Лекция. Тақырыбы: Бөлімше ұрыста. Взвод қорғаныста.
2. Лекция жоспары:
1. Қорғаныс негіздері.
2. Қорғанысты ұйымдастыру.
3. Лекция мақсаты:
1. Қорғанысты ұйымдастыру ретімен танысу.
2. Қорғаныстағы взвод командирінің және жеке құрамның жұмысын білу.
3. Взводтың қорғаныс ұрысын жүргізу ретімен танысу.
4. Лекция мәтіні:Шабуыл ұрыстың негізгі түрі болып саналады жіне қарсыласты жеңу жетістігінде шешуші мәнге ие болады. Әрбір сарбаз шабуылды барлық күш-қуатымен, өзінің атыс қаруымен, қорғанушы қарсыласты жойып, ұрыста батылдық, белсенділік, тапқырлық көрсетуге тиіс. Шабуыл шапшаң, қарқынды және үздіксіз болуға тиіс, себебі қарсылас жақ аралық шептерде қарсылық ұйымдастыра алмауы керек. Қорғанушы қарсыласқа қарсы шабуыл жүріп келе жатқан бетпен немесе онымен тікелей түйісіп тұрған жағдайда жүзеге асырылады.
Шабуыл тікелей түйісу жағдайымен қарсыласпен қалыпты жағдайдан басталып жер жағдайына байланысты траншеялар, окоптар және басқа жасырын жерлер таңдалынады. Шабуыл алдында сарбаз ұрысқа дайындалуы керек – оның орындайтын шаралары:
-қаруды оқтау-сүңгі - пышағын орнату
-гранатаны дайындау (шығыршығын орнату)
-әрекет етуге ешнәрсе кедергі болмас үшін қаруын, киімін түзеу, реттеу
-траншеядан жылдам шығу үшін тіреуіш ойықша жасау.
Сарбаз ұрыс алаңында жедел адымдап, не жүріп, жүгіріп өтіп, не жер бауырлай жылжып ілгерілей алады. Жылжу тәсілі жердің бедеріне қарсыластың атысының ықпалына және басқа жағдайларға байланысты болады. Қарсыластың бақылауынан таса және оның атысы жетпейтін жерлерден жедел адымдап не жүгіріп өтеді. Жедел адыммен жүріп өтіп жылдамдығы минутына 130-150 қадам болады, ал жүгіріп өту жылдамдығы минутына 165-180 қадамды құрайды. Қарсыласты атып жатқан ашық жерлерінен өту, жүгіріп өтумен іске асырылады. Тасадан тасаға жылдам жүгіріп өту ұзақтығы 5-7 секундтан аспауға тиіс, себебі қарсылас тура атуға үлгірмеуі керек. Тыныстайтын аялдамалар арасындағы жүгіріп өтетін аралықтық ұзындығы жердің жағдайымен қарсыластың атысына байланысты орта есеппен 20-40 адым болуға тиіс. Қарсылас жақ атқылап, жатқан жердің аздаған бөлігін жер бауырлап жылжуға болады. Жер жағдайына байланысты, өскіндердің биіктігімен және шамасы тасаларды пайдаланып жер бауырлап жартылай төрт тағандап, жата қалып бір жағына қарай еңбектеп жылжиды. Ұрыс алаңында жылжу барысында әртүрлі кедергілер, инженерлік тосқауылдар және жердің уланған бөліктері кездесуі мүмкін. Бөгеттен өту барысында аздаған кідіріс болса, онда қарсылас тура атумен шабуылдаушыға біршама шығын әкеледі. Осының бәрін есепке алып, бөгеттен жылдам, ептілікпен өтуі керек.
Алдыңғы шептердегі сым бөгеттерінен және қарсыласты бұзып өтуге саперлер жарылыстар жасап немесе танкілермен өтетін жолдар жасалады. Олардың үстіне алдын-ала тақтайлар, төсеніштер таға басқа заттарды тастап үстінен өтуге болады. Барлық бөгеттерге атыс құралдарымен немесе белгілік миналармен қолдау көрсететінін ұмытпау керек.
Шабуыл барысында автоматтан оқ ату мынадай тәсілдермен жүргізіледі: дүмбіні бүйірге қысып және алға ұмсына ұстап ату.
Алға ұмсына атуды сәл тоқтап немесе тоқтамай жүргізуге болады.
