Иянат жасамаудың өзіндік ерекшеліктерін, түрлерін талдап Қиянат жасамау қағидаттары

— Өзіңе қатысты қиянат жасамау- бұл өз сезім мүшелеріне қиянат жасамау, өтірік айту, дөрекі сөйлеу – тілге қиянат.

— Жаман сөз есту – құлаққа қиянат.

— Жамандық көру – көзге қиянат.

— Жаман иіс – мұрынға қиянат.

— Жаман әрекет – тәнге қиянат.

Қиянат жасаудың себептері

— Сүйіспеншіліктің жетіспеуі.

— Рухани-адамгершілік білімнің жетіспеуі.

— Өзгеріске қарсылық ретіндет қиянат.

— Әлем туралы өзіндік түсінігіне сәйкес келмеу.

Қиянат жасамаудың міндеттері

· Әрқашан көмектесу, ешқашан зиян келтірмеу,ешкімді ренжітпеу,

Жан-жануарларға қамқорлық жасау, қауіпті заттармен ойнамау, топпен жұмыс істеу, бірлік.

· Басқа мәдениеттің құндылығын түсіну, толеранттылық, ақжарқындылық, татулық. Мәдени мұраны құрметтеу, қоғам меншігін қамқорлау, қоршаған ортаны қорғау.

· Дін мен мәдениетті құрметтеу, оймен, сөзбен, не болмаса іспен тірі жанға зиян келтірмеу. Әлеуметтік, әділеттілік, жақсы азамат болу.

Жүрек жарасы – жамандықтан

Баяғыда бір үйде жалғыз ерке бала болады. Ол адам баласына тек жамандық жасап өседі. Бір күні әкесі баласына 37 шеге береді де былай дейді: «Сен бір адамға жамандық істеген соң, есік алдындағы шарбаққа бір шегеден қағып отыр», дейді. Бала жамандық істеген сайын, бір шегеден қағып отырады, әсіресе, бірінші шегесін бар ашумен түгел қағады. 33 шеге қаққасын, 4 шегені әкеп әкесіне береді де, былай дейді: «Әке, мен енді ешкімге жамандық істемеймін, маған енді шегелердің керегі жоқ».

Сонда әкесі былай дейді: «Балам, енді адамдарға жақсылық істеген сайын бір шегеден жұлып отыр»,-дейді. Біраз уақыт өткен соң әкесі мен баласы шарбаққа қараса, ол тесік-тесік болып қалыпты. Сонда әкесі баласына былай депті: «Балам, адамдардың жүрегінде де біреулер жамандық істесе осындай тесіктер қалады,», дейді.

Қорытынды бөлім

Қиянат жасамау – ақиқатпен өмір сүру, мінез - құлық және жан тыныштығы да сүйіспеншілікке арналған, яғни тәтті жеміс.

"Рақымдылық, мейірбандық, әр түрлі істе адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойланғандай оларға да болса игі еді демек, бұлар - жүрек ісі. Асықтық та – жүрек ісі. Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды. көрсетіңіз

Абай

Жасамайық қиянат

Арамызда өкпе, реніш болмасын,

Әрқашанда әділдікті қолдасын.

Адамдарға түсінікпен қарасақ,

Сонда ғана, гүлденеді болашақ.

Жасамайық адамзатқа қиянат,

Осының бәрін санаңызға ұялат.

Ізгіліктің жолында біз жүрейік,

Бәрін естен шығармайық, білейік.

Қиянат жасамайық адамзатқа,

Қиянат жасамайық табиғатқа.

Қиянат жасамайық ата-анаға,

Қиянат жасамайық туған Отанға.

Ішкі жан дүниенің өзіндік даралығы және жан мен тән үйлесімнің өзін-өзі танудағы мәнін түсіндіріңіз.

Жалпыадамзаттық мәңгілік құндылықтардың адамның өзін–өзі тануының негізі екендігін тұлғаның өзін-өзі іске асыруы тұрғысынан дәйектеңіз .

Ішкі тыныштық» құндылығының өзін-өзі танудағы мәнін дәлелдеңіз

Ақиқат деп – адамның объективтік өмір шындығын дұрыс, дәл бейнелеуін, оны санаға өмірде қандай болса, сондай күйінде түсіруін айтады.

2.СҮЙІСПЕНШІЛІК-дүниені өзгертуге бейім, өмір беруші және демеуші қуатты энергия.

3. Дұрыс әрекет- жүректен шығып, сосын сөз ретінде бейнеленетін және іс-жүзінде қолданылатын құндылық.

4. ІШКІ ТЫНЫШТЫҚ Адам ақиқатты, сүйіспеншілік пен дұрыс әрекет істегенде ғана жан тыныштығын табады.

5.ҚИЯНАТ ЖАСАМАУ

Қиянат жасамау – басқаларға зиян келтірмей өмір сүру.

Жан тыныштығы мен қуаныш бұл біздің ішкі табиғатымыз. Тыныштықты сумен теңестіреді: түбі- тыныштық, беткі жағы- сезім.

Тұлғаның құрылымы

Рухани деңгей

(интуиция, ар- ұждан, шабыт)

Ажырата білу деңгейі

(сана, сезім, интеллект)

Ментальді деңгей

(ақыл, әсер алу)

Эмоционалды деңгей(сезім)

(бес сезім мүшесі)

Тәндік(физикалық)

Деңгей

- Адам ақиқаттытанып, сүйіспеншілікпендұрыс әрекететкенде, оның жан дүниесінде

ІШКІ ТЫНЫШТЫҚ ОРНАЙДЫ, КӨҢІЛІ ЖАЙЛАНАДЫ

-Тұлғаның үйлесімді дамуының нәтижесі

Бұл жанның ішкі тынтныштығы

Ажырата білу - ішкі ақылдылыққа, даналыққа

Жол бастайды.

Ақыл-парасат (интеллект) адамның шынайы,

Жоғары «Мені» -нің күші.

Адам ақыл-парасаттың негізінде өзінің шынайы

Табиғатын таниды, сезінеді.

Ақыл-парасаттың (интеллект) міндеті – ақылды бақылап, бағыттап отыру.

Ақыл-парасат (интеллект) жақсы мен жаманды,

Тірік пен шындықты, уақытша дүние мен мәңгілікті ажырата білу күшіне ие.

Наши рекомендации