Азақстанда психология ғылымның қалыптасуы мен дамуы.
Психологиялық ғылымға деген қызығушылық, ерте кезден бастап пайда болды. Кейбір мәселелер күні бүгінге дейін психологтарды ойландырып, қазақ психологиясының тарихында әлі де шешуін таппаған "ақтандақ" болып келген мәселелер баршылық, бұл мәселелер өзіне көңіл аударуды қажет етіп отыр.
Қазақстанда психологиялық ой-пікірдің қалыптасуы туралы айтқанда, ең алдымен оның тарихының өте ертеде жатқандығы туралы еске ала кеткен жөн.
Қазақ психология тарихың зерттеумен көптен айналысып жүрген көрнекті психолог-ғалым Жарықбаев Құбығұл Бозайұлы Қазақстанда психология ғылымының қалыптасуы мен даму тарихын үш кезеңге бөліп қарастырады. Бірінші кезеңі — кеңес үкіметі орнағанға дейінгі қазақ психологиясы - бұл кезең психология ғылымының ілкі бастауы (ХҮ-ХХ ғ.) болса, екінші кезеңі марксистік кеңестік психология деп аталады (1920-1990), үшінші кезең - егемен, тәуелсіз Қазақстан жағдайында қалыптасқан ғылыми психология дамуының жаңа кезеңі (1991-2006).
Қазақстанда психология ғылымының қалыптасу және даму тарихын қарастырғанда әдіснамалық тұрғыдан ғылыми-зерттеу жұмыстарында профессор Қ.Б.Жарықбаев ұсынған кезеңдерді негізінен басшылыққа аламыз.
Алғашқы психологиялық ой-пікір қазақ топырағында дүниеге келген шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насырәл-Фарабиғылыми еңбектері мен философиялық трактаттарынаи бастау алады. Әл-Фараби ілкі ортағасырлық білім-ғылымның барлық салаларының негізін қамтитын, орасан мол мұра қалдырды. Сондай ғылым салаларының бірі — психология. Әл-Фараби психология ғылымының әртүрлі мәселелеріне "Ақыл-ой туралы", "Темперамент туралы", "Түс көру туралы сөз", "Жанның мәні туралы", "Ақыл-ой және ұғым", "Жас өспірімнің ақыл ойы туралы кітап", "Ересектердің ақыл-ойы туралы кітап" және т.б. еңбектерін арнады. Ол өзінің осы психологиялық еңбектерінде таным үрдістері оның психологиялық және физиологиялық табиғатына мән бере келіп, түйсіну туралы, оның түрлері, көру, есту, дәм түйсіктері, сезімнің пайда болуы, ойлау, қиял сияқты жан үрдістеріне сипаттама береді.
Қазақ топырағында дүниеге келген, ортағасырлық ЖүсіпБаласағүнидің "Құтадғу білік" (Құт негізі - білік) еңбегі көне түркі тілінде жазылған дастан, ол психологиялық ой-толғаныстарға оте бай. Отбасы тәрбиесі — бала мінез-құлқы мен психологиялық бейнесін қалыптастырудағы негіздерінің негізі. Жүсіп Баласағұнидің айтуынша, үлгілі тәрбиенің негізі — білім, әдет-дағдыларға машықтаңдыру. Бұл еңбегінде адамдардың бір-бірімен қатынас жасауы, сөз өнері, адамның әртүрлі жаман-жақсы қасиеттері туралы кең көлемде әңгімеледі.
Жүсіп Баласағұнидің "Қүдадғу білік" дастанында "Тіл туралы" айтқан қағидаларының тәлімдік-тағылымдық, ғибраттық мәні ерекше. Жүсіп Баласағұнидің "Тіл адамның даңқын асырады", "Адам ол арқылы бақыт табады", "Тіл адамға жапа шектіреді", "Абайламаса, басынанда айырады", "Жақсы болғың келсе, жаман сөз айтпа" деген мәтелдердің психологиялық мәнін ашып көрсетті.
Моралдік-психологиялық сипаттағы ой-пікірлер ортағасырлық ғұлама-ойшылдар Махмұд Қашқари, Ахмет Жүгінеки, Ахмет Яссауи, Саиф Сараи, Мұхаммед Хайдар Дулати, Қ.Жалаири еңбектеріңде жан-жақты баяндалады.
