Азақ әдебиетіндегі постмодернизм көріністері
Қазіргі эстетикалық ой жүйесінде постмодернизм әдісі кеңінен талданып, сөз болып жүр. Әрине оны әдіске жатқызамыз ба, жоқ па ол да әлі күнге шейін шешімін таппай келе жатқан мәселенің бірі. Соңғы жылдары жарық көрген ғылыми әдебиеттерде постмодернизм бірде идеология, кейде өнердегі ағым, енді бірде өнердегі әдіс, кейде тіпті дәуір, кезең ретінде де қарастырылып жүр.
Философиялық сөздікте «постмодернизм жаңа тарихи жағдайларға байланысты өзінің алдындағы модернизм идеологиясын реттеуге, түзеуге бағытталған ХХ ғасырдың екінші жартысында пайда болған көркемдік және мәдени идеология» деген анықтама берілген. Мұның мәнісі, екінші дүние жүзілік соғыстан кейін модернистік бағытты әлеуметтік, саяси және эстетикалық жағынан тоталитаризм мен басқыншылық, зорлықшыл идеяларға қатысы бар, сол тоталитаризм мен билікшіл топтың сойылын соғады деп айыптады.
Постмодернизм деген сөздің шығу тегі латынша post – соңғы, кейінгі және французша modern – жаңа, қазіргі, үлгілі деген сөздердің бірігуінен пайда болған.
Ең алғаш рет «постмодернизм» деген термин 1914 жылы Р. Панвицтің «Еуропа мәдениетіндегі дағдарыс» деген еңбегінде қолданылған. Одан жиырма жыл өткен соң 1934 жылы Ф. Де Онис өзінің «Испан және латынамерикалық поэзия антологиясы» деген кітабында модернизмді теріске шығарушы ұғым ретінде пайдаланған.
1947 жылы әлемге аты танымал тарихшы және философ Арнольд Тойнби «постмодернизм дін мен мәдениетке батыстың үстемдігінің аяқталғанын тұспалдайды» деп мәдениеттану тарапынан өзіндік баға берген болатын.
Ал 1971 жылы әдебиеттануға «постмодернизм терминін алғаш енгізген америка ғалымы» Ихаб Хассан болды. Негізгі постмодернизмнің пайда болған жері де Америка болып саналады. Ол алғаш рет постмодернизмнің өнердегі жалпы сипатына шолу жасап, талдап, жіктеп көрсетті.
1979 жылы жарық көрген француз ғалымы Ж.Ф. Лиотардың «Постмодернистік ахуал» деген еңбегінде постмодернизмнің пайда болуы мен негізгі белгілерінің алғышарттары жан-жақты қарастырылды.
Постмодернизмнің пайда болуы туралы екі түрлі көзқарас бар. Біріншілері ХХ ғасырдың екінші жартысында мәдениет пен өркениеттің құлдырауына байланысты дүниеге келген тарихи құбылыс деп есептесе, екіншілері – транстарихи құбылыс, яки әрбір мәдени дағдарыс кезеңдерінде қайталанып отыратын жағдай деп түсіндіреді. Белгілі жазушы Умберто Эко өзінің бір еңбегінде әр дәуірдің өз постмодернизмі бар деп жазған болатын. Кез келген дәуір кезі келгенде бәрібір дағдарысқа ұшырайды. Өткен етектен тартып, күш көрсетіп, қанша жерден бопсаласа да тарихи авангард одан құтылғысы келеді, образсыздыққа шейін жеткізеді. Бірақ бәрінің де шегі бар. Шегіне жеткенде авангардтың да одан әрі барар жері, асар асуы қалмайды. Сонда оны постмодернизм ауыстырады. Егер өткеннің бәрін қиратып жою мүмкін болмаса, онда қайта таразылап, қарастыру керек болады. Ешқайда жалтақтамай, ирониямен елеп, екшеу керек.
Әрине қазіргі мәдениет пен өнердегі Умбертоның орны да беделі де ерекше, бірақ ТМД елдері әдебиеттануында постмодернизмді тарихи құбылыс ретінде қабылдау басымдыққа ие болып отыр.
