Отбасы мәселесінің психологиялық негіздері
Отбасы- адамның эмоциясы, уайымы, көзқарасы мен қатынасынымен байланысты емес, ол - ерекше феномен. Отбасы феноменінің бір жолы оның құрылымын, тарихи уақыт талабына сай өзгеруін және бір отбасының өмірлік циклын логикалық түсіндірілуі. С.И.Голод (1998) пікірінше отбасы феноменінде құрылымдық өріс ерлі-зайыптылар және ата – ана мен бала қатынасы деп қарастырады. Отбасы –неке негізінде немесе қан жағынан туыстас шағын топ, олар өзара көмек көрсету, жауапкершілік алу және тұрмыстық жалпылылықта байланысады (Эйдемиллер, Э.Г.Юстицкий В.В., 1990). Отбасы балаға ықпал етеді, оны қоғамдық өмірге жетелейді. Отбасының тәрбие институтты ретінде маңызы онда бала өз өмірінің маңызды бөліктерін өткізеді және де тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету ұзақтығы жағынан басқа тәрбие институттарына бой бермейді деп көрсетті Шужебева А.И өз зерттеу жұмысында [2,21].
Терең тұлға аралық қатынастарды реттеу механизмдеріне арналған жұмыстарды талдауда шетелдік ғалым Э.Фромм және ресейлік ғалым М.И Лисина ол өзіміздің қазақстандық ірі ғалымдардың бірі С.М.Жақыповтардың қойылған мәселені толығымен шешуге мүмкіндік берді. Біріншіден, отбасы жағдайында бірлескен іс-әрекетті орындау барысында жеткіншектердің құндылықты-мағынылық құрылымдардың қалыптасу жағдайларын нақтылауға мүмкіндік берілді.
Екіншіден, жеткіншектердің тұлғалық дамуында ауытқулардың пайда болуының отбасы ішіндегі алғышарттарын анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеудің методологиялық бағытына қарай жеткіншектерге отбасы ішілік құндылықтарды беру процесі, отбасы мүшелнрі арасындағы бірлескен әрекет пен эмоцияның өзара байланыстардың үйлесімділік механизмдерін қолдануға негізделеді [4,10].
А.Б.Харчев берген отбасы ұғымына түсініктеме неғұрлым жалпылама болып табылады: «Отбасы денелік өмір мен әлеуметтік ағза өмірінің арасында байланыстырушы звено болып табылады.
Қазіргі таңда отбасы қызметінің ортақ топтамасы немесе жіктемесі жетік түрде толық жасалмаған. Мысалға, Г.М.Свердлов және В.Л.Ресенцев (1958) отбасының маңызды қызметтеріне ұрпақ жалғастыру, тәрбиелеу, шаруашылық және өзара көмек көрсету қызметтерін айтады.
Э.К.Васильева (1981) өз зерттеулерінде отбасы қызметінің үш тобын қарастырады:шаруашылық-экономикалық, генеративті тәрбиелік, мәдени, репродукциялық. С.Д.Лаптеноктың пікірінше, (1967) отбасының маңызды қызметтеріне шаруашылық –тұрмыстық, халықтың көбеюі, өз мүшелерінің демалысын ұйымдастыру, тәрбиелік жатады.
70-шы жылдары басты назар отбасындағы қарым-қатынас пен оның тұлға қалыптасу процесінде алатын орны туралы Б.П.Парыгин, А.Г.Харчев. Ол әйел адамның кәсіби іс-әрекетімен отбасы жағдайындағы міндеттерін үйлестіре білу сипаты және де отбасы өміріне қалай ықпал етеді» деген тақырыптарда С.Голод, З.Янкова т.б. зерттеді.
З.И.Файнбург «отбасындағы эмоциялық жағдайлар, олардың отбасы ішілік қатынастың тұрақтылығына ықпалы,отбасының тұрақтылық жағдайы туралы Ю.Г.Юркеевич отбасы мүшелері арасында қысымның бөлу себептерін және А.М.Уматинов және т.б. зерттеді.