Сонымен қатар қазақтың ақын-жыраулары Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиіз жырау, Доспанбет жырау, Жиембет жырау, Бұқар жырау, Ақтамберді жырау, Шал ақын, Дулат Бабатайұлы, Махамбет Өтемісұлы еңбектерінде адамгершілік-ұлтжандылық қасиеттерді насихаттайтын психологиялық ойлар басым келеді.
Тәлімдік тұрғыдан ақын-жыраулардың еңбектерінде қолбасының біртуар тұлғасы, батыл, ержүрек, батыр адамдардың психологиясы, ішкі жан дүниесі суреттеледі. Ақын-жыраулардың толғаулары жастарды ерлікке, батылдыкқа, оз отанын сүюге шақырады. Мәселен, Махамбет Өтемісұлыөзінің ұлттық насихаттық мазмұнға толы өлеңдерінде дауылпаз ақын жастардың тәні мен жаны бірдей шынығуына, олардың күшті ерік-жігері мен қайсар мінез-құлқын тәрбиелеу ісіне зор маңыз берді. Махамбет өлеңі жастарды ерлікке, батылдыққа шақырды. Махамбет ерлік пен елдіктің үлгісін керсете отырып, елжандылық сезім мәселесін халықтың абройы жолындағы күреспен ұштастыруға, өскелең ұрпақтың мұрат-мүддесінің әлеуметтік мәнін ашуға тырысты.
Жауынгерлік рухтағы өршіл жырлардың інжу маржанын ұрпағына мұра еткен Махамбет — ерлік пен намыстың ақыны. Қазтуған, Доспанбет, Шалкиіз, Ақтамберді жыраулардың жалғасы Махамбет - сан ғасырлар бойғы тәуелсіздікке ұмтылған бабалар рухының нақты көрінісі. Махамбеттің жырлары - ерліктің гимні, қайсарлықтың символы.
XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда ағартушылық қозғалыстың туын биік ұстаған ағартушы-демократтар Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаевтың рухани мұрасының психологиялық ой-пікірдің даму тарихында алатын орны өз алдына бір төбе.
Қазақ ағартушыларының психологиялық көзқарасын қазақ психологтарының ішінен бірінші болып зерделеген көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, психолог-ғалым, академик Төлеген Тәжібаевболды. Ол Қазақстанда психология ғылымы саласында тұңғыш рет 1939 жылы Ленинград қаласында "К.Д.Ушинский — Ресейдегі педагогикалық психологияның негізін салушы" тақырыбыңда кандидаттық диссертация қорғады.
Төлеген Төжібаев кеп жылдар қазақ ағартушылары Шоқан Уәлиханов, Абай Қүнанбаев, Ыбырай Алтынсариннің психологиялық және педагогикалық кезқарастарын зерттеуге арналған бірнеше монографиялық еңбектер жазды. Ол 1962 жылы түңғыш рет Қазақстанда педагогика тарихынан докторлық диссертация қорғады.
Академик Т.Тәжібаевтан кейін бұл бағытта ғылыми-зерттеу жұмысын ілгері дамытқан, Қазақстанда психологиялық және педагогикалық ой-пікірдің қалыптасуы мен даму тарихын зерделеген, «Қазақстанда төңкеріске дейінгі педагогикалық ой-аікірдің қалыптасуы және дамуы», «Қазақстанда психологиялық ой-пікірдің қалыптасуы мен дамуы"-және т.б. бірнеше монографиялық еңбектердің авторы, көрнекті психолог-ғалым, педагогика және психология, ғылымдарының докторы, профессор Қ.Б.Жарықбаевтмң алатын орны ерекше.
Ол қазақ психологиясының тарихын зерделеуде сонау орта ғасырлық ғұлама ойшылдар - Әбу Шсыр өл-Фарабиден, Жүсіп Баласағұнидан, Махмұд Қашғари, Ахмет Жүгінеки, Ахмет Иассауи, Мұхаммет Дулати, Қадырғали Жалаири еңбектерінен бастау алады.
Қ.Б.Жарықбаев XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бас кезіңдегі қазақ ағартушылары Шоқанның, Абайдың, Ыбырайдың, Шәкәрім Құдайбердиевтің, Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің, Ғұмар Қараштың, Әлихан Бөкейхановтың, Ахмет Байтұрсыновтың, Халел Досмұхамедовтың, Міржақып Дулатовтың, Нәзипа Құлжанованың, Жүсіпбек Аймауытовтың, Мағжан Жұмабаевтың, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың психологиялық көзқарастарына жан-жақты талдау жасады».
