Тақырыбы: Жалпы және арнаулы қабілеттер диагностикасы.
Жоспары:
1.Қабілет және оның түрлері
2.Гильфорд пен Торренстің шығармалық пен инттелектуалды қабілеттің зерттелу әдістемелері.
Философияда «қабілеттерді» тұлғаның белгілі бір әрекетті орындауға жағдай жасайтын жеке ерекшеліктері дей келе олар қоғамдық-тарихи іс-әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратынын атап көрсетеді.
«Қабілет» ұғымына берілген психологиялық анықтамалар саны өте көп. «Қабілеттер» деп әрекеттің талаптарын қанағаттандыратын және үлкен жетістіктерге жеткізетін адамның қасиеттерінің синтезін атайды» (А.Н.Леонтьев), «Қабілеттер» - білім алуға қажетті адамның психологиялық ерекшеліктері» - дейді А.В.Петровский , «Қабілет» - іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі орындауында көрінетін адамның жеке қасиеті», - деп жазады академик Т.Тәжібаев , «Қабілеттер» - адамның іс-әрекеттің белгілі бір түрін орындай алу мүмкіндіктері» - деген де анықтама бар.
Қабілет мәселесіне байланысты әдебиеттерге шолу жасау арқылы оның дамуының төмендегідей тарихи кезеңдік сатыларын байқауға болады:
· Қабілетті туа біткен және интеллектуалды құбылыс деп құрастыратын түсініктердің қазіргі кездегі жеке адамның құрылымы ретінде, оның дамуына табиғи және ортаның әсері бар деп қарастыратын жаңа теориялық концепцияларға енуі де көп жағдайды айтады.
· Қабілеттің негізгі компоненті ретінде жоғары интеллект және творчество – жеке адамның мүмкіншілігін көрсетуді, өзін-өзі іске асыруды қамтамасыз ететін даму көрсеткіші болып табылады.
· Қабілеттің негізінде творчестволық потенцияла, оның таным мотивацияларының басымдылығымен, психикалық процестердің жылдам дамуымен, творчествоға ынталылығымен, жаңа бейне құра алуға икемділігімен сипатталынатын түсіндірме концепциялары алынады.
· Қабілет – адамның өмір сүру барысында іс-әрекетте дамиды, осыған сәйкес қабілеттің дамуына әлеуметтік орта арнайы жағдайлар құру арқылы оның жедел дамуына әсер етуге болатындығын дәлелдейтін ой-пікірлер болып табылады.
Сондай-ақ зерттеуге методикалық өзек болған еңбектер – Б.М.,Теплов, Б.Г.Ананьев, В.С.Мерлин, Небылицин, П.Я.Понамарев, П.К.Энгельмейер, П.Торренс, Дж.Гильфорд, Г.Хейманс, Е.Вирсма, Дж.Рензулли, Э.Боно т.б. жұмыстары болды.
Шығармашылық және интеллектуалды қабілеттерді диагностикалауға бағытталған тестілік тапсырмаларды осыған ұқсас өзгешеліктердің болуы – шығармашылық қабілетті көрсетуге арналған идеалды жағдайлар төмендегілерден тұрады деген ойға итермелейді: шектелмеген уақыт ішінде қойылған мәселе бойынша жұмыс істей отырып, зерттелінуші міндетті өзі қояды, шешу тәсілін өзі таңдайды, осының негізінде зерттелінуші тек субъективті емес, сондай-ақ объективті жаңа бірнеше өнімді тудыра алады.
Тесттердің көпшілігі баланың креативтілігінің дамуына әсер етеді, бірақ мұнымен бірге ірі қиыншылық болады, онда баланың жауабын бағалау өте қиын.
Бала қандай да бір потенциалмен туылса да, интеллект мінез*құлық формаларының дамуы үшін қажеттілік, өзі өмір сүретін ортамен өзара әрекеттестік байланысын дамытумен оны жетілдіру арқылы жүзеге асады.Интеллект коэффициентін Стенфорд-Бине тесті бойынша және Векслер шкаласы бойынша өлшеуге болады. Творчестволық ойлаудың өзгешелік белгілері болғандықтан және интеллектімен бірдей болмағандықтан, ІQ – 120 – дан жоғары болған жағдайда творчество мен интеллектуалды іс-әрекет арасындағы корреляция жоғалады, себебі творчестволық ойлауда интеллектіге тән ерекшелік болады.
Креативтілік пен интеллектінің өзара байланысы туралы мәселе, креативтіліктің өз алдына фактор ретінде бөліне бастаған кезден бастап қойыла бастады. Гилфорд шығармашылық дарындылық дивергентті ойлау мен ақыл-ойды біртұтастылыққа бағыттайды. Гилфорд өзінің көптеген еңбектерінде ақыл-ой мен креативтіліктің өзара байланысын ашып көрсетуге тырысады. Оның айтуы бойынша интеллект нәтижелі дұрыс түсінуді және жаңа материалды меңгеруді анықтайды, ал дивергентті ойлау шығармашылық өнімді анықтайды.
Гилфорд креативтіліктің 4 негізгі факторын бөліп шығарады:
1. Сонылығы – қашықтағы ассоциацияларды, ерекшелікті жауаптарды жасай білу қабілеттігі.Тестілер:
1) бір мәтін беріледі, тексерілуші оған барынша көп ат қою керек.
2) бірнеше болжамдық жағдаят суреттеледі, тексерілуші оның аяқталатынын баяндауға тиісті.
2. Семантикалық иілмелілігі – объектінің функциясын бөліп және оны жаңадан қолдануға ұсыну қабілеттілігі. Тестілер:
1) 5 объект беріледі, бірақ оның біреуімен ғана қойылған міндетті шешуге болады. Мысалы, тапсырма «От жағу» объектілері: а) қаламсап; б) қағаз; в) қалта сағаты; г) лампочка; д) шарик. Жауабы: қалта сағаты, себебі оның әйнегі арқылы қойылған мақсатты орындауға болады.
2) екі объект беріледі, екеуін қосып пайдалы үшінші объект жасау керек.