Сонымен, постмодернизм модернизмге балама идеология іздеуден туды деуге болады. Бұл, негізінен, өнерде жаңа образдар, жаңа материалдар мен құралдар іздеуден көрінеді.
Постмодернизм тек қана Батыс Еуропа немесе Америка елдеріне ғана тән ағым дей алмаймыз. Бүгінгідей жаһандану дәуірінде қоғамдық санадағы құбылыстың бір елмен шектеліп қала алмайтыны да түсінікті жайт. Сондықтан да аталған ағымның өнердегі өкілдерін өзіміздің қазақ арасынан да көптеп кездестіруге болады. Прозада жақсы танылып қалған Дидар Амантай, жас жазушылар Лира Қоныс шығармаларындағы ұлттық құндылықтармен үндеспей жататын кейбір сарындар мен формалық ерекшеліктер соның көрінісі.
Постмодернизм бүгінгі әдебиетшілердің назарына көптен ілігіп жүрген әдеби құбылыс деп саналады. Ол - қазіргі әдебиеттің басты ағымы. Ағымның негізгі сипаттары қандай деген сауалдың да жиі мазалайтыны рас. Мұның бәрі қазақ әдебиетінде де постмодернистік бағыттағы өкілдердің бар екенін, осы бағытта да біраз ізденістер мен сынақтар жасалынып жатқанын және олардың бәрі саналы түрде емес, шығарманың ішкі көркемдік тұтастығынан туындап, ішкі үндестігінен, табиғи заңдылығынан шығып отырғанын да көрсетеді. Олардың дені Т. Әбдікәкімов, Е. Раушан, С. Ақсұңқарұлы сияқты арнайы саналы түрде эксперимент жасап, постмодернистік стиль қалыптастыруға, соған лайықты сөз құрап, ойлау жүйесін жасауға талпынған таланттардың өзіндік табиғи талантынан, суреткерлік шеберліктерінен, көркемдік бейнелеу құралдарын шебер ойната білуінен туындап жатқан даралық сипат екенін ескерген жөн.
Демек, қазіргі өлеңтанудағы көрініп отырған жанрлық өзгерістерге шығарма көркемдігін әр түрлі тропалар жүйесімен тұтастырып тұрған сипатты тануға болады. Өзін-өзі тануға ұмтылыс жасап жатқан ақындарымыздың түрлі ізденіске баруының астарына үңілуге тырыстық.
«Ақын біткен Абылды іздеп өксиді,
Жаратылған қара жүрек Қабылдан» (Маралтай) деп пенде болса да, періштелікке ұмтылған әдебиеттегі кейінгі толқынның көркемдік әлемі сан алуан. Қазіргі лирикадағы сан тарау ізденістердің негізі – шынайы сезінуден, толғанудан туындайтын сезімдерді жеткізе білуден бастау алса, бұл тарапта постмодернист Маралтайдың жаңашылдығы «жүрегіне жұлдыз шашып ойнаған түн», «қобыз тартып қаңқылдап көшіп бара жатқан жан», «даланы бауырына алып құлаған қара түн», «адам тәнінен қонарға жер таппаған періште», «санаға сарыған сайқал тағдыр», «аппақ айдың анарындағы дақ», т.б. бейнелеулерден көрінеді.
Постмодернистік поэзияға тән транслиризм, психолиризм сияқты тәсілдер Маралтай өлеңдеріне жат емес:
Түн мекені түнекке
Серік таппай бойлаған.
Біздің ғазиз жүрекке
Жұлдыз шашып ойнаған.
Түннің мұндай қалпы мен әрекетін ақынның ақындық көзі мен түйсігі ғана аңғарса керек. Таптаурын баяндау мен қалыптасқан дағдыдан өзгеше өрнекке бой ұру келесі жолдарда жалғасын тапқан:
Кексе дүние тұр үнсіз,
Көкке сүйреп көңілді.
Қалатындай ғұмырсыз
Санам санға бөлінді.
Алғашқы шумақтан басталған транслиризм сарыны шумақтан шумаққа өткен сайын күшейе түседі. Сөйтіп ақынның ішкі әлеміндегі құбылысты, психологиялық ахуалды микро-әлемнен макро-әлемге көшіреді. Лирикалық кейіпкер мен кеңістік біртұтас бейнеге айналғандай. Психологиялық сарын мен лиризмнің тоғысуына – психолиризмге қарай бет бұрған келесі шумақтағы бейнелеулердің әсерлілігін пайымдап көрелік:
Құстың тынып шырылы,
Жаным аңсап, егіліп,
Қайыңдардың бұрымы
Жүрегіме төгіліп.