70-шы жылдардың аяғына қарай отбасы мен неке психологиясында неке жұптарындағы әлеуметтік-перцептивті үрдістерді зерттеп, анықтаған Ю.Е.Алешина, «қалалық отбасыларда некелік рольдерді бөліп беруді», З.И.Янкова және т.б. қарастырды. Отбасы ішіндегі қарым-қатынастың даму заңдылықтарын саналы түрде түсіну талпыныстары жасалды,зерттегендер мысалға А.А.Бодалев, Н.Н.Обозов және т.б.
Соның қарым-қатынасындағы маңызды обьект бала. Бала қай жас ерекшелік кезеңінде болмасын, ол әрдайым отбасының яғни ата-ананың қамқорлығын қажет етеді.Сол кезеңнің бірі яғни бала өміріндегі толқымалы кезең жеткіншектік кезең.Жеткіншектік кезеңді қазіргі зерттеулер оның әртүрлі аспектілерін қамтиды: тұлға дамуының негізгі көздері мен механизмдері туралы зерттеген ғалымдар Фельдштейн Д.Л,Кондратьев және т.б. тұлғалық жаңа құрылымдардың ерекшеліктері туралы шетелдік ғалымдардан Кон И.С. Дубровина зерттеді,ол жас ерекшелік дағдарысының құрылымын зерттегендер Гаврилова Г.П., Драгунова Т.В. және т.б, ал танымдық эмоциялық –еріктік және мінез-құлықтың ерекшеліктерін Кучинский,жеткіншектегі өзіндік сананың құрылымы мен қызметі туралы Баруалкина В.В.тұлғаның анамальды даму механизмдері туралы Дозорцева Е.Г сияқты ғалымдар зерттеді. [7,5]
Жеткіншектерді зерттеуге психология ғылымындағы базалық теориялар мен концепциялар негізге алынады. Психиканың онтогенезде дамуы мен тұлғаның қалыптасуы жайлы Л.С Выготский мен А.Н. Леонтьевтің ғылыми мектебінде қалыптасқан психикалық даму теориялары жеткіншек жасының ерекшеліктерін зерттеген негізгі жұмыстар және жеткіншектердегі тұлғаның дамудағы өзіндік сана сезімдерді зерттеген концепциялары Э.Берннің транактілік талдауы, С.М. Жақыповтың бірлескен диалогты танымдық іс-әрекет концепциясы зерттеудің методологиялық-теориялық негізін құрады.
Жеткіншектердің агрессиялық мінез-құлқын зерттеген жұмыстар зерттеудің теориялық мәнділігін негіздеді. Оларға Н.Д.Левитов, Л.И.Божович және т.б.
Жеткіншектердің психикалық даму мәселелеріне қатысты Қазақстандық жұмыстар зерттеудің теориялық негізі мен мәнділігін құрады. Жеткіншектер жайлы қазақстандық мына ғалымдар зерттеді:С.М.Жақыпов, Қ.Б.Жарықбаев т.б. [8,5]
Ал басқа да қазақстандық ғалымдардың зерттеулеріне үңілсек, Елубаева С.Б. «қазіргі қазақ жеткіншектердің өзіндік бағалаулары мен этностық сәйкестік пен өзіндік бағалауларының психологиялық ерекшеліктері зерттелінген. Бұл зерттеу нәтижесінде қазіргі замандағы жеткіншектердің өзіндік бағалау құрылымын ересек алдыңғы толқын жеткіншектердің өзіндік бағалауымен салыстырғанда этностық сәйкестіктің компоненттері мәнді түрде азаяатыны анықталды,өзіндік бағалаудың жалпы құрылымында түсінуі «өзін білу» және «ұйымдасқандық» сияқты сапалар бірінші орынға шықты.
