Жүкті болған кезде жеке бас гигиенасын сақтаудың үлкен маңызы бар
Күнделікті душ немесе ванна өте пайдалы, өйткені ол жүкті әйелге бәсеңсуге және денесін әсіресе жыныс органдарын тазалықта ұстауға, мүмкіндік береді. Өте ыстық ваннаға түсуге болмайды, сондай-ақ бұл кзеңде ыстық моншаға барудан бас тарткан дұрыс.
Жүкті әйелдің киімі мен аяқ киімі қолайлы және денесін, әсіресе кұрсақ көлемін қыспауы қажет. Аяқ киім өкшесі биік болмауы керек. Бұл кезеңде емшек тартқышқа (бюсгальтерге) үлкен мән беріледі. Жайшылықта жүкті кезде әйелдердің кеудесі өседі, сондықтан емшек тартқыш емшектің көлеміне сай болуы керек. Жүктіліктің екінші жартысында сүт бездерінен уыз бөлінуі мүмкін. Сөйтіп, ағза емшекпен тамақтандыруға дайындық үстінде. Бұл кезде емшек тартқышқа емшектің ұшын қорғау үшін мақтадан жасалған қаптағыш салған дұрыс. Жүктіліктің соңғы айларында жатырдың дұрыс жағдайын сақтау және құрсақтың алдыңғы қабатының қатты созылуының алдын алу үшін бандажды пайдалану ұсынылады. Бандажды дұрыс пайдалану туралы кеңесті дәрігерден алуға болады. Алғашқы 4-5 айда арнайы киімге қажеттілік болмағанмен, 5 айдан кейін киім тарыла бастайды. Жүкті әйелдің өзін жақсы сезінуі үшін арнайы, әдемі, жарасымды киім киуі керек. Жүкті әйелдің киімі белі жоғары әрі кең тігілген, кеудесі қыспайтын, қозғалысқа ыңғайлы болуы дұрыс. Матасы мақта, бөз секілді табиғи өнімдерден, яғни мүмкіндігінше, синтетикалық бұйымдарды қолданбаған жөн.
Жүктіліктің қалыпты жағдайында барлық дәрігерлер жыныстық қатынастарға рұқсат береді. Бірақ, жүктілік мерзімі ұзарғанда іштің үлкендігі кейбір қолайсыздықтар туғызуы мүмкін. Бұл жөнінде дәрігермен кеңескен дұрыс.
Жүктілік кезінде шамадан тыс шаршап-шалдықпағаның үлкен маңызы бар, ауыр салмақты көтеруге және алып жүруге, дененің сілкінуіне байланысты жұмысты атқаруға болмайды.
Қыдырулар жүкті кезде үлкен рөл атқарады, өйткені әйелдің көңіл-күйінің жақсаруына әсер етеді, жүкті жағдайдағы әйел гимнастикасының қарапайым әдісі, астың жақсы кортылуына себеп болады. Қыдыруларды міндетті түрде жиі-жиі таза ауада өткізген дұрыс.
Жүктілік кезінде әйел жеткіліктің дем алуы керек. 8-9 сағатқа созылатын түнгі ұйқы кезінде әйел өз күшін толық мәнде қалпына келтіруі керек. Сонымен қатар күндіз де дем алғаны абзал.
Әйелдер консультациясында байкалудың жүкті әйел үшін үлкен маңызы бар. Тек дәрігер ғана организм жағдайының ерекшеліктерін есептей отырып керекті еңбек және демалу тәртібін белгілейді, жүктілік барысындағы ауытқуларды, ауруларды дер кезінде анықтайды, сәйкес емдеу тағайындайды. Жүктіліктің алғашқы айларынан бастап әйелдер консультациясына барып және дәрігерге үнемі қаралып тұру керек. Жүктіліктің бірінші кезеңінде дәрігерге көріну аса жиі емес айына 1 рет, содан кейін 7-8 айлар көлемінде айына 2 рет және босану алдындағы ақырғы айда апта сайын. Әйелдер консультациясының дәрігері керекті зерттеулердің барлығын өткізеді, әйелді босануға дайындайды, әйелдер босанатын үйге өзімен бірге не алу керек екені туралы да айтып береді.
