Тақырып: Ғылыми зерттеулердегі жалпы әдіснамалық принциптер

Детерминизм принципі

Даму принципі

Ізгілік принципі

Детерминизм принципі. Субъект категориясы ролін мойындауда дитерменизм принципі механикалық линиядағы түсінікті жеңудің күрделі үрдісінен бұрын болған субъект парадигмасының үстемдігі ғасырдың басында физикада қиындыққа ұшыраса да, психологияда үстемдің құруын тоқтатпады. Алға үңіле отырып, жаратылыстану ғылымдарында тұлғаның әлеуметтік дитерминациясы принципіне жүгіне отырып, отандық көзқарас бойынша механикалық дитерминация әлеуметтік детерминацияның шешуші ролі идеологиялық мойындауға, маркстік идеологияға негізделді деп айтуға болады. С.Л. Рубинштейн жаңа, психика табиғаты спецификасына жауап беретін, деретминизм түсінігін қалыптастырды. Осындай принципке сәйкес, сыртқы жағдайлар нысанның мәнін және оған ықпал етуші нәтижені бір мағыналы етіп емес, ішкі жағдайлар арқылы анықтайды. Бір құбылыстың екінші құбылысқа әрбір әсері, С.Л.Рубинштейн бойынша, осы әсер ету болып отырған сол құбылыстың ішкі қасиеттері арқылы түсіндіріледі. Бұл ықпалдың нәтижесі немесе пән тек құбылыс пен тәнге байланысты емес, сонымен қатар оған ықпал етіп отырған табиғатқа да байланысты. Адамның өміріне үңіле отырып, біз психикалық құбылыстың оның тканіне оратылып, себепші болған және себепші болатын, өмір жағдайларына тәуелді адамдар тәртібі секілді екенін көреміз.

Замануи қоғамда адамның жеке қасиеттерінің әлеуметтік өзгерістерінің шамаластығын іздеудің өзекті мәселесі пайда болды. Модернизация идеологиясы ғылыми білім жағдайына, ғылыми білімнің тәжірибемен байланысына, кәсібилік рольдік арттырылуына негізделеді. Осы міндеттердің барлығы акмеологияның тұлға туралы ғылым ретінде мәселелерді шешуіне бағытталған. Адамның жетілу идеясы әрдайым оның көзқарасында күрделі әлеуметтік дәуірдің өзінде де болған. Бірақ акмеологияның арқасында бұл гуманистік идея өз әлеуметтік сұрауын тапты-ол тұлғаның жетілуінің міндетін өнер үшін өнер принципі бойынша емес, Б.Г. Ананьев аса көрегендікпен жазғанындай, оның өмір күшін нығайту үшін шешеді. Шың қозғалысы, құзіреттілік, кәсібилік әлеуметтік қажеттілікке айналды.

Акмеологияның міндеті- басқару парадигмасын өзгерту. Ол осы жеке- психологиялық ресурстар жетілу мүмкіндігімен бірге, тұлғаның күрделі жағдайларда осыларды қолдана білу қабілетінің де мүмкіндіктерін ашады. Заманауи қоғамда тұлға өзінің орны мен ролін анықтауына мүмкіндік бере алатын әлеуметтік есею дәрежесін және құзіреттілік пен кәсібилік дәрежесін, және өз бетімен әрекет ете білу дәрежесін анықтауы тиіс.

Даму принципі. Даму принципінің түрлі формаларында бір жағдайда үндестік негізі басым болған болса, кей жағдайда өмір жолында адамның дамуы кезеңдеріндегі кейбір қарама-қайшылықтар басым болды. Соған қарағанда, тұлғаның үйлесімді дамуы принципін сынауда даму пропорционалдығы мәселесін шешпеуі тиіс. Отандық психологияда «даму гетерохронності», «сензетивтілік» түсінігінің сәйкес келу- сәйкес келмеу сипаты ретінде бекігеніне де көп уақыт болды. «Гетерохронность» түсінігі даму әркелкілігі мен түрлі психикалық қызметтердің даму қарқынын білдірді. Осы классикалық болып кеткен екі түсінік өз негізінде үйлесімдік, сәйкестік принципіне ие.

Л.И. Анцыферова ерекше көрсетіп отырған дамудың диахрониялық сипаты дамудың екі түріне- прогресс және регресске бөлінеді. Соңғысы тұлғаның қалыпты құрылымының бұзылуын, үйлесімсіздікті , даму бағытының шектелуін сипаттайды.

