Аффикстік морфемалар және олардың түрлері.
Аффикстер мағынасы мен қызметі жағынан түрлі-түрлі болып келеді. Олардың ішінде түбір морфемаға жалғанып, оның мағынасын нақтылай түсетін аффикстер бар. Мысалы, жоғарыда аталған көлшік деген сөздің құрамындағы -шік аффиксі жалпы ұғымды білдіретін көл деген түбірге жалғанып, оның мағынасын нақтылай түсіп тұр. Аффикстердің кейбіреулері дербестігі жоқ түбір морфемадан сөз тудырады немесе дербестігі бар түбір сөзден туынды сөз тудырады. Мысалы, қазақ тілінде бүлік деген сөз бүл күнде өз алдына дербестігі жоқ бүл- деген түбірге (аталған түбір бүлін, булдір деген сәздердің де құрамында кездеседі) -ік деген аффикстің жалғануынан жасалса, осы аффикстің өз алдына дербес сөз ретінде қолданыла алатын тіл деген түбір морфемаға (түбір етістікке) жалғануынан тілік деген.туынды сөз жасалған. Дербестігі жоқ түбірден немесе дербестігін сақтаған түбір сөз жасайтын мұндай аффикстерді сөз тудырушы аффикстер дейміз. Сөз тудырушы аффикстердің мағынасы деривациялық (Деривациялық - латынның derivatio (меншіктеп бөлу) деген сөзінен жасалған термин) мағына деп аталады.
Аффикстердің кейбіреулері сөз бен сөзді байланыстырып, олардың өз ара қарым-қатынасын білдіреді. Мысалы, көлдің жағасы дегендегі -дің және -і аффикстері сөз тудырып тұрған жоқ, көл мен жага деген сөздерді байланыстырып; олардың бір- біріне қатысын білдіріп тұр.
Сөз бен сөзді байланыстырып, олардың бір-біріне қатысын білдіретін аффикстер сөз түрлендіруші аффикстер, ал олардың (сөз түрлендіруші аффикстердің) грамматикалық мағыналары реляциялық (Реляциялық - латынныңгеtаtіо (қарым-қатынас) деген сөзінен жассалған термин) мағына деп аталады.
Аффикстік морфемалардың ішінде ең жиі ұшырасатындары жұрнақтар мен жалғаулар. Жұрнақтар өз ішінде екі топқа бөлінеді: оның бірі-сөз тудырушы жұрнақтар, екіншгсі-форма тудырушы жұрнақтар.Сөз тудырушы жұрнак жалғанған сөзіне жаңа мағына үстеп, туынды сөз жасайды. Сөз тудырушы жұрнақтардың жалғануы арқылы жасалған туынды сөздердің әрқайсысы дербес лексикаллық единицаға (сөзге) айналып, сөздіктерде өз алдына бөлек (дербес) реестр сөз ретінде қаралады. Мысалы, ек, су, қол деген түбірлерге сөз тудырушы жұрнақтардың жалғануынан жасалған мынандай туынды сөздер бар: 1) егін, егінші, егіншілік, егінді, егіс, егістік, екпе; сулы, сулык, сула, суландыру, сусау, сусыз; қолдау, қолдаушы, қолдан, қолданыс, қолдас, қолтық, қолтықта және т. б. Сөз тудырушы жұрнақтардың жалғануы арқылы жасалған осы туынды сөздердің әрқайсысы өзіне негіз болған түбірден мағынасы басқаша, өз алдына бөлек-бөлек лексикалық единицалар (сөздер) ретінде ұғынылады.
