа бағытталған жұмысқа дайындық күйін талдау негізінде ояту;
тәрбиелеуші қызмет – дүниетаным мен сендірудің қалыптасуы, өз бетіншелікті, ғылыми ізденісті, орындаушылықты тәрбиелеу;
бақылаушы қызмет – студенттердің білім деңгейін және өз бетінше жұмысының сапасын бақылау.
Семинар сабақтарын өткізу формалары әртүрлі. Олардың ішіндегі біршама кең тарағандары мыналар:
бақылау-оқыту семинары, оның барысында фронтальды сұрақтама, жазбаша сыныптық бақылау жұмыстары өткізіледі. Басты мақсат – оқушылардың максималды түрде толық бақылау.
оқыту семинары, онда зейіннің орталығы студенттердің өз бетінше баяндауы, кеңейтуші және толықтырушы дәрістік материал болып табылады;
шығармашылық семинар, ол пікір-талас, пресс-конференция, диспут, елдің алдында реферат қорғау формаларында оқушылардың шығармашылық өз бетіншелігін максималды қамтамасыз ету;
практикалық сабақ, ол нақты әдебиетті зерттеу бойынша, іскерлік (рөлдік) ойындар түрінде, компьютердің көмегімен тапсырмаларды шешу, экскурсиялар немесе ғалымдармен, практиктермен, оқытушылармен және басқа жоғарғы оқу орны студенттерімен кездесі түрінде өткізілуі мүмкін.
Семинар сабағының жетістігі мен тиімділігіне оқытушы мен студенттердің жақсы дайындығымен қол жеткізуге болады. Оқытушының дайындығы теориялық және әдістемелік аудандарды біріктіреді. Теориялық тұрғысынан алғанда, оқытушы жоспарды терең түсінуі және семинардың мәнін қалыптастыруы керек, ол әдебиеттерді зерттеп, ең маңызды және күрделі сәттерді айқындауы тиіс. Әдістемелік тұрғыдан алғанда, ол семинарды өткізудің жалпы әдістемесін де, алда тұрғанның әдістемелік ерекшеліктерін де толық білуі қажет.
Студенттер семинарға дайындалғанда семинардың тақырыбымен және жоспарымен танысады, оның мәні мен әдістемелік ерекшеліктерін айқындайды, баяндама жасауға материалдар жинақтайды. Қиындықтар мен мәселелер туындаған жағдайда студенттер кеңес алуға келеді (топтық және индивидуалды). Осылайша, практикалық сабақ, семинар ұсыналған әдебиеттерді өз бетінше оқудың нәтижесі болып табылады, ол еркін жағдайда пікір алмастыруға, әлі толық айқын емес және көрген нәрселерін анықтауға мүмкіндік береді.
Семинар сабақтарының әдістемелік құрылғысы.
Сабақтың тақырыбы.
А) Тақырыптың курс бағдарламасындағы негіздемесі мен орны.
Б) Сабақтың мақсаты мен міндеттері: танымдық, тәрбиелік, дамытушы, әдістемелік.
В) Аталған тақырып бойынша әдебиеттерді таңдау.
Семинарды ұйымдастыру формасы:
Сұрақ-жауаптық;
Әңгімелесу;
Баяндамалар;
Жазбаша рефераттарды талқылау;
Пікір-талас;
Рөлдік ойын және т.б.
Сабақтың жоспар-конспектсін құрастыру, онда қарастырылып отырған мәселені шешу барысында негізгі тақырыпты, міндеттерді, қарама-қайшылықтарды бейнелейді.
Талқыланған тақырыптың резюмесі.
Семинар сабағының өткізілгеннен кейінгі барысының талдамы.
Лекция