Ойлаудың дара ерекшеліктері
Ойлау — өте күрделі және жан-жақты психикалық іс-әрекет, оны сипаттау оңай емес. Адамдардың ойлау іс-әрекетінің айырмашылығы ойлаудың әртүрлі сапаларында аңғарылады. Олардың ішінде бірден бір маңыздыларына жататындар - ойлаудың мазмұндылығы, тереңдігі, тездігі, икемділігі, белсенділігі, сын тұрғысынан кендігі және т.б.
Ойдың мазмұндылығы заттар мен құбылыстар, шыңдықтың салалары туралы сананың пікірлермен және ұғымдармен жеткілікті болу дәрежесін айтамыз. Адамда неғұрлым ой көп болса және неғұрлым әртүрлі болса, соғұрлым оның ойлауы мазмұнды және бай келеді.
Бірақ ойлаудың мазмұндылығы тек бар ойлаудың сапалық жағымен ғана сипатталып қоймайды, сонымен қатар осы ойлауда бейнеленеді. Сондықтан да ойдың мазмүндылығына тек байлығы емес, сонымен қатар оның тереңдігі жатады.
Ойлаудың тереңдігі ойлауда ерекше маңызды касиеттер мен салалар, ерекше маңызды байланыстар мен қатынастар бейнеленеді. Ойлаудың мазмұндылығы байлығы, ал терендігі адамның іс-әрекетімен, оның білімімен тәжірибесімен, қиялының даму дәрежесімен айқындалады.
Ойлаудың мазмұндылығы мен тереңдігі ойдың кеңдігіменде өлшенеді.
Ойлауы өте кең адамдарды біз кей жағдайларда ойлау диапозыны жан-жақты ойлы адам ретінде білеміз.
Ойлаудың кеңдігі адамның тәжірибесіне, біліміне және онымен байланысты қызығуына тәуелді.
Ойлау өз бетімен жұмыс істеу дәрежесіне қарай әртүрлі болуы мүмкін.
ойлаудын дербестігідегеніміз - адамның өзіне жаңа міндеттерді қоя білуі, басқа адамдардың көмегінсіз бүл мшдетгерді өзінің айрықша әдістерімен шеше білуі. Ойлаудың дербестігі ойдың белсенділігінде, икемділігінде, жеке сын тұрғысынан қарауында.
Ойдыңбелсенділігі өзінің жаңа сұрақтары мен міндеттерін қоя білуінде және іздену мен міңдеттерді шешу үшін жоддар мен тәсілдерді табуға талпынуында аңғарылады.
Ойдыңикемділігі міндеттерді шешуде алынған біржақты ескірген тәсілдерден еркін болу ептілігінде, міндеттерді шешудің жаңа тәсілдерін тез ұйымдастыру немесе тандауыңда байқалады.
Сын тұрғысынан ойлауақиқат және жалған ретінде басқаның немесе өзінің ойларын тексеру мен бағалау қабілеттілігінде аңғарылады. Сын тұрғысынан ойлауды айтылған ойлардың практикалық өмірлік құндылығын тексеру ептілігінде аңғарамыз. "Сыни ойлау" - бұл өзінің және басқаның ойларына өте қатаң қарау.
Ойдың ұшқырлығықойылған сұраққа түпкілікті жауаптың қаншалықты уақыттың ішінде алынғандығымен анықталады. Яғни, бұл уақыт қарапайым ойлау үрдісінде біршама қысқа болады, ал күрделі ойлау үрдістерінде ұзақтау болады.
Кейбір адамдарда күрделі ой тәсілдері өте тез іске асады. Бұл адамдар тапқыр, ойдың ұшқырлығымен ерекшеленеді. Басқаларында ойлау әрекеті жай іске асады.
Ойдың ұшқырлығы әртүрлі факторларға байланысты: біріншіден, ойлау үшін қажетті материалды есте сақтау беріктігіне және қайта жаңғырту жылдамдығына, оның ішінде ассоциативтік үрдістердің жылдамдығына, сезімдердің, зейіннің, қызығудың жүйке жүйесінің жағдайларына байланысты.
Екіншіден, ойдың ұшқырлығы біліміне, логикалық формаларды меңгеру дәрежесіне, ойлау қызметінің жаттығуларына, ойлау дағдыларының даму дәрежесіне байланысты.
Үшіншіден, ойдың ұшқырлығы жоғарыдағы жағдайлармен қатар шешуге тиісті міндеттердің сипатына, мазмүнына және қиындық дәрежесіне байланысты.
