Дау-дамайдың пайда болуы ,дамуы және оларды шешу жолдары

Дау-дамай дегеніміз - қарама-қарсы бағытталған мақсаттардың, қызығушылықтардың, ұстанымдардың, ой-пікірлердің, құндылықтардың қақтығысы. Басқа сөзбен айтқанда, дау-дамай - екі не одан да көп индивидтің немесе топтың қарама-қарсы жақтың белгілі бір мақсатқа жетуіне, қызығушылығының қанағаттандырылуына әдейі бөгет жасау немесе оның көзқарасын, әлеуметтік ұстанымын өзгерту процесі.

Дау-дамайды тудыратын немесе өз еркінсіз осындай жағдайға тап болатын адамдар мәселені тез арада өзіне тиімді етіп шешкісі келеді. Осы жерде “дау-дамайды шешудің жолдары қандай?” деген сауал пайда болады.°р адам өзінің өмірлік жинаған машығына байланысты, өз пайымдауына байланысты кездесіп жатқан конфликтіні өз көзқарасы тұрғысынан шешеді. Адамзат өз тарихында конфликті тудырып, сосын оны шешуден бірталай машық жинаған. Аталған мәселені зерттеп, оны жинақтау ХХ ғасырдың соңына қарай жаңа бір білімнің саласы - конфликтологияның пайда болуына ықпалын тигізеді.Конфликтологияның басты міндеті - тек танымдық теориялық деңгейде ғана емес, тәжірибеде адамдарға конфликтілі жағдайлармен не істеу керектігін түсіндіріп беру.“Егер сіздің өміріңізде конфликт болмаса, қан соғуыңыз бар ма - соны тексеріп көріңіз”, – дейді У.Диксон. Адамның әлеуметтік ортада өмір сүруі, әр түрлі әрекет түрлерімен шұғылдануы үнемі қоғамдағы өзге адамдармен тығыз қарым-қатынаста болып отыратындығын көрсетеді.Дау-дамай, бір-бірімен ренжісу әрбір адамның өзіндік кісілігін, талап-тілегін өзгелердің мойындауын, онымен санасуын талап етуін туады. Осы бағытта әрбір адам өзінің басқа адамдар алдындағы мұқтаждығын қанағаттандырып, өзгелерге бойындағы күш-қуаты мен қабілетін көрсеткісі келеді. Адамдар арасындағы күнделікті қарым-қатынаста бір-бірінің кем-кетігі мен мінезіндегі жағымсыз қылықтарын бетіне айту, не бөтен адамдар арасында әшкерелеу оның наразылығы мен ренішін тудырады. Дау-дамай субúектісіне оған қатысушы индивид, топ не ұйым жатқызылады. Дау-дамай затына нақты материалдық және рухани қорлар, қанағаттандырылмаған қажеттіліктер, тілектер, өзара әрекеттесу субúектілерінің қызығушылықтары жатады, яғни ол дау-дамайдың не үшін пайда болғанын көрсетеді. Дау-дамайлық қатынас деп субúектілер арасындағы өзара әрекеттесудің формасы мен мазмұнын және олардың (субúектілердің) дау-дамайдың аяқталуы мақсатында жасаған іс-әрекеттерін айтады.Дау-дамайлық жағдаят - нақты уақыт мерзімінде дау-дамайдың дамуы. Дау-дамайдың себептеріне қарама-қайшылықтың өрши түсуіне, дау-дамайдың пайда болуына әкелген шарттар, жағдайлар жатады. °рбір дау-дамайдың уақытына және кеңістігіне байланысты сипаты бар. Дау-дамайдың кеңістіктік сипаты: дау-дамайдың пайда болу және көріну сферасы; пайда болу себебі мен жағдайы; көріністің нақты формасы; дау-дамайдың нәтижесі; әдістері мен әрекеттері (субúектілер қолданатын). Дау-дамайдың уақыттық сипаты: дау-дамайдың ұзақтығы, жиілігі, қайталануы, әр субúектінің дау-дамайға қатысу мерзімі және дау-дамайдың әр даму кезеңіндегі уақыт көрсеткіштері. °р дау-дамайдың өзіндік даму динамикасы бар және ол мына кезеңдерден тұрады:дау-дамайға дейінгі қарым-қатынастар, шешілмей жатқан мәселелердің жиналып көбеюі, қарым-қатынастың кернеуліктері;қарама-қайшылықтың өрши түсуі, қарым-қатынаста тұрақты жағымсыз (негативті), кейде агрессивті психологиялық жағдайдың болуы;дау-дамайлық жағдаят, оқиға, субúектілер арасындағы түсініспеушілік және ашық түрдегі дау-дамай;дау-дамайдың шешілуі;

дау-дамайдан кейінгі кезең, дау-дамайға қатысушылар арасындағы қарым-қатынастың жаңа мазмұны мен сипатының пайда болуы

Арым-қатынас

7кезеңнен тұрады

1.Қарым-қатынасқа түсу қажеттігі

2)Қарым-қатынас жағдайы мен мақсаты

3)Өзімен қарым-қатынасқа түсетін адамның тұлғасын бағдарлау

4)

4.Конфликтогеннің типтеріКонфликтогеннің типтері

Конфликтогендерді үш типке бөліп қарастыруға болады:

1) біреуден асып түсуге ұмтылу;

2) агрессияға бой ұру;

3) эгоизмге бой ұру

Оппонентпен жұмыс істеген кезде әлеуметтік қызметкер оның әр түрлі мінезіне дайын болып, агрессивті, эгоистік немесе жалған мейірімділікті көрсеткенде, оның манипуляциясына түспеу қажет. Екіншіден, өзінің эмоциясын азайтып, мәселеден шығу жолын іздестіруге назарын аударту шарт.