Кеңестік дәуірде республикада психологиялық ой-пікірдің қалыптасуы мен дамуын архив құжаттарына сүйене отырып, зерттеді. Профессор Қ.Б.Жарықбаевтың қазақ психологиялық терминологиясының мәселелері туралы тұжырымдары және зерттеу еңбектері өз алдына бір төбе.
Қазақстаңда психология ғылымы дамуы басқа қоғамдық ғылымдар сияқты кеңестік дәуірде жан-жақты дами бастады. Оның кең құлаш жайып дамуына белгілі алғышарттар жасалынды. Атап айтқанда, сонау орта ғасырдан бастау алатын, қазақ топырағында дүниеге келген ғұлама-ойшылдар әл-Фараби, Жүсіп Баласағұнидің және т.б. психологиялық мұраларында, төңкеріске дейінгі кезеңдегі қазақ ағартушылары Абай, Шоқан, Ыбырай, Шәкәрімнің психологиялық ілімдерінде, 20-ғасырдың бас кезіндегі Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов еңбектеріңде негізі қаланды. Сонымен, кеңестік дәуірде қазақ психология ғылымы бос орынға келген жоқ, оған дейін Республикада кеңестік психологияның дамуына белгілі алғышарттар жасалып, ғылыми негіз қаланған болатын.
Қазақ топырағында алғаш рет 1922 жылы "Педагогика" атты (Ташкент, Орынбор) Мағжан Жүмабаевтың (1993-1938) оқулығының жарық көруі өмірде өте сирек кездесетін құбылыс ретінде бағалауға болады. Бірақ оқулықтың аты "Педагогика" деп аталғанмен, оның бүкіл мазмұны психология ғылымының мәселелеріне арналған. 15 тарау 106 беттен тұратын "Педагогика" оқулығының төрт-ақ тарауы, 13 беті ғана педагогика мәселелеріне арналғанда, 11 тарауы түгелге дерлік психологиялық құбылыстарға, оның ішінде таным үрдістеріне, оны жіктеу, ақыл-көріністері, ес, зейін, қиял, тіл мен сөйлеу, сезім, көңіл-күй, ерік-жігер сияқты психологиялық үрдістерге арналады. Бұл еңбекте қазақ терминологиясының мәселелері де назардан тыс қалмаған. Оқулықта Мағжан Жұмабаев алғаш рет психологиялық терминдердің қазақша баламаларын жасауға талпынған, мәселен, түйсінуді - әсерлену, зейінді - абай, есті - зейін, пікірді — хукім және т.б. қазақша баламаларды қолданады. Дей тұрғанмен, бұл баламалар қазіргі психологияда қолданылып жүрген ұғымдарға сәйкес келмейді.
Кезінде қуғын-сүргінге ұшыраған, жеке адамға табынудың, заңсыздықтың құрбаны болған, біртуар қазақ зиялыларыньщ бірі - Жүсіпбек Аймауытов (1989-1931) қазақ топырағында тұңғыш рет "Психология" (Қызылорда -Ташкент) оқулығын 1926 жылы жазды. Оқулықтың кезінде жіберілген кейбір әдіснамалық кемшіліктеріне қарамастан, бұл еңбек қазақ тіліңде жазылған біршама уақыт өтсе де, өзінің кұндылығын жоймаған тұңғыш оқулық екендігіне ешқандай күмөн келтіруге болмайды. Бұл оқулық — мектеп мұғалімдері мен педагогикалық оқу орындарының студенттері мен оқытушыларына арналған оқу құралы. Еңбекте Жүсіпбек Аймауытов қарапайым адамға жұмбақ сияқты көрінетін психикалық құбылыстардың себептерімен, сырларымен таныстыра отырып, соған қарапайым тілмен жауап беруге ұмтылады. Еңбекте психология ғылымы, оның тарихынан хабардар етеді.
Жүсіпбек Аймауытовтың "Психология" оқулығының екінші, үшінші тараулары жеке тұлғаның психикалық ерекшеліктері мен мінез-құлқын зерттеу әдістері туралы, жүйке жүйесінің құрылымы, оның заңдылықтарына сипаттама береді. Сол сияқты шартты рефлекстер, организмнің тітіркенгіштік, сезгіштік қасиеттері туралы айтылады.
