Сана және өзіндік сана
Жоспары:
1. Сананың психологиялық концепциясы.
2. Онтогенездегі сана дамуы.
3. Қоғамдық және өзіндік сана.
4. Сана қызметтері мен түрлері.
5. Өзіндік сананың құрылымы мен ерекшеліктері.
Адам санасы — психика дамуының жоғары сатысы
Адамның даму тарихы сапалық жаңа саты, ол жануарлардың биологиялық дамуының одан бүрынғы жолынан түбірлі ерекшеліктері бар. Адамның жануарлардың
омір сүруінен ерекшелігі қоғамдық — еңбек әрекетіне көшу болып табылады. Осы өмірдің нәтижесінде психиканың жаңа түрі — адамның санасы пайда болады.
Еңбек әрекеті адамды жануарлар дүниесінен ерекшелейді. Егер де қоршаған ортаға жануарлар бейжай түрде бейімделсе, табиғатгың бергенін ғана пайдаланса, ал адам еңбек әрекеті үрдісіңде табиғатқа белсенді және мақсатты өсер етеді, оны озгертеді, материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін оған бейімделеді және пайдаланады.
Еңбек үрдісіңде адам өзінің дене және рухани табиғатын озгерте алады. Ф.Энгельстің айтуынша, адамды адам еткен еңбек. Алғашқы қауымдық кезеңнен бастап, еңбек үрдісіңде адамның дене және психикалық қабілеттері жетілді, оның миы және сезім органдары, психикалық сапалары, қабілеттері қалыптасты.
Адам санасының қалыптасуы мен психологиялық сипаттамасы жаңаның басталуын, психика дамуының жоғарғы кезеңін білдіреді. Саналы бейнелеудің жануарларға төн психикалық бейнелеуден айырмашынығы — бұл заттық шындықты бейнелеу. Санаға жан-жақты сипаттаманы А.Н.Леонтьев озінің "Іс-әрекет, Сана, Жеке түлға" атты еңбегіңде берген болатын-ды.
Сана — психика дамуының сапалы ерекше түрі. Жануарлар дүниесінің эволюциясында сананың озіңдік үзақ тарихы бар, алғаш рет адамда еңбек және қоғамдық қатынастардың қалыптасу үрдісінде пайда болды. Адамның саналы іс-орекетінің айырмашылығы негізгі үш белгіден тұрады: осы белгілердің ішіңде біріншісі — адамның саналы қызметі, биологиялық мотивтерге байланысы міндетті емес. Кей жағдайда адамдардың саналы қызметі биологиялық ықпалдарға және қажеттіліктерге бағынбайды, олармен қарама-қарсылықта болады немесе оларды басып тастайды.
Адамдардың саналы қызметінің екінші ерекшелік белгісі ол ортаның жағдайын жануарлармен салыстырғанда терең бейнелей алатындығы.
Үшінші ерекшелігі — жануарлардың мінез-құлқынан адамның саналы іс-орекетінің айырмашылығы білімі мен ептілігі, бұл қоғамдық тарихи жинақталған және оқуда берілетін жалпы қоғамдық адамзаттық тәжірибені меңгеру арқылы қалыптасады. Демек, адамдардың меңгерген білімдері, ептіліктері, мінез-құлық төсілдері оның өз төжірибесінің
нәтижесі емес,- үрпақтардың қоғамдық-тарихи тәжірибесін меңгеру арқылы қалыптасады, адамның саналы қызметін жануарлардың мінез-құлқынан түбірінен ерекшелейді.
Адамның жануарлардан айырмашылығы тек еңбек құралдарын пайдаланып қана қоймай, сонымен қатар еңбек құралдарын жасайды. Еңбек құралдарын жасау алғашқы қауымдағы адамның іс-әрекетін түбірімен өзгертті.
Адам мен жануарлар психикасының арасында ерекше айырмашьғлықтар бар. Жануарлардың "тілі" мен адамдардың тілін еғиқаңдай салыстыруға келмейді. Жануарларда тіл, сөз болмайды, олар бір-біріне сигнал, белгі бере алады, оның барлығы интеллектілік түрде іске асады. Адам баласы тілдің көмегімен басқа адамдармен ақпарат алмасып отырады, ойткені, бүгіні және болашағы туралы бір- бірімен пікір алысады, қарым-қатынас жасайды. Әрбір жеке адам тілдің арқасында қоғамның ғасырлар бойы жинақталған өлеуметтік тәжірибесін пайдалана алады және кейінгі өскелең үрпаққа жеткізеді.