Артық сөз жоқ. Құс шырылын аңсаған мазасыз жан, қайыңның «бұрымына» мекен болған жүрек тосындығымен, шебер үйлесімділігімен санамызды селт еткізіп, жанымызды бір сазға бөлейді. Тылсым сырлы жалғанның ашылмаған құпиясы көп. Сол құпияны шеше алмастан фәниден бақиға көшетін рух тіршілігі тоқтамақ емес. Фәнидегі керуен - өмірдің бейнесі «есік қаққан» қалыпта өлеңге нүкте болған:
Билет
Билет
• Өмірдегі әсемдік пен өнердегі әсемдіктің арасында елеулі айырмашылықтар
• Адамның өнердегі, өмірдегі әсемдікпен сұлулықты танып, ұғынып және оны ажыратып рухани әспеттеп қабылдай білуі эстетикалық тәрбиемен сабақтас құбылыс. Көріктілік пен көркемдікті халқымыз ежелден –ақ қастерлеп сұлулыққа сұқтанбағанның көзі шықсын деп тегін айтпаған. Өнердегі әсемдік өмірдегі әсемдіктен құралады. Бұлардың барлығы бір сөзбен айтқанда эстетика. Өмірде әсемдікті әркім әрқалай түсінеді. Бірі әсемдікті жақсы киініп, тамағы тоқ болып, жақсы сыланып, көзге түсерліктей болып жүру десе, бірі рухани дүниенің баюы, яғни әсем музыка, әсем поэзия, өрнекті проза, біреуге жақсы сөйлеп, ізгілікті іс жасау деп түсінеді. Бұл ойдың екінші нәрсесі дұрыс. Бірінші нәрсе жай адамды уақытша тоқтықта ұстау; екінші нәрсе өнердегі әсемдікпен тікелей байланысты. Олардың айырмашылықтарына келер болсақ: Өмірдегі әсемдік – ақиқат, өнердегі әсемдік ақиқатқа негізделгенімен қиял аралас болады; (өз ойым бойынша жаздым,өз ойларыңды айтсаңдар болады).
• Платонның эстетикалық ойлары
• Өнер мен эстетика мәселелерін өзінше байыптаған көне дүние ойшылдарының бірі Сократтың шәкірті Платон. Әдемілік туралы Платон теориясының философиялық негізі оның бұлжымас, бақи идеялар жайлы идеялистік және мистикалық ілімімен тығыз байланысты. Алайда, эстетикалық қисын қағидалардың қалыптасуына Платонның орны айрықша деп білген жөн. Платон өзінің «Үлкен Иппий» диалогында әдеміліктің анықтамасы ретінде мынадай уағыз ұсынады: жарамды нәрсе пайдалы нәрсе; пайдалы нәрсені тәуір көресің; тәуір көрсең қуанасың; қуаныш дегенің көз бен құлақ арқылы келетін рахатты түйсік: әдемі адамдар, әр алуан әшекейлер, ұлағатты сөздер, әсерлі әңгімелер, музыка, сурет, зергерлік іс, зерделі әрекет, т.б. осылар секілділердің бәрін көресің де естисің, қуанасың да рахаттанасың. Ал ішу, жеу, тағы сондай түйсіктер адамды қанша рахаттандырмағанмен әдемі емес, әшейін ұнамды ғана нәрсе! Бұдан шығатын қорытынды «сұлу нәрсе – сүйкімді нәрсенің көзге көрінер, құлаққа естілер бөлігі». Платонның музыкадағы үш түрлі ырғақ, әдебиеттегі үш түрлі суреттеу тәсілі жайлы пайымдаулары да бізге осы секілді тым «тым жабайы, адам нанғысыз (дәлірек айтқанда: сәбилік), қисынсыз болып көрінеді». Алайда Платонның эстетикалық көзқарастарында «сәбиліктен гөрі» өзгещелеу жат пікірлер де жоқ емес. Оның софист Горгийдің поэзияны алдамшы нәрсе деген пікірін құптай келіп, ақынды өтірікші ретінде түсіндіруі аса ағат нәрсе. «Философ үлкендер үшін, ақын жастар үшін» деген тұжырым, Аристофанда да бар. Бірақ ол бұл пікірді ақындық өнердің эстетикалық әсеріне байланысты айтқан, әйтпесе оған Платонша қол сілтемеген. Сөз өнері жайлы Платон философиясы сын көзбен қарауды қажет етеді.