"Денедегі кейбір мүшелер, оның қызметтері" және "Эмоция және сезім" атты тертінші және бесінші тарауларында психикалық үрдістердің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері мен эмоция, сезім, көңіл-күйге талдау жасалады. Сонымен қатар оқулықта таным үрдістеріне сипаттама беріледі, олардың зандылықтары мен қасиеттеріне тоқталады.
Психология және педагогика ғылымдары саласында психолог және педагог ғалым ретінде Василий Яковлевич Струминскийдің (1880-19631 Республикада психология ғылымын дамытуда сіңірген еңбегі ерекше. Ол Орынбор практикалық институтында педагогика, жалпы және педагогикалық психология пәндерінен студенттерге дәріс берді.
1923 жылы В.Я.Струминскийдің Орынбор қаласында "Психология" оқулығы орыс тілінде жарық көрді. Еңбегінде диалектикалық материализм тұрғысынан гылыми психологияның негізгі мәселелерін бір жүйелі баяндау тәжірибесіне тоқталады. Кейбір әдіснамалық кемшіліктеріне қарамастан, бұл еңбектің мәні орасан зор болды.
1935 жылдан бастап, өмірінің соңғы кезіне дейін психология ғылымының кернекті қайраткері, профессор Александр Петрович Нечаев(1870-1948) Семей қаласыңца тұрды. Психология ғылымы саласында 50 жылдан астам уақыт жемісті еңбек еткен, есімі әлемге белгілі психолог-ғалым. Ол психология ғылымының ортүрлі саласында, әсіресе, психологияның жас, педагогикалық, медициналық және т.б. салаларын дамытуға ерекше еңбек сіңірді. Өмірінің соңғы жылдары Семейдің Н.К.Крупская атындағы педагогикалық институтында студенттерге педагогикадан және психологиядан дәріс оқыды. А.П.Нечаев көп жылдар "Психофизиологиялық синдромдар жүйесі" тақарыбында Ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізіп, Жоғары аттестациялық комиссия 1944 жылы диссертация қорғамай-ақ, психология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін берді. Сонымен, қазақстанда психология ғылымының дамуында А.П.Нечаевтың сіңірген еңбегін ерекше бағалауға болады.
Қазақстан педагогикалық институттарында педология 1936 жылғы 4 шілдедегі партияның қаулысы қабылданғанға дейін пән ретінде оқытылып келді. Жоғары педагогикалық оқу орындарында педагогика және психология пәндерімен қатар педологиядан белгілі ғалымдар, мәселен, қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтында педагогика және педологая кафедрасының меңгерушісі Шарапи Әлжановтың, дарынды әмбебап ғалым, казақстанда жоғары педагогикалық мектепті белсенді ұйымдастырушылардың бірі, профессор Халел Досмұхамедовтың, Орал педагогикалық институтында психология және педологиядан дәріс берген, Орта Азия мемлекеттік университетінің түлегі, кейіннен Қазақстанда жоғары педагогикалық білім беруді дамытуға ат салысқан, белгілі психолог-ғалымдардың бірі Абдолла Темірбековтың, Республикада психология ғылымын дамытуда ерекше еңбек сіңірген корнекті психолог ғалым Салкен Балаубаевтың есімдерін ерекше атауға болады. С.Балаубаев пен Ш.Әлжановтың басшылығымеи 1934 жылы Залкиндтің "Педология" оқулығы қазақ тіліне аударылды.
30-жылдары А.Темірбеков Орал педагогика институтында недология мен психологиядан қазақ тілінде студенттерге дәріс оқыды, қазақ тілінде психология және педология курстарынан оқулықтар мен оқу құралдары болмады. Студенттер А.Х.Темірбековтың басшылығымен психологиядан К.Н.Корниловтың, педологиядан П.П.Блонскийдің орыс тілінде шыққан оқулықтарын пайдалануына тура келді.
30-жылдары педагогикалық институттарға арналған психология бағдарламасы профессорлар СЛ.Рубинштейн мен К.Н.Корниловтың жетекшілігімен жасалды. Республика жоғары оқу орындарында профессор С.Л.Рубинштейннің "Жалпы психология негіздері" оқулығы мен профессор К.Н.Корниловтың "Психология" оқулығы қолданылған болатын.
"Психологияның қазақ бөлімдері педагогикалық институттардың жанынан кейінірек ашылды, білімді маман кадрлардың, ана тілінде психология оқулықтарының болмауы, ғылыми терминологияның әлі де жеткіліксіз жасалуы көп уақытқа дейін бұл маңызды шараны іске асыруды тежеген болатын", - деп жазды белгілі психолог-ғалым, профессор Қ.Б.Жарықбаев.