Алғашқы кезеңде жүкті әйелде жеріктік байқалуы мүмкін. Аяқ астынан талғампаз немесе жиіркеншек болып кетеді. Адамға күнделікті 2000 калория керек болса, жүкті әйелдерде бұл көрсеткіш 2500-2800 калория шамасында болады. Алғашқы кезеңнен бастап өз ағзасы талап еткен, қалаған астан жеуі, құнарлы тамақтар, сүт, айран, сүзбе секілді ағарған, дәнді дақылдар, ет, балық, теңіз өнімдерінен мол пайдалану керек. Көп тамақ жеу міндетті емес, аз-аздан болса да құнарлы, жиі тамақтанған жеткілікті. Жеміс-жидек пен көкөніс түрлерін ас мәзіріне кеңінен қолдану, әсіресе, жергілікті өнімдерді сатып алуға көңіл бөлген жөн, жемістердің түріне емес, нәрлілігіне көңіл аудару керек. Көктемгі уақытта жаңа шыққан көкөністерді пайдалануға тырысу, әсіресе, өткен жылғы картоп, асқабақ секілді көкөністерден бас тарту қажет. Жалпы өте майлы немесе өте ащы аспен, консервантты дайын тамақтармен, кофе, кола, тәттімен көп әуестенбеген жөн. Темекі тартпақ түгілі, тартқан адамдардың қасында отыру дұрыс емес. Ішкілік, нашақорлық – баланың денсаулығын тікелей зақымдайтын у. Ондайды бала көтермей тұрып, ең болмағанда, бір жыл бұрын доғару қажет.
Дәрумендер мен минералдарға келсек, денсаулығы жақсы аналардың дұрыс тамақтануы, яғни ас мәзірінің түрлілігі, дәрумендер мен минералдарға бай ет, сүт, дақыл мен көкөніс түрлерін кеңінен қолдануы жеткілікті саналады. Баланың даму барысына әсер ететіндіктен, дәрумендер қажет мөлшерден аз болмауы керек. Қандай да болмасын дәрумен, дәрі-дәрмек тек қана дәрігер бақылауында қабылданады. Тіпті бас аурудың, тұмау дәрілерінің немесе мазьдардың да плацентадан балаға өту қаупі болуы мүмкін, сондықтан қай дәрігерге болмасын көрінген жағдайда жүкті екенін ескерту керек. Дәрі міндетті түрде қабылдануы керек жағдайда ең қауіпсіз түрі – мүмкін оңтайлы фитотерапия немесе басқа әдістерді қолдану жеткілікті.
Жұмыс істейтін жүкті әйелдің күтімі, тамағы жақсы болуы керек. Зиянды делінген орталарда – компьютермен, улы заттармен, сәуле-газдармен жұмыс немесе ауыр өндірістерде, құрылыста, күні бойы түрегеп істейтін жұмыстарда жүкті әйелдің жұмысын жалғастыруы жөнінде дер кезінде оңды шешім шығару керек. Ал үйде отырған әйелдердің керексіз кикілжің, кереғар ойлардан алыс болғаны жөн. Бөлмені теледидар, компьютер секілді зиянды сәулелі заттардан арылту қажет. Демалыс, жақсы ұйқы, жеңіл душ (ыстық ваннаға түсуге болмайды!), таза ауада серуендеу, көңіл-күйді көтеретін ойындар пайдалы болмақ.
Токсикоз психологиялық жағдаймен тығыз байланысты дейді мамандар. Кейбір (көбінесе жұмысбасты) әйелдер 9 айдың қалай өтіп кеткенін байқамай қалуы, ал кейбіреулер үшін әрбір айдың жылдай созылып кеткендей көрінуі мүмкін. Қалай болғанда, себебі анықталмай отырған осы құбылыс жүкті әйелдер арасында көптеп кездеседі. Тамаққа қарай алмауы, құсуы, жиіркенуі, үнемі лоқсуы артқан жағдайда әйелдің ауруханада емделуіне тура келеді. Мамандар ертеңгілік крекер жеудің, таза ауада жүргеннен кейін тамақтанудың, кейде жылы ванна қабылдауды ұсынады. Адамдардың дауысына, түріне, теледидар немесе музыкаға, жеке адамдарға, тіпті кейде күйеуіне қарай алмайтын, лезде лоқсып, құса бастайтынын айтып шағымданатын әйелдер де кездеседі екен.