Тек соңғы жылдары ғана екі даму принципінің құрастыру бағыттары бір-біріне жақындай түсті: дамуды статильді ретінде түсіну және С.Л. Рубинштейннің айтуынша, айқындалып, дами бастайтын тұлғаның даму қызметі. Онтогенездік зерттеулерде түрлі жас ерекшеліктеріне байланысты даму шектері, кедергілер, даму тұйықтарын орнатуға талпынған. Тұлғаның қызметтегі дамуын саралауда, ақыр соңында еңбек сипатына байланысты даму мүмкіндігіне шек қойылған уақытқа дейін, еңбек пайдалылығы идеясына сәйкес келетін оптимистік көзқарас басым болды. Әрбір қызмет түрі тұлғаны дамыта алмайтыны бойынша балама формула пайда болды. Онтогенез бойынша заманауи еңбектерде жас ерекшелік критериилері мен қызмет ерекшеліктерімен даму ерекшеліктері байланысады. Т.В. Карсаевская белгілегендей, вербалдық интеллектпен байланысты өрлеу жес ерекшелік шегіне ие емес. Жазушылар, аудармашылар, актерлер өздерінің шығармашылық әлеуетін өмірінің соңына дейін сақтайды.

Гуманизм принципі Акмеология базисін құраушы әдіснамалық принциптердің соңғысы болып гуманизм принципі танылған. Ең қысқаша түрде, осы адам дамуында негізгі принциптің жалпы философиялық- әдіснамалық мазмұнын аша отырып, қоғам арқылы бастапқыда мұраттар категориясы немесе құндылықтың қызығушылық, мақсат, және осыдан барып адамның осы мақсатқа жетуді көздеуі бойынша түсінік құрастырылғаны туралы айтуға болады. Соңғы идея шынайылық пен идеалдық, әлеуметтік қатігездік, адамның қасірет шегуі мен құндылыққа негізделген мұраттар арасындағы қарама-қайшылықтарды белгілеу ықпалы арқылы пайда болды. Сондықтан да адам тек құндылықты «таратушы» ретінде ғана емес, сонымен қатар, шынайылық пен идеалдық секілді екі күшке қарсы тұрушы ретінде де көрінеді. Кант адамның осы адамгершілік қасиетін-қажеттілік, қатігездік әлемінен биік болуды және адамзаттың жоғары заңы бойынша өзінің тәртібін анықтауды көрсете білді. Замануи экзистенциализм, ең алдымен М. Хайдеггердің айтуынша, осы баламаны дерексіздік астракция ретінде емес, керісінше, белгілі адамның болмысы жалғыздықтан, күтімсіз болудан тұратын өмір жағдайын бейнелеген. Экзистенциализм мейірімділік пен зұлымдық абстракциясынан шегіне, адамгершілік мәселесін күнделікті өмірге қосты. Бірақ, ол, шешім кілтін ұсынбай тұрып, істің жағдайын белгіледі. Жасырын түрде ол мұраттарды сақтау жолдарын, оның ішінде, өмірде кездесетін мәселелерге қарамастан олар үшін күресе білу қабілетін сақтауды көрсеткен. Бірақ тұлғаның құндылығын, оның абыройы мен руханилығын қайта қалыпқа келтіруді де санадан, құндылық абстракциясынан емес, тұлғаның құндылық-эмоционалдық негізін қайта қалыпқа келтіруден бастаған дұрыс. Осылайша, құндылық принциптері мен гуманизм тұлға қолдауының үш нұсқасын көрсетуге мүмкіндік береді: 1.Оның сапасын субъект ретінде және өмір қарама-қайшылықтарын өз бетімен шеше білу қабілеттерін мойындау: 2.«Құқықтарын теңестіру», оның интеллектуалдық мүмкіндіктерін, санасын өзекті ету; 3.Өз мүмкіндіктерін ашуда жаңа деңгейге көтетерілу жағдайын тұлға үшін модельдеу. Кез-келген жағдайда акмеологияның міндеті адамды қоғам немесе еңбек талап ететін деңгейге, немесе өзі орнатқан дәрежеге дейін дамыту емес, өзі үшін дамытудан тұрады. Акмеологияның гуманистік міндеті адамның дәлдігіне, өзіндік жүзеге асырылуының толықтығына әрекет етуден тұрады.

Дәріс

Наши рекомендации