-алға ұмсына атуды жүргізгенде сәл ғана тоқтап, сол аяқты жерге қойысымен бір мезгілде дүмбіні иыққа тіреп, көздеп және түйдектете атып, автоматты қоя беріп, әрі қарай жүрісті жалғастыру.
-жүріп келе жатып оқ атуды жүргізу (тоқтамай) үшін, автоматты иыққа қойып нысанаға бағыттап, жүрісті жалғастырып атыс жүргізу.
Екінші тәсілмен оқ ату тоқтаусыз іске асырылады, ол үшін қолмен дүмбіні оң жақ бүйірге қысып сол қолмен автоматтың құндағынан ұстау керек. Атыс жүргізу барысында автоматты қайта оқтау қозғалысты тоқтатпай жүзеге асырылады. Бөгеттерден өткеннен кейін сарбаз, жүгіріп келе жатып, оқ атып қарсылас қорғанысының алдыңғы шебіне қарай ұмтылуға тиіс. Траншеяға жақындап 25-30 метр қалғанда командирлердің бұйрығымен «Грнатамен ат!» пәрмені бойынша немесе өз бетімен траншеяға граната лақтырып «Ура!» деп ұрандап қарсыласты шабуылдайды. Барлық жарықшақты қол гранаталары (РГД-5, РГ-42) лақтырғаннан кейін 3-4 секундтан соң жарылады, ал танкіге қолданылатын қол гранаталары (РКГ-3, РКТ-3Е, РКГ-3ЕМ), кез-келген кедергіге соғылғанда қас-қағым сәтте жарылады. лақтыру алдында гранатаға тұтандырғыш қойылады.
Шабуыл барысындағы ұрыста басып алған шектерге бекіну барысында, қарсыластың қарсы шабуылын тойтаруға дайындалуда, қорғанысқа көшу кезінде және басқа ұрыс жағдайында сарбаз өзіне жер қазу арқылы окоп қазып, оны жабдықтауы қажет. Өзіне жер қазу кішкентай жарықтық күрекпен жүзеге асырылады. Қарсыластың оғы астында жатып ату үшін жеке окоп қазудан басталады. Окоп топырақтары ойықтан тұрады. Оның ұзындығы 170 см, ені 60 см, тереңдігі 30 см және үйіндінің биіктігі 30 сантиметрге жетеді. Атысқа арналған окоп айналадағы жергілікті жерге сай бүркемеленеді. Оған топырақтың үстіңгі қабаты грунт, шөп, ал қыста қар пайдаланылады.
Келе жатқан беттен шабуылға көшкенге дейін бөлімше взводтың құрамында бастапқы ауданда орналасады. Жеке құрам ЖҰМ (БТР) маңында жайғасады. Уақыт болғандай жағдайда қорғаныш ор, ал ЖҰМ (БТР) үшін окоп қазылады. Бұдан соң ор мүмкіндігінше жабылып, бүркемеленеді. Бөлімше жер үстіндегі және әуедегі қарсыластың шабуылын тойтаруға және оның диверсиялық- барлау топтарын жоюға тұрақты дайындықта болуға тиіс.
Қарсыласпен тікелей түйіскен жағдайынан шабуылға шығу үшін бастапқы жағдай әдетте қорғанушы бөлімшелердің бекінісіндегі немесе бұл үшін шабуыл қарсаңында арнайы қазылған ор (окоп) болады.
Шабуылға арналған бастапқы жағдайда бөлімше қарсыластың ықтимал шабуылын тойтаруға үнемі дайын болу тиіс. Бөлімше бастапқы жағдайға келген бойда бөлімше командирі қарсыласты бақылауды ұйымдастырады да, қарсыластың ықтимал шабуылын тойтару міндетін қояды. Қажет болған ретте бөлімше командирі орды жете жабдықтау және оны қорғанысқа әзірлеу жұмысын ұйымдастырады; ор осымен қатар шабуылға шығу шебі де болып табылады. Шабуыл басталғанға дейін бөлімше командирі жеке құрамды, қару-жарақ пен техниканы алдағы ұрысқа әзірлейді, ал ұрыстың міндетін алғаннан кейін ұрысты ұйымдастырады.
