Деби жанрлар туралы түсінік

АЗАҚ ӘДЕБИЕТІ

1.Экзистенциализм және әдебиет немесе өмір сүру философиясы (лат.өмір сүру) буржуазиялық философиядағы иррационалистік бағыт бірінші дүниеж.соғыстан кейін Германияда, екінші дүниеж.соғыстан кейін Францияда т.б., елдерде буржуазиялық интеллегенцияның ой елегіне сай дүниеге көзқарасты қалыптастыру мақсатында ХХ ғасырда пайда болды. Ол адамгершілік құндылықтармен тұтынушылық қажеттіліктің тасасында қалған техногенді, индустриалды қатыгез қоғамға қарсылық ретінде туындады. Э. негізгі өкілдері М.Хайдаггер, К.Ясперс, Н.А.Бердияев, Ж.П.Сартр, Г.Марсель, А.Камю, сондай-ақ олардың идеялық қолдаушылары: Августин, Ф.Шеллинг, С.Кьеркогор, т.б. Э.еуропа әд.ң театрдың басқа да өнер аслаларының дамуына ықпал етті. Қорқынышқа байл көп шығ туындап, оны жеңу адамгершілік құндылықтарды адам тірш баянсыздығы тұрғысынан қарастыру басты тақ айналды.Э.бағыты өкілдерінің көзқ б.ша:Өзіндік МЕНІН түйсіну және өзгемен санасу адамды саналы әрекетке жетелейді. Э.Креккегор діни миссиялық ілімі. Э. діни және атейістік болып бөлінеді. Экзистенционалисттердің пікірінше рационалды ойлаудың негізгі кемшілігі обьекті мен субьектіні қарама қарсы қою принципіне сүйеніп, бүкіл дүниені тіпті адамның өзін тек зерттеу обьектісі түрінде ғана қарауында. Сөйтіп бостандық жеке адамның еркі туралы мәселе Э. түсінігі бойынша тек этикалық тұрғыда түсіндіріліп оның этикалық мәні, әлеуметтік мәні еске алынбайды.

Б.Кенжебаев қазақ әдебиетінің тарихын зерттеуші.(1904-1987ж)

Оңт Қаз обл, Бөген ауданы,Жалғызағаш ауылында балалық шағы жалшылықпен өткен.Ол жастар жетекшісі Ғ.Мұратбаевтың жәрдемімен Ташкенттегі №14жетім балалар үйіне орналасады.1921-1925ж Мәскеудегі шығыс еңбектері коммунистік университетінде,1938-42ж М.Горкий атындағы әдебиет институтында,1939-42ж Қазақ мем.кунив журналистика фак білім алады.Сыншылдық,ғалымдық жолы 1925жылы КУТВда оқып жүріп,шағын «Абай»мақаласынан басталады.Осы ізденіс кейін күрделі зерттеулерге ұласты.1946ж «Сұлтанмахмұттың ақындығы» тақырыбында канд дис.я қорғады.Ол «Сұлтанмахмқттың ақындығы» (1949ж) «Сұлтанмахмұт Торайғыров»(1957ж) «С.Т-зерттеу6тану мәселесі»(1968ж) «Қазақ халқының жалынды ақыны» (1973ж) атты зерттеу еңбектерін жариялады.Әр жылдары С.Тор.ң шығармалар жинағын шығарды. «Қазақтың ХХғасыр басындағы демократ ақын жазушылары» деген тақырыпта 1959ж докторлық дис.я қорғады. «Асау жүрек» «Шұғылалы күндер суреті» атты деректі көркем шығармалар жазған.Ф.Панферовтың «Бейбітшілік үшін күрес»,Б.Полевойдың «Нағыз адам туралы аңыз» Ф.Гларковтың «Балалық шақ» Е.Малызевтың «Шын жүректен» секілді шығ қазақ тіліне тәржімалады.