Жүктіліктің соңғы кезеңінде қол-аяқтың ісінуі, салмақтың қатты артуы, денедегі сұйықтықтың жиналуына байланысты келеңсіздіктер туындауы мүмкін. Мұндай жағдайдың гестоз деп аталатын соңғы кезеңнің ауыртпалығы болғандықтан дәрігердің қырағы бақылауы қажет. Мұндайда қан қысымының жоғарылауы өте қауіпті болуы мүмкін. Дәрігердің айтқандарын екі етпеу керек. Сұйықтықты азайтуды, арнайы ас тұзсыз диетаны қолданған ең дұрысы.
Жұбайлар қатынасы – бала ана құрсағында жатып, 3-4 айларда-ақ сыртқы дыбыстарды естіп, сезіп өседі. Әкенің, айналадағылардың даусын ажыратады. Баланың дамуына ең көп әсер ететіні – ананың көңіл-күйі мен жайлылығы, отбасындағы бірлік пен береке, жылы қарым-қатынас болып табылады.
Жаттығулар мен курстар – жүктілік кезінде шаршап болдырудың дұрыс болмағаны секілді, түк қимылдамай, жатып алу да теріс әрекет. Әр кезеңге байланысты арнайы жаттығулар жасау керек. Бұл тіпті босану кезінде пайдалы болып табылады, әрекетсіз әйелдердің толғағы ұзағырақ болады, босану барысында бұлшық еттерге күш түсіп, келеңсіздіктерге душар болуы ғажап емес. Жүктіліктің соңғы кезеңінде босану барысын жеңілдету, жаттығулар белгілеу, жалпы мағлұмат беру мақсатында жұмыс атқарып жатқан арнайы курстардың бар. Осындай курстарға жазылып, тым болмаса 1 апта қатысуға тырысқан абзал.
Бала психологиясы — жас ерекшелігі психологиясының негізгі бөлімі. Ол адам өміріндегі тұтас бір кезең болып табылатын балалық шақтың психикалық даму заңдылықтарын зерттейді. Жас ерекшелігі психологиясының іргетасы болған Бала психологиясы 19 ғасырдың аяғында дербес пән ретінде өмірге келді. Бала психологиясының негізін қалаған — неміс ғалымы В. Прейер. Ол Бала психологиясын зерттеуде тұңғыш рет интроспекция әдісінен объективті бақылауға өтуді жүзеге асырды. В. Прейердің “Бала жаны” атты кітабы (1882) — Бала психологиясын жүйелі зерттеуді бастап берген психол. еңбек. Бала психологиясының пәні — балалық шақтағы психикалық дамудың жалпы заңдылықтарын онтогенезде ашу, осы дамудың жас кезеңдері мен оған өту себептерін анықтау. Бала психологиясы үшін басты мәселе — баланың психикалық дамуының факторларын, психикалық даму шарттарын түсіндіру. Психология ғылымында баланың психикалық дамуын түсіндіретін теориялар шартты түрде 2 үлкен бағытқа бөлінеді:
1) биогенетикалық;
2) социогенетикалық.