Ойлаудың күрделі үрдістері. Кейде адам бірнеше жылдар бойы сарылады. Мысалы, И.П. Павлов шартты рефлексті алу үшін 20 жылдан астам уақытын ғылыми-зерттеу жұмысына арнады. Көптеген ұлы адамдар, ғұлама ғалымдар, Ньютон, Павлов ойларының ұшқырлығымен ерекшеленеді.
Психологияда төмеңдегідей қарапайым және шартты түрде ойлаудың түрлерін жікгеу кездеседі: көрнекілік - өрекеттік, көрнекілік - бейнелік, дерексіз (теориялық) ойлау.
Көрнекілік-әрекеттік ойлау.Тарихи даму барысында адамдар алдында тұрған міндеттер алғашында практикалық іс-әрекет түрінде танылып, кейін одан теориялық іс-әрекет бөлініп шықты. Мысалы, алғашында адамдар жер бөлікгерін өлшеуді практикалық түрде үйреңді (қадамдармен және т.б.).
Содан кейін осы практикалық іс-әрекет пен жинақталған білімдердің негізінде бірте-бірте жеке теориялық ғылым — геометрия қалыптасты және дамыды. Практикалық және теориялық іс-әрекет бір-бірімен өзара тығыз байланысты.
Практикалық іс-әрекеттің дамуы нәтижесінде одан өз алдына дербес теориялық ойлау әрекеті бөлініп шықты.
Тек адамзаттық тарихи дамуында ғана емес, әрбір бала психикасының даму үрдісінде осы практикалық іс-әрекеттен гөрі алғашында баланың ойлау әрекеті дамыды.
Мектепалды жас кезеңінде (3 жасқа дейін) ойлау негізінен көрнекілік-әрекеттік.Бала қабылданатын заттар мен құбылыстарды талдайды және жинақтайды, ол қолымен әртүрлі әрекет жасайды. Бұл кезеңдегі балалар өз ойыншықтарын тас-талқан қылып бұзып, қайта біріктіреді.
Алғашқы кезде бала тікелей затпен әрекет ете отырып, міндеттерді шешеді. Бірте-бірте күрделі іс-әрекеттерді, күрделі ойлау міндеттерін шеше бастайды. Мысалы, балалар енді күрделі практикалық іс-әрекеттерді орындауға бейімделеді, болашақ кораблдер мен ұшақтардың моделдерін құрастырады.
Көрнекілік— бейнелік ойлау.Ойлау міндеттерінің мазмұны бейнелік материалдарға негізделеді. Ойлаудың бұл түрінде бала міндетті шеше отырып, заттардың, құбылыстардың, оқиғалардың әртүрлі бейнесін талдайды, салыстырады, жинақтауға ұмтылады.
Көрнекілік - бейнелік ойлау негізінен қабылдау мен елестетулерге негізделуі қажет. Бұл ойлаудың түрі негізінен өнер адамдарына, шығармашылықпен жұмыс істейтін мамандықтың өкілдеріне тән. Атап айтқанда, жазушыларда, суретшілерде, сазгерлерде, актерлерде көрнекілік-бейнелік ес басымырақ келёді.
Мұғалімдер оқыту үрдісінде шәкірттердің көрнекілік-бейнелік есін дамытуға ерекше мөн береді, сабақта көрнекілікті жиі қолдана отырып, балалардың қызығуын, таным ерекшеліктерін дамытуға, ой өрісін, белсенділігін арттыруға, шәкірттердің оқу материалын терең меңгеруіне көмектеседі.
Дерексіз ойлаужалпы және дерексіз ұғымдарда негізделеді. Бұл ойлау екінші сигнал системасының қызметімен байланысты. Алгебрадан есептерді шешуде біздің ойларымыз бен пайымдауымыз дерексіз ойлауға мысал бола алады.
Дерексіз ойлаудың нақтылы ойлаудан жан-жақтылығымен ерекшеленіп қоймайды, сонымен қатар шындықты терең пайымдау арқылы іске асады. Бір ғана пікірде біз барлық заттар мен құбылыстарға қатысты байланыстар және зандар туралы ойлауымыз мүмкін.
Кейбір дерексіз пікірлерде қабылдаулар, елестетулер арқылы болмайтын заңдылықтарды қамти аламыз. Дерексіз табиғат туралы, заң туралы, сан және сапа туралы ойлай аламыз.