Күнсләмова Т.К. өз зерттеу жұмысында жеткіншектердегі агрессиялық мінез-құлықты өзіндік сана сезімдерді құрайтын негізгі компоненттері өзіндік бағалау және өзіндік реттелу мен өзара байланыста қарастырған. Педагогикалық-психологиялық көп қолданылатын психокорекциялық жұмыстарға негізделген топтық оқыту әдісі,яғни психологиялық-педагогикалық тренингтер арқылы жеткіншектердегі агрессиялық мінез-құлықты азайту мен оның өзіндік бағалау мен өзара байланыс ерекшеліктері жан-жақты зерттелген. Зерттеу жұмысында белгілі ғалым Э.Берннің трасактілік талдау концепциясы арқылы жеткіншектердегі эго күйлердің белсендірудің негізінде олардағы агрессиялық мінез-құлықты өзгертудің психологиялық ерекшеліктері қарастырылады.Жұмыста экспериментік топтың сыналушылары «полигон балалары» деп аталатын әлеуметтік статусы бар жеткіншектер болды,яғни «радиациялық былғанған» аймақтардағы балалардың агрессиялық мінез-құлық ерекшеліктері теориялық-эксперименттік зерттеу барысында зерттеледі. Зерттеуде жеткіншектердің өзіндік бағалау, өзіндік реттелу эго күйдің белсендендірілуі мен агрессиялықтың өзара байланысын психологиялық-педагогикалық тренинг арқылы зерттеу және агрессиялықты азайту үшін психокорекциялық жұмыстардың мүмкін жолдарын көрсетті [10,3].
Айдарбеков Қ.А. (Развитие диалогической структуры самосознания у подростков во внутрисемейных взаймодествиях) зерттеу жұмысында жеткіншек жастағы тұлғалық жекелік-вариациялық даму механизмдерін анықтауға бағытталған. Осы мақсатта жеткіншектің өмірлік әрекетін неғұрлым байланыстырып отыратын жаңа тұлғалық құрылымдардың кезекті психологиялық талдауы жүргізілген. Осы байланыстағы негізгі мәнділік жеткіншек жастағы тұлғалық жаңа құрылымдардың психологиялық мазмұнының іздестіру мен үлгісін жасау болып табылады,ал жеткіншектерді жаңа әлеуметтік қатынастарының жаңа деңгейге өтуін қамтамасыз етеді. Олардың пікірінше жеткіншектерде осы тұлғалық жаңа құрылымдардың даму жағдайлары мен механизмдерінің тиімді жолы индивид енген отбасылық жүйенің қызмет атқару ерекшеліктері назарға алынып отыратын бағыт болып табылады [11,3] .
Шалғынбаев Т.М. «мінез –құлқы дезадаптивтік жасөспірімдердің кісілік қасиеттері мен кісіаралық қатынастар ерекшеліктері мен оларды келтіру атты жұмысында» мінез-құлқы бұзылған жасөспірімдердің кісілік қасиеттерінің даму ерекшеліктерін және олардың кісіаралық қатынастар жүйесінде көріністерін кешенді түрде психологиялық зерделеу,сондай-ақ психологиянық көмек көрсету мазмұнын жасау болып табылды.Зерттелу барысында тәрбиеленуі қиын жас өспірімдердің кісілік қасиеттерінің даму ерекшеліктері анықталған.
М.В.Күзубаева «Тұлғалық алаңдаушылықтың көріну механизмдері өзгеруіне әр түрлі фактордың әсері» атты тақырыпта кандидаттық диссетация қорғады.Зерттеу обьектісі адамның тұлғалық алаңдаушылық деңгейінде көрінетін эмоциялық қүйі. Зерттеу пәні реттінде тұлғалық алаңдаудың эмоциялық күйі ретіндегі көріну ерекшелігі жас өспірім шақтан жиырма сегіз жасқа дейін оның көріну механизмдерінің өзгеруі алынды. Жұмыстың ғылыми жаңалығы, түңғыш рет тұлғалық алаңдаушылықтың жағымды сипаттамасы зерттелінді.Бұл жұмыста тұлғалық алаңдаушылық бағдарлаушы іс-әрекеттің эмоциялық құраушы екендігі көрсетілді [12,107] .