1938-1939 оқу жылынан бастап, жалпы психология курсы студенттерге ана тілінде оқытыла бастады. Педагогикалық жоғары оқу орындарында психология курсын оқытуды дұрыс жолға қоюда қазақтың Абай атындағы недагогикалық институтының педагогика және психология кафедрасы, меңгерушісі Төлеген Тәжібаевтың еңбегінің мәні зор болды.
1947 жылы 13 мамырда КСРО Жоғары білім министрінің жоғары және арнаулы орта оқу орындары үшін логика және психология оқытушыларын даярлау туралы бұйрығы жарияланды. Жоғары жөне арнаулы оқу орындары үшін логика және психология оқытушыларын даярлау мақсатында 1947-1948 оқу жылында Одақтағы басқа да 16 мемлекеттік университеттердің бірі болып, Қазақтың С.М.Киров атындағы университетінің филология факультетінің жанынан логика және психология бөлімі ашылды. Сол жылы Қазақтың мемлекеттік университеті жанынан логика және психология мамандығы бойынша аспирантура ашылды. Алғашқы кезде бөлім ұйымдасқанда логика және психология мамандықтары бойынша ғылыми кадрлар жетіспеді. Психология кафедрасы ашылып, белгілі маман кадрлармен бірте-бірте толықты.
Психология бөлімін ашуда және психологиядан ғылыми-зерттеу жұыстарын жүргізуде, қазақ психология ғылымынын дамуына елеулі үлес қосқан белгілі ғалым, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, дипломат Т.Тәжібаевтың(1910-1964) ұйымдастырушылық жұмысын ерекше атаған жөн. Ол Шымкенттің педагогикалық техникумын үздік тамамдағаннан кейін (Ж.Аймауытов Шымкент педтехникумының директоры, педагогика жөне психологиядан дәріс берді) Мәскеудің Н.К.Крупская атындағы коммунистік тәрбие академиясын 1935 жылы ойдағыдай бітірді. Т.Тәжібаевты Академия ұжымы аспирантураға қалдырады. Аспирантурада оқыған кезінде Т.Тәжібаев әлемдік психологияның көрнекті өкілдерімен жете танысады.
1939 жылы Ленинград қаласында "К.Д.Ушинский — Ресейдегі педагогикалық психологияның негізін салушы" тақырыбында бұрынғы Одақта бірінші рет орыс педагогикасының классигі К.Д.Ушинскийдің психологиялық мұрасын зерттеген тұңғыш ғалым-психолог. Ол Алматыда Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында, Қазақ университетінде психологиядан қазақ тілінде дәріс берді, психология кафедрасын басқарды.
Соңғы жылдары Т.Тәжібаевтың әр жылдарда республикалық педагогикалық басылымдарда жарияланған мақалалары жарық көрді. Бұл ғылыми мақалалар мен дәрістердің студенттер мен мұғалімдердің психологиядан бір жүйелі білім алуына септігі тиді.
Осы еңбектерінде белгілі жүйеге түспей жүрген ұлттық психология терминдерін жан-жақты зерттеп, бір жүйеге келтіруде біршама еңбектенді.
Т.Тәжібаевтың "Жалпы психология" оқулығы "Қазақ университеті" баспасынан 1992 жылы жарық көрді. Еңбекте психология ғылымының теориялық негіздері жан-жақты баяндалады.
Еліміздің белгілі психолог-ғалымы, бірнеше ғылыми еңбектердің авторы, Саратов университеті медицина кафедрасының меңгерушісі Иосиф Лазаревич Стычинский(1896-1969) 1946 жьшы Алматыға келіп, Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтында психология кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды, соңғы жылдары оның профессоры болып жұмыс істеді. Ол Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтында психолог-аспиранттарға ғылыми жетекшілік етті. И.Л.Стычинскийдің ғылыми жетекшілігімен психологиядан бірнеше ғылым кандидаттары даярланды. Бірінші рет Республикада жоғары жүйке қызметі зертханасы жұмыс істеді. И.Л.Стычинский И.П.Павловтың іліміне байланысты бірнеше ғылыми еңбектер жариялады.
