Темперамент және мінез.

Темперамент дегеніміз–жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимыл–қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады. Темперамент адамның жалпы қозғалысын (мәселен, біреулер шапшаң қозғалады, тез қимылдайды, енді біреулер жай қимылдап, асықпай істейді), психиканың күші мен тереңдігінен де (мәселен, біреу өжет, алғыр болса, екінші біреу керісінше, сылбыр, жігерсіз болады), адамның көңіл күйінің ерекшеліктерінен де (салмақты, тұрақты, жеңіл, тұрақсыз т.б.) эмоция сезімдерінен де (біреуі сабырлы, екінші біреу күйгелек т.б.) жақсы байқалып отырады.

Темперамент туралы алғашқы ой–пікірлер ғылымда өте ерте кездің өзінде– ақ айтыла бастады. Ежелгі Грецияның белгілі ғалымы, дәрігер Гиппократтың (б.э.д. 460–356) еңбектерінде бұл жөнінде біраз пікірлер айтылған. Гиппократтың ойынша, әр түрлі темпераменттер адамдар мен жануарлардың денесінде төрт түрлі сұйық заттарға байланысты болмақ. Мәселен, ағзада қанның пропорциясы артық болса сангвиникалық (латынша “сангиус”-қан), ал шырын басым болса (грекше “флегма”-шырын), флегматик темперамент деп, ал организмде қара өт басым болса, меланхолик (грекше “мелайне- холе”)–қара өт, ағзада сары өт басым болса, холерик (грекше “холе-өт”) темпераменті деп аталған.

Сангвиник темпераменті көңілді адамдарға тән. Ол болашаққа сенімді, әзілкеш болып келеді. Ол тез қызбаланады, бірақ тез сабасына түседі, жақында ғана өзін баураған нәрсеге қызығушылығы тез басылады. Сангвиник көп уәде береді, бірақ өзінің уәдесін орындай бермейді. Ол бейтаныс адамдармен тез және оңай тіл табыса алады. Ақкөңіл және әрдайым көмек беруге дайын тұрады. Оны ауыр ой мен еңбегі тез шаршатады.

Меланхолик темпераменті көңілсіз адамға тән. Ондай адамның әдетте, ішкі өмірі күрделі және ауыр болып келеді. Ол өзіне қатыстыларының бәріне үлкен мән береді, тынымсыз және нәзік жанды болып келеді. Ол көбінесе және уәде берер кезде өзін ерекше бақылай алады, өзі орындай алмайтын нәрсе үшін ешқашан уәде бермейді.

Холерик темпераменті қызба адамға тән. Мұндай адамды «ол өте қызба, шыдамсыз» дейді. Алайда, оның айтқанын жөн санап, дұрыс деп қабылдаса ол мінезінен тез қайтады. Оның қозғалысы шалт келеді.

Флегматик темпераменті салқынқанды адамға тән. Ол ауыр және белсенді жұмыстан гөрі әрекетсізддікке бейім. Мұндай адам әсерлене бермейді, алайда, әсерленсе сол күйде ұзақ болады.

Мінез - әрбір адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктердің жиынтығы.

Психология ғылымында мінез топтастырылып , оның қасиеттері мынадай төрт түрлі жүйеге бөлініп қарастырылады:

- мінездің еңбекке байланысты қасиеттері: еңбексүйгіштік, адалдық , еңбекке жауапкешілікпен қарау , жалқаулық , немқұрайдылық т.б.

- ұжымға , адамдарға қатысты қасиеттер: қайырымдылық , сергектік , талап қоюшылық , асқақтық , менсінбеушілік.

- өзіне - өзінің қатынасы : өркөкректік , даңғойлық , тәкәппарлық , мақтаншақтық , өзімшілдік , қарапайымдылық , кішіпейілділік;

- заттарға қатынасы : ұқыптылық , салдыр – салақтық , заттарды ұстап – тұтуы мен ұқыпсыздығы.

Темпераментпен салыстырғанда мінез жүйке жүйесінің қасиеттеріне ғана байланысты емес, ол адам мәдениеті, оның тәрбиесіне де тәуелді.

Айтылым

3-тапсырма.Үлгіні негізге алып, мәтіннен алған ақпаратпен бөлісіңіз.

ақпарат + (білемін) - (білмедім) Бұл – мен үшін жаңа ақпарат. ˅ (білгім келеді)
       
Ежелгі Грецияның белгілі ғалымы, дәрігер Гиппократтың (б.э.д. 460–356) еңбектерінде бұл жөнінде біраз пікірлер айтылған. Ежелгі Грецияның белгілі ғалымы, дәрігер Гиппократтың (б.э.д. 460–356) еңбектерінде темперамент жөнінде алғашқы пікірлер айтылғанын білемін. Бұл - мен үшін жаңа ақпарат. Бұл туралы толық +ырақ білгім келеді.

Айтылым

4-тапсырма. Мәтіннің мағыналық бөліктерінің тақырыбын анықтаңыз.

Сөйлесім

5-тапсырма. Темперамент түрлерінің ерекшеліктерін салыстырыңыз.

Жазылым

6-тапсырма.«Сөздік картасын» толтырыңыз.

Сөздік картасы

Жаңа сөз  
Жаңа сөздің мәтіндегі қолданысы  
Ассоциация  
Синоним  
Антоним  
Анықтама  
Сөйлем  

7-тапсырма.Сіз орындықта отырсыз, сіздің қасыңызда бас киіміңіз жатыр. Сіздің қасыңызға таныс емес адам келіп, бас киіміңізге отырды. Сіздің әрекетіңіз?

Темперамент және мінез. - student2.ru

БӨЖ:Темперамент типі мен мінез түрлері (SWOT - талдау)

8-9 сабақ

Наши рекомендации