Ж.Намазбаеваның жетекшілігімен С.Ж.Өмірбекованың «жас өспірімдік және ерте балауса жас кезіндегі өзін-өзі бағалаудың ерекшеліктері» атты кандидаттық диссертациясы қорғалды. Зерттеу жұмысының мақсаты мектептегі оқыту жағдайындағы әр түрлі факторлардың жас өспірімдік және ерте жастық кездегі өзіндік бағалауға әсер ету ерекшеліктерін анықтау. Зерттеу барысында өзін-өзі бағалаудың деңгейлері мен құрылымдық бөліктерінің ерекшеліктері айқындалды. Зерттеудің ғылыми жаңалығы мынадан тұрады:өзін-өзі бағалаудың құрылымдық құрауыштарын, оның жас өспірім кезден ерте жастық кезге дейінгі оқушыларда қызмет етуі зерттелінді,жас өспірімдер мен ерте жастық шақтағылардың қала мен ауылдағы әлеуметтік даму жағдайына байланысты өзін-өзі бағалауының танымдық және эмоциялық бөліктерін зерттеу, қала мен ауылдық оқушылардың осы жас аралықтарындағы өзін-өзі бағалауының даму ерекшеліктеріне жыныстық факторлардың әсерін анықтаудан тұрады. Зерттеуде келесі тұжырымдар делелденді:қала мен ауылдың жас өспірімдер мен балаң жас кездегілердің өзін-өзі бағалау арасындағы айырмашылықтар өзін-өзі бағалаудың эмоциялық,сондай-ақ танымдық бөліктерінде көрінеді деп көрсетті [13,107-109] .
Қарым-қатынас стилі шет елдерде және Т.М.Д. елдерінде жоғары дәрежеде талданған, соның шінде әлеуметтік психологияда. Ұстаздың оқушылармен қарым-қатынас стилін дамытуда айтарлықтай зерттеу жұмысын жүргізген Ю.П.Ахзаров, А.А.Бодалев. Н.Г.Михайлов, А.В.Петровский. А.А.Леонтьев және т.б. Олардың тұжырымдары бойынша оқушыларға тек қана білім мен оқу-тәрбие жұмысын жүргізу жеткіліксіз, сонымен қатар тікелей және жанама түрде қарым-қатынас жасау қажет екендігі белгілі. Ұстаздың бастауыш сынып оқушылармен қарым-қатынасын оқу-тәрбие үрдісінде ұйымдастыру жөнінде көптеген маңызды зерттеулер бар. Кейінгі жылдарда мұғалім мен бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынасы және оны қалыптастыру механизмін қазақстан ғалымдары да зерттей бастады. Олар: Қ.Ж.Қарақулов, С.М.Елеусізов, С.И.Қалиева, В.К.Шабельник және т.б.
Солардың ішінде Шолпанқұлова Г.К. «гумандық қарым-қатынас» адам бойындағы адамгершілік, түсінік, сезім.және мінез-құлықтың тұтастығымен, бірлігімен анықталады деп келтірген. Бұл зерттеу жұмысының мақсаты бастауыш сынып мұғалімі мен оқушылардың оқыту үрдісіндегі қарым-қатынас стилінің тәрбиелік негізін дәлелдеді [14,5] .
Шужебаева А.И. «отбасы тәрбиесі жағдайында балалардың қарым-қатынасындағы қиындықтарын психологиялық-педагогикалық зерттеу» атты жұмысында:балаларды тәрбиелеу жүйесіндегі ең түйінді мәселелердің бірі қарым-қатынас проблемасы. Тұлға аралық қарым-қатынас сферасындағы сәйкессіздіктер психологиялық-педагогикалық бағытта болады,ондай балалар тобын проблемалары бар балалар деп анықтауға болады. Мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың тұлғааралық қарым-қатынасының ерекшеліктерін анықтау, психологиялық-педагогикалық ғылымда қажетті деңгейде.