•
• Көркем шығармашылық және дүниетаным
Әдеби көркем шығарма – белгілі дәуірдегі қоғамдық шындықтың сәулесі. Әр дәуірдің өз шындығы бар. Бұлар бірін бірі қайталамайды. Көркем шығарманы өмірге әкелуде, жазушының шеберлігі мен дүниетанымы маңызды рөл атқарады. Көркем шығарма шындыққа негізделгендіктен, сол шындықты оқырманға жеткізу барысында жазушының әдебиет теориясына қатысты бүкіл жайттардан хабардар болу керек. Орыс зерттеушісі В.М.Жирмунскийдің пікіріне ден қойсақ: «Әдеби туынды бізге картина немесе музыкалық шығарма сияқты көркемдік-эстетикалық ләззат сыйлайды. Біз әдеби шығарманы оқығанда оны қосымша құралдарсыз-ақ түсінеміз. Оған біздің сезім-күйіміз, қабылдауымыз интуициямыз қатысады». Көркем туындыларды өмірге әкелетін автор. Автор жасаушы, шығарушы деген ұғымды береді. Автор жасаушы, баяндаушы объективті әңгімелеуші ретінде көрінеді. Автор жасаушы өзінің шығармасын тудырады. Оның көзқарасы, идеясы, дүниетанымы – сол туындының негізін құрайды. Автор кейде шығармашылық үдерісте өзінің жасайтын мәтініне билігі жүрмей де қалады. Ол сюжет жетегінде көркем шығармасын өзі күтпеген жағдайда дамытады, аяқтайды. Ал, автордың көркем шығармада көрінуі күрделі. Оқырман әрбір шығарманы оқу үстінде, одан авторды іздеп отырады. Әрине, автор көркем мәтінге өзінің ұстанымымен, көзқарасымен тікелей қатысады. Онда ол шығарманың кіріспесінде, эпиграфында, басталуы мен аяқталуында, арнауында, авторлық ескертулерде қатысады. Құрылымы жинақы аяқталған туынды жасау – қаламгердің шығармашылық мақсаты. Автор әңгімелеуші өз кейіпкерінің бейнесіне еніп, олармен бірігіп те кетеді. Сондықтан автор олардың ой сезімдік, білімдік, тілдік дәреже деңгейлерінен асып, өзінше бөлектенбейді, солардың әлеуметтік ортасында бірге жүреді. Мұндай баяндаудың артықшылығы: бірнеше тараптан көрінеді. Біріншіден, кейіпкерді сипаттауға кең мүмкіндік туады, екіншіден, автор өзінің түсінік, көзқарасын оқырманға күштеп таңбайды. Автордың баяндаған жайттарын оқырман өз көзімен көріп отырғандай сезінеді. Бұл баяндауда оқиғалар көрнекі түрде ізбе-із көрсетіліп, оларға аратұра авторлық түсініктемелер беріліп отырады. Мұндай баяндауда уақыттың бірлігі бұзылмайды. Шығарманың кейіпкерлері оқиғаға тікелей араласады. Автор бейнесінің, әсіресе, прозалық шығармалардағы орны ерекше. Егер лирикалық шығармада лирикалық субъектінің көңіл күйі сол субъектінің өзі арқылы, жеке берілсе, драмалық шығармаларда да іс әрекет қатысушы кейіпкерлердің өздері арқылы көрсетіледі. Ал, прозалық шығармаларда осылардың бәрін біреу баяндайды. Кейіпкерлерді сөйлетіп, оларды әр түрлі оқиғаларға қатыстырып отыратын автор сөзінен оқырман санасында автордың өз бейнесі туралы түсінік қалыптасады.
Билет