Біржан – Сара» айтысы

Біржан мен Сара айтысы — айтыс өнерінің озық үлгілерінің бірі. Айтыс 1895 ж. қазіргі Алматы облысының Қапал-Ақсу өңірінде Біржан Қожағұлұлы мен Сара Тастанбекқызы арасында өтеді. Бұл айтысты ең алғаш 1898 ж. Қазанда “Қисса Біржан сал менен Сара қыздың айтысқаны” деген атпен Жүсіпбек қожа Шайхисламұлы жариялады. Кейін Зайсаннан 2-нұсқасы табылып, “Біржан сал мен ақын Сараның айтысқаны” деген атпен Қазанда жеке кітап болып басылды. Айтыстың алғашқы нұсқасы — 969 жол, 2-нұсқасы — 1080 жол. Әріп Тәңірбергенұлы жазған тағы бір нұсқасы 1907 ж. жарық көрді. 1918 жылға дейін бұл үлгілер сегіз рет, Кеңес өкіметі тұсында он бір рет жарияланды. Сөйтіп, ел ішіне жазбаша да, ауызекі де таралып келді. Айтыстың жарық көруіне, таралуына, өңделіп сарапталуына Сара, Жүсіпбек қожа, Әріп ақын елеулі үлес қосқан. Біржан мен Сара айтысы сол тұстағы қазақ әйелдерінің бас бостандығы мәселесін, адамгершілік пен әділдікті, шындықты өзекті де әлеум. тақырып етіп көтереді. Екі ақын өздері тұрған екі өңірдің жақсы-жайсаңдарын кезекпе-кезек сараптай отырып, олардың сан алуан адамгершілік қасиеттері мен келеңсіз іс-әрекеттерін жайып салып, оларға халық талабына сай келетіндей баға беріп отырады. Сонау қияндағы Сарыарқадан Сараны жеңемін деп Жетісуға келген Біржан сал ә дегеннен амандасу рәсімінің өзін бойында дос тұрмақ дұшпан кемітер бір міні жоқ сұлудың, шебер ақын, шешен қыздың бетін қайырып, жігерін жасытып алуға пайдаланбақ болады. Бірақ білімді де ақылды қыз Хауа анаға Адам атаның өзі келгенін “Хиссас-ул-Әнбиядан” оқып білгенін дәлел етіп ұсынады. Мұндай жауапты күтпеген Біржан қатты тосылса да, сөз кезегін әрі қарай жалғастыра береді. Қос жүйрік бұдан әрі жалпы ақындық өнер, адам бойындағы сан алуан қасиеттер, ел дәстүрі, байлық, салтанат, ел басшыларының іс-әрекеттері секілді мәселелерді сөздеріне арқау етеді. Айтыс алғашында рулық бағыт алса да, кейін дәстүрлі арнадан ауытқып, жүйелі өнер сайысына, көркем де кестелі сөз жарысына айналады, қазақ қоғамындағы әлеум. қарым-қатынастың адам өміріне әсері, тұрмыстың мән-мазмұны философиялық ой-толғамдармен қосыла өріліп, өз нақышын тауып жатады. Айтыста халқымыздың әдептілік пен әсемдік туралы пікірлері, эстет. талғам-талаптары кең көрініс тапқан. Осының бәрі Біржан мен Сара айтысының 19 ғ-дағы қазақ халқының болмыс-тіршілігін жан-жақты суреттейтін көркем туынды екенін айқын аңғартады. Біржан мен Сара айтысы атақты екі ақынның арасындағы сөз айтысы ғана болмай, айтыс өнеріндегі көркемдік қуаты, тіл бейнелілігі жағынан ерекше эстет. талғам биігінен көрінген айтыстың үздік үлгісі ретінде қазақ ауыз әдебиетінің тарихынан ерекше орын алады. Айтыс негізіндегі Қ.Жұмалиевтің либреттосы бойынша 1946 ж. М. Төлебаев “Біржан — Сара” операсын жазды.

1995 ж. маусым айында Біржан мен Сара ауылына 100 жыл толуына орай Көкшетау мен Талдықорған облысының суырып салма ақындарының айтысы өтті.

деби жанрлар туралы түсінік.

Жанр- әдеби шығармалардың жеке түрлері көркем әдебиеттің салалары. Көркем әдебиет – арнасы кең көп салалы өнер.Әдебиет туындыларының құрылыс-қалпы мағыналық сыйымдылығы көркемдік- сипат- белгілері әр алуан бола береді.Сондықтан әдеби шығармалардың жүйесін тауып жіктеп- топтауға түр-түрге бөлу үлкен мән береді. Орныққан жүйе бойынша әдеби шығармалар негізінен 3 топқа бөлініп жіктеледі: эпостық жанр, лирикалық жанр, драмалық жанр. Бұлар әдебиеттің 3 үлкен саласы 3 тармағы.

Эпостық жанр. Мұнда өмір шындығы негізінен уақиғаны баяндау арқылы көрсетеді. Уақиғалар кейәпкерлердің іс-әрекеттері өмірдегі болатын обьективті болмыс қалпында алынып, бейнеленеді,жазушы тек баяндап жеткізуші ретінде көрінеді.Бұл жанрдың шығу тегі ауызша поэзиядағы халықтық жыр эпостық поэмадан басталады.Жазба әдебиетінде эпостық жанрдың роман, повесть, әңгіме сияқты түрлері және сюжетті поэманың жаңа түрі пайда болды.