Зерттеу жұмысында отбасы тәрбиесі жағдайында балалардың ересектермен өзара қарым-қатынасының психологиялық-педагогикалық негіздері, бала мен ата-ана қарым-қатынасының құрылымы зерттелінген бала мінезіндегі қиындықтарды жеңу механизмдері жасалынып, балалар мен ересектердің қарым-қатынасының дербес бағытталған мәдени сәйкес жүргізудің әдістері мен тәсілдері анықталған. Зерттеу барысында толық емес отбасы жағдайындағы балалардың қарым-қатынастары зерттелген [15,22] .
Э.Берн теориясының мәнін, қарым-қатынастағы эго күйлерді белсендіру ерекшеліктерін,оның ішінде қарым-қатынас үшін «Ересек»позициясының жағымды болатынын түсінді. Жеткіншектердің өзіне және айналасындағыларға жағымды,позитивті қатынасты орната білу, эго күйді белсендіру конфликтілі адекватты шешуге, агрессияны азайтуға нақты көмек беретіні анықталды [16,20]
Айдарбеков Қ.А. «отбасындағы ішкі қарым-қатынас жүйесінде жасөспірімдердің өзіндік санасының диологиялық құрылымдардың дамуы» атты зерттеу жұмысында жасөспірімдік кезеңдегі өзіндік сана дамуының ерекшеліктерін және бүкіл тұлға дамуының ауытқу өзгешеліктерін тудыратын факторларды зерттеуге арналған.
Өткізілген зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша жасөспірімдердің дамуы кезіндегі орталық тұлғалық жаңа құрылымы өзіндік санасының диалогиялық құрылымдары екені туралы болжам өзінің растаулығын алып қойылған. Дәл осы жасөспірімдердің дамуы кезіндегі тұлғалық жаңақұрамының талдауы жастағы тапсырмаларды өнімді атқаруға қамтамасыз ететін функционалды механизмдерінің деңгейіне жеткізілген.Ішкі жанұяның құндылықтарды өсіп келе жатқан буынға берілуіне,дамуына және сақтандыруға бағытталған,және отбасында белгіленген оның мүшелерінің арасындағы коммуникативтікпен эмоционалдық қарым-қатынастардың үлгілері бойынша үйлестірілетін, отбасындағы жүргізетін бірлескен іс-әрекет жасөспірімдерде өзіндік санасының диологиялық құрылымдар дамуының негізгі көзі болып келеді [17,4] .
Психологиялық ілімдер жүйесіндегі басты орынды таным үрдісі алады. Адамдардың қарым-қатынас жасау кезінде бір-бірін тану мәселелері бойынша ғылыми пікірталасты үйымдастырушы және оның бастамашысы А.А.Бодалев болған еді. Оның тікелей басшылық етуімен 1970,1973 жылдары ленинград қаласында «Адамдарарасындағы қатынастар дамуы мен қарым-қатынас формаларының әлеуметтік-психологиялық және лингвистикалық сипаттамалары» және «қарым-қатынас теориялық және қолданбалы психология симпозиумдары өткізілді [18,19] .
Отандық психологтардың көбісі мысалы: Д.Б. Эльконин, Т.В.Драгунова жеткіншектік жастың жетекші іс-әрекеті ретінде қарым-қатынасты келтіреді. Жеткіншек жаста қарым-қатынастың ерекше орнын дәлелдей келе, В.В.Давыдов өз пікірін ұсынды: «жеткіншектік кезең адамда қарым-қатынасты құраушы тәртіптер мен ережелердің қалыптасу кезеңі».