1. Мотоатқыш бөлімшесі взвод құрамында шабуылдайды. Жүріп келе жатып шабуылға дайындалу кезінде бөлімше взвод командирі белгілеген орынға орналасады. Орналасу алаңында бөлімшенің жеке құрамы үшін, әдете, саңылау, ал ЖҰМ (БТР) үшін таса қазылады.
Бөлімше командирі тапсырманы алғаннан кейін оны нақтылап алып, әскери бұйрық береді. Әскери бұйрықта ол: бағдарлар, қарсылас қимылының сипаты, құралы, жағдайы, бөлімше шабуылы бағытындағы оның атыс құралдарының орны, взвод, бөлімше, көршілердің міндеттері және жеке құрамның міндеттерін көрсетеді; оператор көздеушіге – қарудың әр түрінен ату арқылы жойылуға тиіс нысаналарды, жаяуланудан кейін бөлімшеге қолдау көрсету тәртібін; пулемет пен гранататқышқа – бөлімше тізбегіндегі орны, жойылуға тиіс нысаналарды және атыс жүргізу тәртібін; жүргізуші-механикке (жүргізушіге) – қозғалыс бағыты мен тәртібін, бөгеттер мен тосқауылдардан өту ретін нұсқап түсіндіреді. Қажет жағдайда қалған жеке құрамға бөлімше командирі тізбектегі орынды және бақылау және атыс жүргізу ретін; жаяулану орнын; бөгеттер мен тосқауылдардан ату тәртібін, хабарлау, басқару және өзара қимылдау белгілерін; шабуылға дайын болу уақытын көрсетеді.
Егер қарсылас шегіне бастаса, онда мотоатқыш бөлімшесі оны тоқтаусыз, табанды түрде, әдетте, ЖҰМ-да (БТР-да) қуады. Қудалау кезінде жергілікті жер қыртысын шебер қоладынп, бөлімше қарсылас шегінісі жолына шығады да, взводтың басқа бөлімшелерімен өзара қимылдаса отырып, оның қимылын барлық құралдардан атыс жүргізу арқылы қысады және шешуші шабуылмен оған соққы беріп, талқандайды.
Бөлімшенің қорғанушы қарсыласқа шабуылы онымен тікелей түйісу жағдайынан немесе келе жатқан беттен жүзеге асырылады.
Ұйымдасқан түрде алға жылжу, жайылу және бір мезгілде шабуылға шығу маршруты, бастапқы шеп (пункт), жазылу, шабуылға өту, қауіпсіз қашықтау және жаяулау шептері белгіленеді.
Мотоатқыш бөлімше жаяу ретпен маңдайшеп бойынша 50 метрге дейін шабуылдайды.
Жаяу ретпен шабуылдаушы мотоатқыш бөлімшенің ұрыстық реті сарбаздар арасындағы аралық 6-8 метрден (8-12 адым) болатын және ЖҰМ (БТР) болатын тізбектен тұрады.
ЖҰМ-да (БТР-де) шабуылдау кезінде бөлімше взводтың ұрыс желісінде танктердің соңынан 100-200 метр қашықтықта ілесе қимылдайды. Жаяу ретпен шабуылдау кезінде жеке құрам танктердің ұрыс желісінен кейін ілесе, өз артиллериясының атысынан қауіпсіздікті және танктердің ілгерілеуін атыс қаруынан атумен қолдауды қамтамасыз ететін қашықтықтағы тізбекте қимылдайды. Бұл жағдайда ЖҰМ (БТР) жергілікті жердің ой-қырын пайдаланып шептен-шепке (тасадан-тасаға) жетіп өз бөлімдеріне ілеседі де, өз қаруының атысымен қолдауды қамтамасыз етеді, ал кейде тікелей бөлімшенің тізбегінде қимылдайды.
Шабуылда мотоатқыш бөлімшеге шабуыл объектісі және одан әрі шабуылдау бағыты көрсетіледі. Мотоатқыш бөлімшеге шабуыл объектісі окоптардағы немесе тірек нүктесінің басқада фортификациялық құрылыстарындағы қарсылас, сондай-ақ шабуыл бағытында жеке-жеке орналасқан танктер, зеңбіректер, пулеметтер және қарсыластың өзге де атыс құралдары болып табылады. Бөлімшенің одан әрі шабуылдау бағыты взвод міндетінің орындалуы қамтамасыз етілетіндей есеппен анықталады.