Лирикалық жанр. Мұнда өмір шындығы адамның әр түрлі құбылыстарды жәй- жағдайларды қалай қабылдап – сетінін бейнелеу,оның ой-сезімін алған әсерін суреттеу арқылы көрсетіледі.Лириканың басты сипаты ақынның тұлғасын бейнелеген Өмір құбылыстарын соның көңіл- күйі ой- сезімі тұрғысынан қарап білеміз. Орыс әдебиетінде кең тараған лирикалық шығармалардан элегия, эпиграмма, ода,толғаныс секілді түрлерін атауға болады.Қазіргі поэзияда лирикалық шығармаларды топтап жіктегенде, саяси – әлеуметтік лирика, көңіл-күй лирикасы, табиғат лирикасы т.б

Драмалық жанрдың ерекшелігі – мұнда уақиғаны баяндау да, болған жағдайды адамның қабылдап сезінуі арқылы көрсету де бар. Шығармаға арқау болатын- өмірлік,тартыс,уақиға, ал уақиғаның барысы қалай дамитыны кейіпкерлердің сөйлеген сөзінен аңғарылады. Бұл жанрдың негізгі түрлері трагедия, комедия, драма ерте дәуірде қалыптасып театр өнерінің дамуына байланысты кейін жаңа сипат белгілермен толықты.Осы 3 салаға жататын әр жанрдың түр-түрлерін де поэма мен романды немесе трагедияны жанр д.а

Трагедияық пафос

Трагедия (грекше tragoidia – текенің әні) – құдіретті күш иесі, ғаламат қайсар, ақиық ер де өр тұлғалардың жаратылыстағы, жалпы өмір тіршіліктегі адам жеңіп болмас асыңқы, асқақ кедергілермен кескілесіне, оның жан дүниесіне терең тебіреністерге, өзімен−өзінің іштей арпалыстарына құрылған күрделі сахналық шығарма. Трагедиядағы оқиғалар әдетте қатерлі, қайғылы халден туындап тұтасады да, бас қаһарманның қазасымен – мұңмен, зармен – бітіп отырады.

«Трагедия – поэзияның шыңы, ─ Илья Сельвинский. Сөз өнерінің барлық түріне трагедия тигізетін құдіретті ықпал бағзы заманнан бері әмбеге аян. Бүкіл оркестордың бар екпінін өз уысына ұстап тұратын контрабастың байыпты философиясы секілді трагедия пафосы да әдебиет дәрежесін ұлы дәуірдің иығына көтеріп тұрады». Осы пікірде үлкен шындық бар.

Трагедия ежелгі Эллада елінде, адам баласының сәби санасы іңір қараңғысындай Миф тұтқынына тұрған тұста, көне гректерге көктем сайын жүзім мен шарап шаттығын сыйға тартатын теке тұрпатты Дионис құдайдың құдіретіне бас ию сауығы мен салтанатынан туғаны белгілі. мұндай сайранды ұйымдастырушы топ хор боп қосыла жамырап, Дионис туралы аңыз – трагедия (трагос ─ теке, одэ ─ ән), яки текенің әнін орындайтын болған. Келе-келе текенің әнін орындаушылар түсін бояп кәдімгі теке түрінде киініп, қимыл-қозғалыстары арқылы қалың жұртқа текенің азабы мен ажалын көрсеткен. Одан жұрт үрейленген, өлген текені аяған. Трагедия дүниеге о баста осылай келген. Кейін бұл шын мәніндегі театр өнеріне айналған.

Дүниежүзлік драматургияда трагедияның тұңғыш классикалық үлгілерін көне грецияның ұлы драматугтері Эсхил ( б.з.б. 525-456жж.), Софокл( б.з.б. 496-406жж.), Эврипид (б.з.б.480-406жж.) туғызған. Бүгінгі өмір сүргіш қауымда, айталық, «трагедия атасы» Эсхилдің «Бұғауланған Прометейі» мен «Парсыларын» немесе «Орестея» трилогиясын, Софоклдың «Эдип патшасы» мен «Антигонасын», Эврипидтің «Медеясы» мен «Электрасын» білмейтіндер кем де кем шығар. Сайып келгенде осылардың бәрінің пафосы ─ адамға тән сана мен сезімнің күшін, адамның ұлылығы мен рухани сұлулығын дәріптеу.

Батыс Европа мәдениетінде трагедия Ренессанс дәуірінде дамыды: Англияда Марло мен Шекспир, Францияда Корнель мен Расин, Германияда Гете мен Шиллер туғызған кең тынысты эпикалық сипаттағы ұлы шығармаларда адамға тән керемет құштарлықтар мен өшпенділіктерге толы трагедиялық образдардың небір тамаша типтері бар. Пушкиннің «Борис Годуновы» мен «Шағын трагедияларынан» да бүтін бір образдар галереясын жасап алуға болар еді. Ал, И. Сельвинскийдің «Командарм2» мен Вс. Вишневскийдің «Оптимистік трагедиясы» ─ бұл жанрдың орыс совет әдебиетіндегі, М.Әуезовтың «Еңлік ─ Кебегі» мен «Қаракөзі», Ғ. Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш – Баян сұлуы» мен «Ақан Сері –Ақтотысы» - қазіргі қазақ әдебиет үлгілері.