Қазақ психология ғылымының қалыптасуында өзіндік орны бар көрнекті психологтарымыздың қатарына Сәлкен Балаубаевты(1902-1972) жатқызуға болады. Ол Орта Азия мемлекеттік университетінің түлегі, кейіннен Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтында оқытушы, Қазақ ССР Халық ағарту комиссариаты жанындағы әдістемелік кеңесте жұмыс істеді.
С.Балаубаев еңбектері қазақ психологиясы тарихында елеулі орын алады. С.Балаубаев біраз жыл қуғын-сүргінге ұшырады. 1937-1938 ж.ж. заңсыздық пен жеке адамға табынудың салдарынан көп жылдар үзілістен соң Қарағаңдыда ұзақ жылдар студенттерге психологиядан дәріс оқыды, ғылыми жұмыспен айналысты. 1966 жылы Абдолла Темірбековпен бірлесіп, университеттер мен педагогикалық институттарға арналған "Психология" (Алматы, 1966 ж.) оқулығын жазды.
Республикада психологиядан алғаш рет кандидаттық диссертациялар қорғала бастады. Олар: Е.Суфиев, АТемірбеков, М.Мүқанов, ААсылбеков, Қ.Жарықбаев және т.б.
Қазақстан психологтарының ғылыми тұрғыдан өсуіне Ресей ғалымдарының көмегі орасан зор болды. Москва мен Ленинградтың жоғары оқу орындарының психология кафедрасында психологиядан бірнеше кандидаттық диссертациялар қорғалды (Н.Айғабылов, А.Косеубаев, Г.Айманов және т.б.)
Қазақстаңда психология ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан психолог ғалымдардың ішінен Абдолла Темірбековты(1904-1972), Елеш Суфиевті(1919-1980), Мажит Мұқановты(1920-1985) атауға болады. АТемірбеков 30-40 жылдары Орал, Қызылорда пединституттарында директордың орынбасары, Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтында факультет деканы, Өскемен педагогикалық институтының ректоры, кейінгі жылдары Алматы шет ел тілдері институтының педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды. Е.Суфиев (1919-1980) Оралдың А.С.ГІушкин атындағы педагогикалық институтының химия-биология факультетінің тулегі. Оралдың А.С.Пушкин атындагы педагогикалык институтын бітіргеннен кейін мектептерде ұстаздық қызмет атқарды. Соғыстан кейінгі жылдардан 80-жьшдарға дейін Ақтөбе, Алматы, Шымкент қалаларындағы оқу орындарында психологиядан дәріс оқыды.
Е.Суфиев көп жылдар бойы қазақ шәкірттерінің орыс тілін меңгеруінің психологиялық негіздерін зерттеді.
Қазақ психология ғылымының дамуына ерекше үлес қосқан психолог-ғалымдарымыздың қатарына Мажит Мұқановты(1920-1985) жатқызуға болады. Ол Ленинградтың Н.И.Герцен атындағы педагогикалық институтын 1949 жылы тамамдағаннан кейін, Қазақ университетінің аспирантурасын бітіреді, 1950 жылы профессор Т.Тәжібаевтың ғылыми жетекшілігімен психологиядан кандидаттық диссертаңия қорғайды. 1953-1960 жылдардың аралығында Алматының шет тілдер педагогикалық институтының, 1960-1985 жылдары Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтының психология кафедрасының меңгерушісі болды.
М.Мұқанов 1980 жылы психологиядан тұңғыш рет Қазақстанда докторлық диссертация қорғап, кейін профессор ғылыми атағын алды.
Ол — жалпы психология, жас және педагогикалық, психология, этнопсихологиядан оннан астам еңбектің авторы. Мәселен, "Бақылау және ойлау, Алматы, 1959; "Педагогикальіқ психология очерктері", Алматы, 1950; "Ми және сана", Алматы, 1956; "Жан дүниесінің сыры", Алматы, 1964; "Ақыл-ой өрісі", Алматы, Қазақстан, 1980; "Жас және педагогикалық психология", Алматы, 1982.
Республикада бұл жылдары психологиядан бірнеше кандидаттық диссертациялар қорғала бастады. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында психологиядан дәріс оқыған ғалымдардың бірі — Әбдірахман Асылбеков(1907-1970). Ол — бірнеше ғылыми еңбектер мен мақалалардың авторы, әсірссе, оның "Оқушылардың ынтасын тәрбиелеу" (1958), "Қоғамдық пайдалы еңбек арқылы оқушыларга коммунистік тәрбие беру" (1959), "Бала тәрбиесінде семьяның ролі" (1969). "Мектеп оқушыларында ынтаның қалыптасуы" атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.