Бұл бағыттар бір-бірінен бала дамуының негізіне қандай факторды (биологиялық не әлеуметтік) алуымен ерекшеленеді. Бала психологиясы баланың дүниеге келгеннен мектеп бітіргенге дейінгі уақыт аралығын қамтиды (балалар психологиясы, бастауыш сынып оқушылары психологиясы, жасөспірімдер психологиясы, балаң жас психологиясы). Бала психологиясындағы “балалық шақ” ұғымы ғасырлар барысында өзгеріп отырды. Әлеуметтік-мәдени құбылыс болып табылатын “балалық шақ” ұғымы нақты тарихи сипатқа ие. Оның мазмұны қоғамдағы тәрбиелеу жүйесіне, этномәдени ерекшелікке байланысты. Бала психологиясында жалпы психологияның негізгі әдістері жас ерекшеліктеріне орай өзгертіліп қолданылады. Мысалы: бақылау мен эксперимент (лабораториялық, табиғи, қалыптастырушы) және тестер, әңгімелесу, іс-әрекет нәтижесін талдау, т.б. Бала психологиясының қалыптасуы мен дамуына зор ықпалы тигізген ағым — педалогия. Баланы біртұтас зерттеуді мақсат тұтқан педалогия қазіргі Бала психологиясының құрамына енген көптеген ғылыми мағлұматтар мен күні бүгінге дейін маңызын жоймаған психология концепцияларды өмірге әкелді. Бала психологиясының мәселелерін зерттеумен айналысқан орыс психологтарының көрнекті өкілдері осы педалогия саласында қызмет етті
Психикалық даму шарттары. Даму - баланың қоғамдық - тарихи тәжірибені игеру процесі. Адам мен жануарлардық психикасы үздіксіз даму күйінде болады. Алайда жануарлар дүниесі мен адамның даму процестерінін сипаты мен мазмұны сапа жағынан ерекшеленеді. Адам мен жануарлардың психикалық функциялары шығуы жағынан да, құрылымы жағынан да теңесе алмайды. Жануарлар психикасы дамуының басты механизмі - биологиялық бекіген тәжирибенің тудым қуалап берілуі. Соның негізінде жануардың сыртқы ортаға дара икемделуі өріс алады. Адамның психикалық функцияларының ерекшелігі сол олар баланың қоғамдық – тарихи тәжірибені игеру процесі үстінде дамып отырады. Бала адамдар дүниесінде, адам заттары дүниесінде, адам заттары дүниесінде, адамдар қарым-қатынастары дүниесінде өмірге келіп, тіршілік етеді. Оларда қоғамдық практика тәжірибесі қалыптасқан. Баланың дамуы дегеніміз осы тәжірибені игеру процесі болып саналады. Бұл процесс үлкендер жағынан үздіксіз басшылық болған жағдайда, яғни оқытуда жүзеге асырылады.
Адамның жоғарғы формалардағы психикалық іс-әрекеті жанама сипатта болады. Адамдар ежелден-ақ еңбек әрекеті, оқыту процесінде т.б. белгілі бір мәліметтерді жеткізу және сақтау құралы ретінде ерекше заттарды шартты бейнелеулерде, белгілерді пайдаланып келген. Белгілер мен сөз адамдардың іс-әрекеті мен оларды оқыту процесін дәнекерлейді. Демек, бұл құралдардың пайда болуы, дамуы, соның ішінде мәдениеттің де дамуы, алдымен, психиканың тарихи даму процесін сипаттайды. Бұл құралдарды игеру жеке дара даму процесін анықтайды. Бала адамзат тарихында қалыптасқан тәжірибені игереді. Баланың ойлауы, есі, қабылдауы тілді, іс-әрекетің белгілі бір тәсілдерін, білімді т.б. игерумен айтарлықтай сабақтас.
Адамзат тарихында іс-әрекетті жүзеге асыру құралдарды ғана дамып қоймай, осы құралдарды, қоғамдық тәжірибені кейінгі ұрпаққа жеткізудің ерекше жолы да қалыптасып, дамып, күрделене түсті. Бұл ерекше жол - оқыту, ол қоғамдық тәжірибені берудің бағытталған және ұйымдастырылған әдісі болып табылады. Оқыту, сонымен, баланың психикалық даму процесінде айқындаушы роль атқарады.
Психиканы дамытудың биологиялық шарттары. Адам психикасы дамуынын, негізгі ерекшеліктерін биологиялық заңдармен, жетілу, тұқым
Нәрестенің гигенасы.Бала туу үрдісінде қадағалайды. Туған нәрестелерді қалай емізу керек екені тыс қалмайды. Алдағы уақытта сәби дұрыс өсуіне, денсаулыгана бақылау жасап отырады. Мектепке барған жасына дейін бала психогигиенаның бақылауында болады. Мектепте оқып жүрген шағында да, оның жүктемесі қатаң бақылауда болады. Кейін профессия тандау проблемасы да психогигиенасыз өтпейді. Алкоголь мен шұғылданбауына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді. Тіпті махаббат проблемаларыменде психогигиена айналысады. Психогигиена қартайған адамдардың психологиясынаы да сырт қалтырмайды. Әсіресе қарт адамдарға жастарды жақсы қарауға шақырып отырады.