Ә.Тәжібаев шығармашылығының басты салалары мен негізгі бағыттары.

Ә. Т. 1909 жылы Қызылорда қаласында туған. Бала күнгі сезімтал Әбділданың көрген-естігенін, оқып-білгенін, көңілінде тоқып қалғанын, оның кейінгі кемелді ақындық творчествосынан көру қиын емес. Ә. Тәжібаевтың алғашқы екі жинағының аты «Жаңа ырғақ», кейінгісі «Лирикалар» деп қойылуында белгілі мағына бар. Жаңа ырғақ, нәзік лирикалық әуен барған сайын Әбділда поэмасында үстемдік ала береді. Осы жылдар Әбділда поэзиясында «мен» деген үн пәрмендірек шығатын болды. Бұл оның өз замандас ақындарының ерекшелене бастаған творчестволық бағыты лирикалық сарынның бекем нығайғандығының белгісі еді. Әбділда поэзиясында бас көтерген «мен» өмір құбылыстарын өзінің жүрегінен өткеріп, шынайы сезімге бөлеп, ұсынатын «мен». Сондықтан, ол жан жүйесі толқып айтады, сыр етіп ағынан жарылып айтады. Ақын лирикасындағы осы бір өзгешелік бастан аяқ белең беріп, осы күнге дейін жылма жыл жетіліп, кемелденіп келе жатқан, тұрақты сипаты Әбділда поэзиясында жаңадан өріс алған енді бір сала – ерлік, бірлік, достық. Отан қорғау тақырыптарынан құралатын сала. Тәжібаев поэзиясындағы осы сарын соғыс жылдары терең арнаға құйылып, жаңа қарқын, жаңа қуат алды. Бұл кездегі «Ленинград», «Майданнан хат», «Сырласу», «Жас қазақ» т.б. өлеңдері мен «Дос туралы» поэма Тәжібаев творчествосына тың тақырыптар қосып, ақын поэзиясының жауынгерлік, патриоттық рухын одан әрі көтерді. Алайда ақынның соғыс тұсындағы өлеңдерінің көпшілігі оның өзіне тән ыстық лебімен, нәзік сыршылдығымен, нақты суретшілдігімен көз тартып, көркем әсер етеді. Соғыс жылдары Әбділда бейбітшілікті көксеген адамның табиғи сезімін нәзік бейнелеген «Қос қарлығаш» өлеңін жазды. Адамға қысылғанда болысатын бейкүнә құстың бейбітшілік аңсаған арманын суреттеу арқылы ақын сұмдық қысталаң кездегі адам жүрегінің бір заматтық жылы сезімін өте шебер, өте әсерлі бейнелеген. Ақынның сүйікті тақырыбы – туған жер туралы соңғы жылдары тағы жаза бастады. Мұнда да ақын жастық пен кәрілік, уақыт пен отан, ақын мен халық деген мәселелерді сабақтас алып, салмақты ойлар мен сырлар түйеді. Соңғы он жыл бойында айырықша толысқан, кемелденген лирикасының ең басты сипаты не деген сұраққа поэзиялық мазмұнының маңызды салмақ алуы поэзиялық идеясының биіктеп, ой пікірінің тереңдеуі деп жауап беруге болады. Ә. Тәжібаев поэзияда бастан аяқ екі саланы қатар қуып келеді. Ол – қысқа көлемді лирика мен ұзақ сарынды поэма саласы. Поэма саласындағы ақынның ең алғашқы туындысы –«Құлғара». Бұл поэманың көзге түскен бір ерекшелігі – көлемінің шағындығы, өлеңінің жаттықтығы, тілінің құнарлылығы, ал кемшілігі - өз кезіндегі үлгіге айналған тәсілден аспауы. Бұрын езілген жалшының совет өкіметі тұсында байдан теңдік, өш, кек, алуы әсіресе кәмпеске тұсында ірі байларды аластап тануы – схемаға айналған сюжеттік тәсіл болатын. Ақын осы схемадан шықпай, жалпы сүрлеумен кеткен қаһарманының жан дүниесін, құбылысын терең ашып көрсете алмаған. Ә. Тәжібаев өлең поэмалар жазумен қатар, өзінің «Өмір және поэзия » атты зерттеу еңбегінде қазақ лирикасының тарихына, Ж. Жабаев, А. Тоқмағамбетов, Т. Жароков, Қ. Аманжолов, С. Мұқанов туралы, қазақ драматургиясының сол кездегі жай-күйі жайлы, қазақтың әнші ақындарына, әсіресе Абай өлеңдеріне кеңірек тоқталып өтеді. Яғни бұдан ақынның зерттеушілік қырын да байқауға болады.

Наши рекомендации