Ата-аналармен атқарылған жұмыстар

Жезқазған қаласындағы №13 орта мектеп жанындағы

«Күншуақ» шағын орталығының

Психология бағыты бойынша жүргізілген

І жарты жылдық есебі

Психологиялық қызметтің мақсаты:

Бала дамуындағы әр кезеңдегі жан дүниесінің ерекшеліктерін анықтап алып, олардың өз-өзіне, қоршаған ортаға деген көз қарастарының, қарым-қатынасының мәдениетінің қалыптасуына жетекшілік жасау. Құрылған жылдық жоспарға сай атқарылған жұмыстарға, яғни психодиагностика жасап отыру, қиын балалармен түзету және дамыту жұмыстарын ұйымдастыру, ағартушылық жұмыстарын белсенді өткізу.

Психологиялық қызметтің мақсаты:

1. Балалардың түрлі кезеңдерінде психологиялық даму нәтижелерін бақылап отыру.

2. Балалардың дамуындағы мәселені шешуге психологиялық көмек көрсету үшін жағдай жасау.

3. Тәрбиеленушілердің индивидуалды және жас ерекшеліктеріне сәйкес келуі негізінде психологиялық талдауды жүзеге асыру.

4. Балаларды салауатты өмір салтын ұстануға қалыптастыру.

5. Айналадағы әлем жайында білімін қалыптастыру.

2013-2014 оқу жылы басында «Күншуақ» шағын орталығындағы тәрбиеленушілердің статистикалық көрсеткіші.

1-кесте

Тобы Ұл бала Қыз балалар Барлығы
«Қызғалдақ» тобы
«Балапан» тобы
Барлығы

Балалардың денсаулықтары жақсы, әлеуметтік жағдайлары қанағатттанарлық. Психикалық көңіл-күйлері қалыпты деп айтуға болады.

Қыркүйек айынан бастап бекітілген жоспарға сай «Күншуақ» шағын орталығының бүлдіршіндерімен танысумен басталды. Жаңадан келген балаларды тіркеп, психологиялық картасы әзірленді.

Әр бала жеке тұлға және олардың жас ерекшеліктері әр түрлі. Соған байланысты әр баламен жеке жұмыстар, түзету-дамыту жұмыстары, таңғы сергіту жаттығулары жүргізіледі.

Қазан айында балалардың тұлға аралық қарым-қатынасын зерттеу мақсатында «4 үй» әдістемесі қолданылды. Жұмыстың нәтижесі төмендегі кестедегідей көрсеткішті көрсетті.

2-кесте

Топтағы балалардың активтері мен пассивтерін анықтау.

Тобы Активтері Пассивтері Сипаттамасы
«Қызғалдақ» тобы 70% 30% Орташа
«Балапан» тобы 55% 45% Ортадан төмен

Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктеріне сай психологиялық даму қартасы әзірленіп, әр топқа жалпы диагностикасы жасалды.

Таным әрекетінің дамуы

3-кесте

Тобы Қабылдауы Зейіні Есте сақтауы Ойлауы Қиялдауы
«Қызғалдақ» тобы Төмен Орт.жоғары Төмен Орташа Төмен
«Балапан» тобы Орташа Орташа Жақсы Жақсы Жақсы

Балалардың эмоционалдық көңіл-күйін көтеру үшін үнемі сергіту жаттығулары жүргізіледі. Балалармен жеке жұмыс жасау барысында «Кел,сырласайық!», «Сенің көңіл-күйің қандай?», «Менің отбасым» т.б.зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Жұмыс қорытындысы тәрбиешілерге таныстырылып ескертіледі. Әр баланың жеке жұмыс папкасы әзірленген. Балалардың жеке жұмыстарының сараптамасы бар.

Ата-аналармен атқарылған жұмыстар

Қыркүйек айында өткізілген ата-аналар жиналысында «Балаңыздың балабақшаға бейімделгенін білесізбе?» атты сұрақ-жауап алмасу болды. Ата-аналарға психологиялық кеңестер берілді. Сонымен қатар, ата-аналарға «Күншуақ» шағын орталығының тәрбиешілерімен ара-қатынасын, байланысын зерттеу, отбасылардың әлеуметтік жағдайын бақылау мақсатында сауалнама алынды.

4-кесте

Сауалнама қорытындысы бойынша сараптама
Ата-аналар Тәрбиешілер Әлеуметтік жағдайы
Ата-аналардың 80% өз балаларының тәрбиешіле-рінің толық аты-жөнін біл-мейді. Олардың түсінігінде Бақыт тәте, Анар тате, Камила апай, Нургүл тәте деп айтылады. Жұмыс бастылықтан баласына кейбір ата-аналар толық көңіл бөлмейді. Ба-ласының нені қызықтыра-тыны, бала бойындағы ерекше қасиетін байқамай-тындығы көрінеді. Тәрбиешілер тарапынан ата-аналарға талап қойылмайды. Шағын орталықтың ішкі ереже-сін сақталмайтындығы байқалады. Ата-аналардың 65% үйде, (жұмыссыз, бала-мен үйде, жалғыз басты ата-аналар) Әлеуметіік жағдайлары қанағаттанарлық.

Ата-аналардың сұранысы бойынша кездесіп, жеке отбасылық психологиялық кеңестер мен қолдау көрсетіліп тұрады. Алдағы уақытта ата-аналармен кездесу, тренинг жұмыстары өткізіледі.

Наши рекомендации