Ал В.В.Бушельяның пікірі де қызықты мазмұн алады: «жеткіншектік кезең үшін бала-құрдас қатынасы жетекші орын алады,ал ересек бала қатынасы жетекші орын алмайды (1988). Жеткіншектік жастың өзара қарым-қатынас типін қолдай отырып, Я.Л.Коломинский және А.Березовин мынадай пікірін ұсынады: «баланың шағын ортасы негізгші екі әлеуметтік-психологиялық астарлы жүйе бірлігінен тұрады алғашқысында бұл «ересек бала» қатынасындағы астарлы жүйе, белгілі – бір кезеңде бұл жүйеге «бала-бала» қатынасындағы астарлы жүйе бастапқы жүйе орын алады. Дәл осы жүйеде қарым-қатынасқа қажеттілік пайда болып, дамуға түрткі алады,ол тұлғааралық қатынастардың негізінде жатыр. (1977)
И.С.Кон құрдастарымен қарым-қатынасқа сілтей отырып, «құрдастарымен қарым-қатынасты» бұлайша түсіндіреді.
-ақпараттардың маңызды каналы;
-бұл ерекше іс-әрекет түрлнрі мен тұлға аралық қатынастар;
-бұл эмоциялық қатынастың ерекше түрі (1980).
Л.Н.Десев (1965) жеткіншектің сынып ұжымындағы құрдастарына деген қатынасына зерттеу жүргізді. Оның анықтауынша,жеткіншек өз құрдасының бойындағы жоғары адамгершілік қасиеттерді жоғары бағалайды. А.В.Петровский сонымен қатар мынаны ескертеді, «жеткіншектер жақсы жолдас болуға даяр әр бейім келетін құрдастарын бағалайды. Жомарттылық бастауыш мектеп кезеңіндегідей,тұлға аралық таңдаудың жетекші негізі болып қала береді» (1987) [19,185] .
Жеткіншектердің бесінші бөлігі құрдастарымен қақтығыстардың болуымен сипатталады,қақтығыстың жағдайдан дұрыс түрде шыға білмеуімен байқалады. Құрдастарымен қарым-қатынаста ұмтылыс пен қақтығыстық жағдайлардан шыға білмеуі арасында қарама-қарсылық туындайды деп көрсетті Шалғынбаев Т. «Дезадапциялық мінез-құлықы бар жеткіншектердің жеке тұлғалық қасиеттері мен тұлғааралық қатынастарының ерекшеліктері және оларды реабилитациялық жұмыста қолдану» атты зерттеу жұмысында [20,21] .
Шужеваева А.И. пікірінше «көптеген қақтығыстар, эмоциялық қызбалық,шапшаңдық, агрессия мен жағымсыз жақтардың көрінуі, мйірімсізділік арқылы пайда болатын көптеген қақтығыстар балаларды келісімге келуге іскелік, жағымды әрі түсіне алатын бола білуге,құрдастарымен серіктестік қарым-қатынасқа түсе білетін іскерліктерге арнайы ққыту жағдайында шешілуі мүмкін. Баланың әлеуметтік дамуы ата-аналармен құрылатын дамушы жағдапймен анықталады. Жас ерекшелік құрылымдар сенімді кезкпен қалыптаспайды [21,10].
Жеткіншектердің мінез-құлқын өзіндік реттеу механизмдері танымдық іс-әрекеттер мен байланысты, зейіннің көлемі, интенсивтілігі, орнықтылығы арқылы зерттеу барысында мына жағдайлар анықталды:жеткіншектердегі қалыптасқан ерік күші мінез-құлықтағы ішкі субьективті позициямен байланысты болады және өзіндік реттелуге әсер етеді. Эмоциялық өзара қатынас мінез-құлыққа әсер етсе де субьективті көз-қарасқа келгенде қақтығыс екінші орынға түседі, олардың әсері сол ұстанған көз-қарасы арқылы сындырмауы деген пікірде Күнсләмова Т.К.
Жеткіншектердегі өзіндік бағалау, өзіндік реттелу және эго күйдің белсендірілуі мен агрессиялықтың өзара байланысын психологиялық-педагогикалық тренинг негізінде зерттеу» жұмысында [22,21].