Кәрім Қойбағаров(1928-1985) - Қазақ мемлекеттік университетінің логика және психология бөлімін 1951 жылы алғашқы бітірген түлектерінің бірі. 1951 -1954 жылдарга дейін психология кафедрасының аспирантурасын оқып бітіреді.
"Сұлтанмахмұт Торайғыровтың психологиялық көзқарастары" деген тақырыпта бірнеше ғылыми мақалалардың авторы, қазақ тіліне аударылған "Жалпы психология" (Алматы, 1980), "Жас педагогикалық психология" (Алматы, 1987), "Семья өміріндегі әдеп және психология" оқулықтарын аударушыларынын бірі болды. Ата-аналар мен мұғалімдер үшін жазған оның "Балаларды мектепке әзірлеу" (1961), "Балаларды адамгершілік сезімге тәрбиелеу" сияқты еңбектері дүниеге келді.
60-жылдардың бас кезіне дейін Республикада қазақ тіліңде психологиядан оқу құралдары болмады. Қазақ тіліңде алғаш "Мектеп" баспасынан Қ.Б.Жарықбаевтың "Психология" оқу құралы 1962 жылы жарық көрді. Бұл оқу құралы кейіннен бірнеше рет өңделіп, қайтадан басылып шықты. Мәселен, профессор Қ.Б.Жарықбаевтың "Психология" оқулығы 1972, 1982, 1993, 2002, 2004, 2005 жылдары жарыққа шықты.
2005 жылы профессор Қ.Б.Жарықбаевтың жоғары оқу орындарына арналған "Психология негіздері" оқулығы қазақ болімі студенттерінің қолдан-қолға түспейтін кітабы болды.
XX ғасырдың 70-80-жылдарында Республикада психология ғылымының әртүрлі салалары бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілді, әсіресе, жалпы, педагогикалық, заң, әлеуметтік, спорт және т.б. салалар бойынша зерттеу жұмыстары орындалып, бірнеше еңбектер дүниеге келді. Бұл жерде Қ.ІПерниязованың, Ж.Түрікпенұлының, С.Сүлейменованың, Р.Жаңабекованың, Ж.Дүйсенбековтың, Б.Орманбаеваның зерттеулерін атаған жөн.
Психологияның басқа да жекелеген салаларынан бірнеше сүбелі еңбектер жарық көрді. Атап айтқанда, О.Жөкебаев "Қылмыскер мінез-құлқының әлеуметтік-психологиялық аспектілері", Ғ.Досполов "Алдын ала тергеудің психологиясы", С.Жақыпов "Таным әрекетінің психологиясы" Ә.Алдамұратов, Қ.Рахымбеков "Жалпы психология", "Қызықты психология", Ғ.Илешев "Медициналық психология", К.Оразбекова "Иман және инабат" т.б.
Соңғы жылдары жеке тұлғалар М.Жұмабаев, Ж.Аймауытовтың психологиялық көзқарастары туралы диссертациялар қорғала бастады (А.Мералиева, Ж.Сабирова). Сонымен қатар Қазақстанда жүргізілген іргелі зерттеулердің қатарына қорғалған докторлық диссертацияларды жатқызуға болады. В.К.Шабельниковтың "Әрекеттің жоспарлы қалыптасу жағдайындағы функционалдық құрылысы генезисінің психологиялық механизмдері" (1990), Ж.Намазбаеваның "Арнайы мектептердегі шәкірт тұлғасының қалыптасуы" (1986), Б.Хамзиннің "Шәкірттердің конструктивті-техникалық әрекетінің қалыптасуындағы операциялық пен тұлғалардың бір-біріне әсері" (1989), Н.А.Логинованың "Бектерев пен Ананьевтің ленинградтық ғылыми мектебінің сабақтастығы" (1990), В.Е.Клочконың "Ақыл-ой әрекетінің инициациясы" (1983), С.М.Жақыповтың "Оқыту үрдісінің психологиялық құрылымы" (1998), А.М.Кимнің "Қазіргі түсіну психологиясы" (2001), Қ.Б.Жарықбаевтың "Қазақстандағы психология ғылымы (XX ғ. тарихы мен даму кезеңдері)" (2003), С.Бердібаеваның докторлық диссертацияларын1 ерекше атап өткен жөн.