Мәселені талқылау кезінде қиындықтар туса, уақытша үзіліс орнатып, жағдаятқа сырттан қарап көру керек. Тәжірибе көрсеткендей, қарсы жақ буырқанған эмоциясын көрсетіп, агрессивті болса, әлеуметтік қызметкер оған еш реакция бермей, өз ойымен жағдаяттан ауып, басқа нәрсені ойлап, оппоненттің жаман сөздерін ойша кішірейтіп, өзін-өзі ұстауы керек. Осындай жағдайда оппоненттің талаптарын қанағаттандыруға тағы бір жол табу үшін әлеуметтік қызметкер оған бірнеше сұрақтар қояды: “Былай істесек қалай болады?”, “Неге осы шешімді қабылдадыңыз?”

12.

1.Эрих Фромның негізгі көзқарастары мен ұстанымдарыЭрих Фромм 1900 жылы Германияда, Франкфуртта дүниеге келді. Фромм жанұясының жағдайы керемет емес еді, ол өзінің ата-анасын “өте тынымсыз”, ал өзін “сондай шыдамсыз бала” деп суреттейді. Еуропада бірінші дүниежүзілік соғыс өрті тұтанғанда, Э.Фромм он төрт жаста болатын. Ол қару алып, соғысуға әлі жас болса да, өзін қоршаған қатыгездік пен иррационалдық мінез-құлыққа таң қалды. Кейіннен ол: “Мен осы соғыстың қалай басталғанын, адамдар тобырының иррационалдық мінез-құлқын және әлемнің астаң-кестең күйін, ұлттар арасындағы түсіністікті білуге құмартқан жас адам едім”, деп жазды. Осы сұрақтардың жауабына З.Фрейд пен К.Маркстың қосқан үлесі көп екені байқалады. З.Фрейдтің еңбектері оған адамдардың өз мінез-құлқының себебін сезінбейтіндігін көрсетіп көмектесті. К.Марксты оқып, ол әлеуметтік-саяси күштер адамдар өміріне қатты әсер ететіндігін түсінді. З.Фрейдтен, К.Юнгтен, А.Адлерден айырмашылығы, Э.Фромның медициналық білімі болмаған. Ол психологияны, философияны, әлеуметтануды зерттеді. Гейдельберг университетінде 1922 жылы философия докторы деген дәрежеге ие болды. Ол өзінің психоаналитикалық білімін кейіннен Берлиндегі психоаналитикалық институтта жалғастырды. 1934 жылы Э.Фромм ұлтшылдық қауіп-қатерден қашуға тырысып, Американың орталық штатына көшеді. Ол жеке іс жүзіндегі жұмыстарын Нью-Йоркта жүргізе бастады. ´зінің ең алғашқы “Бостандықтан қашу” деп аталатын еңбегін 1941 жарыққа шығарды. Ол осы еңбегінде қоғамдық күштер мен идеология индивидиумның мінез-құлқы мен құрылымына қалай әсер етіп, қалай қалыптастыратындығын көрсетті. Келесі еңбектерінің көптеп таралуына себеп болған осы бағыт Э.Фромның дүниежүзілік психоаналитиктер ассоциациясына қосылуына мүмкіндік берді.

өзінің махаббат теориясын Э.Фромм санасыз түрдегі адамның потенциясы ретінде түсінетіндігінен бастайды. Осы процесті ол содан кейін этика, дін, дзен-буддизмдегі өзінің жұмыстарында жалғастырып, аяқтайды. Ол: “махаббат - әр адамның соңғы және шынайы қажеттілігі, адамзат құрылымындағы мәселелердің жалғыз дұрыс және қанағаттанарлық жауабы”, - дейді. Махаббат адамға тән ішкі мән-мағына болғандықтан, Э.Фромм жаңа тарихнамалық принципті алға тартады: махаббаттың дамуына кедергі жасайтын кез келген қоғам адамзат тарихындағы негізгі қажеттіліктерге қарама-қайшы келгендіктен, ақырында құруы керек дейді. Капитализм - тура осындай адамзат табиғатына қарама-қайшы келетін қоғам және Фромның пайымдауынша, өзін-өзі құрту арқылы жоғалуы тиіс. Бүгінгі таңда махаббаттың жоқтығын көру үшін махаббат табиғатын талдаудың өзі жеткілікті және бұған жауапты әлеуметтік жағдай да сынға алынуы қажет. Осымен, ол өзінің махаббат теориясына әкелетін тиімді түйіндерін тұжырымдайды. “Капитализм қоғамында жатқан принцип пен махаббат принципі бір-бірімен сәйкес келмейді. Капитализм махаббат емес, эгоизмді туындатады, егер бүкіл қоғам толығымен, оның экономикалық ұйымдары да, әр жеке адамы да өзі үшін ерекше дүниеге қол жеткізуге тырысуға негізделсе, егер ол эгоизм принциптерінің басшылығына көнсе, онда адам сүйе тұра қазіргі қоғамның шегінде қалай өмір сүреді?” - деп сұрайды Э.Фромм. Капитализм мен махаббат арасындағы қарама-қайшылық Фромды революциялық шешімге алып келді: “Адамзаттың барлық мәселесінің бар дұрыс жауабы махаббат деп түсінетіндердің, махаббатқа салмақты қарайтындардың барлығы біздің әлеуметтік құрылымға тиімді және маңызды өзгерістер қажет екенін түсінуі керек”.

Наши рекомендации