Форма тудырушы жұрнақтардың сөз тудырушы жұрнақтардан табиғаты басқаша болады. Сөз тудырушы жұрнақтар жалғағған сөзінің мағынасын өзгертіп, онан мүлдем жаңа мағынаны білдіретін басқа бір туынды сөз жасаса (мысалы: қой -төрт түлік малдың бірі, қойшы- «қой бағатын адам, шопан»), форма тудырушы жұрнақ өзі жалғанған сөзіне сәл ғана қосымша мағына үстейді
Дәріс №14
Грамматикалық мағынаның берілу түрлері мен тәсілдері. Грамматикалық категория жайлы ұғым.Сөз таптары
Жоспар:
Грамматикалық форма мен грамматикалық мағына туралы түсінік
2. Грамматикалық мағынаны білдіретін грамматикалық тәсілдер (аффиксация, ішкі флексия, қосарлану, бірігу, көмекші сөздер, орын тәртібі, екпін және интонация тәсілдері)
Сөз таптары
Грамматикалық форма дегеніміз - грамматикалық мағына туғызушы тілдік -құралдар. Мәселен, біл - білім, студент - студентпін десек, осы төрт сөздің төртеуі де белгілі бір формада тұр: біл, білім, студент атау тұлғада, , нульдік флексияда тұр; студентпін дегенде, -пін -1 жақтық мағына білдіріп тұр: жекеше; жіктік жалғау көрсеткіші, яғни формасы. Біл мен білім сөздері формалды түрде атау тұлғада, бір формада тұрған тәрізді. Шындығында, олай емес: білім - туынды сөз; етістікті зат есімге айналдырушы - ім жұрнағы. Бұл да өз алдына бір басқа форма. Білімді десек, сөз - ді жұрнағы арқылы зат есімнен сын есімге айналып кетті. Бұл - бұл сөздің үшінші бір формаға түсуі. БілімдІлік десек, лікаффиксі арқылы сөз.-сын есімнен қайтадан зат есімге айналып кетті. Бұл- бұл сөздің тертінші бір формасы.
Сөз-формаоы сөз тіркестерінен де айқын көрінеді. Мәселен, институтқа барамын, институттан келдім, иститутта оқымақ тіркестерінде әр сөз әр формада тұр.
Грамматикалық. форма дегеніміз - грамматикалық мағына мен грамматикалық тәсіл бірлігі, грамматикалық мағына мен грамматикалық тәсіл арақатынасының көрсеткіші. Ал грамматикалық тәсіл дагеніміз-грамматикалық мағынаның материалдық көрсеткіші, яғни формасы.
Сөз формаланғанда, яғни белгілі бір амал тәсілдер арқылы түрленгенде, өзінің бастапқы лексикалық мағынасына кемінде бір немесе бірнеше қосалқы мағына үстемелеп алады. Сөз жеке тұрғанның өзінде де грамматикалық бірнеше мағынаға ие болуы мүмкін.
Грамматикалық мағына дегеніміз - сөздің лексикалық мағынасына қосылған үстеме мағына, сөздердің түрлі-түрлі қарым-қатынасын білдіретін қосалқы мағыналар. Сөздің грамматикалық мағынасы сөз формалары арқылы беріледі. Тіл-тілде сөздің грамматикалық мағынасы әр түрлі амал-тәсілдер арқылы білдіріледі.
Грамматикалық магына білдірудің негізгі және үлкен-үлкен екі тәсілі болады. Бірі - синтетикалық тәсілдер; екіншісі - аналитикалық тәсілдер. Синтетикалық тәсілдер дегеніміз - сөздің грамматикалық мағынасының сөздің өз ішінде қолданылған амалдар арқылы білдірілуі. Синтетикалық тәсілдер түрлері мыналар: аффикстік тәсіл (аффиксация), дыбыс алмасуы, екпін тәсілі, супплетивизм, редупликация.
Аналитикалық тәсілдер дегеніміз - сөздің грамматикалық мағынасының сөздің өз ішінде емес, сол сөздсн тыс қолданылған амалдар арқылы білдірілуі. Аналитикалық тәсілдер түрлері мыналар: сөздердің орын тәртібі тәсілі, көмекші сөздер тәсілі, интонация тәсілі.
Грамматикалық мағыналар тіл-тілде әр түрлі грамматикалық құралдар, амал тәсілдер арқылы беріледі. Грамматикалық мағыналарды білдірудің жолы грамматикалық тәсіл деп аталады. Тіл-тілде грамматикалық тәсілдердің бірнеше түрі бар. Олар мыналар: аффиксация тәсілі, ішкі флексия тәсілі, қосарлану тәсілі, біріктіру тәсілі, көмекші сөздер тәсілі, сөздердің орын тәртібі тәсілі, екпін мен интонация тәсілдері.