70-90-жылдарда түрлі баспалардан профессор Н.Жанділдиннің Ұлттық психологияның табиғаты" (Алматы, 1971), профессор М.Мұқановтың "Ақыл-ой өрісі" (Алматы, 1980), профессор Н.Елікбаевтың "Қазақ ұлтының психологиясы" (Алматы, 1992), К.Жукештің "Ұлттық психологияның табиғаты" (Алматы, 1993) монографиялары жарық көрді.
Соңғы жылдары этнопсихологияның әртүрлі мәселелері төңірегінде профессор Қ.Жарықбаев, профессор В.К.Шабельников, доценттер С.Бердібаева, Р.Рахымбеков т.б. бірнеше еңбектер жазды.
Мәселен, Қ.Жарықбаевтың "Этнопсихология — тіл тәрбиесінің өзегі" (Алматы, "Білім", 2005), "Ортағасырлық қазақ психологиясының тарихы" (Алматы, "Қазақ Жарықбаев Қ.Б. Психология негіздері. - Алматы, 2005. 94-бет. университеті", 2004), "Психология негіздері" атты 2005 жылы шыққан оқулығында "Қазақ психологиясының тарихына" арнайы жеке тарау берілген.
2002 жылы "Мектеп" баспасынан психология мен педагогиканың түсіндірме сездігі жарық көрді. Оның жарыққа шығуына авторлар ұжымына психология және педагогика ғылымдары саласында белгілі ғалым, педагогика жөне психология ғылымдарының докторы, профессор Қ.Б.Жарықбаев ғылыми жетекшілік етті.
Қазақ тілінде шығарылып отырған бұл сөздікте психология ғылымының теориясында да, практикасында да қолданылатын негізгі ұғымдар мен атаулар толық жүйеленген ақпарат берілген. Сөздіктің ұлттық сипатының айқын болуына айырықша мән берілген.
Еліміздегі жоғары оқу орындарының көшбасшысы болып есептелетін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бүгінгі күндері кең-байтақ қазақ жеріндегі психологиялық ой-пікірдің бірден-бір орталығы болып отыр. Кезінде осы кафедраға қазақтың тұңғыш психологі, академик Төлеген Тәжібаев басшылық етті. Этнопсихология проблемалары төңірегінде бірнеше кандидаттық, докторлық диссертация қорғалды.
Сонымен қатар Республикада этнопсихология мамандығы бойынша психолог кадрлар даярлауда және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде әл-Фараби атындағы Қазақтың ұлттық университеті мен қазақтың Абай атындағы ұлттық педагогикалық университеті, сондай-ақ облыс орталықтарындағы университеттер мен педагогикалық институттардың психология кафедралары әртүрлі бағыттарда психология ғылымын дамытуда ғылыми-зертгеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Қазақстан психологтарының ұлттық ассоциациясы (2003), 1992 ж. этностар психологиясын зерттейтін "Ұлттық тәлім-тәрбие ассоциациясы" ұйымдасты.
Қазақтың мемлекеттік ұлттық университетінде көрнекті психолог-ғалым Қ.Б.Жарықбаевтың ғылыми жетекшілігімен 1998 ж. академик Т.Т.Тәжібаев атындағы этнопсихология және этнопедагогика орталығы құрылды.
1988 жылдан бастап, Республикадағы жоғары оқу орындарында психолог мамандар даярлау ісі қолға алынды. қазіргі кезде әл-Фараби атындағы Қазақ университетінде, Қарағанды, Алматы, Шығыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Тараз университеттері мен Петропавл, Ақтебе педагогикалық институттарында психолог кадрлар даярлануда. Республика мектептеріне "психология" мамандығының штаты енгізілді. Дей тұрғанмен, Республика мектептерінле психологияалдына дербес пән ретінде оқытылмай келеді, оны оқытудый қажеттігін өмірдің өзі дәлелдеп отыр.
Сонымен, академик Т.Тәжібаев атындағы "Этнопсихология және этнопедагогика орталығы" Қазақстанда психология ғылымын дамытуда біршама іс-тәжірибе жинақтады. Соңғы жылдары орталықтың ұйымдастыруымен бірнеше республикалық және халықаралық ғылыми-теориялықғ тәжіриелік конференциялар өткізіліп, этнопсихология және этнопедагогика мәселелері бойынша ғылыми жинақтар мен конференция материалдары жарық көрді.