Адамдар мен жануарлардың негізгі айырмашылығы адамдарда ойлау үрдісінің болатындығы, абстрактілі ойлаудың дамығандығы болып табылады. Жануарларда бірінші сигнал жүйесі болады да екінші сигнал жүйесі болмайды, адамдарда І-ІІсигнал жүйелері болатындығы адамды жануарлардан ерекшелейді.
Сана— психика дамуының жоғары түрі, еңбек іс-өрекетінде адамды қалыптастырудың қоғамдық-тарихи жағдайының нәтижесі. Сананың құрылымы, оның негізгі психологиялық сипаттамасы қандай? Адам санасы бізді қоршаған дүние туралы білімдердің жиынтығынан тұрады.
Сананың құрылымына, негізгі таным үрдістері кіреді, оның комегімен адам әзінің білімін әруақытта байытып отырады. Осындай үрдістердің қатарына түйсіну және қабылдау, ес, қиял және ойлауды жатқызуға болады.
Сана қоғамның жемісі ретінде тек қана адамға тән. Жануарларда сана болмайды. Психиканың томенгі деғггейі санасыздықты құрайды. Санасыздық саласына психикалық құбылыстар кіреді, атап айтқанда, түс көру, өртүрлі тітіркендіргіш туғызатын жауап реакциялар, кейбір патологиялық құбылыстар, ауру адамдардың психикасында кездесетін галлюцинациялар және т.б.
Адам психикасы мен жоғары сатыдағы жануарлардың психикасының арасында ерекше айырмашылық бар. Құралдардың комегімен адам әзінің органдарын күшейтті. қолмен жұмыс істей отырып, адам ой-өрісін дамытты. Қол бірте-бірте ыңғайға көніп, ептілікпен түрлі іс-әрекеттерді орындай бастады. Адам көзі мен қолы дами отьфып, енердің ғажайып тамаша құндьглықтарын жасауға үйренді. Мәселен, ондай құндылықтарға әлемдік өнер екілдерінің Леонардо да Винчи, Рафаэль, Репин, Суриков, Қастеев және т.б. тамаша туындыларын жатқызуға болады.
Мыңцаған жылдарғы еңбек біздің есту органымыз -құлақты жетілдірудің нәтижесінде нәзік айыра білумен қатар, адам баласына музыканың үлы қайраткерлері Бетховен, Чайковский, Құрманғазы және кептеген үлы музыканттар мүраларын жасауға көмектесті.
Адамның еңбек іс-орекетінің негізгі ерекшеліктеріне: 1) еңбек құралдарын пайдалану және жасау, 2) еңбектің қоғамдық немесе бірлескен, ұжымдық сипаты. Адам еңбек құраддарын пайдалана отырып, сол аркылы қағгдай заттарды табуға және пайдалануға болатындығын саналы түсінеді. Еңбек құралдарын жасау мен пайдалануды саналы түсіну белгілі еңбек заттарын өндіру және шығаруға қатысты.
Еңбек үрдісі жекелеген еңбек әрекеттерінен тұрады, ол адамдардан ұжымдық ынтымақтастықты қажет етеді. Бұл ұжымдық еңбек, егер ұжымның әрбір мүшесі еңбектің жалпы мақсатын түсінген жағдайда еңбектің нәтижесін көреді. Демек, адам іс-әрекеті ұжымдық еңбек іс-әрекеті жағдайында саналы сипатқа ие болады.
Сана - тілдің көмегімен адамдардың өзара қарым-қатынасында қоғамдық еңбек іс-әрекеті үрдісінде пайда болатын психиканың жоғары түрі.Сана адамға табиғат пен қоғамның заңцарын жан-жақты білуге комектеседі. Осы зандарды білуге сүйене отырып, адам қоршаған ортага қажеттілігі мен керегін қанағаттандыру үшін озгереді жоне бейімделеді. Демек, сана - бейнелеудің белсенді танымдық және озгертуші түрі.
Бір уақытта еңбектегі қажеттілікті дамыту және өзара ұжымдық еңбектің қарым-қатынасында тілпайда болады. Тіл - адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас құралы. Тіл мен сөйлеу адамдардың ұжымдық еңбек үрдісінде және бірлескен өмірінде бір-біріне қатынасы еңбек іс-әрекетінде бір – бірімен ой бөлісу, сезімін білдіру қажеттілігінен пайда болды. Адамзат қоғамының тарихы көрсеткендей сана, ой, сезім әр түрлі кезеңде, әр түрлі сипатқа ие болады.